Бейсенбі, 03 Қазан 2024 09:35

Елдің қазынасы, өмір мағынасы – қариялар

«Елдің өткенін білгің келсе қарттарына, болашағын білгің келсе жастарына қара» деген қанатты сөз бар. Қазақ үшін жасы үлкен адамның қашан да орны төрде, қадірі биік болған. Себебі, бүгінгі тепсе темір үзетін жігіт ертең қария болатыны анық. Айдай сұлу қыздардың да уақыт өте ажарын әжім басқан әже болары белгілі. Сондықтан да көнекөздерімізді құрметтеп, қадіріне жету – басты міндет. Соған сай жуырда Есік қаласындағы «Esik grand hall» мейрамханасында қарттар мерекесі аталып өтті. Аудандық шараға ауылдардағы ақсақалдар алқасы мен аналар кеңесінің төрағалары, саналы ғұмырын елге арнаған еңбек ардагерлері жиналды.

Берекелі дастархан басындағы басқосуда алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Талғат Байеділовке берілді. Аудан әкімі қарттардың қоғамдағы орнына кеңінен тоқталды:

– Қарттарымызға қандай жақсы сөз айтсақ та өте жарасымды. Ұрпақтар сабақтастығында сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз зор. Сіздердің өмір жолдарыңыз, ел мен жерге сіңірген еңбектеріңіз біз үшін баға жетпес құндылық. Тәуелсіздік алған жылдан бері де еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдениеті мен спор-тының, руханиятымыздың дамуына қосқан үлестеріңізді ұмытуға хақымыз жоқ. Бүгінгі таңда бейнеттің зейнетін көріп жүрсеңіздер де, халықтың ынтымағын, этносаралық татулықты сақтауда өлшеусіз үлес қосудан жаңылмай келесіздер. Ел ертеңіне асқан алаңдаушылық-пен көңілдеріңізді бөліп, қоғаммен етене араласып, барлық қоғамдық шараларға белсене қатысып жүргендеріңіз үшін мың алғыс. Жасаған қызметтеріңіз бен қалдырған іздеріңіз ешқашан өшпейді – дей келе жүрекжарды тілегін жеткізді.

Талғат Ескендірұлының құттықтау сөзі аяқ-талған соң, мереке төрінде елдегі тыныштық пен ырыс құтты сақтап жүрген қазыналы қарттарға аудан әкімінің марапаттары табысталды.

Жиынға қатысқан ұлықты үлкендердің арасынан Өмірғали Кенжебеков, Елеусіз Сұлтан-ғазиев, Ильян Жакеев, Шаяхмет Құсайынов, Гүлнар Жошыбаева, Мираш Нұраханқызы сынды бірнеше еңбек ардагерлері мерекеге сай ақ тілектерін білдірді.

Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің қызмет-керлері әуезді әндерін, көркем билерін арнап, мерекеге сән қосты.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 368 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет