Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді
Дұрыс айтасыз, үш жыл бұрын Елбасының Ұлт жоспары - 100 нақты қадам аясында әлуметтік қорғау, жер қатынастары, мүлікті рәсімдеу, халыққа қызмет көрсету секілді төрт ірі саланы біріктіру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылған болатын. 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап Әділет министрлігінің құзіретіндегі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіле бастады.
Аз уақыттың ішінде қайта ұйымдастыруды сәтті орындаған жаңа құрылым биыл мемлекеттік қызметтердің ISO 9000 сериялы халықаралық сертификаттауынан өтіп, өзінің басты құндылығы ретінде «Саналы қызмет- сапалы нәтиже» қағидасын («Sanaly qyzmet - sapaly natije»), «SANA» (senim, ashyqtyq, abyroi, nàtije) сандық мәдениет кодын жариялады. Осылайша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдерін құру және сапа менеджменті стандарттарына сәйкестікке халықаралық деңгейдегі сертификаттаудан өтуді жүктеген «100 нақыт қадам – Ұлт жоспарының» 100-ші қадамын толық орындап отыр.
Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 742 мемлекеттік қызмет тіркелсе, оның 634-і корпорация арқылы көрсетіледі. Оның ішінде 531 қызмет электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді.
Осы ретте айта кету керек, мемлекеттік корпорацияның Алматы облысы бойынша филиалымен 3 жылда 10,7 млн (10 759 183) қызмет көрсетілді, оның 7 млн-нан астамы, яғни 71 пайызы (7136350) электронды түрде берілген. Жүйелі насихат жұмыстарының нәтижесінде онлайн қызметтерді пайдаланушылар қатары күн санап артуда. Бүгінде бір реттік пароль арқылы 52, ал Telegram-бот мобильді қосымшасы арқылы 25 кызмет алуға болады. Қызметтерді цифрландыру және композитті форматта ұсыну азаматтардың уақытын үнемдеп, қажетті анықтамаларды үй жағдайында алуға мүмкіндік берді.
Бұл үшін азаматтар кез келген фронт-офиске келіп телефон нөмірі мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) мобильді азаматтар базасына тіркесе болғаны. Мgov арқылы әлемнің кез-келген жерінен 80-ден аса қызмет түріне қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, тұрғылықты жері туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтары, соттылығы бар-жоқтығы туралы анықтамалар, төлемдерді (айыппұлдар, салық) оңай төлей аласыз. Айта кетейік, үш жылдың ішінде Алматы облысы бойынша 582 570 адам мобильді азаматтар базасына тіркелген.
Мысалы, бір ғана Telegram-бот арқылы кең тараған анықтамалар, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында кезекті брондау қызметтері қолжетімді. Сондай-ақ, өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі бар. Яғни, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туылуы бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті. Алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.
Жақында аймақта миграциялық орталық ашылды. Бұл орталық қандай функцияларды орындайды?
Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы өткен жылдың желтоқсан айында Іле ауданында ашылды. Мұнда шетелдік еңбек мигранттары «бір терезе» қағидасы бойынша бекітілген стандартқа сай мемлекеттік қызметтер алады. Бұған дейін шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу құжаттарын дайындау үшін бес күн жүрсе, енді медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өту, сақтандыру полисін рәсімдеу және жеке сәйкестендіру нөмірін алу секілді қызметтер бір ғимаратта, бір сағаттың ішінде рәсімделеді.
Орталықта14 маман жұмыс жасайды. Бұл ҚР ІІМ-мен бірлескен жоба. Орталық арқылы шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетіндер жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдей алады. Үстіміздегі жылдың 4 айында орталық 13 889 қызмет көрсетті.
Жаңа айтып өткен композитті қызметтер туралы толығырақ айтып берсеңіз?
Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидатымен бір жерде ұсыну азаматтардың түрлі мемлекеттік органдармен тікелей байланысын тоқтатып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуда тиімділігін көрсетті. Бүгінде мемлекеттік корпорация қызметтерді одан әрі жеңілдету мақсатында проактивті және композитті форматқа көшті.
Композитті қызмет – бұл бір өтінішпен бірнеше мемлекттік қызметтерді алу. Қазіргі таңда корпорация арқылы көрсетілетін 55 мемлекеттік қызметтер 21 композиттік қызметке оңтайландырылды. Бастапқыда пилотты режимде енгізілген жоба азаматтар арасында кеңінен қолдау тапты, әсіресе, аймақ тұрғындары жасына қарай зейнетақы төлемдерін тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін бір өтінім бойынша тағайындау қызметін кеңінен қолданады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтер жайлы тоқталсаныз?
«Азаматтарға арналған үкіметте» мемлекеттік қызметтерді кедергісіз және сапалы көрсетуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Біздің фронт-офистер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы қызмет көрсету орындарымен жабдықталған және пандус, шақырту қоңырауы орнатылған. Сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар барлық мемлекеттік қызметтерді «1414» бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы біздің мамандарды үйіне шақырып, өзіне керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере алады. 3 жылда мемлекеттік корпорацияның Алматы облыстық филиалы арқылы 2 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азаматқа 115 351 қызмет көрсетілді. Айта кету керек, мұнда жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға сұраныс көп.
Сөйлеу және есту қабілеті бұзылған тұлғалар да ерекше назарда. Бұл категориядағы азаматтар онлайн режимде сурдоаударма арқылы ымдау тілінің кәсіби маманымен арнайы қосалқы монитор арқылы шынайы уақыт режимінде ым-ишарат тілінде тілдесіп, қажетті құжаттын ала алады. Бүгінде филиалда сурдо-аударма тілін меңгерген 80 астам маман жұмыс істейде. Қызметкерлер ымдау тілін меңгеру үшін арнайы оқытудан өткен. Сондай-ақ, филиалда 55 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа қабылданып, бүгінде бекітілген штатқа сәйкес қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсету орталығы ғана емес, басқа да салаларды қамтитынын тұрғындардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Мысалы, жер саласы бойынша қызметтер.
Дұрыс айтасыз, мемлекеттік корпорация қызметінің басты бағыттарының бірі жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу саласы үш жыл ішінде бағыты бойынша қызметтерін оңтайландырудан өткізді.
Атап айтқанда, құжаттар топтамасын және қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту бағытында бірнеше сәтті пилоттық жобалар іске қосылды. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру рәсімдерін оңайлату, жер учаскелерінің кадастрлық құнын анықтау бойынша қызметті алу уақыты едәуір қысқарды.
Жалпы мемкорпорация жер-кадастрлық монополиялық қызметтердің 26-сын және жерге орналастыру жұмыстарының 11 түрін көрсетеді. Қазіргі уақытта екі немесе одан да көп қызметті бір өтінішпен алуға болатын композиттік қызметтерді қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» 2018 жылдың шілде-желтоқсан айларынан бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында 12 қызмет көрсете бастады. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді есептеу және жәрдемақылар тағайындау бойынша да қызметтер корпорацияның құзіретінде.
Осыдан бір жарым жыл бұрын ашылған мамандырылған ХҚКО-ың бүгінгі күнде бет алысы қалай?
Мамандандырылған бөлім 2014 жылғы 14 желтоқсанда ашылды. Мұнда көліктерді тіркеу, қайта тіркеу, жүргізуші куәліктері мен көліктерге мемлекеттік нөмірлерді беру мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Орталық арқылы ашылған сәттен бастап 1 сәуірге дейін 194 643 қызмет көрсетілді. Қазір жоғары сұраныстағы нөмірлер ашық саудада. Кез келген жүргізуші өзіне ұнаған нөмірін таңдай алады. Осы орайда, бүгінгі күні 176 жоғары сұраныстағы нөмір сатылып, мемлекеттік қазынаға 45,2 млн (45 240 754) теңге құйылды.
Жүргізушілер үшін тағы да жағымды жаңалық – қазір көліктерді тіркеу, қайта тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтерін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде рәсімдеуге болады.
Енді азаматтар бұрынғыдай бірнеше күн жүрмейді, бұл қызметтер бас-аяғы бірер сағата дайын болады. Ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік баж салығы мен айыппұлдарын онлайн төлеу мүмкіндігі бар. Мамандандырылған бөлімге тек дайын құжатты алып кетуге келеді немесе Қазпочта курьерлері арқылы үйіне тапсырыс бере алады.
Онлайн қызметті жыл басынан бері 1 600 тұрғынғын пайдаланды. Есепті мерзімде 600-ден астам көлік құралы тіркеліп, 1 мыңға жуық жүргізуші куәлігі ауыстырылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» өзін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруда жаңашылдықтың жаршысы ретінде танытты. Алдағы уақытта қандай жаңалықтармен қуантпақшысыздар?
Бүкіл әлем цифрлық технологияларға бетбұрған заманда «Бүгінгі фантастика - ертеңгі шынайылық» деген нақылдың мағынасы арта түскендей. Әлем жаппай сандық форматқа көшуде. Ал биометрия цифрландырудың маңызды элементі болып табылады. Әлемнің дамыған елдері биометрияның сан алуан мүмкіндіктерін пайдаланып, оны түрлі қызметтерде енгізіп үлгерді.
Мемлекеттік корпорация алғашқылардың бірі болып саусақ ізі арқылы қажетті анықтамаларды алуға болатын сервисті енгізді. Алдағы уақытта бір ғана саусақ ізімен ешқандай төлқұжатсыз елуден аса анықтамаларды алуға мүмкіндік туады. Пилоттық жоба 2018 жылғы желтоқсанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында іске қосылды. Қызылордада жалғасын тапқан жоба күзге қарай бүкіл облыстарды қамтитын болады.
Сұхбатыңызға рақмет!
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы Алматы облыстық филиалының және Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Жасыл ел» жасақшылары Тескенсу ауылының тұрғыны Тамара Тураева апайдың үйіне барып, тазалық акциясын өткізді. Акция барысында жастардың күшімен сыртқы ауладағы жабайы өскен шөптер шабылып, отын-сулар тасылып, аулаға күрделі тазалық жұмыстары жүргізілді. Т.Тураева «Жасыл ел» бағдармаласы бойынша маусымдық қызмет атқаратын ауыл жастарына өз ризашылығын білдіріп, естелікке суретке түсті. Акцияның мақсаты да округтегі қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, мүгедек жандарға жәрдемдесіп, ауыл жастарын мейірімділікке, ұйымдаса жұмыс атқара білуге және патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.
Жәнібек Болғамбай,
Тескенсу ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі
әдіскер-нұсқаушысы.
Жақында төтенше жағдайлар бөлімінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен қоғам дертіне айналған – жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында партия филиалының консультанты Бағдат Рахимов қатысушыларға парақорлық мемлекеттің болашағына балта шабатындығын айтып, аулақ болуға шақырды. Партия ардагері Асыл Байтулақов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақстанда атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті:
– 2017 жылы Қазақстанда 3 мыңнан астам жемқорлық қылмысы тіркелген. Осы фактілер бойынша мемлекетке келген жалпы шығын 8 млрд теңгені құрапты. Қазіргі уақытта оның жартысы мемлекет пайдасына алынып, сыбайлас жемқорлықпен айналысқан 1 мыңнан астам адам сотталды.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың ресми мәліметіне сәйкес, 2017 жылы 700 тұлға, соның ішінде, 18 республикалық, 95 облыстық, 101 қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар ұсталған. 2018 жылы жоғары шенді 700-ден астам лауазымды тұлғаның жасаған жемқорлық фактісі әшкереленген. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы аумақтық партия филиалдарында партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің 2 отырысы, партиялық бақылау комиссияларының 3 отырысы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған арнайы мобильді топ жыл басынан шамамен 16 ұжымды аралап, мемлекеттік мекемелерде азаматтарды қабылдады, түсіндіру жұмыстары жүргізілді – деді Асыл Байтулақұлы.
Жиын барысында төтенше жағдай-лар бөлімінің инженері Руслан Исмяков, №6 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ғабит Ибадуллаев ұжымдық жиналыстарда әрдайым жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарының жүргіз-летіндігін айтты.
Сардарбек НҰРАДИН.
«Үміт үйі» қоғамдық қорының өкілі әрі Ащысай ауылдық амбулаториясында психолог болып жұмыс атқаратын Көшкінов Жүрсін Жәнібекұлы халық үшін ауадай қажет медициналық құралдарды ауылдық амбулаторияларға тегін таратуда. Екі жылдан астам уақыт медицина саласын қолдауға қоғамдық қорын бағыттаған Жүрсін Жәнібекұлы бүгінгі таңда Германия, Швейцария мемлекеттеріндегі серіктестерімен келісімшарт жасасқан. Сол арқылы бізге жеткен заманауи медициналық құралдар тұрғындар денсаулығының жақсаруына септігін тигізуде.
Жастайынан жақсылыққа жаны құмар болып өсіп, ержете келе жан-жақты мүмкіндіктерді пайдаланып, балалар үйіне, көмекке мұқтаж жандарға жәр-демдесуге барынша атсалысып жүрген ел ағасы жақында тағы да тұрғындар алғысына бөленді. Ащысай ауылдық амбулаториясына жиналған Қазақстан, Көктөбе, Достық, Қаракемер, Байсейіт, Жаңатұрмыс, Тескенсу тағы да көршілес ауылдардан келген психолог, әлеуметтік қызметкерлер және мейірбикелер өз амбулаторияларына қажетті әрі жетіспей жатқан медициналық құралдарға ие болды. Атап айтсақ, акция барысында жалпы құны 2 млн 859 мың теңгеге әр амбулаторияға үштен тонометр, градусниктер, әр амбулаториядағы төсек санына қарай жамылғылар мен олардың тысқаптары, микроскоп, электрокардиограмма, катетерлер, центрифуга, гигрометр сынды құралдар таратылды. Сонымен қатар, мүгедектер арбасы, ходуноктар, жедел-жәрдем қораптары тағы бар.
«Германиялық серіктестерді ша-қыртып, олар ауылдарды аралап, амбулаториялардың хал-ахуалымен танысып кеткен болатын. Сол сапарларында ауыл тұрғындарының көздерін тегін тексеруден өткізіп, қажет болғандарына көзілдіріктерін де берген-ді», – дейді «Үміт үйі» қоғамдық қорының өкілі Жүрсін Көшкінов.
Акция барысында Жүрсін ағаның психолог әріптестері де сөз алып, тұрғындар үшін атқарып жатқан еңбегінің ерен екендігін тілге тиек ете отырып, алғыс білдірді. Алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Айта кетерлігі, спортқа жақын Жүрсін Жәнібекұлы жастарға үнемі қолдау көрсетіп, демеушіліктен тартынған емес. Түрлі жарыстар, көңілді старттар ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады ел ағасының қолдауымен.
«Өзіңді ғана емес өзгені де ойлау – жүректегі мейірімділік пен еліңе деген жанашырлықтан, патриоттықтан туатын сезім. Не нәрсені болмасын шын жүректен, ақ пейілмен жасау керек. «Не ексең, соны орасың» дейді ғой қазақ халқында. Шын мұқтаждарға көмек көрсеткеннен тек қуаныш, позитив аласың. Жүрегің жайланады», – деген Жүрсін Көшкінов әріптестерін бірлесе, топ болып жұмыс жасауға шақырды.
Динара Қасенова,
Қаракемер ауылдық амбулаториясының меңгерушісі,
облыстық мәслихат депутаты.
Мемлекеттің басты байлығы – адам болса, оның денсаулығы ақ халаттылардың абзал тірлігіне тікелей байланысты. Сондықтан, дәрігер – мемлекет байлығының қорғаушысы. Асқан жауапкершілікті талап ететін мамандық иелерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан медицинасының хал-ахуалымен танысу мақсатында Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының директоры Әбеуова Жәмилә Санаққызымен сұхбаттасқан едік.
– Құрметті, Жәмилә Санаққызы, орталық ауруханада орын алып жатқан өзгерістер легін тұрғындарға түсіндіріп өтсеңіз?
– Еңбекшіқазақ ауданының ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесінде 2018 жылдың шілдесінен бастап дәстүрлі қалыптасқан жұмыс түрлері мен әдістерін пайдалана отырып, отбасылық дәрігерлік тәжірибені, дербес мейірбикелік жұмысты, учаскелік және әлеуметтік-психологиялық қызметінің командалық жұмысын белсенді енгізумен, дәрігерлік кадрларды даярлаумен және штаттарды, дәрігерлік және мейірбике қызметкерлерінің функцияларын оңтайлы қайта бөлумен орталық аудандық аурухананың әлеуметтік-бағдарланған моделіне кезең-кезеңмен көшу үдерісі іске қосылды. Емхана бұған дейін дәстүрлі схема бойынша жұмыс істеген: ересектер, балалар емханалары, терапевттер, педиатрлар және жалпы тәжірибелік дәрігерлер. Ал, бүгінгі күні 2019 жылдың сәуірінен бас-тап барлық учаскелер отбасы принципі бойынша қайта бөлінді: 1500-ден 1700 тұрғынға дейін және учаскелер саны 150 құрады. Терапевтік және педиатриялық учаскелердің бірігуін ескере отырып, отбасылық дәрігер кабинетінің жанында отбасылық медбикенің өз бетінше қабылдау кабинеттерінің орналасуы өзгертілді. Дәрігерлік, мейірбике және медициналық емес қызметкерлер арасында тәлімгерлік және супервизия жүйесі жолға қойылған: тұрақты трейсерлер, барлық деңгейлерде басқару шешімдерін қабылдай отырып, инциденттерді есепке алу және мониторинг жүргізу жүйелері жақсартылды.
– Бүгінде халық саны күн санап өсуде. Осыған байланысты медициналық пункттердің де жұмысы көбеюде. Бұл мәселенің шешімі қалай болып жатыр?
– Оныңыз рас. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізу және ауыл халқына медициналық қызметтердің кеңейтілген спектрін көрсету, қадамдық қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін және тұратын халықтың прогрессивті өсуін ескере отырып, алты фельдшерлік-акушерлік пункт отбасылық дәрігерлік амбулаторияға ауыстырылды. Тоғыз медициналық пункт фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды. Сонымен қатар, МТФ База, Көктерек ауылында екі жаңа медициналық пункті ашылды. Ал, скринингтерді, талдау-ситуациялық орталықтарды басқару және мониторингтеу функцияларын бере отырып, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшелерінің ашылуымен Түрген, Бәйдібек би, Бижанов, Бәйтерек ірі кенттерінде дәрігерлік амбулаториялар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарына ұлғайды.
– Барлық жүйелерді цифрландыру жүзеге асып жатқанын білеміз. Аудандық ауруханада бұл қалай іске асуда?
– ҚР Денсаулық сақтау саласын цифрландыру шеңберінде Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасында қағазсыз құжат айналымына көшу бағдарламасы іске асырылды. Мобильді қосымша мен пайдаланушының жеке кабинетін пайдалана отырып, «DamuMed» кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді. Электрондық денсаулық паспорты 100% рәсімделген. Ауру тарихы мен амбулаториялық карталар тек электрондық форматта жасалады. Есік қаласында және төрт БМСКО халыққа өз-өзіне қызмет көрсету үшін (Wi-Fi) тегін Интернетке қол жеткізе отырып, цифрландыру посттары ұйымдастырылды, барлық аудан тұрғындарына пациенттің жеке кабинетіне қол жеткізу қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда біздің емделушілерімізде 24 504 мобильдік қосымшалар мен жеке кабинеттер ашылды. Аудан тұрғындары мен пациенттердің навигациясы мен бағытталуын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, стендтер, лайт-бокстар, көрсеткіштер, кабинеттердің бірыңғай форматта нөмірленуі орнатылды. Модельдік емханалардың тәжірибесі бойынша тіркеу орнының жұмысы жақсарды, пациенттің навигация жүйесі жетілдіріліп, халыққа қолжетімді ақпарат орналастырылған. Кезекті басқару терминалдары, көмек сапасын бағалау, қызметтерді төлеу орындары орнатылды.
– Тұрғындардың медициналық көмекті тұрақты әрі жедел түрде алуына тағы қандай қолайлы жағдай-лар жасалуда?
– Бүгінгі күні жалпы дәрігерлік практика режимі бойынша ересектер мен балалар арасында жалпы тәжірибедегі отбасылық дәрігерлер қызмет көрсетеді. Балалар жасының сапа-лы медициналық кө-мекке қажеттілігін қанағаттандыру мақсатын-да балаларға амбулато-риялық-емханалық көмек моделі қабылданған. Яғ-ни, жалпы практикадағы отбасылық дәрігер мен педиатр-кеңесшінің бірлескен жұмысы бұл. Сондай-ақ, емхана бөлімшелерінің барлық басшыларында ұялы телефондарға мобильдік қосымшалар орнатылды. Бұл оларға ұйымның кез келген нүктесінде бола отырып, емхана бөлімшелерінде бейне бақылау арқылы кезектерге мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Атап айтсақ, 2018 жылғы қарашада 38 бейнебақылау камерасы орнатылды.
– Медициналық қызметкерлердің жұмыстарында да өзгерістер бар көрінеді, байқауымызша…
– Мультидисциплинарлық тәсілді қолдана отырып, өз бетінше мейірбикелік тәжірибені енгізу және командада жұмыс істеу дағдыларын үйрету: скринингтік профилактикалық тексерулер, рецептерді толық жазып беру, созылмалы патологиялары бар пациенттерді стационардан шығарғаннан кейін белсенді қатысу, босанғаннан кейінгі патронаждар, үйдегі медициналық-әлеуметтік патронаждар, бекітілген халықтың қауіпті топтарымен жұмыс істеу енгізілді. Дәрілік заттарды берудің бірыңғай нүктесі ұйымдастырылып, рецепт жазылғаннан кейін қадамдық қолжетімділік қамтамасыз етілген. Әлеуметтік қызметкерлер мен учаскелік медбикелердің күшімен азмобильді пациенттерге дәрі-дәрмек рецептерін үйге жеткізу енгізілді. Медициналық қызмет көрсетудің жаңа түрі – телефон байланысы арқылы және емхананың веб-сайты арқылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін рецептер бойынша дәрі-дәрмектерді шығару игерілуде.
– Көрсетілетін қызмет түрлерінің саны да біршама артқан шығар…
– Жасыратыны жоқ, көрсетілетін қызмет түрлерінің саны артты. Бәйдібек би ауылдық ауруханасы базасында стационарлық буындағы қалпына келтіру емі мен оңалту төсектері (40 төсектік) жабдықталды. Амбулаториялық-оңалту қызметінің ми қан айналымының жіті бұзылуы, жіті коронарлық синдромын алдын алу бойынша жұмысы қамтамасыз етілген. Оңалту мамандығы бойынша бір дәрігер мен үш мейірбике оқытылды. Оңалту бөлімшесін, емдік дене шынықтыру кабинетін материалдық-техникалық қамта-масыз ету жақсартылды.
– Тұрғындар көбінесе жедел-жәрдемнің жұмысына көңілі толмай жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Жалпы, отыз мың халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 9 бригада жұмыс істейді. Техникалық тозуға байланысты санитарлық автокөлік тапшылығы бар. Сол себепті де жұмыс барысы бәсеңдеп қалады. Болашақта бұл мәселе шешімін табады деп сенеміз.
– ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде медицина саласына қатысты нақты тапсырмалар берген еді. Нақтыласақ, «бюджет саласының жекелеген қызметкерлерінің жалақы-сын арттыру» жүзеге асты ма?
– Иә, Елбасының берген нақты тапсырмаларын жүзеге асыру аясында, 2019 жылдың 1-маусымнан бастап медицина қызметкерлерінің, оның ішінде дәрігерлер, медбикелер, санитарлар жалақысы 30% - ға дейін артады.
– Сапалы жұмыс білікті маманға тікелей байланысты. Медицина мамандарының білімі қандай деңгейде?
– Әлбетте, науқастың өмірі мен денсаулығы – білімді дәрігерге байланысты екені рас. Сапалы және жоғары білікті медициналық көмек – медицина қызметкерлерінің білімі мен іскерлігін үнемі арттырумен қамтамасыз етілетіні де белгілі. 2018 жылдың шілдесінен бастап дәрігерлердің 60%-ы мен медбикелердің 70%-ы отбасылық тәжірибе дәрігерлерінің жұмысын ұйымдастыру, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау, балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу, инфекциялық емес созылмалы ауруларды басқару, BLS (жүрек-өкпе реанимациясы), денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс негіздері бағдарламалары бойынша қайта оқытылды. Алғашқы рет жедел жәрдем және санитарлық көлік жүргізушілерін қауіпсіз жүргізу бағдарламасы бойынша оқыту жүргізілді.
– Сұхбатыңызға рахмет! Мерекелеріңізбен, мейірімді жандар!
Сұхбатты әзірлеген
Алмагүл НҰҒМАН.
Әде Тыналықызы 1939 жылдың 10 мамырында туылған. Несіп анасы мен Тыналы әкесінің 11-ші баласы. Негізі әкесінің кіндігінен 12 бала дүниеге келіпті. Әкесі Еңбекшіқазақ ауданының бұрынғы Молотов, қазіргі Көктөбеде қарапайым еңбек адамы болған. Анасы Несіп он екі баланы дүниеге әкелдім деп үйде қарап отырмапты. Өмір бақи бір ауылдың белді де, белсенді еңбеккері болыпты. Әде дүниеге келгенде әкесі Тыналы өзінің күнде оқып жүрген құран кітабын аударып отырып, осы қызым ерекше бір жан болсын деп «Әде» деп қойыпты. Әде араб тілінен аударғанда сөзге өте шешен деген сөз екен. Баланың қойылған есіміне де байланысты деген сөз рас болып шықты. Кішкентайынан орысша, қазақша, ұйғырша, азербайжанша, түрікше тілдерді жетік меңгерді. Әкесі Тыналы дінге қарсы заманның өзінде құран оқуды тастамаған, дінін сатпаған, өзінің айтқаны келетін әулие адам болыпты. Оның көріпкелдігіне ауыл - аймақтағы ел жүгініпті.
Осындай көрегенділігінің арқасы ма, әкесінің айтқаны келіп, Әде де сөзге ұстатпайтын шешен болып өседі. Есіктінің орталығындағы жалғыз қазақ мектеп интернатында оныншы сыныпты бітірген соң, көзі ашық, көкірегі ояу Әде Тыналықызы аудандағы орысша, қазақша «Звезда Алатау», «Алатау жұлдызы» газетіне қызметке келеді. Сол кездегі аудандық редактор ешбір ойланбастан газеттің корректорлығына қызметке алады. Арада үш жыл өткен соң, 1963 жылы аудандық комсомол комитеті аудандық байланыс торабына қызметке жібереді. Аудандық байланыс торабының бастығы керемет жақсы адам Марат Сүлейманұлы Есқараев болатын. Әлі буыны қатпаған жас комсомол қызды қамқорлыққа алып, оқуларға жіберіп, білімін жетілдіріп, еңбекке шыңдайды. Әде жас кезінен аудандық көркемөнер үйірмесіне қатысып, би билеп, Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» пьессасындағы Шұға рөлін сомдайды. Ол кезде Ильян Жаңабайұлы Жакеев те, көркемөнер үйірмесіне қатысып опера әншісі атанады. «Ермек Серкебаев» деп қалжыңдайтын құрдастары. Міне, осы өнердің арқасында болашақ жас жұбайлар бір – бірімен танысып, үш жыл жұптары жазылмай жүріп, үйленеді.
Әде Тыналықызы Есдәулетова өзі-нің туған ауылынан ешқайда кеткен жоқ. Тұрақты бір жерде аудандық байланыс торабында, қырық жылға жуық істеп зейнеткерлікке шығыпты. Күйеуі Ильян Жаңабайұлы Жәкеев екеуінің қол ұстасып жүргендеріне биыл елу бес жыл толыпты. Ұзақ жыл өмірдің ыстық-суығын бірге көрген екеуі де бірдей сексенге толады екен. Сексенге шығар екі бірдей Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматтарына, жолығып өмір жолымен таныстық. Екеуі де аттан түспей, әлі де қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып келеді. Сексенге желтоқсан айында толатын Ильян Жаңабайұлы қазірде Еңбекшіқазақ аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы.Ал Әде Тыналықызы болса, мамыр айында сексенге толыпты. Екеуіне де сексен жасты бермейсің, өйткені күнде ертеңмен тұрып, денелерін қыздырып, шақырымдап жүгіретіндерін айтады. Әде апай, қолы қалт ете қалғанда тігін машинасын алып, немерелеріне киім тігіп беретінін көзімізбен көрдік. Есік қаласының орталығындағы, екі қабатты үйдің бір бөлмесінде спорттық құралдардан басқа, жүзге жуық гүлдердің жайқалып өсіп тұрғанын да байқадық, бейне бір гүл базарына кіріп кеткендей әсерде қалдық. Бұл да Әде Тыналықызының еңбегі. Екеуінің де өмір бақи саламатты өмір салтын ұстап, шынығып, шымырланып жүргендерін көріп, таңғалмасқа амал қалмады. Ал Ильян Жаңабайұлы жайлы айтсақ, Шелек ауданының Киікбай ауылында туып, 1943 жылы Көктөбе ауылына отбасымен көшіп келеді.1963 жылы аудандық комсомол комитетінің инструкторы, кейіннен ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.1967 жылы Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі, бұл жұмысты облыс бойынша алдыңғы қатарға көтергені үшін, ерен еңбегіне байланысты Кеңес одағының мәдениет Министрінің құрмет грамотасымен марапатталады.1970-1993 жылдары аудан кәсіподағында, аудан ауыл шаруашылығында, одан әрі аудан партия, Совет қызметінде жұмыс істеген.1993 – 2004 жылдар аралығында Көктөбе ауылдық округінің әкімі. Одақ ыдырап ауыл қиын жағдайға түскенде бұл ауылдан да жоқтан, бар жасап, мектеп, балабақша, жылу жүйелерімен, тұрғындарға жарық беру мәселесін түбегейлі шешіп, ел тұрмысының жақсаруына үлкен үлесін қосады. 2004 жылдан бастап, зейнеткерлік жасқа шықса да, Еңбекшіқазақ ауданының кәсіподақ ұйымының төрағасы болып қызмет істеп келеді. Осындай халқына қалаулы, еліне елеулі жандар жайлы тоқтала кетсек, елге жасаған жақсылықтарын сөзбен айтып жеткізе алмайсың! Ел сыйлаған екеуінің де кеуделерінде жарқыраған медальдар. Медаль алудан бір – бірінен қалыспапты. Алған құрмет грамоталары мен алғыс хаттары бір сандық десе де артық айтқандық емес. Әде Тыналықызы мен Ильян Жаңабайұлы сияқты халқының қадірменді ұл – қызына, ұзақ ғұмыр, мәңгілік махаббат тілейміз!
ІЗГІ ТІЛЕК
(Әде мен Ильянға арнау)
Көктөбедей, туғаныңмен жайлауда,
Өмір сүрдің тау бөктері орманда!
«Есік қала» болды сенің мекенің,
Бірге жеттің Ильянмен арманға!
Атты шапақ арайланып таңдар да,
Болдың тағы отаныңа қорған да.
Байланыстың мамандығы болған соң,
Сол тарапта өтіп жатты жолдар да!
Осы жылда, Ермек ұлың жетілді,
Сыйлы болдың елге сөзің өтімді.
Ильяның гүлдер талай ұсынды,
Қосағыңмен түзеп алдың көшіңді!
Редакция жолыңды алғаш ашыпты,
Көктем сайын мерейің үстем тасыпты.
Қосағыңмен қол ұстасып еңбекте,
Алшысынан түсірдің көп асықты!
Ильян Жаңабайұлы жүрсе шаршамай,
Еңбек сүйгіш жасынан –ақ ол солай!
Жолын күттің іс сапарға кеткенде,
Жақсылыққа жорып күнде нақтылай!
Болып өстің жастайыңнан белсенді,
Әде апа, тік көтердің еңсеңді.
Ана менен әкеңе ұқсап кетесің,
Деп айтумен ел – жұртыңда көп сенді.
Әке-шешеңнің аруағы да қолдады,
Содан өзің нұрландырдың бар маңды!
Келін болып барған жерге тұрақты,
Бола білдің саналы да, қорғанды!
Ильян, Әде зейнеткер де атанды,
Тәрбиелеп қоғамдағы асауды.
Екі азамат сексен жасқа толыпсың,
Сол бақытпен өмір сүр ел қатарлы!
Немере қызық, жемісінде әкелсін,
Ермегіңмен бақытты күн кешерсің!
Алла Тағала қолдап, қорғап, жебеумен,
Қадамдарыңа ақ жол кілем төселсін!!!
Шаяхмет Құсайынұлы,
Халықаралық Жазушылар, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі.
Қазақстанның құрметті Журналисі, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы.
Реклама и объявления часть нашей многогранной жизни, и если хотите одна из граней культурной жизни. Неграмотная, корявая, некрасивая, обшарпанная реклама вызывает не только смех, но и возмущение. С недавних пор на улицах нашего Есика появились рекламные щиты или просто вывески над торговыми точками, на которых аршинными буквами красуется набор букв МЯСОЕТ. Если это сложное слово, состоящее из «мясо» и «ед» то оно пишется «мясоед», то есть любитель мяса. В конце слово буква «д» (проверочное слово «едок».) А если это слово составлено из русского «мясо» и казахского «ет» то уж будьте добры, напишите раздельно и переставьте «ет» вперед как того требует закон о языках.
Приятного аппетита любители ет-мяса и владельцы вывесок магазинов, торгующих этим очень важным продуктом.
К слову, мясоед или точнее Рождественский мясоед имеет отношение и к православной вере – это между великим постом и праздником Рождества Христова. Поэтому, господа торговцы, не задевайте религиозных чувств верующих, искажая слово ради броской рекламы.
Х.АХМЕТЖАНОВ
Есіктің Алматы көшесі мен Фрунзе көшесінің қиылысында тұр осы жарнама. Үлкен жолдың үстінде. «Мясоет» сөзін орысша дейін десең, ол сөздің соңғы әрпі «д» болу керек те мағынасы орысшадан «ет жегіш» деп аударылады. Діни мағынасы да бар. Ал қазақша деп түсінгің келсе, «мясо» сөзінен кейінгі «ет» сөзін бөліп алып ұғын. Сонда ғана «ет» санаңа да кіреді ұғым болып, аузыңа да тиеді осы жарнаманың астындағы сауда орнына кіріп сатып алсаң сол мясо-етті.
Осындай жарнама Есік қаламыздың бірнеше жерінде ілулі тұр сауатсыздықтың белгісіндей болып, екі тілді де қорлаудың айғағындай болып.
Х. АХМЕТЖАНОВ
Развивать ребенка и готовить к школе лучше всего с самого раннего возраста. Особое внимание обратите на развитие речи ребенка. Ведь учителя в школе при оценке знаний по «устным» ориентируются прежде всего на то, как ребенок пересказывает материал, полно и без стеснения отвечает на уроке.
В норме словарный запас ребенка 6-7 лет насчитывает от 3500 слов (в 7 лет словарный запас может достигать до 7 000 слов).
Как развивать речь ребенка в 6-7 лет?
Основным источником развития речи ребенка 6 лет, как и в более младшие периоды, остается общение со взрослыми.
Разговаривайте с дошкольником как можно чаще, спрашивайте, как он провел свой день, обсуждайте прочитанные вместе книги, просмотренные мультфильмы. Темой для разговоров могут быть совместные посещения театра, цирка, выставок. Такие мероприятия не только разовьют речь, но и расширят кругозор ребенка.
Рекомендуем пересмотреть домашнюю библиотеку и дополнить книгами, соответствующими возрасту. Посетите детскую библиотеку. Конечно, они сейчас не так популярны, как во времена нашего детства, но именно атмосфера библиотеки может заинтересовать ребенка в самостоятельном чтении. К тому же сейчас во многих детских библиотеках созданы все условия, чтобы увлечь детей книгами (удобные читальные залы, новые красочные книги и даже игрушки).
Разнообразьте совместное времяпрепровождение играми на развитие речи. Особенно полезными будут упражнения на увеличение словарного запаса.
Научите ребенка пересказывать и без стеснения говорить на публике. Ораторское искусство – навык, который пригодится и сослужит верную службу на протяжении всей жизни.Освоить выступление на публике вам поможет игра «в школу».
Попросите ребенка выучить стихотворение или подготовить небольшой пересказ. И предложите поиграть: «Давай мы потренируемся. Представь, что я учительница, а папа – ученик, ты вышел рассказывать к доске стихотворение». Папа для пущей убедительности может вести себя как типичный ученик, а вы сделать голос, как у учительницы и вызвать ребенка к доске.
Р. УМАРОВА,
педагог-логопед кабинета психолого-педагогической коррекции.
Өмір иірімдері сан түрлі белестерден тұрады десек, емтихан сол асулардың бірі. Оны өмірінің соңы деп қараудың қажеті шамалы. Шағын сынақ деп қабылдап, осы уақытқа дейінгі жиған біліміңді көрсететін уақыт деп қараған жөн. ҰБТ тапсырушы түлектер мен сессия сынақтарына дайындалып жүрген шәкірттерге бізден аздаған кеңестерді ұсынамыз.
Ең бірінші әрекет – сенім. Сынақ сәтті болатынына, жоғары ұпай жинайтыныңа сену. «Менің білімім жетпейді, сұрақтар күрделі, мен мұны оқыған жоқпын, ереже жаттай алмай жатырмын, миыма ештеңе қонбай жатыр» деген сияқты негатив ойлардан арыл. Керісінше, менің білімім көп. Мен сұрақтардың жауабын білемін. Мен емтиханда ең жоғары ұпай аламын деп өз-өзіңді сендір. Көз алдыңа емтиханнан кейінгі қуанышыңды, аты-жөніңнің қасында ең жоғары ұпай тұрғанын, ата-анаң, жақындарың қуанып жатқанын елестет.
Екіншіден, сол білімнің өзіңе пайдасын іздеу. Мұны жаттаймын да, ұмытамын деп емес, бұл маған болашақта көп пайдасын тигізер ілім болады деп түсініп оқу. Ең болмағанда балаларыма үйретемін деген ниетпен оқысаң, ақпараттарды сіңіру оңай болады.
Үшіншіден, бай қиялыңызды іске қосып, ережелер мен формулаларды ойын түрінде жаттасаңыз болады Мысалы, парабола котангенспен кездессін, ал көсемшелі тіркестер бастауышқа қырындасын. Осындай қызықты оқиғалар арқылы жаттау мен түсінуге қиын соғатын ақпараттарды тезірек меңгеру үшін осы әдісті пайдалануға болады.
Төртінші, барлық әдіс-тәсілдерді пайдалан. Тек ми арқылы есте сақтауға болады десең, қателесесің. Көру, тыңдау, әңгімелесу, оқу, қайталау, қозғалыс, графиктер мен схемалар сызу, үйдегілерге мазмұндап беру, түсіндіру арқылы да біраз ақпаратты жаттауға мүмкіндік бар.
Бесіншіден, ұзын сонар мәтіндерді жаттау не есте сақтау қиынға соқса, қысқаша мазмұнын, негізгі мән-мағынасын дәптерге жазып дайындалсаң, кейін емтихан уақытында сөздік қорыңды пайдаланып, мәтініңді толтыра аласың.
Алтыншыдан, сынақ кезінде оңайынан баста. Мысалы, бір сыныпқа жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. ОЛ үшін барлық орындық, парта, шкафтарды сыртқа шығару керек. Ол үшін алдымен, жеңілінен орындықтардан бастап, ең соңында ең ауыр дүниені сыртқа шығарамыз. Сол секілді мидағы ақпараттарды да оңайынан бастап шығару керек. Барлық сұрақтарды бір қарап шығып ең оңай деген тапсырмаларды бірінші орындап таста. Одан кейін деңгейі жоғарыларға көшесің. Билет бойынша емтихандарда «Үш сөйлем» әдісін пайдалансаң болады. Әр сұрақ бойынша проблемасын, ең басты ойын және шешімін жазып алып, кейін әр сөйлемді толығырақ тарқатасың.
Жетінші, шпаргалка, көшіріп алу мүмкіндігіне көп үміт артпа. Егер көшіріп алуды жақсы білмесең, бастамай-ақ қойғаныңыз жөн. Бұған да ептілік керек екеніне келісетін шығарсың.
Сегізіншіден, демалысты ұмытпа. Әр жарты сағат сайын миыңды тынықтырып, далаға серуенде. Немесе өзің ұнатататын дәмдіні жеп көңіліңді көтер. Ұйқыңды қандыр. Спортпен шұғылданып, бойыңды сергіт. Артық, негативті ақпараттар мүлдем қараушы болма.
Тоғызыншы, ең бастысы қатты уайымға берілме. Емтиханнан нашар баға алып қалсаң, өмір бойы жолың болмайды деген сөз емес. Мүмкін, сенің басқа нәрсеге талантың бар шығар. Сол қабілетіңді шыңдап, өз мамандығыңды таба аласың. Әлемдегі дарынды жандардың барлығы емтиханнан үздік баға алған жоқ. Тіпті, кейбір данышпандардың оқудан қуылғанын тарих беттерінен оқыған боларсың. Сен ешкімге ұқсамайтын ерекше тұлғасың. Бойыңдағы қарым-қабілетіңді дамытып, өзіңді таба білсең болғаны.
Сәттілік серігің болсын!
Ондаған емтихан тапсырып, осы жай-күйді басынан өткерген
Жансая ЫСҚАҚ.
Ежегодную акцию «Здоровое питание» проводят районное управление охраны общественного здоровья и районный филиал Национального центра экспертиз (бывшая баклаборатория). Ее цель – консультативно-просветительская работа с покупателями и продавцами сельхозпродукции, а также практические проверки предлагаемых к реализации фруктов и овощей. В текущем году акция была проведена на рынках и продуктовых магазинах Есика. Сотрудники филиала Национального центра экспертиз Сабирам Машурова, Любовь Гнидченко, Жанар Чижимбетова, Меруерт Сагимова и специалист управления охраны общественного здоровья Алма Акпанова развернули полевую лабораторию, в которой каждый посетитель и торговец магазинов и рынков мог проверить фрукты и овощи на нитраты и пестициды. Это мероприятие приобретает особую значимость ввиду поступления на прилавки продукции нового урожая, завозимой из ближнего зарубежья и с юга Казахстана. После долгой зимы всем хочется «свеженького», однако всегда существует опасность, что на обеденном столе окажется химическая «бомба» от недобросовестных сельхозтоваропроизводителей. Акция «Здоровое питание» позволила покупателям проверить свою покупку сразу на месте ее приобретения, проконсультироваться, как выбирать свежие фрукты и овощи, а предпринимателям – удостовериться в добросовестности поставщиков.
И.ВИКТОРОВ.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының орта шенінде Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы өткізіліп жатқан кезең болатын. Ол кезде бір мандатты сайлау округі бойынша сайланатын еді депутаттар. Қазіргідей партиялық тізім бойынша емес. Бір депутаттық мандатқа оннан артық үміткер тіркеліп, кандидаттарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатты. Сайлау комиссиясы отырған ғимаратқа жиналған депутаттыққа кандидаттар алдында сайлауком төрағасы сайлау туралы заң баптарын, кандидаттар құқықтары мен міндеттерін тәптіштеп түсіндіріп, сұрақтарына да то-лық жауап берді. Таза орыс тілінде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еді ғой – бұған дейінгі бойымызға әбден сіңіп кеткен орыстілділіктен арылмақ түгілі сол кеңестік заманның ортақ тілінде сөйлеу де, жазу да заңды секілді болып көрінетін. Ата заңымызда мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп айшықталып жазылып қойса да.
Сонымен, сайлауком тө-рағасы қазақ, орыс, тағы басқа ұлттардан құралған кандидат-тарға соңғы рет сұрақ-тарыңыз бар ма? деп сауал қойды да, жиынды жабуға бет қойып, қағаздарын қомақты папкасына сала бастады. Кездесуге ақпарат құралының өкілі ретінде шақырылған мен жиын бойы депутаттыққа кандидат атақты таэквандо шебері Мұстафа Өзтүріктен көз алмай бақылап отыр едім. Өйткені неміс, ағылшын, қытай, жапон тілдерін еркін меңгерген, ана тілі – қазақ тілі, түрік тілі – өзі туып-өскен Түркияның мемлекеттік тілі бас-аяғы алты тілді білсе де, орыс тілінен түсінігі жоқ екенінен ақпарат көздері арқы-лы хабардар едім де, сайлауком төрағасына сұрақты мен қойдым:
– Төраға мырза, осы жерде отырған кандидаттардың жартысы қазақ, қалғаны орыс және орыс тілділер. Бірақ ортамызда орыс тілін игермеген, шетелден тарихи отаны деп келген қандасымыз отыр. Тек сол кісі үшін ғана мемлекеттік тілде қайта түсіндіріп өтсеңіз, – деген өтінішімді сайлауком төрағасы жерге тастамай қазақшалап айтып берді.
Жиырма жылдан артық мер-зім өткен бұл көрініс неге есіме түсіп отыр. Өйткені Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығын атауға таянғанда да жоғарыдағыдай келеңсіздеу көріністерден аяқ алып жүре алмаймыз. Алматы аэропортында борттың кешігуіне байланысты Көкшетау бағытындағы рейс төрт сағат кешігеді деп хабарлады радиодиктор. Орындыққа жайғасып демалуға беттеген маған шетелдік сақалды келбеті бар жолаушы қарсы жүріп тоқтатты да таза қазақ тілінде аты-жөнімді атап:
– Танымадың ба? Мен Арнольдпын ғой деп сайрай жөнелді. Сөйтсем, ол кездегі қазақ жеті жылдық мектебінде бір партада отырып, бірге өсіп, жетілген, соғыс жылдары Ресейдің Поволжьесінен көшірілген немістің ұлы Арнольд кластасс екен. Қоярда қоймай мейрамханаға алып барды: әйтеуір рейсің кешігіп жатыр. Германияға, тіпті, келмейсің – сонда қонақ қылар едім, – деп сөйлей отырып, ас мәзірі кітабын алды қолына.
– Әй, мынауыңның бәрі орысша ғой, – деп маған бір қарап даяшыны шақырды. Ол қазақтың қараторы сұлуы:
– Я вас слушаю, – деп ілтипат көрсетіп еді, Арнольд жұлып алғандай:
– Мені слушаю деме, тыңдап тұрмын де, қарындас, – деп еді, ол даяшы сасқалақтап, – Мен қазақша онша білмеймін,– деп мойындады. Орысшасы да қазақшасы да немісшесі де жетік Арнольд қазақ мектебінде оқып, қазақ ауылында өскен мені мүлде тығырыққа тықты:
– Еліңді тәуелсіздік алды деп мемлекеттік тілі қазақ тілі болды деп Еуропа газет, телевидениесінен оқып, естіп жатамыз, менюің сол орысшамен тұр, даяшың ол да сол тілде шүлдірлеп тұр, қайда қарап отырсың?! – деп ұмыта қоймаған қазақи әзілін қосып қояды.
Мен бұл өз басымнан өткен екі оқиғаны өзімді көрсете қою үшін емес, неге біз заңды талабымызды қоя білмейміз, неге бір кезде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ қабылданған мем-лекеттік тілге қатысты заң талабын өзгеден орындалуын талап ете алмаймыз. Сөзім бұдан да гөрі дәлелді болу үшін өзіміздің Есік қаласындағы бірнеше кафеге бас сұғып, әрқайсысынан ас мәзірі(меню) неге қазақ тілінде жазылмаған деген сұрағымызға жауап алуға тырыстық. «Не предусмотрено», яғни, қарастырылмаған деген қысқа жауап алдық. Енді бір кафеден қазақша сұрағанымызға «националист» деген ат алып шықтық. Ұлтшыл деген жаман атақ емес, егер өз ұлтыңа қатысты заңды талап қойып отырсаң. Жаманы «нацист», «шовинст» деген ұғымдар екенін сол кафе қызметкерлеріне ұғындыра алсамшы.
Әркім өз орнында әдеппен заң аясындағы талаптарды қойып отырса, тамшы тасты теседі дегендей тіліміздің мемлекеттік мәртебесін орнына келтіре аламыз. Орыс тілін қазақ тілінен кем білмейтін Димаш әншіміз Америкада қатысқан конкурста өз ойларын, сұрақ-жауаптарын қазақша-ағылшынша аудармашы арқылы жеткізгенін көріп, қуанып та масаттанып қалдық. Өзінің өнерін сүйіп, соңынан қалмай әр концертіне қатысуға тырысып жүрген жанкүйер фанаттарына да қазақ әндерін айтқызып қойған Димаш министрліктің тұтас бір тіл департаментінің қызметін атқарып жүр деп шартты түрде болса да айта аламыз. Бұған жас та сымбатты, басы бойдақ Димашқа ғашық аргентиналық, ресейлік, қытайлық қыздарды қоспағанның өзінде деп әзіліміз бен шындықты да қоса аламыз.
Әлеуметтік желілерден қа-зақ тілін үйреніп алып, оқып алып пайдаға асыра алмадым деп ренішін білдірген орыс азаматының өзінің ютуб каналынан сөйлеген сөзін тыңдап, қайран қалдым. «Қайда барсам да, мен қазақша сөйлей бастасам, орысша жалғастырып әкетеді, – дейді әлгі жас орыс жігіті. Осындай пікірін біздің телеарналарда сұхбат берген Ресей шоубизнесінің көр-некті өкілі – МузТВ-нің басшысы, Орынбордағы бір ауылда туып өсіп Ресейдің музыка-саз рыногының төрінен ойып тұрып орын алған Арман Дәулетьяров қандасымыз да айтып жүр: «Қазақстанға келіп қазақ сөзін естиміз бе десем, ылғи орысшалардың ортасынан бір-ақ шығып жүрмін» деп қынжылады Арман.
Мемлекеттік тілдің беделін көтеріп, қолдану аясын кеңейту мәселесі – күн тәртібіндегі маңызы зор мәселе. Кейде соны шешуге құзырлы қызметтердің құлқы жоқ па деп те қаласың. Олай дейтінім басқарып отырған газетке ауылдық округтердің көше аттарын, басқа да нысандар аттарын өзгерту, қайта атау секілді жергілікті басқару органдарының ресми құжаттарының жобасын кейіннен қабылданғаннан соң, құжаттардың өзін жариялау талабы бар. Сол құжаттарды қазақ тілімен қатар орыс тілінде де жариялауды өтінеді округтегілер. Ол не үшін деген сұраққа жоғарыдан келетін талап сондай дейді. Мен айтар едім ең бастысы сол «жоғарыдағы» мамандардың мемлекеттік тілге қауқары жетпей жатыр ма екен деген ойға қаласың. Бұлай мемлекеттік тілдің беделін төмендете берсек, кешіріңіздер, баяғы таз қалпымызға, яғни ресми тілді алға шығарып жіберер халге түсіп қалмасақ па екен деген қауіп қылтияды.
Міне сондықтан да жақын шетелдерден де, алыс Америка, Австралиядан да қазақ тілін сақтап келген қандастарымыз тарихи Отанына қонақ болып келсе де, түбегейлі көшіп келсе де, маңдайы тасқа тигендей орыс тілді ортаға түсе қалғанда қайран қалатыны түсінікті жағдай. Коммунистік жүйеден қашып құтылғандай болып, бас киімімізді аспанға лақтырып қуансақ та, сол коммунистік идеялардың іргесін қалаушы Карл Маркс: «Өмір сүріп жатқан елдің тілін аз уақытқа келген қонақ білмеуі мүмкін, нақұрыс білмеуі мүмкін, өз тілін тықпалап өткізу үшін басқыншы білмеуі мүмкін», – депті кезінде. Өзіміз тұрып жат-қан қазақ елінің тілін білмейтін қонақ пен есі ауысқан нақұрысты кінәлай алмаймыз. Қазақ жері-не басып кіргендей болған ата-бабаларын да басқыншы деп атамай переселенец-қоныс-аударушылар деп атап келген болсаң, олардың ұрпақтарын басқыншы деп атауға аузымыз да бармайды ғой. Ал өзіміздің қандастарымызды өз елінде тұрып жатса да, өз ана тілін, қазақ тілін білмейтін, білгісі келмейтін қандастарымызды жо-ғарыдағы үш топтың қайсысына жатқызамыз?!
Хайролла АХМЕТЖАНОВ
Осы аптада Түрген ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем Кубогінің иегері, бүгінгі жастардың кумиріне айналған Ардақ Назаровпен кездесу өтті. Соңғы уақытта жастар тәрбиесімен айналысып, оларға бағыт-бағдар көрсетіп жүрген чемпионмен кездесуге алыс-жақын ауылдардың жастарымен қатар, округ әкімі Бота Елеусізова, мектеп директоры Римма Ахметова қатысты.
Д.Қонаев сынды біртуар ұлдың қасиетті шаңырағына келген Ардақ Құттықожаұлы асыл азамат жайлы сөз қозғап өтті:
– Қазақтың Бауыржан Момышұлы деген батыры бар. Талай рет ажалмен бетпе-бет келсе де еш мойымай, жау қоршауын бұзып шыққан атамыз өте сыншыл адам болыпты. Бірде Бауыржан атамыз жатқан аурухана қызметкерлері шарқ ұрып, мекемені тазалап, кіре-берістен оның жатқан бөлмесіне дейін қызыл кілем төсейді. Басшылардан біреу келетінін сезген батыр кім келсе де бір сынап алайын деп ойлап жатады. Күткеніндей, жанында бірнеше адам бар Дінмұхаммед Қонаев келіп, Баукеңнің халін сұрапты. Аман-саулықтан кейін «Дінмұхаммед Ахметұлы, осы сіз қай елден боласыз?» - деген батырдың сұрағына Димекең еш мүдірместен өзі шыққан тегін айта жөнеледі. Сонда Бауыржан атамыз: «Е, түбі белгісіз рудан екенсің ғой» - деп әзілдейді. Оны сезе қойған Димекең қарқылдап күліп: «Айтқаныңыз дұрыс болды ғой, Бауке. Мен бұрын білмеппін, сұраған адамдарға тура солай айта жүрермін» - дейді. Әңгіме арасында Баукең бірінші хатшымен бірге келген бір-екі лауазымды адамды сөзбен түртіп, ренжітіп алады. Осы сәтте өзінің қағытпа әзіліне ашуланбай, әзілмен жауап берген Димаш атамызға қарап, есімі тарихта алтын әріппен жазылатынын айтып кеткен Бауыржан атамыздың айтқаны келді. Осындай мектепте білім алып отырған сендер сабақта әрдайым озат болуларың керек – деген Ардақ Назаров сөзін балалақ шақтағы естеліктерімен жалғады. Айтуынша, бала күнінен қара күш иесі болған. Өзінің туып-өскен жері Райымбек ауданында (бұрынғы Нарынқол) картоп өсіретін. Күзгі терім кезінде бір қап картопты қиналмастан жүк көлігіне лақтырып тастайтын болған. «Мектепте де «Менің атым Қожадағы» Қожа болдым» – деп еске алады. Бұзықтық жасамаса да, үнемі энергиясы тасып, бір нәрсені бүлдіріп алатын. Сол үшін талай рет ұстаздарынан ұрыс естіген. Баласының қабілетін сезген анасы Ардақты 4 сыныпта грек-рим күресіне береді.
Бала күнінен Алматыға әр барғанын санап, алып қалада тұруды армандаған бала Ардақ 8 сыныпта арманына жетеді. Алматыға келіп, колледжге оқуға түседі.
– Біз отбасымызда 6 ағайындымыз. 1 қыз 5 ұл. Ең үлкені мен болғандықтан оқуымды жалғастырып, жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік болмады. Артымнан ерген бауырларымды оқыту басты мақсатым болды. Күндіз-түні қара жұмыс істедім, вокзалда жүк тасыдым, цемент түсірдім. Арасында жаттығуымды да ұмытқан жоқпын. Күнде ұйықтар алдында «Немен айналысамын? Не істеймін? Қалай ақша табамын?» деп ойлап жатамын. Ол кез көше мен базарларды әлімжеттік жайлаған, «рекеттердің» заманы еді. Алайда, әке-шешем берген тәрбие, олардың артқан үміті мені жаман жолдан аулақ ұстады. Талай қазақтың мықты жігіттері сол жолға түсіп, арам ақшаның соңынан кетті. Осылайша, Асхат деген досымның ықпалымен 1999 жылдың мамыр айында спортқа бет бұрып, күнімнің жартысын жаттығуға арнадым. 2002 жылы джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы атандым. Осы уақыттан бастап өмірімді толықтай спортқа арнап, жекпе-жекпен (ММА) айналыстым. Кейіннен, Еуропа, Азия, Еуразия чемпионы болдым. Сонда бапкерім «Сен әлем чемпионы боласың» – дегенде алдыма үлкен мақсат қойдым. Үздіксіз жаттығу мен төккен тердің арқасында ең алғаш 2005 жылы, 25 жасымда әлем чемпионы атандым – деген Ардақ Құттықожаұлы жиылған жастарға кез-келген істі бастағанда алға мақсат қою керектігін айтты. Және сол мақсатқа жету жолында мойымай, үздіксіз еңбек етутиіс.
Өзінің өмір жолынан сыр шерткен чемпион адамгершілік жайында да сөз қозғады. Жастарды білімді болуға, спортпен айналысуға шақырды. Айтуынша, адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да адамгершіліктен аттамауы керек. Күшің тасып, әлсіздерге әлімжеттік көрсеткенше, рингке шығып, еліңнің атын шығар. Күніңді босқа өткізбей, бос уақытыңды білімге, спортқа арна. Ең бастысы, саған жарық дүние сыйлап, тәрбие берген, осы күнге жеткізіп, бар жақсыны алдыңа тосқан ата-ананы әрдайым құрметтеу керек. Олардың әр айтқан сөзін мүлтіксіз орындап, қадірлеу – әр баланың міндеті, парызы. Осыны айтқан Ардақ Назаров жиылған жастарға бүгіннен бастап түзелуді, өтірік айтпай, ұрлық жасамай, адал жүруді тапсырды.
– Көзі тірісінде жүрегі қазақ деп соққан алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» – деген екен. Осы сөз менің де өмірлік ұстанымыма айналды – деген чемпион әр қазақтың кеудесінде осы сөз жаңғырып тұру керектігін айтты.
Жиын соңында Бота Елеусізова жастардың сұрауын жерге қалдырмай, кездесуге келген Ардақ Назаровақа, шараны ұйымдастырған Жанас Құттыбиовқа алғысын жеткізді.
Сардарбек НҰРАДИН.
Жақында Алматы облысының өңірлік даму орталығының ұйымдастыруымен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында инвестициялық форум өтті. Жиынға облыстық өңірлік даму орталығының маманы Алишер Акашов, «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы филиалының өкілі Қанат Омаров, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали, ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Мәншүк Ташкенбай, жұмыспен қамту орталығының директоры Берік Иманбаев қатысып, кәсіпкерлер мен кәсібін жаңа бастаған азаматтарға ауданның инвестициялық мүмкіндіктерін айтып, түрлі кеңестер берді.
Алғашқы болып сөз алған Алишер Акашов Алматы облысының өңірлік даму орталығы кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсететіндігі жөнінде мағлұматтар берді. Аталған мекеме кәсіпкерлікті тікелей қаржыландырмайды, алайда, субсидия мен несиелеу, тегін гранттарды жеңіп алуға қол ұшын береді.
– Өздеріңіз білесіздер бүгінде елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға барлық бағыттар бойынша жағдай жасалған. Егер сіз кәсіпкерлікпен айналысып, ауылдан шалғай орналасқан өндіріс орныңызға су, электр немесе газ құбыры тартылмаса, бұл олқылықтың орнын толтыруға мемлекет көмектеседі. Ол үшін құжаттарыңызды түгендеп, жобалық-сметалық құжаттарды өз қаржыңызға жасатасыз. Қалғанын мемлекет тиесілі мекеме арқылы құбыр немесе электр желісін тартып береді. Сонымен қатар, өзіңіздің мекемеңізге шетелден жаңа қондырғылар алып, оны үйрету үшін шетелдік мамандар шақырсаңыз, оқу қаржысының 40 пайызына дейін мемлекет төлеп береді. Оған қоса, жаңа қондырғылар сатып алуға мемлекет субсидия бөледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының белгілі бөлігін де мемлекет қаржыландырады – деген Алишер Серікұлы күзге қарай қайтарымсыз грант бойын-ша конкурс өтетіндігін хабарлады. Оған бизнес оқуын бітіргендігі жөніндегі сертификаты бар кез-келген азамат қатыса алады. Қатысушы инновациялық жоба ұсынып, өзінің бизнес жос-парын қорғауы тиіс. Жеңімпазға мемлекет тарапынан 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беріледі.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша субсидияны қалай алу керектігін түсіндірген Мәншүк Ташкенбай қазір барлығы электронды фоматқа ауысқандығын хабарлады. Электронды кілт арқылы «МинАгро» порталына кіріп, кез-келген қызметтің түрін алуға болады. Қанат Омаров та ауданымыз мал өсіруге тиімді аймақ екендігін жеткізіп, мал өнімдері субсидияланатындығын айтты.
Жиылған азаматтар толғандырған мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Әсіресе, мал сатып алу жөнінде түсінбеушіліктер туындауда. Айтуынша, малды тек тіркелген жеке кәсіпкерден алуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, мемлекет субсидия бөлмейді. Бұл сауалға Қанат Омаров нақты жауап берді:
– Малды кез-келген жерден және адамнан сатып алуға болады. Тек құжаттары бар екендігіне көз жеткізу керек. Сатушыдан қолхат алып, малдарды өзіңізге тіркейсіз. Мұнда ешқандай проблема жоқ – деді. Жиын барысында басқа да сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
С.НҰРАДИН