Алматы облысы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы, Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 11, 12 ақпан күндері Талдықорған қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 9-11 сынып оқушылары арасында «Ортақ Абай» атты Алматы облысында тұратын түрлі этнос жастары арасында облыстық көркемсөз оқу байқауын ұйымдастырды.
Осы мерейтойлық іс-шаралар аясында қолға алынып отырған бұл байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы рухани бағыттар негізінде іске асырылды. Түрлі ұлт өкілдерінен 31 оқушы байқауда бақ сынады. Ереже бойынша оқушылар Абайдың 2 өлеңін және 1 қара сөзін жатқа айту керек. Оқушылар әр өлеңді көркем тілмен, өлеңді нақышына келтіріп орындауымен, актерлік шеберлігімен танылды, барлығы қазақ ұлттық киімдерін киіп шықты.
Байқаудың алғашқы күні «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы оқушыларға Жастар сарайын, Тіл сарайын, Достық үйін, «Nur Otan» партиясының ғимаратын, Орталық алаңды аралатып көрсетті. Кешке кинотеатрға апарды. Келесі күні «Достық үйінде» қолөнер көрмесі ұйымдастырылды, «Қанабек Бәйсейітов» атындағы филармония оркестрі Абай, Құрманғазы, Динаның туындыларын орындап, концерт қойды, оқушылар марапатталды.
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің атынан байқауға Қырбалтабай ауылынан 9 сынып оқушысы, көпбалалы отбасынан, интернат тәрбиеленушісі ұлты – түрік Халис Мамедов және Космос ауылы І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Юлия Старостина қатысты. Байқаудың бірінші күні Абай Құнанбайұлының «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» атты өлеңін, екінші күні Абай атамыздың қара сөзін мәнерлеп оқыды. Халис Мамедов, І.Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушысы Юлия Старостина да ерекше өнер көрсеткені үшін Дипломмен және 20 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Осы облыстық шараға оқушыларымыздың қатысуына ықпал еткен «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалына, аудандық білім бөліміне, мектеп ұжымынан алғысымызды білдіреміз.
Тұрсынгүл ЖОЛДАСОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі
Қырбалтабай ауылы
Алматы облысында АӘК 144,1 мың адамға беріледі
Әлеуметтің осал топтарына қолдау көрсету басты назарда. Осыған орай былтырғы жылы облыстан 38 млрд. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде 3,5 млрд. теңге аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында игерілген.
Балабақша менмектеп қабырғасындағы 42 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Және де жоғары оқу орындарында білімін жалғастырыу үшін 100 әкім гранты тағайындалған. Көпшілікке көрсетілген көмек мұнымен тоқтамақ емес, бүгінде көп балалы аналар қала ішінде қоғамдық көлікте жол жүру билеттері арқылы тегін қатынай алады. Сонымен қатар, 2 277 отбасына көгілдір отын әкімдік есебінен тегін тартылған. Бұл да ел игілігіне атқарылған шаруалардың бірі. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көңіл бөлінуде. Жалпы облыс аумағында 67,5 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олардың денсаулығын жақсарту мақсатында Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында оңалту орталықтары ашылған. Ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу үшін тағайындалған қаражат есебі 1 млрд. теңгеге өсіп, жалпы көлемі 4,7 млрд. теңгені құраған. Баршаға мәлім жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта берілуде. Биылғы жылы 144,1 мың адамға АӘК көрсету жоспарланған. Бұл мақсатта 14,3 млрд. теңге қарастырылады деп күтілуде. Облыс көлемінде 45,5 мың көпбалалы отбасыларға жәрдем ақы тағайындалған.
«Біздің мақсат- АӘК алушылардың қатарынан еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту болып табылады. Бұл үшін «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 10 млрд. теңге бюджет есебінен бөлінген»,- деп мәлімдеді өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы.
Алматы облысында тоғыз дәрігерлік амбулатория бой көтереді
Аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту үшін көптеген жүмыстар жүргізілуде.
2020 жылдан бастап облысымыздағы барлық медициналық ұйымдар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшті.
Қазіргі танда, облыс орталығы Талдықорған қаласының 6-шы шағын ауданында 16 қабатты үйдің бірінші қабатында 320 келушіге арналған алғашқы медициналық санитарлы көмек көрсету орталығы ашылған.
Ағымдағы жылы 3,8 млрд.теңге көлеміне тоғыз дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт салынады деп жоспарлануда.
Облыста кадрлардыңтапшылығы да байқалуда. Бүгінгітаңда241 маманжетіспейді,оныңішінде 126-сыарнаулы мамандықтағыдәрігерлер.
Мамандардың тапшылығының негізгі мәселесі тұрғын үйдің болмауы болып табылады. Осыған байланысты мамандарды, бірінші кезекте арнайы маманданған дәрігерлерді тарту үшін барлық аудандар мен қалаларда 126 пәтер сатып алу жоспарлануда , бұл жұмысқа 756 млн.теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, 47 жас мамандар резидентурада аса тапшы мамандықтар бойынша білімдерін шыңдауда , еліміздің медициналық ЖОО- да әкім гранты бойынша 36 студент білім алып жатыр.
Аудан әкімдерінің есептері бойынша жедел жәрдемге шағымдар айтылған.Осыған байланысты халық көп қоныстанған аудандарда бригада саны нормативке сәкес келмейтіні және көлік тапшылығы анықталды.Айта кетсек, 10 мың тұрғынға 1 бригада ғана жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.Сол себепті жедел жәрдемге арналған автомашиналарды сатып алуды , қосымша жедел жәрдем бригадасын құруды ойластырылуда.
Облыста ауыз су мен жол мәселесі шешімін табуда
2019 жылы Алматы облысын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі маңызды міндет қойған.Олар ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдардың сапасын арттыру.
Қазіргі таңда сумен қамтамасыз ету деңгей 91%-ға жеткен.Бірақ әлі де судың жетіспеуі мен сапасына байланысты мәселелер бар.Бұл мәселелерді шешу үшін Қаскелең қаласының және Қарасай ауданының жоғарғы бөлігінде орналасқан 23 елді мекенді сусен қамтамасыз ететін , Қаскелең топтық су құбырын жобалау жүргізілуде.
Бүгінде, Есік қаласы мен сегіз елді мекенде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан жалпы құны 4,5 млрд. долл тұратын топтық су құбырының жобасы әзірленуде.
Ағымдағы жылы барлығы 330 км су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.Сонымен қатар, таза ауыз суға тағы 5 ауыл қол жеткізеді және 21 елді мекенде су құбырысапасы жақсартылады деп жоспарлануда.
Жол мәселесіне келетін болсақ,"Нұрлы Жол" бағдарламасының арқасында "Талдықорған-Өскемен", "Үшарал-Достық", "Құрты - Бурылбайтал", "Ұзынағаш-Отар"автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл барлық стандарттарға сәйкес келетін 1526 километрге жуық тамаша жол, соның есебінен облыстың транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайтылады деген үмітте.
Қазір жергілікті маңызы бар жолдардың 81% - ы қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 84% - ға жетеді деп жоспарға алынып отыр.Айта кетсек, бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар 492 км жол жөнделген, сондай-ақ 108 елді мекен ішіндегі кентішілік жолдар жөнделді.
Алматы облысында 3600 отбасы баспаналы болмақ
2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда тұрғы үй құрылысы 25 % артқан. Жалпы алғанда 894 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламаларының аясында облыс көлемінде 2 443 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 1 779 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады. Халықты баспанамен қамтамасыз етуде кәсіпкерлердің көмегі өлшеусіз. Олар былтырғы жылы қолдауға мұқтаж жандарға 170 пәтер алып берген.
Ал, өткен аптада атымтай жомарат азаматтар Қапшағай қаласынан 30 пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыстап, көптің қошаметіне бөленді. Бірақта, үй кезегінде тұрғандардың саны мұнымен азаймасы анық. Бүгінде 50,7 мың адам, оның ішінде 20- сы әлеуметтік осал топ өкілдері, 5527-сі көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр деп айтты өңір басшысы өз баяндамасында. Сондықтан да биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына қажетті қаражат мөлшері 1,6 есеге артып, 32,6 млрд. теңгені құрады.
Барлығы 939 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде 147,7 мың шаршы метрі"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бой көтереді.
«Біз барлық бағыттар бойынша 3600 отбасын, оның ішінде 2400 әлеуметтік жағынан осал және көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Талғар аудандарында және Қапшағай қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен 1300 пәтерлік жеті тұрғын үй кешені салынатын болады. Алдағы уақытта жыл сайын кемінде бір млн.шаршы метр тұрғын үй құрлысын жүргізетін боламыз»,- деп жағымды жаңалықпен бөлісті облыс әкімі.
Қала халқының саны күннен-күнге артуда. Бүгінгі таңда қалада 180 мың адам өмір сүреді. Осыған байланысты үйге мұқтаждардың саны арта түспек. Соған орай 8-ші шағын ауданында782 пәтерлік 24 көп қабатты үйдің құрылысы басталады. Оның 7-і биылғылы жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ инвесторлар есебінен 726 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын ұй шығыс шағын ауданында бой көтереді.
2019 жылы коттедж қалашығында 155 үй тұрғызылып, бірінші кезекте көп балалы отбасыларға үйдің кілті басыталған болатын. Биыл 403 коттедж үйлер өз иелерін таппақ.
Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды
Аймақтағы барша әкімдердің есебі аяқталғанан кейін, жылдағы дәстүр бойынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп берді.
Облыстың әл-ауқатының көрсеткіштеріне тоқталған аймақ көшбасшысы болашақтың айқын бағдары болар білім саласындағы жетістіктер мен жоспарлар туралы өз есебінде баяндады.
Бүгінде білім саласының төңірегіндегі басты мәселе ол үш ауысымды мектептердің санын азайту болып табылады. Осыған орай облыста қарқынды жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда Алматы облысында 75 мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Оның 55-і үш ауысымды мектепті жою үшін 30 мың орынға арналып салынған. Соған қарамастап мектеп қабырғасындағы үш ауысымды оқыту мәселесін түбегейлі шешу мүмкін болмай тұр. Өйткені былтырғы жылы 48 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған. Назарға алған түйіткілдің күрмеуін шешу жолында жұмыстар жалғасын таппақ. Биылғы жылы жалпы сомасы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 13 мектеп бой көтереді деп жоспарлануда.
«Бірақ бұл жеткіліксіз, сондықтан біз жалпы құны 10,3 млрд.теңге болатын тағы алты мектептің құрылысын бастауымыз керек.Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қолдауымен мектептер салу мәселесін қарастырудамыз»,- деп атап өтті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Ағымдағы жылы оқу сапасын жақсарту үшін жаңа модификациялы кабинеттер сатып алуға және 50-ден астам ІТ-сыныптар ашуға, оқушылар робототехникамен, бағдарламалаумен, 3D–модельдеумен айналысуына жағдай жасау мақсатында 1,1 млрд.теңге бөлінген.
Бір сөзбен айтқанда, қала және ауыл мектептерінде тең жағдай жасау үшін барлық шаралар қабылдануда.
1268 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді
Қоғамның қауіпсіздігі, ішкі тұрақтылық даму жолында табанды еңбек етіп келе жатқан ел үшін басты мәселе. Осы орайда Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2019 жылы ікші істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,3 млрд. теңге бөлінген болатын.
Учаскелік полиция инспекторлары үшін 136 қызметтік автокөлік сатып алынып, 2020 жылы тағы 72 машина сатып алу жоспарлануда.
Бүгінге дейін тұрғын үймен біріктірілген 178 учаскелік полиция пункті салынған,оның 16 -ның өткен жылықұрылысы аяқталып, биыл 42-і салынады деп күтілуде.
2019 жылы 1268 бейнебақылау камерасы орнатылған, 2020 жылға тағы 250 камера орнатуға бір млрд.теңге бөлінді.Оның ішінде , Қарасай ауданында - 150, Панфилов ауданында – 50 және Текелі қаласында - 50.
Бүгінге дейін қабылданған шаралардың арқасында қылмыс саны 17% - ға төмендеген. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп жол апаттарын азайту және жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар ары қарай жалғасын табатын болады деп сендірді Амандық Ғаббасұлы есепті кездесуінде.
"Тайсон фудс" етті өңдейтін ірі зауыты іске қосылады
Алматы облысы ауылшаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің алдыңғы қатарында тұр. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 852 млрд. теңгеге жетіп, 3,4 пайызға өсті деп өңір басшысы жиын барысында айтып өтті.
Біздің диқандар жыл сайын 14 мың гектарға қант қызылшасы алқабын ұлғайта отырып, қант өндіруді - 51 мың тоннаға жеткізген.
Қазір инвесторлармен бірлесіп, тростник шикізатын өңдеу үшін қант зауыттарын жаңғырту қолға алынуда. Бұл зауыттардың жыл бойы жүктелуін қамтамасыз етеді және 2023 жылға қарай елдің ақ қантқа деген сұранысының 70 пайызын жабуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мал шаруашылығына келетін болсақ, мал мен құс басы, ет, сүт, жұмыртқа өндірісі өсті.2019 жылы "Империя Фуд" және "Қайынды" екі ірі ет комбинаты іске қосылып, сегіз мың тонна ет экспортталған болатын.
Қазіргі таңда, Германиядан келген инвесторлармен "Жетісу қой" жобасын іске асырумен және Іле, Ұйғыр аудандарында үш құс фабрикасын іске қосумен экспортты жылына 25 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек жалпы инвестиция көлемі 190 млрд.теңге болатын америкалық "Тайсон фудс" компаниясының етті өңдейтін ірі зауыты жобасын іске асыру көзделіп отыр.Олардың қуаты жылына 500 мың басты өңдеуге және төрт мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай ірі жобаларды іске асыру үшін суармалы жерлер қажет.
«Ирригациялық желілерді қалпына келтіру бойынша 40 млрд.теңгеге жобалық-исметалық құжаттама дайындалған, оның ішінде 19 млрд. теңгесі Ислам Банкімен қаржыландырылғаны белгілі болды. Қазір Ақсу, Алакөл, Ескелді және Көксу аудандарында ирригациялық желілерді қайта құру жұмыстары жүргізілуде»,- деп толықтырды Амандық Баталов.
2019 жылы 20 мың га суармалы жер қалпына келтірілді. Қызылағаш су қоймасын қайта жаңарту аяқталды, енді желі салу басталғалы жатыр.Облыс бойынша 2025 жылға дейін 138 мың га суармалы жер тартылады деп жоспарланып отыр. Белгіленген жобаларды іске асыру агроөнеркәсіп кешенінің дамуына мультипликативті әсермен қуатты серпін береді.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін бір трлн.дейін жеткізу көзделген.
2020 жылы көгілдір отынға халықтың 56% қол жеткізетін болады
Көгілдір отынға көптің қолы жетпесі анық. Осы тұрғысында амандық Ғаббасұлы өңірлерді газбен қамтуға ден қойған. Қазіргі уақытта Алматы облысында 144 елді мекен газдандырылып, газдандыру деңгейі 30,4% - ды құрады.
Талдықорған қаласының қала ішілік желілерінің құрылысы аяқталуда, тоғыз мыңнан астам абонент қосылған. Бұған дейін Үштөбе, Сарыөзек, Бақанас қалаларына дейін газ құбыры салынған болатын.
Биылғы жылы Текелі қаласында және Ескелді, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ және Көксу аудандарының 91 елді мекенінде ауыл ішілік желілер салынғалы жатыр. Қазір 305,4 мың адам тұратын 97 елді мекенді қамтитын "Талдықорған-Үшарал" және "Шелек-Кеген" магистральды газ құбырларының құрылысын жобалау жүргізілуде.Құрылыс нәтижесінде, көгілдір отынға 1,2 млн.адам немесе халықтың 56% қол жеткізе алады дейді облыс әкімі.
Бұл ретте газдандыру үшін инвесторларды тарту қолға алынып жатыр. 2019 жылы жалпы қаражат көлемі 39,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 32,8 - жеке, яғни 1 теңге бюджеттік қаражатқа 4 теңге жеке қаражат тиесілі болған.
Сондай-ақ, шағын қалалардағы көп қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қолға алынбақ. Өткен жылы Талғар қаласында 106 көп пәтерлі үйге арналған 15 блокты-модульді қазандық орнатылған болатын.
Анар САБЫРОВА
Аймақтағы барша әкімдердің есебі аяқталғанан кейін, жылдағы дәстүр бойынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп берді.
Облыстың әл-ауқатының көрсеткіштеріне тоқталған аймақ көшбасшысы болашақтың айқын бағдары болар білім саласындағы жетістіктер мен жоспарлар туралы өз есебінде баяндады.
Бүгінде білім саласының төңірегіндегі басты мәселе ол үш ауысымды мектептердің санын азайту болып табылады. Осыған орай облыста қарқынды жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда Алматы облысында 75 мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Оның 55-і үш ауысымды мектепті жою үшін 30 мың орынға арналып салынған. Соған қарамастап мектеп қабырғасындағы үш ауысымды оқыту мәселесін түбегейлі шешу мүмкін болмай тұр. Өйткені былтырғы жылы 48 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған. Назарға алған түйіткілдің күрмеуін шешу жолында жұмыстар жалғасын таппақ. Биылғы жылы жалпы сомасы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 13 мектеп бой көтереді деп жоспарлануда.
«Бірақ бұл жеткіліксіз, сондықтан біз жалпы құны 10,3 млрд.теңге болатын тағы алты мектептің құрылысын бастауымыз керек.Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қолдауымен мектептер салу мәселесін қарастырудамыз»,- деп атап өтті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Ағымдағы жылы оқу сапасын жақсарту үшін жаңа модификациялы кабинеттер сатып алуға және 50-ден астам ІТ-сыныптар ашуға, оқушылар робототехникамен, бағдарламалаумен, 3D–модельдеумен айналысуына жағдай жасау мақсатында 1,1 млрд.теңге бөлінген.
Бір сөзбен айтқанда, қала және ауыл мектептерінде тең жағдай жасау үшін барлық шаралар қабылдануда.
Анар САБЫРОВА
2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда тұрғы үй құрылысы 25 % артқан. Жалпы алғанда 894 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламаларының аясында облыс көлемінде 2 443 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 1 779 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады. Халықты баспанамен қамтамасыз етуде кәсіпкерлердің көмегі өлшеусіз. Олар былтырғы жылы қолдауға мұқтаж жандарға 170 пәтер алып берген.
Ал, өткен аптада атымтай жомарат азаматтар Қапшағай қаласынан 30 пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыстап, көптің қошаметіне бөленді. Бірақта, үй кезегінде тұрғандардың саны мұнымен азаймасы анық. Бүгінде 50,7 мың адам, оның ішінде 20- сы әлеуметтік осал топ өкілдері, 5527-сі көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр деп айтты өңір басшысы өз баяндамасында. Сондықтан да биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына қажетті қаражат мөлшері 1,6 есеге артып, 32,6 млрд. теңгені құрады.
Барлығы 939 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде 147,7 мың шаршы метрі"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бой көтереді.
«Біз барлық бағыттар бойынша 3600 отбасын, оның ішінде 2400 әлеуметтік жағынан осал және көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Талғар аудандарында және Қапшағай қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен 1300 пәтерлік жеті тұрғын үй кешені салынатын болады. Алдағы уақытта жыл сайын кемінде бір млн.шаршы метр тұрғын үй құрлысын жүргізетін боламыз»,- деп жағымды жаңалықпен бөлісті облыс әкімі.
Қала халқының саны күннен-күнге артуда. Бүгінгі таңда қалада 180 мың адам өмір сүреді. Осыған байланысты үйге мұқтаждардың саны арта түспек. Соған орай 8-ші шағын ауданында782 пәтерлік 24 көп қабатты үйдің құрылысы басталады. Оның 7-і биылғылы жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ инвесторлар есебінен 726 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын ұй шығыс шағын ауданында бой көтереді.
2019 жылы коттедж қалашығында 155 үй тұрғызылып, бірінші кезекте көп балалы отбасыларға үйдің кілті басыталған болатын. Биыл 403 коттедж үйлер өз иелерін таппақ.
Анар САБЫРОВА
В целях развития внутреннего туризма в 2020 году планируется начать реконструкцию взлетно-посадочных полос аэропорта в городе Ушарал Алматинской области. Об этом сообщил аким Алматинской области Амандык Баталов на отчетной встрече с населением, которое состоялось в Талдыкоргане в драмтеатре имени Б. Римовой, - передает Jetisy` Media со ссылкой на Kazakhstan today
В этом году начнется реконструкция аэропорта г.Ушарал, что позволит принимать большие самолеты.
Глава региона отметил, что в целом развитие туризма идет хорошими темпами.
«В прошлом году количество туристов увеличилось на 19% и превысило 2,3 млн. человек. А объем оказанных услуг вырос в 1,2 раза и достиг 16 млрд. тенге», - сказал Амандык Баталов.
Продолжается работа по реализации плана развития побережья озера Алаколь. В прошлом году на озере введено в эксплуатацию 35 объектов туризма на сумму 2 ,6 млрд. тенге, создано 187 новых рабочих мест.
Большое внимание уделяется строительству транспортной инфраструктуры, ведущих к туристским объектам. Так, был сделан капитальный ремонт автодороги «Кокпек- Кеген- Тюп- Жаланаш- Саты- Курметты- подъезд к озеру Кольсай», «Алматы - Нарынкол» до каньона «Чарын».
Айгерим Сарымсакова
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айтты.
«Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде.
Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тілге тиек етті.
Оның айтуынша, жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі айқындалған, мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі бекітілген, митинг өтетін арнайы орындар белгіленген. Митинг өткізу тәртібін хабарландыру ережесі енгізілген. Өтініштерді қарау тетігі нақтыланған.
«Біздің айтпақ болған барлық новелламыз жайлы сіздер білесіздер. Осы арада отырған әріптестеріміздің көпшілігі бұл заңның өте салмақты екендігімен келіседі. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа өзгерістер енгізіледі», - деді министр.
Жақында аудан жастары арасында «Көңілді тапқырлар алаңы» ойынын дамыту, талантты жастарды ел ішінен екшеп халықпен қауыштыру мақсатында Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде көңілді тапқырлар алаңының маусымашар ойыны өтті.
Оған Есік қаласы және Қазақстан, Асы, Масақ, Қаракемер, Рахат, Көтөбе ауылдық округтерінен барлығы 15 құрама қатысты. Аталмыш ойынға халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, әнші Нұртас Қайратұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев және ауданымыздың Көңілді тапқырлар алаңы ойындарының президенті Бақытжан Қаби төрелік етті. Тартысты да қызықты өткен ойын тек бір ғана бөлімнен, яғни 7 минуттық фристайл «Сәлемдесумен» өткізілді. Нәтижесінде алдағы сәуір айында өтетін ойынның 1/2 кезеңіне 10 құрама жолдама алды. Төрешілер ойын соңында келесі ойынға өтпеген топтарды алғыс хаттармен марапаттап, сәттілік тіледі.
Арайлым БАҚБЕРГЕНҚЫЗЫ,
аудандық жастар ресурстық орталығының маманы
Достық – адамдардың бір-біріне адал болып, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Әрине, дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайтын кесірлі кесел. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде де достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер де жеткілікті. Мәселен, «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы» немесе «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында» т.б. Достыққа қарама-қарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мақсаттардың бірі. Деседе, достық ұғымы тек қана жеке адамдар арасында ғана салтанат құрмайды екен.
Саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер мен халықтар, этностар мен диаспоралар арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Иә, Ұлы Дала төсінде еркін көшіп, ен жайлаған байрақты бабаларымыз тақымына басар жалғыз атын «ел шетіне жау тисе, ер басына күн туса» қапы қалмайық деп іргеде сақтайды екен. Соның арқасында о шетінен, бұ шетіне дейін қыран қанаты талатын байтақ өлкені өзгелерден ерекшелеп, шартты түрде сызып қойған шекарамен бөлмесе де «атажұрт», «атақоныс», «кіндік қанымыз тамған жер» деген өлшеммен кесіп-пішіп, оны сырттағы сұқ көзден қызғыштай қорыды. Десе де, жауына қатал, дұшпанына мейірімсіз бабаларымыз өздеріне достық пейіл танытқан халықтарға ештеңесін аяған жоқ. Сол бір дархан мінезі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Өзін қоршаған көршілерімен де, алыстағы өзге мемлекеттермен де, тіптен қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан диаспоралармен де татулық сақтап, достық қарым-қатынаста өмір сүруде. Әрине, мұның сыры достыққа бей-жай қарамайтын халқымыздың кең жүрегінде ғана емес, өмірлік философиясында жатса керек.
Күндіз тіршіліктің қамымен сайын даласында қой баққан бабаларымыз түнде көкке қарап ой бақты. Көргені мен сезгенін, білгені мен түйгенін тілінің ұшына қондырып, жылдар көшімен кейінгі ұрпағына жеткізді. Соның айқын дәлелі «бірлік бар жерде, тірлік бар» деп санағандығында. Кейде «Өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме» деген қытай данасы Конфуцийдің аталы сөзі де бізге арналып айтылғандай әсер қалдырады.
Қазақстан – бұл күндері көк байрағын шаңырағында шалқытып, керегесін кең жайып талай жұрттың баласын баурына тартқан, тыныштық пен берекенің, татулық пен мерекенің Отаны болған, өз үні, өз келбеті, өз сәулеті, ен дәулеті бар іргелі ел. Кезінде тағдырдың тауқыметін тартып даламызға болысып келген жұрттардың ешбірін сыртқа теппеді. Керісінше жарты құртын жарып жеп, бүтін нанын бөліп жеп, олардың қуанышы мен қайғысын тең бөлісті. Осылайша сан ұлттың басын Қазақстандай ғажап өлкеде заманның желі, тағдырдың тезі, тарихтың толқыны, саясаттың салқыны қосты. Бүгінде «Тілі басқа болсада тілегі бір, жүзі басқа болсада жүрегі бір» өзге диаспоралар «Біз Қазақстандықпыз!» деп мақтанышпен айтады.
Ал өзіміздің Шелек өңіріндегі қазақ халқынан кейінгі саны жағынан көп диаспора ұйғырлар болып саналады. Ұйғырлар – Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының жергілікті халқы. Сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. XV ғасырда Жетісуға қоныс аударған ұйғырларды тараншы (дихан)деп атаған.
Ұйғырдың ата қонысы ерте кезден-ақ Шығыс Түркістан аталған. 1760 жылы бұл өлкені Цинь империясы жаулап алып, Шығыс Түркістан атауын Синьцзян (Шыңжаң) деп өзгертті. Мағынасы жаңа жер немесе жаңа шекара дегенді білдіреді. Кейіннен өлке атауы ШҰАР (Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы) деп өзгертілді. Қытайлар ұйғырды чантоу деп атаса, моңғолдар хотан деп атаған. Ал өздерінің арасында тұрған жерлеріне байланысты хотандық, қашқарлық, тұрпандық,ақсулық т.б. болып бөлінген. «Ұйғыр мемлекеті», «Ұйғыр жазуы», «Көне ұйғыр тілі» деген тарихи атаулар туралы қазіргі ұйғырдың этнографиясы арасындағы байланыс, сабақтастық туралы әрқилы пікірлер бар. Белгілісі көне ұйғыр тілі Қарахан әулеті дәуіріндегі түркі тіліне қарағанда Орхон түріктерінің тіліне жақын. Ал қазіргі жаңа ұйғыр тілі өзбек тілімен бірге түркі тілдерінің оңтүстік шығыс тобының қарлұқ бұтағын құрайды. Жетісу мен Орта Азияға қоныс аударған ұйғырлар туралы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей зерттеушілерінің еңбектерінде тараншы деген атау жиі ұшырасады. Тек 1921 жылы Ташкент қаласында өткен зиялы қауымның бас қосқан мәжілісінде түркітанушы профессор С.Е.Маловтың ұсынысымен әртүрлі атаулармен аталып жүрген халықты ұйғыр деп атау қалыптасты.
Ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасқан. Ұйғырларды Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздегені мәлім. Біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базаны осалдата түсу, екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санас-пады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.Ұйғырлар белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды. Осылайша Қазақстан аумағындағы ұйғырлардың саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы 56 мың ұйғыр болса, , 1907 жылы ұйғырлардың 64 мыңға жеткені көрсетілген. Ал соңғы санақтар бойынша 250 мыңға дейін өскені байқалады.
Ұйғыр диаспорасының өкілі, Шелек ауылының тұрғыны А.Абдубакировтың айтуынша қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында ұйғыр халқы да өсіп-өніп, жақсы тіршілік кешуде. Олар Қазақстанды өз отандары санайды. «Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Әрине, біздің татулықта, кеңдікте, бейбітшілікте өмір сүруміз қазақ халқының дарқандығы мен бауырмалдығының арқасы. Сондықтан біз қазақ халқына қарыздармыз. Қазақтармен тегіміз де, дінімізде ортақ. Тілімізде де қатты айырмашылық жоқ. Бұл арамыздағы татулықты сақтап, өзара түсінісуімізге үлкен мүмкіндік береді», – дейді А.Абдубакиров.
Адамның жеке достығының да, тіптен ұлттар достығының да негізі бір. Өйткені екеуі де өзара құрметтен, сенімнен, адалдықтан тұрады. Ал достықты сақтау мемлекет тұрақтылығының кепілі.
Ізгілікпен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауыңда,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында, – деп ақын М.Шаханов айтқандай достық пен татулықты сақтағанда ғана мақсатымыз бен армандарымыз орындалып, болашақтың үддесінен шыға алатын боламыз.
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ
Жақында Қаракемер ауылдық мәдениет үйінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Қара өлеңнің Хантәңірі» атты байқау өтті.
Байқауға Қаракемер, Талдыбұлақ, Түрген ауылдық округтерінен сексенге жуық өнерпаз жастар қатысты. Олар ақиық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан өзара сайысқа түсті. Жатқа әрі мәнерлеп, ақын жанының қалтарыс-бұлтарыстарын ақтара келіп, өлеңі арқылы сол бұлқан-талқан қуатты халыққа жеткізе білу өнердің төресі болса керек. «Сәби болғым келеді, сәби болғым, мына өмірден хабарсыз жаңа туған» – деп, ақын өмірдің қиын-қыстау сәттерінде күйзелген болса, бұл өлеңді оқыған жас та дәл сондай күй кешуі қажет. Құры сөз бен өлең дейтін әлемнің айырмашылығы міне, сонда. Зыр еткізіп, тісі тісіне жұқпай ағызып өте шығатын жандар қара өлеңнің өлкесінен аулақ жүрсін. Мұнда:
«Ойпырмай көктем, көктем,
Дүние-оу сен осындай көкпенбек пе ең...
Қымырандай ашимын қырға шығып,
Өзегімде жылайды өткен-кеткен» – деп, шынайы күйініп, шынайы қуанатын ақ жүрек адамдар ғана керек. Әділдік жолында бәйгеге басын тігіп, тайсалмай қарсы жүретін қаһармандар керек. Байқау осыны ұқтырғандай. Мұқағалидай ғажап ақынның өлеңдері де осы құдіретті құндылықтар үшін күресу қажеттігін меңзегендей. Жастар жарыса өлең оқыды. Нәтижесінде, бас жүлде Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушысы Санжар Амангелдіге берілді. 1-орынды Талдыбұлақ орта мектебінен Мақпал Тұрған, Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушысы Айгерім Тәңірбергенова өзара бөлісіп алса, 2-орынды Талдыбұлақ орта мектебінің оқушылары Инабат Шаяхмет, Наргиз Камалова, Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушысы Олжас Шамейхан бөлісті. 3-орынға Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушылары - Рамазан Кәкім, Жансая Қылышова, Фатима Қаржау ие болып, әділ қазылар алқасы тарапынан бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын алды.
Әділет САРЫБАЙ
Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді.Облыста 7 ірі өзеннен бөлек, ыстық шөлдалалар, мыңдаған шағын және үлкен сарқырамалар, көлдер мен өзендерді, ормандар мен Алатаудың қарлы шыңдарын кездестіруге болады.Жетісу өңірі Сиверс алмасының отаны болып есептелінеді.Бұл өлкенің көркем табиғаты туристердің көз жанарын жаулайтыны анық. Осы себепті Жетісу өлкесі саяхатшылардың аялдайтын мекені болуға әбден лайықты.
Туристерді тұрақты түрде қабылдайтын аймақтың дамуы мен келешегіне қатысты туристік жобалардың бірқатарын Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаеваайтып берді.
Бәрімізге айқын, жеті өзені тоғысқан ұлы өлке шығыста Қытай Халық Республикасымен шектесіп, Солтүстік Тянь-Шань жоталарының арасында орналасқан. Теңдесі жоқ қазақ жерін «алтын бесік» деп атайды. Жұмбағы көп жұмақ мекеннің көркемдігін жер жаһанға мәшһүр ету мақсатында Алматы облыстық туризм басқармасы 2019 жылдан бастап өлкенің көрікті жерлерін кеңінен таныту үшін "Google", "Yandex", "Wikipedia" жаһандық платформаларымен жұмыс істеуді бастаған.
Туристік салаға, тамақтану, демалыс объектілеріне, көлік қызметтеріне қатысты барлық мәліметтерді осы платформаларға түсіреді. Бұл қызметтерді мобильді телефон арқылы тез табуға көмектеседі. Бизнесмендердің пікірлері бойынша кейбір нысандарда алдын ала орындарға тапсырыс беруге болатын онлайн қызметтерді қолдануға болады. Бұл Жетісу туристік брендінің дамуы мен танылуына өте тиімді әсер етіп жатыр.
Өткен жылдың ерекше оқиғаларынның бірі туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауы. Онда басым бағыттар анықталған. Республика бойынша 10 үздік жобаға Алматы облысының екі жері – Алакөл және Алматы тау кластері кіреді. Ал 50 үздік жобаға "Қорғас" , Жоңғария, Балқаш көлінің жағалауы кірген.
2019 жылы облысқа 40 млрд.теңге жеке инвестиция тартылған сол арқылы көптеген жаңа нысандардың құрылысы басталады. Осы жылы Алакөл көлінің жағалауында коттедж қалашығы бой көтермек, сондай-ақ Ұйғыр ауданында тау кластерінің көз тартарлық бір неше нысандары салынып, саяхатшыларға есігін айқара ашады деп жоспарланған.
2020 жылы туристік маршруттарды жайғастыру үшін бірыңғай брендбук туристік бағыты іске асыру жоспарлануда. Алғашқы бағыт, Шарын саябағында, Көлсай көлдерінде, Іле Алатауы және Жоңғар Алатауы ұлттық парктеріне бет алады . Сонымен қатар, биылғы жылы біз Алтын Емел паркінде геосаябаққа қатысты саяхатшыларға арналған турөнімдерді даярлап отырмыз,- деп хабарлады Жанар Галифулдақызы
Бұған дейін Алматы облыстық туризм басқармасы зерттеу институтымен 3 жыл бойы геологиялық парк құру бойынша зерттеу жүргізген болатын. Осы жылдан бастап, маусым айына дейін геоэкскурстарды таныстыруды жоспарлап отыр. Саяхатшылар демалумен қатар медициналық қызметтерді де ала алады. Биылғы маусымнан бастап, Алакөлдің бірнеше нысандарына медицина қызметкерлерін тартады деп күтілуде. Бұдан басқа, ішкі нарық үшін ауқымды маркетингтік стратегияны әзірлеу қолға алынған.
Іске асып жатқан Тау-кен кластерінің жобалары 8 бағытқа бөлінген. Бүгінгі күні жоба Талғар ауданынан бастап Шарын, Көлсай, Қаскелеңге дейін қамтылды.
Жақын арада демалыс орындарын кеңейтіледі.Демалыс орындары екі алаңға бөлінеді: "Апорт" және "Ақтас". Сондай - ақ қазір "Түрген" жобасы бойынша инвесторлармен жұмыс жасалуда, бұл Түрген шатқалындағы ірі тау курорты. Бұдан басқа, Шарын шатқалына жақын жерде "Парк –шатқал"жобасы жүзеге асырылады. Жоба өзінің бірегейлігімен қызықты. Онда аспалы көпірлері бар локация ұсынылады деп тілге тиек етті басқарма басшысы.
Жетісу өңірінде жергілікті және шетелдік туристер қызығушылық танытатын бірнеше үздік орындар бар. Олар Алматы облысының төл құжаты болып саналады. Алайда, өңірдің туризм басқармасы жүргізген зертетуінің барысында туристердің қызығушылығын тудыратын 162 қызықты нысан анықталды. Бүгінгі таңда тұтынушылар, соның ішінде шетелдік туристер баратын туристік орындар қалыптасқан. Ең көп келетін орындар: Алакөл, Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы. Бұдан басқа, саяхатшыларға Жоңғар-Алатау ұлттық паркі, Корин шатқалы, суда ескекпен есу сайысын жүргізу үшін жақсы сипаттамасы бар өзендер кіретін Жоңғар кластері үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Ел басының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға келер болсақ, "Киелі жерлер "бағыты бойынша жұмыс жасалуда. Таңбалы тас " - жартастағы ресурстаркөрмесі, өте қызықты және тарихи маңызды бар нысан. Бірақ, біраз уақытқа дейін автожолдың сапасына байланысты оған өту мүмкін емес еді.Соған байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізіп, биыл аяқталады деп сенім білдірді Жанар ханым.
Алматы облысында әлемнің әр шетінен келген қонақтарды қабылдайтын бірнеше этноауылдың болуы үлкен қуаныш. Мәселен, мұндай тарихы бар этноауыл – Талғар ауданындағы "ғұндар". Сонымен қатар, Қарасай ауданындағы "Номад" этноауылы да бар. Өткен жылы онда Тұңғыш Президенттің "Ұлы даланың жеті қыры"атты бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыруға бағытталған тақырыптық фестивальдер өткізілген. Ағымдағы жылы аталған фестивальдар коммерциялық мәртебеге ие болады. Яғни, бұл нысан өз туристерін қабылдауға және ірі іс-шараларды ұйымдастыруға дайын.
Шетелдік туристер Алматы облысына экологиялық таза мекен деп ат басын бұрады. Ұшса қыран құстың қанаты талатын, сайын даланың болмысына тамсанбайтын адам кемде кем. Облыстың экономикасының дамуына үлес қосатын айшықты саланың сансыз жетістіктері ел игілі үшін екені даусыз. Топырағында мәдениет пен өркениеттің тамыры кеңінен жайылған осынау өлкеге келгендер өзгеше сезімге бөленетіні һақ. Әлемнің 7 кереметі туған өлкенің көркемдігіне жетпес, Қазақ даласының кербез бөлігі болған Жетісу өңірі саяхатшылардың сая табар орнына айналуда.
Гүлжанат Нұрасыл
Жақында Жаңашар ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде Тұрар Рысқұловтың туылғанына 125 жыл толуына орай апталық өтті.
Ашылу салтанаты оқушыларды қазақ халқының тау тұлға азаматы, ұлты үшін талай мәрте тәуекелге бел буған Тұрар Рысқұловтың өмір жолымен таныстырудан және ұлтжандылығын дәріптеуден басталды. Апта бойы барлық сыныптарда «Тұрар Рысқұлов – халық жанашыры» тақырыбы аясында ашық сынып сағаттары өтті. Тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушы-гидттер апта бойы барлық білім алушыларды арнайы кес-те бойынша мектеп қабырғасындағы Тұрар Рысқұлов мұражайымен таныстырды. Мектеп кітапханашысы Сара Бабаханованың ұйымдастыруымен Ұстаздар арасында «Сахна оқырманы» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш өтті. Кеште ұстаздар қауымы Т.Рысқұлов рухына арнау өлеңдерін, монологтарын, хаттарын оқыды. Мектеп оқушылары Тұрар Рысқұлов рухына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, 3-4-сынып оқушылары бірігіп «Туған ел» әнін хормен орындады. 7-10-сынып оқушылары «Халықтың Тұрары» тақырыбында көрініс қойды. Көріністе қоғам қайраткерінің халық үшін күрес жүргізуі, Сталинмен кездесуі, Түрксіб теміржолын салу кезеңіндегі қазақ халқының мүддесін жоғарыға қойып, аштық кезеңінде Сталинге халықтың жағдайын айтып, аман алып қалуды талап етуі, соңында сотталуы және Тұрар Рысқұловтың халыққа айтқан арыз-назы көрсетілді. Апталық «Тұрар Рысқұлов – Алаш қайраткерлерінің бірі және бірегейі» тақырыбымен салтанатты түрде жабылды.
Мәнсия ТУКЕТАЕВА,
Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дәл осы тақырыпта республика бойынша ұйымдастырылып жатқан тағзым эстафетасын осы аптаның басында ауданымыз салтанатты түрде қабылдады. Оған Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұқаметқали Сатов, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, орынбасарлары, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аты аңызға айналған Кеңес одағының батыры И.Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұзапар Шәріпов пен Солтанбай Жарықбасов, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Эстафетаның атрибуты ретінде 1941 жылы Алматыда құрылған 8 гвардиялық атқашытар дивизиясы жауын-герлік туының көшірмесі алынған. Кейін оған осы дивизияны құрған Кеңес одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың аты берілген. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы жылдарында текі екі дивизия командирінің атымен аталған екен. Бірі Чапаев дивизиясы болса, екінші Панфиловшылар дивизиясы. Қалғандары нөмірмен немесе құрылған қала атымен аталған.
Ертеңгісін Есік қаласының орталығындағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткішке аудан басшылары мен қоғам өкілдері гүл шоқтарын қойып, елі үшін қан майданда қарша бораған оққа кеудесін тосқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым жасады.
Бағдарламаның екінші бөлімі Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алаңында жалғасты. Аудандағы барлық күштік құрылымдар сап түзеген жиында сөз кезегін алған генерал-майор Мұқаметқали Сатов тағзым эстафетасының мәні мен маңызын түсіндіріп өтті:
– Эстафетаның басты мақсаты – аға ұрпақтың ерлігін ұмытпай, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алып, рухына тағзым ету. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталады. Қазақстан халқы үшін бұл ұлы мереке. Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлы Жеңіс сарбаздарының қаһармандығы, майдан даласында көрсеткен ерлігі мәңгіліке қалады» – деген болатын. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтап қалды» – деді. Біз бүгін Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасымен «Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты тағзым эстафетасы аясында сіздердің аудандарыңызға ат басын бұрдық. Майданға осы ауданнан 6 мыңға жуық адам аттанған. Оның жартысынан көбі оралмады. Майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін 15 еңбекшіқазақтық Кеңес одағының батыры атағын алған. Осы батырлардың ерлігі – мәңгілік ел есінде – дей келе әлемге әйгілі 28 панфиловшының бірі Мұсабек Сеңгірбаевтың шөбересі, подполковник Тимур Мұсабеков бүгін ұлттық ұлан сапында абыроймен қызмет атқарып жүргендігін айтып өтті.
– Сұрапыл соғыс жылдары ұзағанымен әлі де сол уақыттың суық ызғары сезіліп тұрады. Қасіретке толы 1418 күн мен түн бойы ел тағдыры, жер тағдыры таразы басына сын сағатта ауданымыздан 5881 азаматымыз Отан қорғауға аттанды. Тылда еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың төккен тері мен соғыста жан қиған ержүрек әкелеріміздің арқасында кең байтақ бейбіт елдің төрінде Жеңіс туы желбіреп, тыныштық орнағанына 75 жыл толды – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданнан шыққан 15 батырдың есімін атап, ерліктеріне тағзым жасады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов:
Ұрпақтарым, аман бол,
Білім, еңбек қуалап,
Әділетті адам бол,
Мен тілейін дара жол – деп өлең шумақтарымен өсиет айтып, ақ батасын берді. Генерал батырдың немересі Алуа Байқадамова атасымен бір сапта шайқасқан батырлардың есімдері ешқашан ұмытылмай, ұрпақ жадында сақталатындығын жеткізді.
6654 әскери бөлімге тағзым эстафетасының туы табысталып, күштік құрылымдар, әскери бөлім, алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары мен жас сарбаздар салтанатты шеру жасады. Соңы мәдениет үйіндегі концерттік бағдарламаға ұласты. Салтанатты шараның шымылдығы Ұлттық ұлан сарбаздарынан құрылған хордың «Ел қорғаны» әнімен түрілді. Ерқуат Оңашхан қаракемерлік қос батыр Рақымжан Тоқатаев пен Қашаған Жаманқараевқа арналған «Қос батыр» әнін орындады. Соғыс жылдарынан сахналандырылған қойылым көрсетіліп, аудан өнерпаздары соғыс жылдарының әндерін орындады.
Сардарбек НҰРАДИН
2019 жыл... 12 ай... 365 күн... Тағатсыз сағат тілімен таласқан ауданымыздағы табанды тірліктер енді тарих қойнына тартты. Әлбетте, оны қайтару мүмкін емес. Тек есте қаларлық ілкімді істерді ой таразысына салып, екшеп-текшегеніміз болмаса. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтқандай: «Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру – біздің мақсат». Ал рахатын көретіндей, елге пайда беретіндей қандай қам-қарекет болды? Бұл сұраққа өзінің қорытынды есебінде Бинәлі Ысқақ толыққанды жауап берді. Оған аудан тұрғындарымен қоса Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев та қатысты. Аудитория арасынан аудандық мәслихат хатсышы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары да табылды.
«Әкім бол – халқыңа жақын бол!». Ғасырлар мұғдарынан өткен бұл өрелі ойды бүгін жаңаша өрбіттік. Ел Президенті Қ.Тоқаев та «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуымызды күн тәртібіне көтерді. Айтылуы әрқилы болғанымен, тамыры синоним! Демек, өңіріміздегі жақындықты жат емес, тұрғындарымыз сезінуі тиіс. Осы мақсатта биылғы аудан әкімі Б.Ысқақтың халық алдындағы есебі де тыңнан түрен салды: әр ауылға барды, тұрғындарын қабыл алды, өзекті мәселелермен толтырып қайтты қорды. Ендігі шешім – осы жыл шеңберінде. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің акт залында өткен қорытынды есепте аудан басшысы атқарылған жұмыстарды таразылады.
– 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі 120 миллиард теңгені құрады (өсім 17 млрд. тенге) Былтыр 103 миллиардтеңге болған. Мұндай жетістікке біз жаңа технологияларды ендіру, ғылыми ізденіс күшімен жеттік. Ең бастысы, бұл мемлекет тарапынан агроөндіріске жасалған қамқорлық жемісі. 2019 жылдың өзінде 3 млрд 109 млн теңге ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге субсидия берілді. Сол секілді 1660 тонна жеңілдетілген сұйық отын, 130 тонна минералды тыңайтқыштар таратылды. «Бастау бизнес» жобасы арқылы 87 кәсіп ашуға ниетті азаматтарға 317 млн теңгеге жеңілдетілген несие де берілді.
«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары да жүйелі орындалды. Нәтижесінде 3000 басқа арналған 5 ірі мал бордақылау алаңдары ашылды.
2019 жылы ауданымызда 2 сүт-тауарлы фермасы («Марал» шаруа қожалығы – 50 басқа, «СпатайГрупп» ауыл шаруашылық кооперативі – 80 бас) ашылып, іске қосылды. Одан басқа, Саймасай ауылдық округінде «Айдарбаев» шаруа қожалығы – құны 1,2 миллиард теңге, 250 бас сауынды сиыр мен 300 бас танаға арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосты, – деді.
Кеңестің «көзін» көрген суармалы су жүйелерін жаңғырту жұмыстары да қолға алынған. Бұл мақсатқа қазір республикалық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, бау-бақша көлемі де ұлғайған. Айталық, былтырдың өзінде 728 гектарға алмабақ отырғызылған. Оның 206 гектары интенсивті бақтар. Биылдың өзінде мұндай бақтардың көлемі 800 гектарға ұлғайтылады деген жоспар бар. Бұл турасында кеңінен әңгімелеген Бинәлі Әбдіқапасұлы:
– Бақшаларды дамытумен қатар жеміс сақтайтын заманауи қоймалар да іске қосылуда. Мысалы, 2019 жылы «Алма матер филдс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тауқаратұрық және Кызылшарық ауылдарында әрқайсысының сыйымдылығы 3600 тонна ірі жеміс сақтайтын 2 қойманы іске қосты.
Жеміс-жидек сақтайтын осы қоймалардың барлығы қосымша шырын, пюре және басқа алма, жеміс өндіру қондырғыларымен жабдықталған.
Ауданымызда осы жылы құрылысы басталатын мынадай ірі жобалар бар:
– Қорам ауылындағы сыйымдылығы 7,9 мың тонна «Феникс групп» трансұлттық компаниясының қоймасы;
– Қазақстан мен Орта Азияда теңдесі жоқ Ақши ауылдық округінде қуаттылғы 7 мың тонна «Frosco» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұздату технологиясын қолданатын жеміс-көкөніс қоймасы;
– Тескенсу ауылындағы 5 мың тонналық «Арнау агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймасы, – деді.
Өнеркәсіп өрісі де кеңейіп келеді. Айталық, жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 40 млрд 536 млн теңгені құрады. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 миллиард 222 мллн теңгеге артық.
– Өткен жылы келесі ірі өнеркәсіп жобаларды іске асыру басталды, атап айтқанда:
– Қырбалтабай ауылдық округінде инвестициялық сомасы 1 миллиард 487 миллион теңгені құрайтын, 78 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, қуаттылығы 50 мың тоннаға дейін сояны өңдейтін «Жетысу Соя» ЖШС-нің зауытының құрылысы аяқталуыда.
– Саймасай ауылдық округінде жалпы инвестициялық соммасы 200 миллион теңгені құрайтын «ASSORTI Rancho» ЖШС-гі жылына 1000 тонна бөдене етін өңдеу цехін іске қосып, 22 жаңа жұмыс орнын құрды.
– Байтерек ауылдық округінда«Алматы жол құрылысы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қиыршық тас зауыты іске қосылды. Қуаттылығы – жылына 87 мың тонна қиыршық тас, 20 мың тонна асфальт-бетон қоспаларын өндіру, жоба құны 53,5 миллион теңге, 10 жұмыс орны ашылды.
Бұдан басқа, 2019 жылы біздің аудан үшін ең ірі жобаны іске асыру басталды, ол – вольфрам кенін өндіруге арналған «Жетісу вольфрамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бұғыты тау-кен байыту комбинатының құрылысы.
Қуаттылығы – жылына 3,3 миллион тонна вольфрам кені, жоба құны – 95 миллиард теңге, 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, – деген аудан басшысы жасыл энергия көздерін пайдалану да ауданымызда қарқын алғанын айтты. Рас, бүгінде Түрген өзенінде бір, Есік өзенінде 3 ГЭС жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың еншісінде қуаттылығы 4,5 МВт болатын тағы бір гидроэлектр станса іске қосылды. Шелек өзенінде қуаттылығы 40 МВт болатын іргелі стансаның құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Бұл турасында аудан басшысы: – Желдің қуаттылығын пайдалану жұмыстары да қарқын алды. Масақ округінде қуаттылығы 4,5 МВт болатын алғашқы жел электр станасы жұмысын жүргізуде. «Нұрлы ВЭС» ЖШС ықпалымен тағы да қуаттылығы 5МВт болатын станса құрылысы аяқталмақ. Аталған округте «Самрұқ Грин Энерджи» ЖШС тағы да 5 МВт-тық жел электр стансасын іске қосты. Бұдан бөлек «Энергия Семиречья» ЖШС 60 МВт-тық, «Жерұйық Компани» ЖШС 50 МВт-тық жел электр стансасының құрылысын жүргізуде. Бұларға тартылған инвестиция көлемі 49,5 млрд теңге, – дейді.
Сол секілді Көкпек жазығында қуаттылығы 200 МВт болатын күн электр стансасының құрылысы да басталмақ. «КЗА Констракшн» ЖШС бұған 80 млрд теңге инвестиция құймақ.
Биылға өндірілген энергия көздерін реттейтін 700 МВт-тық қосалқы станса құрылысы жүргізілмек. Бұл станса Сөгеті округі аумағына салынбақ.
Шағын және орта бизнес субъектісінің де саны артуда. Деректерге сүйенсек, 2018 жылдан 528 бірлікке өсіп, бүгінде олардың саны 19138-ге жеткен. Ауқымды істердің нәтижесінде ауданға тартылған инвестиция көлемі артып, былтыр 38 млрд 356 млн теңгеге жеткен.
Салық түсімдері де 18 млрд 104 млн теңгені құрады. Өсім 103,3 пайыз.
Биылға тағы бір айшықтап айтатын жаңалық «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыстарының жүргізілуі:
– Ауданда 7-20-25 бағдарламасы бойынша екі құрылыс мекемесі («Альтаир» ӨК, «СилкСтройИнвест» ЖШС) Есік қаласында көп пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын бастайтын болады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді реконструкциялауға 701 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. 304 миллион теңгеге 30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Жеке тұрғын құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу кезегінде 20 600 адам тұр. Бұл мәселені шешу үшін 6 ауылда инфрақұрылымдардың құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындаудамыз. Атап айтар болсақ, Шелек ауылында 238 га, Ақши ауылында 90 га, Алға ауылында 30 га, Қайназар ауылында 24 га, Қазақстан ауылында 22 га, Қазатком ауылында 18 га Барлығы 422 га, немесе 5 000 жер телімі, – деді Б.Ысқақ.
Талай жыл қабырғаға батқан ауыз су мәселесі де биыл шешілмек.
– Осы жылы көптен күткен құны 4,5 миллиард теңгеге Есік топтық су құбырының екінші кезегінің құрылысы басталмақ. Бұл өз кезегінде Есік қаласы мен оған жақын орналасқан 8 елді мекен мен 18 саяжай серіктестігінің (аталған жобамен қамтылған жалпы халық саны 100 мыңнан астам адамды құрайды) ауыз су мәселесін шешпек. Сол секілді аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары да ретімен шешімін табады. Осы жылы Ават, Кайназар, Азат, Бәйтерек, Жаңашар ауылдарына көгілдір отын тартылмақ. Қазір газды әр аулаға қосу тұрғындар қалтасын қағып отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында инвес-торлармен келіссөздер жүргізілуде, – деді.
Ауданымыздағы әлеуметтік осал топтарға да қолдау жүйеленген. Былтырдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекті ауданымызда 7811 отбасы алған. Демеушілер көмегімен аз қамтылған отбасыларға 200 тонна көмір, 39 млн теңгеге азық-түліктер таратылған. Көпбалалы 10 отбасына үйдің, 2 отбасына пәтердің кілті табысталған. – Биыл әрқайсысы 60 пәтерлік үш көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ. Екеуі Есікте, біреуі Шелекте. Бұл пәтерлер де көпбалалы отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша 3342 адам жұмыспен қамтылды, 731 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды, 773 азамат кәсіптік оқытуға жіберілді, 223 азаматқа жеке бизнесті ашу үшін жалпы соммасы 869 миллион теңгеге несие берілді, – деді аудан басшысы.
Өз баяндамасында үш ауысымды мектептер мәселесі күн тәртібінде тұрғандығын жеткізді. Бүгінде Рахат №1, В.Терешкова атындағы, Х.Абдуллин атындағы, Ж.Қайыпов атындағы білім ордалары үш ауысымда. Бұдан өзге алдағы екі-үш жылда Түргендегі, Бәйтеректегі және Достық ауылындағы мектептер де үш ауысымға көшпек. Осындай түйткілдердің түйінін тарқату мақсатында Есіктің төменгі бөлігіне 1000 орындық мектеп, жоғарыда аталған білім ордаларына әрқайсына 300 орындық жапсаржайлар салу жоспарда. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. – Түйткілді мәселені шешу үшін біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында аталған елді мекендерде 600 орындық үш жеке мектеп салу туралы келісімге қол жеткіздік. Есік қаласында осындай бір мектеп ашылды. Ол – «Мейрімді періште». Бүгінде білім ошағына 250 бала қабылданды, балаларды қабылдау жалғасуда. 500 орындық тағы бір жекеменшік мектеп Бәйтерек ауылында салынды. Өз жұмысын жаңа оқу жылында бастайтын болады. Көктемде 800 орындық тағы бір жекеменшік мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен педагогтарға комфорттық жағдай туғызу үшін ескі мектептер мен типтік емес ғимараттардың орнына жаңа 17 мектеп салу (Төле би, Алмалы, Қазатком, Екпінді, Ақтоған, Қайнар, Базаркелді, Қайрат, Сарыбұлақ, Өрнек, Дихан, Баяндай, Таутүрген, Шалқар, Лавар, Қойшыбек, Азат ауылдары) және 18 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.
Осы жылы 502 миллион теңгеге Шелек ауылындағы Х.Бижанов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Ағымдағы жылы Шелек ауылындағы Абай атындағы және Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге қаражат бөлінді, – дейді аудан басшысы.
Денсаулық сақтау саласы да күн тәртібінде. Бұл ретте әңгімелеген Бинәлі Әбдіқапасұлы: – Ауданның денсаулық сақтау саласы да оң көрсеткіштерді көрсетуде. 2019 жылы 1 582 000 медициналық қызмет көрсетілді, 2018 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.
Медициналық қызметтің сапасы жақсарды, жаңа стандарттар ойдағыдай енгізілді. Осының бәрі жүрек қан тамырлар, қатерлі ісік, туберкулез және басқа ауруларынан өлімді азайтуға септігін тигізді. Ана өліміне жол берілген жоқ.
Шелек ауылындағы аудандық аурухананы күрделі жөндеуге 484 миллион теңге қаражат бөлінді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталуда, сондай-ақ 2020 жылы жаңа медициналық жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алуға 107 миллион теңге бөлінді. Қосымша ауқымды абаттандыру жұмыстарына қаржы бөлуге сұраныс берілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Корам мен Көктөбе ауылдарында әрқайсысының құны 329 миллион теңге болатын 50 орынға арналған жаңа дәрігерлік амбулаторияларды салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін дәрігерлік амбулатория Қызылшарық ауылында да салынбақ, – деді.
Баяндамасының қорытындысында былтырғы тұрғындар тарапынан түскен 15 ұсыныстың бәрі де орындалғанын жеткізді.
Мінберге көтерілген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашев, облыс аумағында атқарылған табысты жұмыстарды айтып, аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың есебіне қанағаттанатындығын жеткізді. Кездесу соңында Ләззат Тұрлашев және Бинәлі Ысқақ қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар тілегін тыңдады. Жиынға қатысушылар аудан әкімінің бір жылдық жұмысына оң бағасын берді.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА
Дін – ізгіліктің белгісі, тәрбиенің құралы. Дегенмен, оны жойқын қару ретінде пайдаланатын топтардың шығып жатқаны жасырын емес. Осы тұрғыда шынайы дін мен басқаның аражігін ажыратып алу маңызды. Әсіресе, жастар үшін.
Сондықтан да жер-жерде діни экстремизм мен терроризмнің не екенін, оның салдары қандай болатынын түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді. Мұндай шараның бірі Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте өтті. Аудандық кітапхана қызметкерлері мен мектеп ұжымы бірлесе ұйымдастырған шарада жалпы дін, ислам діні, экстремизм мен терроризм ұғымдары жайында кеңінен талқыланып, түсіндірілді.
Еңбекшіқазақ ауданының діни істер жөніндегі инспекторы – Сатай Олжас оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Алматы облысы бойынша «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ жүргізген мониторинг қорытындыларымен таныстырды. Арам пиғылын әлеуметтік желілермен жүзеге асырушы экстремистік топтардың жұмыстары мен айла-тәсілдері туралы нтернетті белсенді пайдаланатын жастарға жан-жақты айтылды.
Алматы облысы бойынша дәстүрлі емес діни ағымдардың әлеуметтік желідегі аккаунттары мен топтарында тіркелген қолданушылардың жас көрсеткіштеріне зер салсақ, былтырғы мәліметтер негізінде 18 жасқа дейінгілер саны – 6933, 18-30 жас – 10 324, 30 жастан жоғарылар – 4083 болса, жасын көрсетпеген қолданушылар – 15 877 екен. Яғни осыншама жан өздері біліп-білмей тіркелген дәстүрлі емес діни ағымдардың топтарында жарияланған ақпаратпен сусындап қана қоймай, оны өзгелерге таратып отыр. Мысалы, негізгі ақпарат көзінде жарияланған материалдар саны – 6 266 623 болса, оны аккаунт қолданушылары таратқанда 128 527 983-ке дейін көбейеді екен. Ал олардың көпшілігі араб әліпбиімен жазылғандықтан, видео-аудио материалдардың негізгі бөлігі араб-парсы тілдерінде болғандықтан оның мазмұнын толық түсінбестен таратып жатамыз. Қарапайым мысал, барлығымыз бір-бірімізге жұма сайын жарыса жіберетін «Жұма мүбәрак болсын» сынды сурет-видеолардағы араб әліпбиімен жихадқа шақыратын мәтіндер жазылған жайттар да кездескен екен. Біз тілді білмегендіктен, еш арам ойсыз оларды таратып жатырмыз. Ал ол үшін заң алдына жауап беруге тура келетінін де ескеру керек.
Осы орайда діни сауат пен білімімізді арттырудың маңызы жайында дінтану пәнінің мұғалімі Өміржан Ерғалым мен аудандық кітапхана қызметкері Күлия Саурықова өз ойларын ортаға салып, балаларға көрнекілік құралдарын, видеоларын көрсетті. Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің директоры Рима Смағұлқызы мұндай іс-шараларды оқушыларға жиі өткізіп тұратынын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Қ.Мұратқызы