Предлагаемая реформа уголовного процесса и правоохранительной деятельности являются новым этапом проводимой политики по обеспечению верховенства права. Большая работа в этом направлении проведена в рамках практического исполнения Плана Нации, инициированного Главой государства.
В целом реформа ориентирована на реализацию задач по укреплению защиты прав человека в уголовном процессе, повышению состязательности сторон, расширению судебного контроля, а также исключению дублирования и чёткому распределению полномочий между органами расследования, прокуратурой и судом.
В частности, предлагается сократить категории преступлений, по которым применяется мера пресечения в виде ареста. Это в первую очередь касается экономических преступлений, за исключением тех, которые совершены преступными группами.
Также предполагается сократить срок доставления задержанного в суд для избрания меры пресечения, исключить практику сбора доказательств, выходящих за рамки расследуемого уголовного дела.
Важной является новелла о наделении адвокатов более широкими правами по сбору доказательств, что позволит усилить состязательность уголовного процесса на досудебной стадии.
Все эти и другие инициативы вошли в проект Закона, основные направления которого, в целом, одобрены Главой государства. Законопроект сейчас находится на стадии активной разработки.
Аида ЖУНУСБЕКОВА,
заместитель руководителя Штаба (управления) Департамента Национального бюро по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
по Алматинской области
квалификационный класс первой
категории.
Армандар орындалады! 14 қарашада аудан орталығында алғаш көгілдір отын жанғанда есіктіктер дәл осылай қуанды. Себебі, Тәуелсіздік алған жылдардан бері бізде газ болса деген арман тұрғындар көкейінде тұрса, бұл осыдан 2 жыл алды аудан атқамінерлерінің нақты мақсатына айналған еді. Былтырғы жаңа жыл қарсаңындағы аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың газетімізге берген сұхбатында «...Аудан аумағының 152 шақырымын қамтитын «Қазақстан-Қытай» газ құбырының 3 желісінің де құрылысы аяқталуға жақын. Оған тартылған инвестиция көлемі 2013 жылы 26 млрд теңгені құраса, жалпы көлемі 58 млрд теңге. Биылдан ірі 34 елді-мекенге газ құбырларын тарту жұмысы жоспарлануда» деген еді. Міне, бір жыл ішінде жемісін көзімізбен көрдік. Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, аудан басшысы Бинәлі Ысқақ бастаған топ Есіктің солтүстік-шығыс өңірінде орналасқан газ тарату стансасын салтанатты жағдайда ашты.
2016 жылы құрылысы басталған станса биылғы наурыз айында аяқталған еді. Бұған «АПЛ Констракшн» ЖШС өз қаражатынан 4,2 млрд теңге жұмсады. Мәлімет бойынша, қуаттылығы сағатына 50 мың текше метр болатын «Есік» автоматтандырылған газ тарату стансасы 10 мыңнан астам тұрғын үй мен 300-ден астам түрлі кәсіпорындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қауқарлы. Болашақта Есік қаласы мен ауылдық округтердің 51 елді-мекені осы құбырдан газ алатын болады.
Алғаш сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов: «Бүгін біз тарихи сәтке куә боп отырмыз. Еңбекшіқазақ ауданына алғаш газ жағу құрметі Сіз бен бізге бұйырып тұр» дей келе игі шара Елбасымыздың Жолдауында айтылған «Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің маңызын сақтауға тиіс» деген тапсырмасы аясында атқарылып жатқанын айрықша атады
Әрі облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей бақылауындағы негізгі тапсырма деді. Ал Жетісу өндірістік филиалы «КазТрансГаз» «Аймақ» директоры Жайық Әлішев қала тұрғындарын қуанышпен құттықтады, табиғи газдың басымдықтарын баса айтты. «АПЛ Констракшн» компаниясының директоры Марсель Кажи: «Соңғы он ай ішінде Еңбекшіқазақ ауданы аумағында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. 39 шақырым жерден газ тартылып, осы жыл соңына дейін Есіктегі 1000-ға жуық үйге газ кіргізу жоспарда бар, – деді. Иә, компания басшысы атап өткендей, «Күш – Түрген – Есік» магистралінен тартылған газ құбырлары арқылы үйімізге қыста газ келеді деп қуанышын жеткізді қала тұрғыны Савелий Карасавиди. Сондай-ақ, әр үйге құбыр тартуда баға тұрақтылығын қатаң бақылауда ұстап тұрса екен деген тұрғындар тілегін жеткізді басшыларға. Қазіргі қолда бар ресми мәліметке сүйенсек, әр жеке түтінге газ кіргізу 350 мың теңгені құраса, көппәтерлі үй иелеріне 94 мың 700 теңгеге саяды. Ал ай сайынғы ақшасы әр текше метріне 33,95 теңгеден айналады.
Сонымен салтанатты рәсімге де кезек келді. Басшылар мен ақсақалдар бірігіп көгілдір отынның алауын жақты. Кейіннен Пушкин көшесі 29 үйдің табиғи газбен жылуын барлады көпшілік.
Қазіргі уақытта аудан орталығынан бөлек Шелек өңірін газдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Әрі Азат, Қайназар ауылдарына да газ құбырлары тартылып келеді. Болжам бойынша жақын арада аудандағы 2000-ға жуық үйде көгілдір отын жанады деп күтілуде. Бұл тұрғыда аудан басшысының «Бұйыртса 3-4 жылда іргелі өңіріміздің тұрғындары толықтай көгілдір отын қызығын көретін болады» деген сөзін тұздық еткенді жөн көрдік. Лайым, бастаған істің берекесін берсін деп тілейік.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп текке айтпаса керек. Білім – ұрпақ тағдыры, ал сол ұрпақ тағдыры – ұстаз қолында. Мектеп ұстаздары – оқушы мен үлкен өмірді байланыстыратын алтын көпір.Сондықтан болар әр ұстаз өз еңбегінің жемісін көру үшін бар ғұмырын шәкіртіне арнап, жаңа заман талабына сай білім беруде ізденіс үстінде жүріп аянбай еңбек етеді. Осы орайда, шәкірт жүрегіне жол тауып өзінің біліктілігімен танылған ұстаз жайлы сыр шерткенді жөн көрдім.
Еркінбеков Темірлан Сүгірәліұлы 1954 жылы 11 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы, Тасашы ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін бітіріп, өзінің еңбек жолын Шелек ауданындағы «Таусүгір» орта мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметінен бастады. Осы жылдар ішінде ол еңбекқорлығының арқасында өзін жан-жақты көрсете білді. Соның нәтижесінде 1985 жылы Жамбыл атындағы орта мектепке директор болып келді. Осы жылдар ішінде өзін білікті басшы, өнегелі ұстаз ретінде танытып, үлкенге іні, кішіге аға бола білді.
Шәкірттеріне шабыт сыйлап, өз өмірін білім беру саласына арнаған, отыз жыл бір білім ордасын басқарған білікті ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Темірлан Сүгірәліұлының есімін құрметпен атауға лайық. Өзінің қырық жылға жуық ғұмырын білім беру саласына арнаған ұстаздың есімі көпке танымал.
«Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» – дегендей, жас ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып, өзі еңбек еткен білім ордасынан мыңдаған шәкірттерін қанатын қатайтып ұшырған ұстаз. Шәкірттерге өз елінің тарихын танытып қана қоймай, оны сүйіп, қорғауға баулуда оның өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Сондықтан болар, мектеп бітірушілер де ҰБТ-да тарих пәнін көптеп таңдады.
Бүгінде ол еңбек еткен білім ордасынан ұшып шыққан шәкірттер өмірдің әр саласында түрлі қызметтер атқарып, өз еңбектерімен елге танылып жүр. Атап айтар болсақ, Назгүл Ақжолова медицина саласында қызмет атқарып, аспирантураны қорғап ғылымға ден қойған. Назым Байғожаева, Арай Қуатбекова шетелдерде білімдерін жетілдіруде. Ал Мақсат Ыдырыс ұстаз жолын қуып, мектепте басшы қызметін атқарып жүрсе, Сәбит Бектеген, Аян Ыдырыс, Жұлдыз Белғожаева, Жәнібек Құдабеков сынды шәкірттері өз ауылының гүлденуіне үлестерін қосуда.
Темірлан Сүгірәліұлы бүгінде жары Гүлзейнеп екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген ардақты әке. Ұлын ұяға қондырып, қызын қияға ұшырып немере қуанышын көріп отырған қадірлі ата. Халқымызда «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген дана сөз бар. Темірлан мен Гүлзейнептің ұл-қыздары да ата-ана жолын қуған ұстаздар. Өзінің осындай ерен еңбегімен танылған ұстаз бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті еңбек демалысына шығып отыр. ардагер ұстазға алда немере мен шөбере қызығына бөленіп зейнетіңіздің жемісін жеңіз дегіміз келеді.
Күлзия ТЕМІРБЕКОВА,
Жамбыл атындағы орта
мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Әрбір қазақстандықтың төріндегі «Көк сандықтың» сәуле шашқанына жарты ғасырдан асты. Осы уақыт аралығында ол түрлі техникалық, шығармашылық өзгерістерге ұшырап, күн санап дамып отырды. Алғашқы кездері 100-150 киллограм болатын теледидарлар бүгінде жеңіл әрі қарапайым техникаға айналды. Ал оның ішінде көрсетілетін бағдарламалар, сериалдар мен кинолардың тәрбиелік мәні, маңызы өзгерді ме? Мақаламызда осы тақырыпты саралап, сараптайтын боламыз.
Елімізде алғаш рет 1958 жылы 1 қаңтар күні Өскемен қаласында көгілдір экранға жан бітсе, ал ресми күн, яғни, қазақ жеріндегі алғашқы телестудия тұңғыш хабарын 1958 жылы 8 наурызда іске қосты. Сол күні камералар мен техникалық телеорталық Алматы қаласында шымылдығын ашты. Алғашқы кезеңде қазақ телевизиясы негізінен ақпарат таратушы, бұрыннан бар кино, театр туындыларын қалың көпшілікке жеткізетін техникалық мүмкіндікті ғана пайдаланса, кейіннен, телевизияның ерекшелігіне сай өз туындылары да көріне бастады. Жедел түсірілген жаңалықтар, жылжымалы телестанциялар арқылы оқиғаның ортасынан жүргізілген репортаждар, студияның ішінде қойылған түрлі жанрдағы телетуындылар көрерменге жол тарта бастады. Осылайша, балаларға, жастарға арналған танымдық хабарлар, оқулық бағдарламалар дүниеге келді. 70-80 жылдардағы шығармашылық топтың ең-бектенуінің нәтижесінде ауыл-шаруашылығы, медицина саласындағы қызметкерлер сынды түрлі сала мамандарының мәселесін қозғап, жетістіктерін бөлісетін авторлық бағдарла-малар шыға бастады. Айталық, «Телевизиялық кафе», «Пай-пай жиырма бес», «...Автограф береді», «Мыңдар жарысының маршрутымен», «Сырласу», «Жолдас» хабарларын қазақ елі қызығушылықпен қарап, бағдарламалардан өзіне керекті ақпараттарды алып жүрді. Сонымен қатар, бірнеше сериалық деректі фильмдер мен отандық фильмдерді түсіру қолға алынып, өз жемісін берді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да көпсериалы фильмдерді түсіру де күн тәртібінен түскен емес. Нәтижесінде «Қара шегіртке» (Саранча), «Тоғысқан тағдырлар» (Перекресток) сынды отандық өнімдер көпшіліктің көзайымы болды. Осы замандағы телетуындылардың қай-қайсысын қарасаң да қазақылықтың исі аңқып тұрады, тәрбиелік мәні де зор.
Бүгінгі таңдағы қазақ телевизиясына келер болсақ, техникалық жағынан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, даму үстінде. Алайда, көгілдір экранның арғы жағындағы көріністер біздің тәрбиемізге кері әсерін тигізуде. Бұл пайдалы, көруге тұрарлық арналар мен бағдарламалар жоқ деген сөз емес, әрине. Қазіргі уақыттағы балалардың айнымас серігіне айналған «Балапан» телеарнасы бүлдіршіндерді тәрбиелеуде таптырмас құрал болып отыр. Көптеген танымдық бағдарламалар арқылы балаларымыз үш тілді оңай меңгеруде. Бірақ, барлық арналардың күйі «Балапандікіндей» болмай тұр.
Елімізде енді ғана танылып келе жатқан Жания Қалиева есімді жас актрисаға еліктейтін 6 жасар қарындасым бір күні: «Аға, мен Жания сияқты болғым келмейді. Ол кеше Бақытпен сүйісті ғой» – деді. Қарындасымның бұл сөздерінен ештеңе түсінбеген мен мән-жайды анықтап сұрадым. Сөйтсем, «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетіліп жатқан «Айжан» телехиякасында Айшаның рөлін сомдайтын Жания Қалиева Бақыт есімді кейіпкермен сүйісіпті. Ерінбей, аталған телехикаяның сол бөлімін тауып алып, қарап шықсам, расында да әдепсіз көріністер бар екен. Бұл – бір бөлімінде көргенім, бүтін сериалдың тәрбиелік мәні қандай екенін осыдан пайымдай беріңіз. «Еліміздің бетке ұстар жалғыз ұлттық арнасы бейәдеп телехикаяларды көрсетіп жатқанда, басқа арналар не істемейді?» – деген ойға қалдым. Байқасақ, бүгінде телеарналардың арнайы тапсырысымен түсіріліп жатқан сериалдардың барлығында дерлік осындай ұятсыз көріністер бар. Мамандардың айтуынша, аудиторияның сұранысы, заманның талабы сол әрі батыс-тан келген «жақсылық». Кәріс, филипин, үндіс пен түріктің сериалдары экранымызды жаулады, балаларымыздың бойына өзінің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сіңірді деп жар салдық. Қарап тұрсақ, отандық режиссерларға осы мемлекеттерден үлгі алған жөн секілді. Бірнеше жылға созылған телехикаяларында бірде-бір анайы әрекеттерін көрсетпейді. Батыс дейміз, басқа дейміз, әр елдің озық тәжірибесін пайдаланған дұрыс. Алайда, қазақ халқының әдебін, болмысын да естен шығармаған жөн.
Сонымен қатар, телеарналарымызда «жарымжан» әншілер мен сазгерлер, актерлер өздерінің «проектісін» ашып, журналист болып шыға келеді. Олар кәсіби журналист болмағандықтан, сөздерді қолдану аясын білмейді, орысша сөздердің қазақша баламасын дұрыс айтпайды. Қазақ тілінің зарын айтып жүрген уақытта бұл да ана тіліміздің шұбарлануына әкеп соғады.
Қазақ телевизиясындағы мәселелерді қозғай отырып, тәрбие құралы саналатын – радионы ұмыт қалдырғанымыз әсте болмас. Қазақ радиосының тарихы тереңде жатыр. Сонау Кеңес үкіметінен бері ұлттық радио өзінің бағытынан тайған емес. Сол кездің өзінде эфирге қазақша бағдарламалар шығарып, ана тіліміздің дамуына өз үлесін қосқан. Айтпағым, 300 мыңнан астам тұрғыны бар ауданымызда соңғы бірер жылда радиомыз қайта жанданып, «Радио-Иссык» деген атпен еңбекшіқазақтықтарды қуантқан еді. Алайда, қазақтілді тыңдармандардың қуанышы ұзаққа созылмады. Үнемі ресми тілде болып жататын жарнамалар мен ән-шашулар. Оның өзінде, құлаққа түрпідей тиетін, ойына не келсе соны айтып жататын «рэп» әндер. Ішінде анайы сөздері бар орыстың «шансондары». Түн жарымында қойылатын әндер мүлдем іріктелмейді десе де болады. Бүгінде бұның барлығынан құлағымыз тыныш. Себебі, белгісіз себептермен аудандық «Иссык» радиосы өз жұмысын тоқтатты. Алдағы уақытта радиомыз қайта жанданады деген бейресми ақпар бар. Кеңес үкіметі тұсында радиодан жіберілетін бағдарламалар мен әндер көркемдік кеңестің алдынан өтіп, рұқсатынсыз эфирге жіберілмейтін. Сонымен қатар, екінің бірі диктор бола алмайтын. Бірнеше жылдық тәжірибесі бар, даусы жағымды әрі дикциясы мықты адамдар ғана диктор деген атаққа лайық болатын. Құдай қолдап, радиомыз қайта жанданса, құзырлы мекеме тарапынан осы мәселелерді қадағалайтын бір маман бекітілсе құба-құб болар еді.
«Халықты басқарудың ең оңай жолы – қолына нан беріп, сосын әртүрлі көрсетілімдер қойып отыру» – деген екен ежелгі Рим билеушілері. Рас, бүгінгі жас ұрпаққа теледидар мен радио арқылы қалай тәрбиелесек, еліміздің келешегі де сондай болмақ. Ел боламын десек, экранымызды түзейік. Сондықтан, көк сандықтан көріп, біліп отырған дүниемізді сараптап, саралайық, құрметті оқырман.
Сардарбек НҰРАДИН.
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, алаш ардақтылары мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен қазақ руханиятының күретамыры, төл мәдениетіміздің мәуелі бәйтеректері Жамбыл мен жерлесіміз Тұманбай ескерткіштерінің салтанатты ашылуы өтеді деп күтілуде. «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп елдікке шақырған Жамбыл ескерткіші жастар саябағының кіре-берісіне, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай ақынның ескерткіші аудандық мәдениет үйінің алаңына орналасты.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Жамбыл бюстінің тұрғызылуына Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жангелді Осан 4,5 млн теңге қаражат бөлсе, аудандық мәслихат депутаты Сейітхан Қырқынбаев ескерткіштің тұғырын тұрғызып берген.
Ал Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халқы Тұмаш деп төбесіне көтерген жерлесіміздің бюстінің бой көтеруіне облыс әкімі Амандық Баталов тікелей қолдау білдірген. 24 млн теңгеге бюстін көтеріп қана қоймай, мәдениет үйінің алаңын абаттандыруға 76 млн теңге жұмсалған. Болашақта аудандық мәдениет үйіне Тұманбай Молдағалиевтың есімін беру жоспарда.
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт
Өсиет
Ой-хой, дүние серуен!
Адам бір көшкен керуен.
Дүниені қызық қалдырып,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз - шықса жоқ,
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қылышбайдан таралып,
Сөз нұқсасы келінген.
Дос-жаранға, кемтарға
Қайырлы бол делінген!
Қылған қайыр болмаса,
Не әкетесің өмірден?!
Дәулетіңнен не пайда
Таусылмастай көрінген?!
Жалғыз мұраң сол болар –
Қол қайырың берілген.
Басқа дүние бірі де
Көмілмейді кебінмен.
Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға,
Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға.
Жақсының әрқашанда жөні бөлек,
Жаман адам жарамас бір қымтарға.
Жамбыл ақын толғаса
Асқар тау ғаріп емес пе,
Айдынды көлі болмаса.
Ер жігіт ғаріп емес пе,
Белгілі елі болмаса,
Ел де ғаріп емес пе,
Белгілі жерге қонбаса.
Ағаш ғаріп емес пе,
Мәуесі өсіп тұрмаса.
Су да ғаріп емес пе,
Арнасы тасып толмаса.
Әйел ғаріп емес пе,
Ерден бағы жанбаса.
Жаз да ғаріп емес пе,
Кұрғақшылық торласа.
Ұста ғаріп емес пе,
Темірдін суын таппаса.
Ақын ғаріп емес пе,
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе,
Әділеттен аттаса!
Халық ғаріп емес пе,
Айтқаны іске аспаса.
Жігіт ғаріп емес пе,
Еңбегі алға баспаса.
Арғымақ ғаріп емес пе,
Арам тер болып ақсаса.
Малшы ғаріп емес пе,
Малын жөндеп бақпаса.
Бақсы ғаріп емес пе,
Өтірік айтып ақтаса.
Көл де ғаріп емес пе,
Қаз-үйрек келіп қонбаса.
Шебер ғаріп емес пе,
Ағашты дұрыс жонбаса.
Заманның сыры емес пе,
Заманға қайғы жемес пе,
Домбырасын қолға алып,
Жамбыл ақын толғаса!
Жаратылыс сыры
Жігіттіктің кезінде
Жігерлі болса, ер болар.
Тұрмаса жігіт сөзінде,
Нәсілі оның кем болар.
Қажырлы болса майданда,
Халыққа сөзі ем болар.
Ел үшін туған ерлердің
Алды-арты дария - кең болар.
Бірлігі кетсе ағайын,
Әркімдерге жем болар.
Білімсіз болса жолдасың,
Кылған қайырың сел болар.
Артықша туған азамат
Халыққа үлкен бел болар.
Серт адамды байлайды,
Ер жігіт серттен таймайды.
Өршеленген кезеңде
Өлімді кім ойлайды.
Жігері болса жігітің,
Орындамай қоймайды.
Атқан оқтан қайтпайтын,
Өтірік сөз айтпайтын,
Кезеңді жерде кез болса,
Қорқып тізгін тартпайтын
Батыр Қараш, Саурық,
Шапырашты, Өтеген,
Батырлардың еңбегі,
Таныс маған ертеден.
Ағайын-туған есен бол
Ел едің құт дарыған Есім - Малай,
Қыдырып қызығыңды көрдім талай.
Арқаңда үрлеп ішіп, шайқап төктім,
Қайтқалы бет түзедім елге қарай.
Кең біткен етек-жеңі ағайын ең,
Беріпті саған дәулет соған жарай.
Балаңа бесіктегі белгілі ғой,
Санатқа ілінбеген Қожан қалай?
Барармын баян қылып бәрін төске,
Пейілің, берекеңмен болар есте.
Адамның алыс жүрсе аңсары ауып,
Көруге құмартары сол емес пе?!
«Жан екен жағын сауған алармаңда»,
Артымнан мен кеткен соң солай деспе.
Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім,
Жөнім жоқ сені мақтап сөйлемеске.
Ағайын-туған, есен бол,
Алшайып атқа мінейін.
Енді айналып келгенше,
Аңсай-аңсай жүрейін.
Шүйгініңе сонылап,
Шынарыңа түнедім.
Қош, аман бол, құрметті ел,
Қадіріңді білейін!
Менің өмірім
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен
туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,
Сары аяз көш-жөнекей боран күні
Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,
Жұтынып суық ауа, шыққан үні.
Мен емес, суық дәмді ел де алыпты,
Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.
Қара күн хан билеген, қаңды жорық
Дегендей ел аузында сөз қалыпты.
Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім.
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім.
Бой бермес ел өмірі асау шері,
Тұрса да құрсауланып тоқсан жері.
Бірде от, бірде суды көктей кешіп,
Талпынып, тілегіне басты ілгері.
Өмірмен араласқан өсті Жамбыл,
Ел басқан отты, суды кешті Жамбыл.
Құлыннан құнанда өрлеп,
дөненде өрлеп,
Шыққандай бола қалды бесті Жамбыл.
Он жаста ойнап жүрдім бала болып,
Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып.
Райыттап тана мініп, қозы бақтым,
Еңбекті иемденгенде шама келіп.
Қойшымен кеңес құрдым қыр басында,
Өлеңмен ермек болдым жолдасыма.
Сол еңбек-қалытқыдай кетті алып,
Байлардың жақындатпай мырзасына.
Өлеңді өркендеттім, өршіп өстім,
Көргенде жақсы жырды құстай ұштым.
«Жас ақын», «Жап-жақсы ақын»,
«Жамбыл ақын»
Дегенде, дара болып көзге түстім.
Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,
Тең басқан төрт аяғын болдым жорға.
Он алты желі ұзатты, өрістетті,
Түскендей бұлтартпайтын
даңғыл жолға.
Топ десе, он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалтылдадым.
Еріксіз он сегіз жас мінгізді атқа,
Бір Жамбыл бөлінгендей екі жаққа.
Бір жағы – қайнап өскен қалың елім,
Бір жағы – атқа мінген бай мен датқа.
Жауларды ел қарғаған жамандадым,
Манапқа жақсы сөзді таба алмадым.
Аз сөзім бай, манапқа арналғанда,
Жалтақтап, ел не дер деп, алаңдадым.
Келгенде жеме-жемге, елде қалдым,
Шалшыққа шатылмадым,
көлде қалдым.
Шалқардың шалқып жүзген мен аққуы,
Келмеді сасық, шалшық жерде қалғым.
Ленинградтық өренім
Отыздың екеуі жоқ. Ауылдың аузы дуалы ақсақалының сүйікті алғашқы немересі – бірі, екіншісі одан сүйіктілігі кем емес ауылшаруашылық бөлімше басқармасының ерке кенжесі.
Ленинградтың (бүгінгі Санкт-Петербург) үлкен бір көшесінің жаяу-лар жолына тротуарға отыз баланы жылқының үйірінше иіріп қойып қайыра – қайыра санаймын – 28. Екі ұл жоқ. Ерік пен Берік жоқ. Көмекшім-пионер вожатыйы Галинаға зіркіл-деймін. Ол байғұста: «Не знаю где отстали Ерик с Бериком» дегеннен басқа сөз жоқ.
Теміржол вокзалынан түсе балаларға ескерттім: ешнәрсеге алаңдамай бізге – Батыр қала Ленинградқа келе жатқан экскурсияға даярлап қойған мектеп-интернаттың жатақханасы бар. Сонда орналасып алғанша біріңнен бірің ажырас-пай қол ұстасып қана жүріңдер – дедім ауылда еркін өсіп, еркін жүрген ерке-тотайы бар, тәртіпті тұйығы бар, орыс, қазағы бар сол отыз балаға, үлкен қалаға пойызбен тақала бергенде.
Дағдарып тұрмыз. Көзіммен көшені барлап екі тентекті іздеймін. Енді бірде милиция ойыма түсіп телефон автоматты тапқанша болған жоқ: «Ой, мои дорогие, что случилось? Почему стоите на улице? Откуда приехали? деп екеуі кем менің отыз туристеріме сұрақты жаудырып жатыр отыз бес қырықтар шамасындағы орыс әйелі. Сескеніп қалдым: бөтен қаланың ортасында бейтаныс әйелдің менің балаларымда не жұмысы бар деп. «Что вы хотели, женщина?» – деп аузымды ашқанша болған жоқ әлгі әйел менің абыржулы ұсқынымнан-ақ түсінген болу керек: «Кого-то потеряли, кто-то отстал?» – деп Галина вожатыйдан сұрап алып, көше бұрышында мен көре алмаған телефон будкасынан «Алло, милиция?..» деп жатты. Әлгідей болған жоқ ағылған көп машинаның ішінен сигнал-жарығын жарқылдатып милицияның газ-24 «волгасы» тоқтай қалды. Орыс әйелі машинадан түскен милиция офицеріне түсіндіріп жатыр: «экскурсияға келген топтан екі бала бөлініп, адасып қалыпты деп. Көп сөзге келмей милиция капитаны рация-мен: «Всем постам, отстали от группы два мальчика азиатского облика, десяти-двенадцати лет, прошу тех подвезти на угол улиц такой-то, такой-то». Маған мәңгіліктей болып көрінген он-онбес минөт ішінде әлгі әйел өзіме сұрақ қойып жатыр: «Откуда приехали? Из Казахстана? Как хорошо, мои родные. Не бойтесь-ленинградская милиция быстро найдет ваших ребятишек. А я вас доведу до школы интерната. Казахстан. Джамбул. Ленинградцы дети мои» – деп қояды арасында бейтаныс әйел. Көп ұзамай біз тұрған жерге милицияның тағы бір «Волгасы» тоқтап, ішінен менің Ерігім мен Берігім түсіп, келе жатыр милиционердің жетегінде.
«Нетіп, киоскіден значок... алайын деп, нетіп... қалып қаппыз, – деп күмілжиді Ерік.
«Милициядан қорқып қашып едік ұстап алды деп» – ыржыңдайды пысық Берік.
«Көрсетемін мен сендерге значокты, киоскіні», – деп кіжінемін мен мұғалім екенімді бір сәтке ұмытып. Бірақ милиция офицерлеріне алғысымды айтып, қолдарын қысуға әдептілігім жетті-ау әйтеуір.
Екеу-екеуден колоннаға тұрғызып алдына өзім, артына Галина-вожатыйымды қойып, жүре бергенде әлгі ленинградтық алғашқы танысымыз: «Меня зовут Анас-тасия, можете звать тетя Настя. Я помогу вас довести до школы-интерната» – деп отыз баланың алдына түсіп алды.
Сонымен метроға түсуге сескеніп, автобус, троллейбусқа отыруға да балаларды шашыратып алам ба деп қорқып, жаяу-лап келе жатқан екі мұғалімнің бағына жолыққан әйел бастап діттеген жерге жетіп, жуынып-шайынып шай-суымызды ішіп, орналасып алғаннан соң бейтаныс мейірімді әйелге алғысымды жаудырып шығарып салайын десем:
«Ленинградцы дети мои!
Ленинградцы гордость моя!
Мне в струе степного ручья
Виден отблеск невской струи.
Если вдоль снеговых хребтов
Взором старческим я скользну, –
Вижу своды ваших мостов,
Зорь балтийских голубизну,
Фонарей вечерных рои,
Золоченых крыш острия...
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы гордость моя!» – деп тақпақтай жөнелгені ғой тетя Настя.
Сөйтсем, Ұлы Отан соғысы жылдары тоғыз жүз күнге таяу фашистік армияның қоршауында аштықта, суықта қаза тапқан жүздеген мың ленинградтық тұрғындардан тірі қалғандардың ішінде осы Анастасия да бар екен. Бұл кісінің тарихы Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңімен байланысты болғанын және өзімнің әкем қолына қару алып, сол соғыста Ленинградты қорғаған әскер қатарында болғанын айтқаннан кейін тіпті жақын тартқандай болды тетя Настя.
«Сол тоғыз жүз күн блокадада әсіресе, қыс мезгілі аса ауыр болды, – деп әңгіме-сін бастады Анастасия. – Тамақ жоқ. Карточкамен күніне 125 грамм нан аламыз. Қардың суын ерітіп ішеміз. Үйдегі жиһаз, қағаз атаулыны отын орнына жағып жібердік. Жақындарым аштықтан, суықтан о дүниелік болып кеткен. Кіресілі, шығасылы есім бар сол күндерімнің бірін-де нан алатын карточкамды жоғалтып алдым. Ол кезде он екіде едім. Мына алдымда отырған өзіңнің балаларың құрпылас. Карточка жоғалып нансыз қал-ған бірінші күні-ақ өмірден үміт үзілді десем өтірік емес. Соңғы күшімді жиып сол карточка беретін жерге баруға жиналдым. Қарды оппалап карточка беретін мекемеге жетпей әлім құрып құладым. Менің өмірім туысқандарымнан артық па? – деп өле салғым келді. Көзімді жұмып қар үстінде шалқамнан жатқаным есімде. Соңғы рет жарық дүниені көрейін деп көзімді аштым. Дәл төбемде үйдің қабырғасында плакат ілулі тұр екен. Аяз атаға ұқсас аппақ сақалы бар жылы жүзді, қысықтау көзді бейтаныс қария тура маған қарағандай суреттен. Үстінде «Ленинградцы, дети мои!» деген жазу тұр. Ірі әріптермен. Джамбул Джабаев.
Что же слышит Джамбул теперь?
К вам в стальную ломится дверь,
Обезумевший от потерь
Словно вечность проголодовав, –
Обезумевший от потерь
Многоглавый жадный удав», – дейді маған плакаттағы ата.
Не бывать им в нашем жилье,
...Предстоят большие бои.
Но не будет врагам житья,
Пусть подмогой будут, друзья,
Песни вам на рассвете мои,
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Мен танымайтын, мені танымайтын ақсақалды қария «тұр орныңнан, өлме, жауды жеңеміз!» – деп тұрғандай көрінді. Соңғы күшімді жиып тұрдым да плакатты жыртпай ғана алып ілби басып, нан карточкасын бөлетін кеңсеге кірдім. Екі көзімнен жас парлап қартаң әйелге плакатты көрсете берем. «Все мои умерли. Я тоже хотела умереть. Дедушка Джамбул запрещает умирать. Карточку потеряла».
Ол әйел маған қосыла жыласын. «Я тоже хотела умереть, я тоже потеряла всех своих. Этот бабай Джамбул и меня спас!» – деп қолыма жаңа карточка ұстатты да, бір бума қағазды әперді артында тұрған шкафтан: «Пусть дедушка Джамбул спасает ленинградцев и дальше». Жүзге тарта плакат ілген болуым керек – күніне бірден-екіден. Карточка таратушы тетя Маша еңбегің бар деп 250 грамм нан алатын карточка берді, – деп әңгімесін аяқтауға бет қойды Ерік пен Беріктің басын сипай отырып тетя Настя. Он күн бойы Ленинградтың Эрмитажын, Петродворец, Кунсткамера, не бір ғажап музейлер мен сурет, өнер галереяларын бірге жүріп аралатты тетя Настя.
Міне, ұлы сөздің күші қанша өлімге мойынсұнып түңілген жандарды өмірге күреске шақырған өлеңнің күші. Жыр алыбы Жамбыл өлеңінің күші де осындай өміршеңдікте болса керек.
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі! –
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі!
Саудыратып сүйегін
Топыраққа көмгелі,
Қазақстан жерінен
Тұтағандай ел кегі
Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі.
Нева алаңын қорыңдар
Ленинградтың ерлері! – деп жырлаған екен Жамбыл баба орыстың көрнекті ақыны М.Тарловскийдің аудармасында...
Х.Ахметжанов.
Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақши ауылындағы Бөлек батыр атындағы орта мектепте «Қарттарым – асыл қазынам» атты кеш өткізілді.
Округтегі түрлі сала ардегерлері мен ақ сақалды аталар, ақ жаулықты аналардың басын қосқан шараның ашылу салтанатында округ әкімі Сабыржан Айтбаев:
– «Қарты бар үйдің қазынасы бар» – деп бекер айтпаған дана қазақ. Қарттарымыз – біздің ақылшы, жөн сілтер темірқазығымыз. Оларды құрметтеп, әрдайым көмектесу – азаматтық борышымыз – дей келе жастарға үлкендердің батасын алу керектігін айты. Сонымен қатар, Бөлек батыр атындағы орта мектептің директоры Салтанат Жошыбаева, қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Қымбат Құрманжанова қазыналарымыздың қо-ғамда алатын орны жайлы сөз қозғап, олардың алдында бас иетіндігін жеткізді. Кейіннен, ауыл өнерпаздары жиылған көпшілікке өзде-рінің ұйымдастырған кон-церттік бағдарламасын қойып, кештің сәнін келтірді. Шара соңында қарттарға сыйлықтар табысталып сыйлықтар ұсынылды.
Сардарбек НҰРАДИН.
Жақында Есік қаласындағы облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта Елбасының биылғы Жолдауы аясында қайырымдылық акциясы өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы-мен өткен шара барысында ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы, қоғамдық бірлестік төраға-сының орынбасары Қымбат Құрманжанова балалармен тілдесіп, спорттық құрал-жабдықтарды табыстады. Қуаныштан төбелері көкке жеткен оқушылар алғыстарын жеткізіп, сабақтарын жақсы оқуға уәделерін берді.
В далеком теперь 2005 году с участием Фонда «Евразия Центральной Азии» и компании «Филип Моррис Казахстан» в Енбекшиказахском районе стартовала Программа развития местных сообществ. У истоков движения НПО и создания ФМС вместе с ФЕЦА и ФМК были акимат района и районный отдел внутренней политики, акиматы сельокругов. В течение трех лет в районе были созданы свыше 30 НПО, действующие до сих пор. На итоговом этапе Программы в 2007 г. была учреждена самая крупная неправительственная организация – Фонд местных сообществ. Его задачей стало инвестирование в человеческий капитал, обеспечение качественными социальными услугами, координация взаимодействия трех секторов государства: власти, НПО и бизнеса. Задачу обеспечения партнерства трех секторов, направленного на развитие сельского региона, расширения гражданских инициатив местных сообществ, их активного включения в решение социальных проблем ФМС успешно решает в течение 10 лет. ФМС под управлением попечительского и учредительского советов аккумулирует средства местных доноров-предпринимателей, сотрудничает с казахстанскими и зарубежными физическими и юридическими лицами, является инвестором собственных программ и проектов НПО района. За короткий срок были отработаны механизмы социальных инвестиций в развитие территории, предназначенные для продвижения общественных программ. В сотрудничестве с государством, бизнесом, общественными организациями реализованы десятки масштабных проектов по повышению социальной активности местных сообществ.
Свое 10-летие Фонд местных сообществ отметил организацией регионального форума «Формула модели сотрудничества для развития сельских территорий», состоявшегося 27 сентября в г.Есике. Форум стал открытой площадкой для разработки, внедрения и тиражирования инновационных механизмов взаимодействия гражданского общества с органами власти и бизнесом в сельской местности.
Аким Енбекшиказахского района Бинали ЫCКАК, открывая форум, говорил о значимости сотрудничества государственных структур с неправительственными организациями и совместном решении проблем сельских регионов. Опыт, накопленный ФМС в реализации гражданских инициатив, формировании благоприятной среды для сельского предпринимательства и фермерства, служит большим подспорьем для разработки государственных программ социально-экономического развития.
Приглашенные на форум партнеры ФМС: представители органов государственной власти, бизнесмены, эксперты, лидеры неправительственных организаций, бенефициары и волонтеры проектов ФМС, фермеры, журналисты могли познакомиться с практикой решения социально значимых вопросов сельского региона, вовлечением местных сообществ в работу, направленную на поддержку социально уязвимых групп населения, сельского предпринимательства, фермеров, трудовых мигрантов, молодежи.
Участники форума были приглашены на ток – шоу «Партнерство без галстуков» в форме дискуссии о роли и месте НПО в развитии сельских территорий. Они также познакомились с новыми идеями взаимовыгодного сотрудничества НПО со стратегическими партнерами и местными сообществами. Гости посетили ярмарку недавно созданного по программе развития сельских территорий СПК «Шелек фермерлері», выставку социально значимых проектов ФМС. Изюминкой форума стало награждение победителей конкурса «Фермеры Шелека» и заключение соглашений о поставках фермерской продукции в ТОО «Оптомаркет» Арзан и ТОО «Magnum Сash&Сarry».
С первых дней образования ФМС его исполнительным директором является Бахыткуль ЕЛЬЧИБАЕВА. В интервью для прессы она рассказывает о деятельности фонда:
– Наш Фонд был учрежден как некоммерческая организация, которая продвигает идеи социальной ответственности бизнеса, благотворительности и меценатства. За 10 летие ФМС, реализовано свыше 50 социально значимых проектов. По основным программам: «Развитие сельских регионов», «Развитие местного сообщества», «Поддержка молодежных инициатив», «Поддержка и защита прав социально уязвимых слоев населения» в развитие сельских территорий привлечено 515 млн. тенге инвестиций.
Программа «Развитие сельских реионов» охватывает малообеспеченных сельских жителей, которым ФМС помогает открыть свое дело, более эффективно вести фермерское хозяйство. В селе Шелек основан Агробизнес-центр, где бесплатно проводятся семинары-тренинги по выращиванию овощей, маркетингу фермерских хозяйств, работают курсы компьютерной грамотности, бухгалтерского учета. Сельчанам обеспечен бесплатный доступ к информации, государственным программам по содействию и поддержке малого и среднего бизнеса. Создан СПК «Шелек Фермерлері» для сбыта сельхозпродукции участников программы, заключаются договоры с оптовыми торговыми сетями г.Алматы. ФМС также проводит конкурсные гранты и финансирует проекты по программам «Развитие местного сообщества», «Поддержка молодежных инициатив», обучает лидеров, проводит тренинги, консультации, издает методические пособия и брошюры по правовым знаниям. По программе поддержки социально уязвимых слоев населения Фонд местных сообществ реализует проект «Правовая поддержка трудовых мигрантов». В его рамках ФМС оказывает информационную и консультационную помощь трудовым мигрантам и фермерам-табаководам Шелекского региона, содействуя обеспечению социальной защиты мигрантов в сфере условий труда и проживания.
Ценности гражданского общества являются наиболее стабильными и демократическими. ФМС делает все возможное для их продвижения, участвуя в провозглашенной Главой государства Третьей модернизации страны.
И.ТУРАНИН.
Жастар бойына пат-риоттық сезімді қалып-тастыру, ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмыла кірісетін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық ойындары өтті жақында. Қаракемер 6654 әскери бөлімінің алаңында Мемлекеттік Тудың жалауы желбіреген салтанатты шараға қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі, округ әкімдігі және 6654 әскери бөлім. Ұйытқы болған – «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы.
Сонымен аудан бойынша 8 команда 6 сынақта өздерін сынады. Атап өтсек: Жаңашар, Ават, Рахат, Бәйтерек, Қаракемер, Қаратұрық және 6654 әскери бөлім құрамалары. Алғашында сөз алған қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов шара маңыздылығына тоқталды: – Кезінде біздер әскерге бару үшін құжат жинап, жанымызды шүберекке түйіп жүретін едік, қазіргі жас буын арасында әскерге бармаудың түрлі сылтауларын көріп, біліп жүрміз. Ал дүниеге ер азамат келгенде Отанымызды қорғайды деп қуанатын еліміз үшін бұл ауыр жара. Түсінген жанға Отанға деген шексіз сүйіспеншілік әскерде қалыптасады. Ал міне, бүгін нағыз елінің шын патриоттары бас қосты. Мейлі жеңіл, мейлі жең, мәселе онда емес, Сіздердің осындай шараға белсенді атсалысқандарыңыздың өзі жеңіс. Еліміздің әр азаматтары Сіздерден үлгі алсын! – деді.
Сөз алған 6654 әскери бөлімінің командирі, полковник Б.Оспанбеков те жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен жарыс қатысушы-лары автоматты уақытқа жинау, белтемірге тартылу, гір тасын (24 кг) көтеру, әскери эстафета, арқан тарту, және швед эстафетасынан сынға түсті. Жастық жігер мен намысты қолдан бермеу жолында жанын салған жастарымыз әр сайыс сайын шыңдала түсті. Тіпті, жүлдені кім алады екен деген сұрақ жанкүйерлердің көкейінде сайрады. Соның ішінде бізді де бұл сұрақ мазалағаны шындық. Үш сағатқа созылған қызу бәсеке нәтижесінде Бәйтерек командасы үшінші орынға тұрақтады. Екінші – Қаракемер, жүлделі бірінші орынды 6654 әскери бөлім жеңіп алды.
Кейіннен әскери бөлім жасақтары арнайы әзірлеген дайындықтарын көрсетті. Қорытындысында қойылған талаптардың туралығын әрі әділ өтуіне ұйытқы болған әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, подполковник Берік Мунтиновқа қатысушылар алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
29 сентября на базе районного суда в г.Есике прошли практические ученья по предотвращению актов терроризма. Были задейстованы сотрудники КНБ, РУВД, ОЧС, медики, пожарные, военнослужащие Каракемерской военной части. Целью учений была отработка слаженных действий силовых структур в устранении террористической опасности.
Ернар ЖАХАНГЕР,
главный специалист районного отдела
чрезвычайных ситуаций и гражданской обороны.
Кітапхана – рухани байлықтың кені, болашақ бәсекеге қабілетті жандардың сүйікті орны. Қандай заман, қай қоғамда болмасын білімнің көзі, дамудың кілті болып келген кітап білектің емес, білімнің күшіне сенген осы уақытта, әсіресе, жастарға керек. Білімді, сауатты, ел тұтқасы болар азаматтарды өсіремін деген ел жастарын алдымен кітап оқуға баулиды.
Аудан әкімінің аудандық кітапханасынан бүгінгі күні жас-кәріге қажетті барлық кітаптарды табуға болады. Кітап қоры көркем әдебиет пен салалық әдебиетті қосқанда 52 мыңнан астам. 1936 жылы ашылған кітапхана бір ғасырға жуық уақыттан бері халықтың рухани сұранысын қанағаттандырып, бірнеше буынды әлем классикасымен, ұлт әдебиетімен тәрбиеледі. Ауданымызда аудандық кітапханадан бө-лек, 15 ауылдық кітапхана бар. Бұрындары кітаптарды оқыр-мандардың сұранысына қарай, кітапханашылар алдыратын. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыспен келеді. Кітапханада өзіміздің көркем әдебиеттер, шет ел классиктерінің аудармалары, салалық әдебиеттер, психоло-гиялық кітаптар, балалар әдебиеті, бір сөзбен айтқанда кітаптың барлық түрлері бар. Шетел әдебиетінің бұрынғы аудармалары, өзіміздің ХІХ-ХХ ғасырдағы жазушыларымыздың шығармаларының жаңа басылымдары көптеп кездеседі.
Бүгінгі күні кітапсүйер қауым-ның арасында кең танымалы – «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы басылған кітаптар. Кітапханаға «Бабалар сөзінің» 100 томы түгел келіпті. Бір данамен келгенімен, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері, батырлар жырлары, лирикалық дастандар, басқа да ұлттық нәрдің көзі болып саналатын шығармалар қамтылған жүз томдық аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отыр. Кітапханашылардың айтуынша, «Бабалар сөзін» оқитын жастардың қарасы көп. Сонымен қатар, қолына қалам ұстаған жас ақын-жазушылардың шығармалары да мемлекеттік бағдарламамен басылып, кітапханаларға таратылуда. Аудандық кітапханадағы кітап сөрелерінен бүгінде жас, орта буын оқырмандар арасында кең танылған Бейбіт Сарыбайдың әзіл әңгімелерін, Назира Берда-лының өлеңдерін көзіміз шалды.
Кітапханашы Күлия Саурықова:
– Алдыңғы жылы өзіміз интернет арқылы тапсырыс беріп, 100 кітап алдық. Олардың бәрі оқырмандар сұрайтын кітаптар. Кітапханамызда бес жарым мыңдай оқырманымыз бар. Олардың басым көпшілігі мектеп оқушылары мен студенттер. Кітапханаға жастар көп келеді. Содан соң зейнеткерлер, әртүрлі сала мамандары, бәрі де кітап оқиды. Кеңес кезінен бері бізден үзбей кітап алып келе жатқан ардагер оқырмандарымыз да бар. Біз олардың сұранысын қанағаттандыруға барынша тырысамыз. Бір өкініштісі, қазіргі күні аса танымал болған Қалқаман Сарин, Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс тәрізді ақындарымыздың кітаптары бізге жетпейді. Оқырмандар көбіне осындай «хит» ақын-жазушылардың кітаптарын оқығысы келеді. Олардың шығармаларын неліктен мем-лекеттік тапсырыспен бастырмайтыны түсініксіз. Сондай-ақ, оқырмандар ХХІ ғасырда сәнге айналған өзін-өзі дамытуға арналған психологиялық кітап-тарды сұрайды. Шет елдерде кең танымал болып, бүгінде біздің елімізге де жеткен бестселлер кітаптар қазақшаға аударылып, кітапханаларға таратылса, біз үшін де, оқыр-мандарымыз үшін де жақсы болар еді, – дейді.
Кітапханашының айтуынша, «жастар кітап оқымайды» деген – бекер сөз.
– Балаларды кітапқа баулитын мұғалімдер көп. Бастауыш сыныптың оқушылары жаз айларында бізге келіп, ертегілерді, басқа да балалар әдебиетінің үлгілерін сұрайды. Өзімізде жоқ кітап болса, интернеттен тауып беруге тырысамыз. Сөйтсек, балалар: «Бізге апай кәдімгі кітапты алып оқыңдар деген еді» деп жауап береді. Осы балаларға қарап, «балалар ғаламторға байланып қалды, кітап оқымайды» деген пікірлердің бәрі жалаң сөз-ау деп ойлаймын. Колледж студенттері де үйлеріне кітаптарды алып кетіп немесе оқу залында отырып оқиды. Осындай жастарға қарап, еліміздің болашағы жарқын екеніне кәміл сенуге болады, – дейді кітапханашы апай.
Өкініштісі, оқу залының тарлығы іс-шараларды өткізгенде едәуір ыңғайсыздық туғызады. Көрермендер тар залға сыймай, бейнематериалдар көрсететін теледидар, компьютерді қоятын орын болмайды. Емтихан кездерінде, басқа да кітапханаға оқырмандар көп келетін уақыттарда оқу залында оларға орын жетпей жатады. Бұдан бөлек, өткен ғасырдың орта шенінде іргесі қаланған, кеңес дәуірінде аурухана болған ескі ғимараттың бөлмелері бірінің үстінен біріне кіретін лабиринт сияқты. Мәселен, директордың кабинетіне бару үшін абономент бөлімінен, әдіскерлер кабинетінен, одан соң бухгалтериядан өту керек. Бір қызметкер ғана сыйғандай аядай кабинетте үш адам жұмыс істеп отыр. Үйге кітап берілетін абономент бөлімінде қазақша әдебиеттер қоры орналасқан. Ондағы кітап қоятын стилаждардың ара қашықтығы нормаға сәйкес келмейді. Аралары кемінде 55 см болуы тиіс стилаждар 25-30 см қашықтықта орналасқан. Ондай тар қуыста тұрып, әсіресе, төменгі қатарлардағы кітаптарды қарау, табу қиын. Әліпби бойынша орналасуы тиіс бірқатар әдебиеттерді стилаждарға сыймағандықтан жоғарыға, бірінің үстіне бірін жинай салған. Кітапханашылардың айтуынша, мұнда кітап өңдеу бөліміне арналған бөлме де, қызметкер де жоқ. Кітаптың мүлік нөмірін, бақылау парағын, шифрын желімдеу жұмыстарын мамандар оқу залында отырып жасайды.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы еліміздің даму бағыты ұлттық, рухани құндылықтармен тығыз байланысты болмағын, болашақ – білімді, бәсекеге қабілетті жастардың қолында екенін көрсетіп берді. Демек, рухани байлықтың ордасы болған кітапханаларға да мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, аудандық кітапхана ғимараты заман талабына қарай жөнделіп, кеңейе, көркейе түседі деген сенім мол. Ғимараттың осындай ыңғайсыздығына қарамай мұнда оқырмандардың көптеп келуі кітапханашылар жұмысының нәтижесі дер едік. Аудандық кітапхананың директоры Салтанат Мамажанова, әдіскер Гүлнәр Жұмашқызы, кітапханашылар – Сәниям Азизова, Күлия Саурықова, Галина Свининникова, Гүлдана Сәрсенбаева, Айша Бүгенебаева, Ләззат Талиповалардың және барлық ауылдық кітапханалардағы кітапханашылардың халықтың рухани сұранысын өтеу мақсатындағы еңбектері зор.
Нұрбану КАМАЛ.
Жергілікті өзін-өзі басқару
Түрген ауылдық округінің әкімі Бота ЕЛЕУСІЗОВА:
«Қоғамдастықтың белсенділігі артты»
Қазақстан – зайырлы, демократиялық
мемлекет. Бұл туралы Ата Заңымызда айқын жазылған. Жүргізіліп отырған осы саясаттың
аясында, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылы елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың тұжырымдамасын бекітті. Осы құжатқа сәйкес жергілікті әкімдер сайланып, өз есеп-шоттарын ашып, проблемаларын тұрғындармен ақылдаса отырып шешуге кірісті. Бүгінде аталған жүйенің екінші кезеңі жүзеге асырылуда.Ал бірінші кезеңі 2015 жылы аяқталды. Осы орайда, аталған құжат бойынша округ әкімдіктерінде қандай жұмыстар атқарылды, қандай қиындықтар туындап отыр? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында мемлекеттік қызмет саласында ұзақ
жылдар бойы еңбек етіп жүрген, Түрген ауылдық округінің әкімі Елеусізова Бота Серікқызымен сұхбаттасқан едік.
– Бота Серікқызы, мемлекеттік қызметте ұзақ жыл қызмет еткен тәжірибелі басшы екендігіңіз бізге мәлім. Бүгінде тұрғындар жергілікті өзін-өзі басқарудың қандай жүйе екенін түсіне бермейді. Өзін-өзі басқару жүйесін қарапайым тілмен айтып берсеңіз.
– Бір сөзбен айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару – халықты билік ісіне араластыру. Оларға да жауапкершілікті сезіндіріп, жергілікті мәселелерді шешуге тарту. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы №438 Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекітілді. Осыған сәйкес, елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды екі кезеңмен дамыту көзделген. Бірінші кезеңде (2013-2014 жылдар) басқарудың төменгі деңгейлерінде қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту және басқару мен қаржыландырудың тетіктерін іс жүзінде пысықтау қарастырылған. Бұл шаралар өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту үшін негізгі алғышарт болып табылады. Ал екінші кезеңде (2015-2020 жылдары) жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын одан әрі бөлу мәселелері, өзін-өзі басқару органдарының бюджеті мен меншігін қалып-тастыру, сондай-ақ, ауылдық округтердің деңгейінде әкімші-лік-аумақтық бірліктерді оңтайландыру мәселелері пысықталатын болады.
– Түрген экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыған, халық көп шоғырланған округ-тердің бірі. Осындай ірі мекенде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі қалай іске асуда?
– Жоғарыда аталғандай, біздің округімізде де жергілікті өзін-өзі басқару кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2014 жылы 2-4 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 Қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидасына сәйкес, жиын өтіп, жергілікті қоғамдастық мүшелері сайланды. Бүгінде Түрген ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықтың 63 мүшесі бар, яғни, сол кездегі сайлаушылардың 1 пайызы. Бұлар жиынға қатысушы азаматтар. Осының ішінен 15 адам жиналыс мүшелері ретінде сайланды. Негізінен, мәселелердің көпшілігін жиналыс мүшелерімен ақылдаса отырып шешеміз. Тағы 3 адам бюджеттің игерілуіне мониторинг жасап отырады. 2014-2016 жылдар аралығында жергілікті қоғамдастықпен 4 жиын 12 жиналыс ұйымдастырылды.
– Қоғамдастық өкілдерімен ақылдаса отырып округ аумағында қандай мәселелер шешімін тапты?
– Осы уақытқа дейін қоғам-дастық өкілдерімен бірлесе отырып біраз істің басын қайырдық. Айталық, округіміздегі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім балалар, жалғызбасты аналар мен қарттарымыз, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беру мәселесі қоғамдастық өкілдерімен бірле-се отырып шешіледі. Сонымен қатар, жастардың саламатты өмір салтын ұстануын да назардан тыс қалдырған емеспіз. Басқосуларда қолма-қол бақы-лау шотындағы қаражаттан окру-гіміздің волейбол командасына біркелкі спорт киімдері алынды.
Ауылдың кіре-берісіне округ-тің аты жазылған заман талабына сай стелла орнаттық. Өздеріңізге белгілі, жыл сайын округімізге туристер мыңдап ағылып жатады. Ауылға кіргеннен-ақ оларға жақсы әсер қалдыру – біздің міндетіміз. Сондықтан, округті көркейтуді кіре-берістен бастадық.
Инфрақұрылым мәселесі де басты назарда. Таутүрген ауылының барлық көшесіне асфальт төселді. Оған қоса, Түрген ауылындағы Достық, Әубәкіров, Петров, Желтоқсан көшелері жөндеуден өтіп, асфальтталды. Бұл да қоғамдастықтың жиналысында шешілген проблема. Ономастикаға байланысты атаулары ескірген немесе өзінің мәнін жоғалтқан көшелердің атауын өзгерту сынды мәселелер де қауымдастықпен ақылдаса отырып жүзеге асырылады.
– Жергілікті бюджетке қанша қаржы жиналды? Түскен қаражат қайда жұмсалуда?
– 2018 жылдан бастап тұрғындардың саны 2 мың адамнан асатын әкімшілік аумақта мемлекеттік бюджеттің 4 деңгейі енгізілуіне байланысты ауыл әкімдерінің және аппарат мамандарын қаражат көзін қалыптастыру және ол қаражатты игеру жұмыстарымен таныстыру мақсатында 2016 жылдың 22 қаңтарынан ҚР Бюджет кодексінің 35-бабына сәйкес, округ әкімдігінің шотына жеке тұлғалардан алынатын жер, мүлік және көлік салықтарынан трансферт ретінде қаражат аударылады. Осы бапқа сәйкес, біздің шотымызға трансферт арқылы аудандық бюджеттен 7 млн 529 мың теңге қаражат бөлінді. Жоғарыда айтып өткен мәселелер осы қаржының есебінен өз шешімін табуда.
– Сіз үш салық көзінен түскен қаражатты айтып өттіңіз. Негізінен, сіздерде қанша кіріс көзі қарастырылған?
– Жергілікті бюджетті толық-тыру көзі ретінде негізгі 11 кіріс көзі айқындалған. Атап айтар болсақ, жеке тұлғалардан алынатын мүлік, жер, көлік салығы. Төлем көздерінен салық салынбайтын кірістерден алынатын табыс салығы. Заңды тұлғалардан алынатын жер және көлік салығы. Ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы және салықтық емес түсімдер. Жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдарынан түсетін түсімдер. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдар. Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер. Алдағы уақытта октугтің бюджеті осы 11 кіріс көзі арқылы толығып, оны қайда жұмсау керектігін жергілікті қоғамдастықпен бірлесе отырып шешеміз.
– Округте әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айып-пұлдар салынып жатыр ма?
– Айыппұл мәселесі де бір жүйеге келмей тұр. Өйткені, біз айыппұл салуға қаулы қабылдай алмаймыз. Мұны жергілікті полиция өкілдері жүзеге асырады. Яғни, белгіленбеген орында сауда жасау немесе қоғамдық орынды ластап, қоқыс тастағандарға айыппұлды учаскелік полиция инспекторы салады. Ол айыппұл округтің шотына түспейді. Сондықтан, бұл бапты жергілікті полицияда қалдырып, ал төленген айыппұл сол округтің қолма-қол бақылау шотына түссе.
– Тұжырымдамада әкімдер-ге ерікті және нысаналы алымдар, қайырымдылық қорлар мен демеушілердің жарналары есебінен кірістер қалыптастыру құқығы бері-леді делінген. Осы орайда, Түрген округіндегі шаруа қожалық басшылары мен кәсіпкерлер демеушілік етіп, есеп-шотқа ақша аударады ма?
– Менің мемлекеттік қызмет-тегі өтілім 15 жылға жуық. Шыны керек, осы уақыт ішінде тәжірибе көрсеткендей ешбір кәсіпкер немесе мекеме қолма-қол есепшотқа өз еріктерімен ақша аударған емес. Бірақ, белгілі бір мереке қарсаңында және арнайы сұраныс арқылы жылына 1,2 млн теңге көлемінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына демеушілік көмектер көрсетеді. Осыны ескере отырып, кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге табысынан белгілі мөлшерде арнайы есеп-шотқа қаражат аударып отыру міндеттелсе. Соған сәйкес, оларға салықтан немесе өзге де жеңілдіктер қарастырылса, округіміздегі көптеген мәселелер оң шешімін табар еді. Оған қоса, есеп-шотқа ақша аударғысы келгендер банкке барып, кезек күтіп, құжаттар толтыруы тиіс.
– Жаңадан қолға алған бас-таманың кем-кетігі болары даусыз. Сіздің ойыңызша, жергілікті өзін-өзі басқару бойынша бұдан өзге нені жетілдіру керек?
– Әрине, заңдардың толықтыруды қажет ететін тұстары бар. Мен бұл мәселені Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменовпен кездесуде де ортаға салған болатынмын. Атап айтар болсақ, жасыратыны жоқ, жергілікті қауымдастық мүшелерінің белсенділігі төмен. Оны арттыру үшін Кеңес ұйымы құрылып, тұрғындардың дауыс беруі арқылы округке депутаттар сайланса, сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі артар еді. Біздің қауымдастық мүшелері түрлі сала өкілдері болғандықтан, кейбірі жұмыста, кейбірі жеке шаруасынан қолы тимейді. Қайта-қайта жиналысқа келуге қиналады. Сондықтан, Кеңес ұйымы құрылып, өздерінің есеп-шоты құрылса, аз болса да жұмысына қарай жалақы төлеп отырар еді.
Халықтың санын анықтау да бүгінде оңай шаруа емес. Қазіргі уақытта тұрғындарды тұрақты тіркеуге қою халыққа қызмет көрсету орталығы және ішкі істер басқармасы арқылы жүзеге асады. Жергілікті әкімдіктер адам саны, мектепке дейінгі балалар мен әлеуметтік топтар туралы мәліметтерді ауылдарды аралау арқылы ғана анықтайды. Ал базаға қолжетімділік болса, бұл кедергіден арылар едік.
Бізде бірыңғай салық базасы жоқ. Бюджеттің төртінші деңгейін құру бойынша кәсіпкерлердің төлейтін салығы туралы мәлімет жоқ. Олардың салығы мемлекеттік кірістер басқармасына түседі, одан соң трансферге отырғызылады. Бұл жергілікті бюджетті жоспарлауға кедергі келтіреді.
Міне, осындай мәселелер Алихан Байменовпен кездесуде округ әкімдері тарапынан көтеріліп, оны шешу жолдары ұсынылған болатын. Алдағы уақытта өтініштеріміз ескеріледі деген сенімдемін.
– Кемшіліктерден бөлек, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі нәтижесін беріп жатқан болар?
Шыны керек, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі енгізілгелі, халық билікке бір табан жақындай түсті. Өздерінің арасынан белсенділерді сайлап, ол арқылы жергілікті әкімдікпен тікелей байланыс орнатты. Ең бастысы, тұрғындар ауылдың мәселесін шешуге атсалысып, өз пікірлерін ашық білдіре алады. Осы күнге дейін қауымдастықпен 12 жиналыс өткізілді. Басында тұрғындар әкімдік айтқан ұсынысқа қолдау білдіріп, бірауыздан қабылдап жіберетін. Қазір кейбір мәселелерде өздерінің ойларын ортаға салып, ауылдың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтындығын дәлелдеуде.
– Уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет.
Әңгімені жүргізген
Сардарбек НҰРАДИН.
Жақында №1 Азат орта мектебінде Нобельдің «Алтын медалінің» иегері, ақын, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановпен кездесу өтті. «Өлеңім – өмірімнің айнасы» атты әдеби-сазды шараға округ әкімі Ахмет Жолдыбаев, ауданымыздың құрметті азаматы, ақын, жазушы Шаяхмет Құсайынұлы және ауыл ақсақалдары, ұстаздар мен оқушылар қауымы қатысты.
Кездесу мектеп оқушылары әзірлеген концерттік бағдарламамен басталды. Балалар Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқып, сөзіне жазылған әндерді шырқады. «Отырар» өлеңіне көрініс қойып, жиыл-ған көпшіліктің көз алдына сол кездегі Отырар трагедиясын келтірді. Кейіннен, сөз сөйлеген Ахмет Жолдыбаев пен Шаяхмет Құсайынұлы ұлт жанашырына алғысын жеткізді.
Ұлтжандылық, адамгершілік жайында әңгіме тиегін ағытқан Мұхтар Шаханов алдымен тіл мәселесіне тоқталып өтті:
– Осыдан 12-13 жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ халқының жартысынан астамы ана тілінде сөйлей алмайтындығын айтқан болатын. Қазір бұл мәселе күрделеніп келеді. Меніңше, 65-70 пайыз қазақтар өз тілімізде оқып-жаза алмайды. Яғни, рухани мүгедек. Кеңес Одағы кезінде Әліби Жангелдин «Қазақ тілінің не керегі бар? Бізге орыс тілі жетеді» – деген ұран тастап, өзінің фамилиясын Степнов деп өзгертіп алды. Кейіннен, отаршылдарға жағынып, мұсылмандықтан христиан дініне ауыс-ты. Ал қазір Әлібек Жангелдиннің атында күні бүгінге дейін бүтін бір аудан, мектептер мен көшелер бар. Осындай пікірмен қазақтан Нұрболат Масанов деген азамат шықты. Осындай азаматтарды Құдай көзі тірісінде-ақ жазалады – деп өзінің тілін менсінбеген адамның келешегі бұлыңғыр болатындығын ескертті. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасы жайлы әңгіме қозғап, қазіргі жастардың басым көпшілігі осы трагедия жайында білмейтіндігін ашына жеткізді.
Тағылымды әңгімесімен оқушыларды патриот болуға шақырған Мұхтар Шаханов наурыз мерекесінің алғашқы рет қалай тойланғанын да айтып өтті. Сөзіне сүйенсек, Желтоқсанның қанды оқиғасынан кейін қазақ халқының Колбинге деген өкпесі қара қазандай еді. Осы тұсты пайдаланған Мұхтар Шаханов Колбинге тікелей барып, 62 жыл бойы тыйым салынған ұлттық мерекені тойлауға рұқсат сұраған. «Қазақ халқы Желтоқсан оқиғасын әлі күнге ұмытқан жоқ. Бірақ, наурыз мерекесін тойлауға рұқсатыңызды берсеңіз, халықтың сізге деген ойы өзгерер еді» – деген Мұхтар ағаға Колбин бірден келісімін берген. Биылғы бюджеттің қабылданып кеткендігін айтқан ол, наурызды келесі жылдан тойламыз дегенді алға тартқан. Алайда, Мұхтар Шахановтың тікелей араласуымен, кейбір салалардағы игерілмей қалған ақшаларды жинастырып, Алматының М.Горький атындағы орталық саябағында 100 мыңнан астам халықтың жиналуымен наурыз мерекесі тойланған. Ол кезде биліктен, одан қалса қауіпсіздік комитетінің рұқсатынсыз мұндай жиын-дар болмайтын. Осы кедергілерді республиканың бірінші хатшысы арқылы шешіп, 100 мыңдаған адамның басын қосып, республика көлемінде ұлыстың ұлы күнін атап өтуде Мұхтар Шахановтың еңбегі орасан зор. Сол жылы жарты ғасырдан астам уақыт бойы ұлттық мерекесін сағынған қазақ халқы ұлыстың ұлы күнін қыркүйектің ортасына дейін тойлаған.
Түйінінде Тәуелсіздікті, бірлікті бағалау керектігін жеткізген Мұхтар Шаханов шара соңында өзінің оқырмандарына қолтаңба беріп, естелік суретке түсті. Азаттықтар да құрметті қонақты құр қол қайтармай, қазақтың күмбірлеген қара домбырасын сыйға тартты.
Сардарбек НҰРАДИН.
Адлан Тоқбаев:
заманға сай қызмет етеміз
Бүгінгідей ақпараттық
технология дамыған заманда пошташының жолына қарап, хат күтетін кезеңдер артта қалды. Бір қарағанда пошта қызметінің маңыздылығы азая түскендей. Алайда, халық әлі де бұл қызмет түріне жүгінеді. Поштаға барады, сәлемдемесін салады, басқа да көптеген қызметті алады. Өйткені,
пошта байланыс торабы
заман өзгеріп, талап күшейген сайын соған сай жаңаруда. Бүгінгі біздің «Қазпошта»
АҚ Алматы облыстық филиалы, Еңбекшіқазақ аудандық
пошта байланыс торабының басшысы Адлан Тоқбаевпен болған сұхбатымыз осы жаңашылдықтар жөнінде.
– Адлан Қадырсызұлы, Еңбекшіқа-зақ – үлкен аудан. Пошта қызметі осы аудан тұрғындарын түгел қамтып отыр ма?
– Есік қаласында Еңбекшіқазақ ау-дандық пошта байланыс торабының орталық операциялық учаскесі, ауылдарда барлығы 41 бөлімше жұмыс істеуде. Ауданды түгел қамтып отырмыз деп айта аламыз. Пошта бөлімшелерінде көптеген қызмет түрлері көрсетіледі. Тұрғындар зейнетақыларын, жалақыларын алып, коммуналдық, кредиттік т.б. төлемдерді төлейді. Бізде барлық қаржылық опера-циялар жүзеге асырылады.
– Есепшот картасы десе ойымызға екінші деңгейлі банктердің карталары оралады. Жақында «Қазпоштаның да карталары бар» дегенді есіттік. Сіздерден қандай есепшот карталарын алуға болады?
– Бізде банктерде ұсынылатын бар-лық карталар – «gold», «visa», «clas-sic», «electron», «express» карталары бар. «Еxpress» карта тез берілуімен ерекшеленеді. Пошта бөлімшесіне келіп, өтініш берген күні сол мезетте картаны аласыз. Орталық учаскеге және бөлімшелерге пост-терминалдар қойылған. Тағы бір айта кетерлігі, біздің карталар арқылы «Qazkom» банкінің және «Қазпоштаның» банкоматтарынан ақша шешкенде пайыз алынбайды. Алдағы уақытта Бәйдібек би бөлімшесіне банкомат қою жоспарлануда.
– Бүгінгі замандағы пошта қызметі бұрынғыдан едәуір ерекшеленеді. Бай-қап отырсақ, қаржылық қызмет-терді көбірек көрсетесіздер. Бұл тұрғыдан алғанда банктермен бәсекелессіздер ме?
– Әрине, екінші деңгейлі банктердің бәрімен және қазіргі таңда елімізге келіп өз қызметтерін ұсынып жүрген шетелдік пошта тораптарымен бәсекелеспіз. Сондықтан да, «Қазпошта» АҚ-да модернизация жүруде. Яғни, біз барынша сапалы қызмет көрсетуге және процесстерді жеделдетуге көшудеміз. Техникалық, операциялық, технологиялық, ақпараттық салада пошта торабы жаңғыртылуда. Орталық операциялық учаске биыл модернизациялық жөндеуден өтті. Жаңадан енгізілген қызмет түрі – «Сәлемдемелер супермаркеті» ашылды. Бұрын тұрғындар жақындары жіберген затты алу үшін кезекте тұратын. Қазір клиенттің өзі келіп, «Сәлемдемелер супермаркетінен» алдын-ала ұялы телефонына келген СМС бойынша тиісті орыннан сәлемдемесін алып кете алады. Жалпы, «Қазпошта» АҚ финанстық, брокерлік, агенттік және электрондық қызметтерді көрсетеді. Сонымен қатар, филиал, бөлімшелер желісінің көптігі, әсіресе, алыс ауылдардың қамтылуы – «Қазпоштаның» басты ерекшелігі. «Бірыңғай терезе» принципі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Яғни, клиент балабақшаға ақша төлесе, басқа жаққа хат жолдаса, қысқасы қандай қызмет түрі керек болса да бәрін бір терезеден алуы керек. Бұрын әр қызмет түрі бойынша әр терезеге кезекке тұратын. Халықтық IPO бағдарламасына қатысқан азаматтар дивиденттерін «Қазпошта» арқылы алып отыр. Бізде банктерде көрсетілетін қаржылық қызметтердің бәрі бар. Кредит те беріледі. «Хоумкредит» және «Альфа» банкпен келісім-шартқа отырдық. Ауданымыздағы 10 бөлімшеде несие рәсімделеді. Зейнетақы 3 түрлі жолмен беріледі: есепшоттан, автоматтандырылмаған бөлімше болса тізіммен барып алады және карта арқылы. 41 бөлімшенің 36-сы автоматтандырыл-ған. Яғни, олар заман талабына сай компьютер т.б. барлық техникалық құралдар-мен жабдықталған. Ал агенттік ретінде теміржол және әуе билеттерін сатудамыз. Процестерді жеделдету мақсатында «Күн+0», «Күн+1» жеткізу түрі енгізілді. Яғни, «Күн+0» жеткізу түрінде газет-журнал жарық көрген күні, сәлемдеме поштаға келген күні иесіне жеткізіледі. Бұл орталық операциялық жүйеде жолға қойылған. «Күн+1» жеткізу түрі – ауылдардағы бөлім-шелерде. Орталық учаскеге келген газет сол күні ауылдық бөлімшеге жеткізіледі. Одан кейінгі күні иесіне апарылады.
– Осы жерде айта кететін бір мәселе бар. Қаншама халық тұратын саяжайлар – бүгінде елді-мекен болып саналады. Дегенмен, ол жаққа Сіз айтып отырған жеткізу түрлері енгізілмеген тәрізді. Тұрғын ретінде, саяжайларға газет-журналдардың басқа да сәлемдемелердің мүлдем жеткізілмейтінін нақты айта аламын.
– Негізі, пошташылар саяжай тұр-ғындарына да пошта арқылы алатын заттарының бәрін үйіне жеткізіп беруге міндетті. Бұл қызметке келгеніме көп болған жоқ. Осындай әлсін-әлсін кездесетін проблемаларды рет-ретімен шешудеміз. Алдағы уақытта саяжай тұрғындарына пошта қызметі толыққанды көрсетіледі деп сеніммен айтамын.
– Сапалы қызмет көрсету үшін қыз-меткерлердің еңбекақысы да соған сай болуы керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын пошташылар жалақысының мүлдем аз екені мемлекеттік деңгейде айтылып жүрді. Қазіргі таңда бұл мәселе қалай шешілуде?
– Ауданымыздың пошта байланыс торабында барлығы 186 қызметкер еңбек етеді. Былтыр холдинг бойынша жалақы 10 процентке өсті. Кірісімізге қарай жалақы мөлшерін тағы да көтеру ойымызда бар. Жалақыдан бөлек қызметкерлерді ынталандыру мақсатында түрлі мотивациялық жобалар енгізілуде. Мәселен, биылдан бастап бонустар беру жолға қойылды. Қызметкерлер теміржол, әуе билеттерін сату, есепшот ашу тәрізді атқарған жұмыстарына қарай бонустар алып отырады. Жалақыларына кәдімгідей елеулі ақша қосылып, қызметкерлеріміз өз жұмыстарын сапалы атқаруға ынталана түсуде.
– Пошта қызметінің басты бір бағыты – басылымдарға жазылымды жүргізу және жеткізіп беру дер едік. Қазіргі уақытта тұрғындардың газет-журналдарға, оның ішінде аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне деген қызығушылығы, көзқарасы қандай?
– Ақпараттық технология дамыған заман дегенімізбен ауылдық жерде барлық үйде интернет бар деп айта алмаймыз. Әрі интернеттегі алып ақпарат әлемінен керегімізді табу да, ондағы жазылғандардың бәріне сену де қиын. Сондықтан да, қағаз басылымдар бүгінгі күні де өз маңызын, рөлін жойған жоқ. Әсіресе, ауданның өмірі, экономикалық жағдайы, басқа да жаңалықтар туралы жазатын аудандық газет тұрғындарға аса қажет. Мұнда мемлекеттік қызмет түрлері, оны алу үшін қандай құжаттардың керек екендігі және қай жерде не сатылады, кімге қандай жұмыс бар, жалпы аудан тұрғындарына қажетті дүниелердің бәрі жазылады. Ол ақпараттарды ел білуі қажет. Аудандық редакциямен тығыз байланыста қызмет атқаратындықтан біз өз тарапымыздан газетті насихаттаймыз. Аудандық «Қазпошта» бөлімінде каталог бойынша жүздеген газет-журналдар ұсынылады. Солардың қай-қайсысына жазылса да тұрғындарға уақытылы жеткізіледі.
– Жоғарыда айтылғандардан басқа қандай жаңалықтар, өзгерістер бар? Алда келе жатқан пошта қызметкерлері күні қарсаңында әріп-тестеріңізге не тілер едіңіз?
– Қазіргі таңда Бәйдібек би бөлім-шесінде ХҚКО-да ұсынылатын электронды қызметтер көрсетілуде. Бұл тұрғындар үшін өте ыңғайлы болды. Алдағы уақытта басқа бөлімшелерде де осындай жұмыстарды жүзеге асырсақ деген ойдамыз. Сонымен қатар, қазіргі таңда ХҚКО тарапынан босанған әйелдерге перзентхананың өзінде 4 қызмет түрі ұсынылады. Туу туралы куәлік, балабақша кезегіне қою, босануға дейінгі және кейінгі әлеуметтік төлемдерді және бала күтімі үшін берілетін бір реттік жәрдемақыны алуға өтініш беру. Ол үшін жүкті әйелден алдын-ала есепшот ашу талап етіледі. Біз осы жерде өз тарапымыздан перзентханада есепшот ашу мүмкіндігін ұсынсақ деп отырмыз. Сонда алдын-ала есепшот ашуға үлгермеген әйелдер перзентханада есепшот ашып, карталарын қолына алып, сол арқылы ХҚКО ұсынған қызметтерді алар еді. Сонымен қатар, қазір пошта бөлімшелерінде саусақ таңбалары арқылы есепшот ашу мүмкіндігі қарастырылған. Ал www.post.kz сайты арқылы «Қазпошта» АҚ ұсынатын барлық қызмет түрлерін үйде отырып-ақ алуға болады. Кез келген банк карталарымен барлық төлемдерді пошта арқылы төлей алады, тіпті, www.postmarket.kz сайты арқылы газет-журналдарға жазылу мүмкіндігі бар.
Ал кәсіби мереке тұсында пошта саласында бұрын қызмет еткен ардагерлерді, қазіргі таңда еңбек етіп жатқан әріптестерді шын жүректен құттықтаймын. Оларға сапалы қызметі, табысты еңбектері үшін өз алғысымды білдіремін. Денсаулығы мықты, өмірлері нұрлы болып, отбасыларына әрдайым бақыт-береке орнасын!
Нұрбану КАМАЛ.