Бейсенбі, 03 Қазан 2024 09:33

Аудан әкімі Талғат Байеділовтің құттықтауы!

Құрметті ұстаздар!

Қадірменді білім саласының ардагерлері!

 

Сіздерді қазан айының алғашқы аптасында аталып өтетін кәсіби мерекелеріңіз – мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – ұлағатты есім. Кез келген қоғамдағы, барлық кезеңдегі ұстаздың ұлы міндетіне баға жетпейді.

Ұстаздар жайлы ұлы Абай «Адам бойындағы барлық жақсылық мұғалімнен дариды» деп баға берсе, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деген болатын. Расында, ұстаз – шәкірт бойына асыл ой, адамгершілік, ұлттық сана-сезімді сіңіре білетін тәрбиеші. Ел болашағын сеніп тапсырар, Тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай нығаюына үлес қосар өскелең ұрпақты тәрбиелейтін беделді тұлға.

Сондықтан да, ұстаздық – қай кезде де сый-құрметке лайық әрі сұранысқа ие қадірлі де қастерлі мамандық болып қала береді. Себебі, қарапайым жұмысшы да, ел басқарып отырған тұлға да, ғалымдар мен өнертапқыштар да, әлемді бағындырып жүрген өнерпаздар да ұстаз алдынан өтіп, мұғалімнің тәлім-тәрбиесін алатыны сөзсіз.

 

Қадірлі ұлағатты ұстаздар!

 

Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін! Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!

Оқылды 303 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет