Жұма, 27 Желтоқсан 2019 10:04

Жаңа жылдық сиқырға сенесіз бе?

Жаңа жыл үнемі бір сиқырмен байланысты сияқты болады да тұрады. Ақ қарға оранған айнала, безендірілген көшелер мен шыршалар, сықырлаған сары аяз – бәрі бір кереметтің болатынынан хабар беретіндей... Биыл, жалпы,  табалдырығымыздан Тышқан жылы аттайды. Қазақтар тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі алдамаған. Шындығында да тышқан жылында қиыншылық, жаугершілік, аштық көп болмаған. Тарихқа зер салатын болсақ, Қанжығалы Бөгенбай батыр тышқан жылы (1684) туса, алғаш Қазақ ордасы (1456) тышқан жылында құрылған. Астролог мамандардың мінездемесіне сәйкес, тышқан жылы туғандардың мінезі тік, алғыр, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін мол жауапкершілікке ие адамдар. Үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Әділ, кең пейілді, жомарт жүректі және өз-өзін басқара біледі. Олардан жақсы саудагер, жазушы, сыншы және пуб-лицист шығуы мүмкін, – дейді мамандар.

Хош, өткен жылмен өкпелемей қоштасып, жаңа жылды жақсылығымен күтетін жандарға «Жаңа жылдық сиқырға сенесіз бе?» деген сауал жолдаған едік...

Айнұр Сақанова, жеке кәсіпкер:

Жаңа жылды күтіп, кереметтей қылып тойлау бала кезімізден қалыптасқан ғой. Анамыз біз үшін үйді де ерекшелеп безендіріп, жаңа жылдық киімдерімізді де дайындап, алда бір күшті мерекенің, қуаныштың келе жатқанынан белгі бергендей болатын. Соған бала көңіл алып ұшып, қанаттанып жүретінбіз. Үйде дас-тархан жайылатын. Дәмдінің бәрі сол дастарханға салынып, ол тек он екіде ғана желінетін. Бұл сиқыр ма, ертегі ме, әйтеуір, бір ерекше күн деп есептеймін. Қазір отбасылымыз. Жолдасым жаңа жылды аса бір серпінмен тойлауды ұната қоймайды, мұсылмандардың мерекесі емес деп. Дегенмен, қалыптасқан үрдіс бойынша дастархан жайып, сағат тілінің он екіні соғуын күтеміз балаларымызбен.

 

Динара Исабекова, үй шаруасындағы ана:

Жаңа жыл – балалық шақтың тәтті естелігі ғой. Кішкентайымызда бәріміз шыршаны шыр айналып, Аяз атаны айқайлап шақырып, біз қаттырақ айқайлаған сайын тезірек келеді ғой деген сеніммен одан сайын жан ұшыра, дауысымыз қарлыққанша шақыратыным есімде. «Таудан асып, қырдан асып келеді» дегенге бала көңіл қатты сенді. Келе жатқанын көргенде шынымен бір сиқыр орын алғандай қуанатынмын. Кейіннен, жаңа жылдағы Аяз атамыз өтірік екенін білгенде, кәдімгідей ренжіп, көңілім түскені бар. Қазір сол сиқырды балаларымыз үшін жасаймыз. Бәрібір, бір кереметке сенгің келеді, жаңа жыл қарсаңында.

 

Мөлдір Сапарғалиева, сақтандыру компаниясының операторы:

Жаңа жылдық сиқыр дегенде, ең алдымен көз алдыма кең жайылған ақ дастархан басындағы отбасым елестейді. Солардың қуанышты жүздері – бір жақсылықтың нышаны екенін сеземін, білемін. Сағат дәл 00.00 соққанда бәріміз бір ерекше көңіл-күймен шаттанып, сыйлықтарымызды таратып, алып жайдарланып кетеміз ғой. Осының өзі сиқыр емей, немене?!

 

Айгүл Шәріпқызы, тележурналист:

Жеке басым Жаңа жылды асыға күтемін. Ең жақсы көретін мерекелерімнің бірі. Қалай қарасақ та жаңа жылдың кіретін, күнтізбенің ауысып жаңаратын уақыты. Әлбетте, қазақ халқына тән емес немесе мұсылмандардың мерекесі емес деп қарайтындар да жоқ емес. Біздің жаңа жылымыз – Наурыз дейтіндер көпшілік бүгінгі таңда. Десек те, 31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түн ерекше сиқырлы, жаңа уақыттың, жылдың, жақсылықтардың бастауы деп білемін. Мектепте өтетін әрбір жаңа жылда мерекелік костюмдарымды өзгеше қылып дайындап, сол үшін берілетін жүлдеден құр қалмайтынмын. Балалығымның ең тәтті қиялдарының бірі осы жаңа жыл мерекесімен ұштасады.

 

Шынар Тілеубекова, фармацевт:

Жаңа жыл әрқашан біздің жанұямыз үшін қуанышқа, сиқырға толы. Әр жылды өз ерекшелігімен қарсы алуға тырысамыз. Оның үстіне үш балапанымыз бар, олар үшін де ерекше мереке, тағатсыздана күтіп жүреді. Үйде шырша әрлегенде жүздері бал-бұл жайнап, Аяз атаға хат жазады. Мектептегі шырша кешіне де қатты дайындаламыз. Айналадағы әсемдікті, ғажайыпты көргенде балалар асыр салып, бәрін де ұмытып кететіндей. Мұның бәрі өздігінен-ақ орын алып жатпағаны, бір сиқырдың бар екені сезілетіндей осы мереке жақындаған сайын.

 

 

Р.S. Жаңа жылдың жарқыраған шамдары, Аяз атаның сыйлық толы дорбасы, терезе сыртындағы сиқырлы сықыр еріксіз елітпей қоймайды. Бала кезімізден қалыптасқан Жаңа жыл мерекесі бәрібір бір қуанышты күндердің алда екендігінің жаршысы іспетті. Ғажайыпқа сенейік, өмірлеріңіз ертегідегідей болсын. Сіз не дейсіз, оқырман?

 

Алмагүл НҰҒМАН

Оқылды 1769 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 21, 2025

Қазақстан энергетикасының даму…

Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан…
Мам 20, 2025

Алматы облысында оқушылардың 92…

Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат…
Мам 20, 2025

18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ

Бүгін – адамзат өркениетінің тарихы мен мәдениетін, рухани байлығын жинақтап, келер…
Мам 20, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай…

2025 жылдың 15 мамырында Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт…
Мам 20, 2025

Абайлаңыз, листериоз!

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Мам 20, 2025

Метрология – сенім құралы:…

Бүгін Метрлік конвенцияға қол қойылғанына 150 жыл толды.Метрлік конвенция – жаһандық…
Мам 20, 2025

ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ…

Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап…
Мам 20, 2025

Көлік министрлігі жазғы маусымда…

Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады. Теміржол…
Мам 20, 2025

Қазақстанның энергия теңгеріміндегі…

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК)…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет