Бейсенбі, 15 Қараша 2018 19:17

«Қазақтелеком» АҚ: Бар жақсылық – тұтынушыларға

«Қазақтелеком» АҚ:  Бар жақсылық – тұтынушыларға enkaz.kz

     Кез-келген салада тұтынушыларға қолайлы жағдай жасап, оларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру – жауапкершілік пен іскерліктің көрінісі болып табылады. Осындай игі істі қолға алған «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Раздықов Шерхан Пертайұлының бастамасымен, Шелек бөлімшесінің абоненттерге қызмет көрсету және оларды қабылдау бөлмесі бірінші қабатқа ауыстырылып, күрделі жөндеуден өтті. Өткен аптаның аяғында аталмыш бөлімшенің салтанатты ашылуы болды.

   Қуанышты шараға «Алматытелеком» өңірлік сату орталығының басшысы Жақсылық Әшен, аудандық желілік техникалық цех басшысы Жандос Саденов, Шелек округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасов, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар, зейнеткерлер қатысты. Қонақтар  мен ақсақалдар абоненттік бөлімнің салтанатты лентасын қиып, ақ жаулықты әжелер шашуларын шашты. Игі іске  ақ дастархан басында ақ тілегін жеткізіп, баталарын берді. 

– Тұтынушылардың ұсыныстарымен талап-тілегі ешқашан ескерілмей қалмайды. Соның нәтижесін бүгін көріп отырсыздар. Сіздер өтініш жасадыңыздар – біз абонент бөлмесін бірінші қабатқа ауыстырып, жөндеуден өткіздік – деген Жақсылық Әшен әрдайым қолдау көрсетіп отырған жергілікті әкімдікке алғысын жеткізді. 

– Бүгінде  заман талабына сай біздің өмірімізде телефон мен интернет желісі жоғары маңызға ие. Ал сол қызметті бізге сапалы  қызмет көрсетіп отырған «Қазақтелеком» акцинерлік қоғамына алғысымыз шексіз – деп  тұтушылардың бірі қызметтеріне ризашылықтарын білдірсе, енді бірі абоненттік бөлімнің ашылуына қуанышты. 

– Жасыратыны жоқ, біз секілді қарттар үшін ай сайын екінші қабатқа көтеріліп-түсу оңайға соқпайтын. Мүмкіндігі шек-теулі азаматтарға мүлдем қиын еді. Бүгін, міне, біз секілді зейнеткерлер мен қарттарға жағдай жасалғанына  қуанып жатырмыз – деген ауыл ақсақалы батасын берді.  Осыған дейін ғимараттың екінші қабатындағы дәліздің шетінде орналасқан абоненттік бөлімге көтерілу егде жастағы тұтынушыларға оңай болған жоқ. Абоненттер ол жерде төлемдерді іске асырып, түрлі қызметтер алатын. Қазір мұның барлығы бірінші қабаттағы орналасқан, жарық әрі жылы, заман талабына сай жабдықталған бөлмеде іске асырылады.

    Аудандық сату учаскесінің басшысы Светлана Алтайбаеваның сөзіне сүйенсек, бүгінде ауданымызда «Қазақ-телекомның» 27 мың 800 абоненті бар. Оларға 125 адам қызмет көрсетеді. Оның 17 мыңға жуығы интернет пайдаланушылары. Аталған мекеме кең жолақты интернетпен қатар, телефон және интерактивті телевизия қызметтерін ұсынады. Бір ғана Шелек ауылының өзінде 4550 абонентке қызмет көрсетіледі. 

    Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ға қарасты «Алматытелеком» ӨТД абоненттер арасында ұтыс ұйымдастыруды да дәстүрге айналдырған. Биыл да мекеменің қызметіне қосылушылар арасында облыс көлемінде 20 смартфон ойнатылуда. Нәтижесі жақын арада белгілі болады.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 2023 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 11, 2025

Химиядан халықаралық олимпиадалардың…

«Мақсатым – оқуымды жалғастырып, жаңа биіктерді еңсеру және ел дамуына үлес қосу» ***…
Там 11, 2025

Былтыр шахматтан үш дүркін әлем…

Былтыр шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбектің арманы орындалып, Мемлекет…
Там 11, 2025

Биология пәнінен халықаралық…

«Байқауымша, Қазақстан ғана оқушыларға осылай қолдау көрсетеді» ** Бронзовый призер…
Там 11, 2025

Мемлекет басшысы салтанатты түрде…

Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген…
Там 11, 2025

Касым-Жомарт Токаев отметил, что…

– В регионах страны открываются школы нового формата «Келешек мектептері». Придается…
Там 11, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән…

?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен…
Там 11, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән…

?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен…
Там 11, 2025

Алматы облысында мобильдік…

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы негізінде білікті мамандар, Алматы…
Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет