"Елбасының КВИ-ға тапсырған бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауды, қашықтан жұмыс істеуді және таза ауада серуендеуге уақыт бөлуді жалғастырады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Айта кетейік, бұған дейін 18 маусымда Айдос Үкібай Елбасының коронавирус жұқтырып, өзін-өзі оқшаулағанын хабарлаған болатын.
Алдағы 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды деп хабарлайды primeminister.kz
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады.
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:
Көлік қатынасы бойынша:
1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.
Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:
1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;
2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;
3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;
4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.
Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:
Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).
Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;
Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;
Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;
Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).
Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.
Жаңа шектеу шараларын талқылауға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті Р. Жүрсінов және т. б. қатысты.
Жасөспірімнің өзін-өзі анықтауы, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеруі, өз ортасында абыройлы болуы үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Сондықтан жасөспірімнің айналасымен үйлесімді байланыс орнатуда, мамандық таңдауда, достары арасында беделге ие болудағы талпыныстарында, жасөспірім үшін өмірінің қиын әрі жауапты сәті – ҰБТ тапсыруда, түрлі сәтсіздіктен шығудың жолдарын іздестіруде бірінші көмекші болатын – мектеп психологі.
Осынау зор жауапкершілікті асқан төзімділікпен атқарып жүрген мамандарымызбен жуырда Абай атындағы орта мектепте (Шелек) «Суицидтің алдын алу психолог көмегіне жүгінуді көбейтті» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Оған аудан бойынша 139 психолог қатысты. Психолог, психиатр, білім беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері суицид жасауға бейім балалар мен жасөспірімдерді анықтап, оларға тиісті көмек көрсету тәсілдерін үйретті. Бұл мақсатқа жету үшін балалардың психологиялық денсаулыққа қатысты сауатын арттыратын тренингтер ұйымдастырылды. Суицидке бейім жасөспірімнің мінез-құлқында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін түсіндіріп берді.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде жасөспірімдер арасындағы «Өмір қандай ғажайып!», «Өмір, сен маған қымбатсың!», «Өмір құндылықтары», «Қарым-қатынас жарастығы», «Сенімділік күш береді», «Өмірлік мақсатқа жету», «Сенімді дос» т.б тақырыптарда тренинг сабақтар өткізіліп, өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік сағаттарға оқушыларды қатыстыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында «Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, суицидтік жағдайлардың алдын алу», «Білім беру ұйымдарында тәрбиенің өзекті мәселелері», «Жасөспірімдер арсындағы суицидтік және жыныстық қатынастың алдын алу және болдырмау», «Отбасы тәрбиесі» т.б. тақырыптарда көшпелі 9 семинар-тренинг, 5 дөңгелек үстел өтті.
Атқарылған ауқымды істің нәтижесін барлау мақсатында аудан мектеп психологтері арасында «Педагогикалық оқу», «Жылдың үздік психологі» байқауы ұйымдастырылып, жүлделі бірінші орын иегері Т.Қабылов атындағы орта мектеп психологі Айгүл Бекен облыстық «Жылдың үздік психологі» байқауына жолдама алды. Аудан үмітін арқалаған ол облыста жүлделі үшінші орынға ие болды. Сәйкесінше, облыстық «Үздік психолог-2020» байқауында Бәйтерек орта мектебінің педагог-психологі Воцке Ангелина жүлделі II орынды жеңіп алды.
Айжан БУХАРОВА,
Еңбекшіқазақ ауданы
білім бөлімі әдістемелік орталығының әдіскері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.
Ел қуатты болса, қуаныш тұрақты болады. Ғасырларды уақыт ұршығында иірген мыңжылдықтар тоғысында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемлекет құрылды. Атасы – Алаш, керегесі – ағаш қазақтың зар заманда жоғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бүтінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақты шежіресі түзіле бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы перзенті, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылғаны – әлемде аумағы жағынан алып елдердің алғашқы ондығына енетін, ұлан-байтақ жерінің асты да, үсті де табиғи ресурстарға бай, кешегі Кеңес Одағынан ірге бөліп шыққан кезде қолында жалын атқан от қаруы бар стратегиялық маңызы зор елге уақыттың өзі сыйлаған ерекше бағы. «Ақылды басшы алдырмас» деген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары әлем картасында орын алған тектоникалық үлкен саяси өзгерістердің салмағын саралай отырып, Қазақстанның ұлттық мүддесін сыналап енгізе білген Елбасы осы бір отыз жылдың ішінде жас мемлекетті әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу мақсатымен көш бастады. Көшіміз көлікті болды. Ұлтымызда «Бас болмақ оңай, бастамақ қиын» деген сөз бар. Бұл орайда Қазақстан – қалыптасқан қоғамдық құрылыстар ауысқан алмағайып кезеңде кемеңгер басшысын таба білген ел.
Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адамдар сирек. Мұндай тұлғалар тарихты түзеді, жаңа заманды алға жетелейді. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлы – осындай айрықша ерік-жігерімен ертеңгі көкжиекке батыл қарай білген бірегей реформатор, әлем мойындаған мемлекет қайраткері! Ол – тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеурінді тұлға! Елбасымыз әлемнің ең азулы елдерінің басшылары мен саяси қайраткерлері құрмет тұтатын биікке көтеріліп, еліміз халықаралық қоғамдастықтың белді де беделді мүшесіне айналды. Бұл – күрмеуі қиын күрделі кездерде халықты ауызбіршілік пен татулыққа жұмылдырып, ескі түсініктен нарықтық қоғамға өткізген және әлемдік экономиканың белсенді қатысушысына айналдырған Нұрсұлтан Назарбаев феномені.
Менің Елбасын алғаш көргеніме де 35 жылдың жүзі болыпты. Нұрсұлтан Әбішұлы 1985 жылдың қыркүйегінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы кезінде Қытайға келген еді. Ол кезде елшілікте жұмыс істейтінмін. Сонда Үкімет басшысының қытайлықтармен келіссөздер барысында байқалған мол біліміне, тоталитаризм тұсында қалыптасқан жайлар жөніндегі батыл ойларына, сөзінің жүйелілігіне бәріміз қатты разы болғанбыз. Елшілік қызметкерлерімен бас-аяғы екі жарым сағатқа созылған бейресми әңгімеден кейін бас қосқанымызда мен әріптестеріме қарап: «Тегінде, біз Қазақстанның болашақ басшысымен сөйлескен шығармыз» дедім. Арада бес жыл өткенде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басшылығына келді.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тәуелсіздік таңындағы алғашқы кадрлық шешімдерінің бірі менің де тағдырымды айқындап берді. «Беласу» атты кітабымда: «Бұл үлкен жүректі адам менің қабілетіме сенді, сенді де оны өзім туып-өскен Қазақстан игілігі үшін аямай жұмсауыма жол ашты» деп жазған болатынмын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болған жылдарымда әлемге әйгілі саясаткерлердің Нұрсұлтан Назарбаевқа биік баға берген сөздерін талай естідім. Халқымыз үшін мерейлендім.
Елдің Президентіне ғана емес, еміренген етене перзентіне айнала білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келді, қазақ мектебінде білім алды, еңбек жолының бастауында шойын қорытып шыңдалды. Өзі туып-өскен Алатаудың асқақ шыңдарындай асқаралы арманына ерте қол созды. Жастайынан жұрттың жайын ойлады, өзі де домбыра шертіп, халық мұрасын жақсы білгендіктен, зиялы қауымға жақын болды. Ұйымдастырушылық қабілеті мен еңбекке деген ерен сүйіспеншілігі жас жетекшіні басқару жүйесінің ең биік шыңына алып келді. 1989 жылы маусым айында ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, ал 1990 жылы сәуір айында Жоғарғы Кеңес оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті етіп сайлады. Осылайша, сол кездегі әлемдік геосаясаттағы ең ықпалды елдің бірі саналатын КСРО көлеміндегі ең жас әрі ықпалды басшы ретінде көзге түсті.
Нұрсұлтан Назарбаев кәнігі саясаткер ретінде алып елдің кетеуі кетіп, шаңырағы шайқалып тұрғанын жақсы сезінді. Сондықтан да сол сындарлы шақта Одақ басшылары ортасында жүріп жатқан ойыннан тыс болып, интеграциялық үрдістердің жақтаушысы ретінде көрінді. Бұл ұстанымы қаһарлы елдің қабырғасы сөгілген кезде ТМД ұйымын құруға негіз болды. Жаңа мемлекеттердің құрылуына байланысты «югославиялық сценарийдің» болғанын ескерсек, бұл шын мәнінде ықтимал қантөгістің алдын алған сарабдал шешім болатын.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында тағдыршешті таңдау тұрды. Жас мемлекет әлемдік геосаясаттағы орнын анықтап алуға тиіс еді. Бұл туралы Елбасы былай деп еске алады: «Қазақстан қандай ел болады? Азия мен Еуропаның арасына көпір бола ма? Немесе «Солтүстік – Оңтүстік» осіне айнала ма?
Мемлекет басшысы жүргізген қайта құрулардың маңызы мен тарихи ауқымын түсіну үшін сол кездегі елдің ахуалын көз алдымызға елестетіп көрсек те жеткілікті. Кеңестік қоғамнан тәуелсіз Қазақ еліне тұралаған экономика, тоқтаған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы, кедейшілік, жұмыссыздық мәселелері «мұраға» қалған-ды. Мұның бәрі әлеуметтік қысымды күшейте түсті, кез келген уақытта ел ішінде тұрақсыздық белең алуы әбден мүмкін болатын. Сондай-ақ сол кездегі көптеген саясаткерлер мен сарапшылар еліміздің болашағына үлкен күмәнмен қарағаны да шындық. Олардың пайымынша, Қазақстандағы экономикалық, демографиялық қиындықтар мен шекараның заңды түрде бекітілмеуі елдің шынайы тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді-міс. Алайда Тұңғыш Президенттің парасатпен жүргізген пәрменді саясаты әлгіндей сенімсіздік танытқан тұжырымдардың тас-талқанын шығарды. Бір ғана шекара белдеуін шегендеп берудің өзі қаншама қажыр-қайратты қажет етті десеңізші.
Әлбетте, Нұрсұлтан Әбішұлын жаһандық саясатта танымал еткен ең алғашқы қадамдардың бірі – Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлығы болды. Сол жылдары КСРО сияқты әскери әлеуеті зор мемлекеттің ядролық қару-жарағына ие болып қалу Қазақстанға қаншалықты артықшылық бермек, әлде жаңа бір шиеленістің ошағы тұтана ма деген сауалдар күн тәртібінде тұрған-ды. Өйткені еліміздің қолындағы ядролық арсенал осы санатта әлемнің алғашқы төрттігіне қосылуға мүмкіндік беретін еді. Алайда, Елбасының саяси ерік-жігері арқылы қазақ ұлты әлемде ядролық сынақтан қатты зардап шеккен халық ретінде жойқын қаруды таратпау туралы бастама көтерді.
Тұңғыш Президенттің тоқтамын халықаралық қауымдастық та оң қабылдады. Бүгінге дейін Қазақстанның бастамасын қуаттаған бірқатар мемлекеттер ашық күнді тозаққа айналдырған ядролық полигондарын жауып, қолдау көрсетіп келеді.
Айталық Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің Жаңа жердегі сынақ полигоны, АҚШ аумағындағы «Невада» полигоны, француздардың Тынық мұхиттағы полигоны және Қытайдың Лобнор ядролық сынақ алаңы жұмысын тоқтатты. Жер шарының кез келген нүктесіне жетерлік бір мың екі жүз ядролық оқтұмсығы бар 110-нан астам баллистикалық зымыранды құрайтын мөлшері жағынан әлемдегі төртінші ядролық әлеует АҚШ және Ресеймен бірлесе отырып, залалсыздандырылды. 2006 жылдың қыркүйегінде аймақтағы өзге де елдермен бірге Орталық Азияны ядросыз аймақ деп жариялаған Семей келісіміне қол қойылды. Келісімге қазірдің өзінде 200-ге жуық мемлекет қосылып, 150-ден астамы ратификацияланды. Қазақстанның бұл бейбітшіл идеясы негізінде Президент Жарлыққа қол қойған 29 тамыз – Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күні ретінде аталып өтеді. Осы бейбіт бастаманы әлі де белсенді жалғастыруымыз қажет.
Елбасы – БҰҰ мінберінен әріптестерін атомды бейбіт мақсатқа қолдануға үндеген салиқалы саясаткер. Бұл мәселе 1946 жылы алғаш шақырылған Бас Ассамблеяда қозғалғанымен әлем елдері жанталаса қарулануын тоқтатпаған болатын. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тегеурінді сөзі мен ісі бір арнадан табылып, ол жаһандағы жойқын қаруды таратпау жолындағы жүйелі жұмысты бастап берді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ғаламдық жылыну мәселесіне де бейжай қарамай, әлем назарын Орталық Азияның ғана емес, адамзаттың бас ауруына айналған Арал проблемасына аударды. Өйткені теңіздің құрғаған табанынан ұшқан тұз солтүстік жарты шарға жеткен болатын. Бүгінде кіші Аралдың арнасы толып, тұздылығы азайып, балық шаруашылықтарына қайтадан қан жүгірді, теңіз табанынан көшкен құмды тоқтату үшін үлкен аумаққа сексеуіл ормандары егілуде. Ол осы орайда экологиялық апаттармен күресуге жәрдемдесу мақсатында әлемдік экономикалық мәселелердің реестрін дайындау сынды өте өзекті ұсыныс білдірді. Сол арқылы БҰҰ-ның әлемдік қарым-қатынастарды, адамзатқа ортақ мәселелерді реттеудегі орнын күшейтуге де үлес қосты.
Ол ұлтты біріктіруші ұлы тұлға ретінде тәуелсіздік тұжырымын бекітуге және нығайтуға бар күш-жігерін арнады. Еуразия құрлығындағы алыптардың ортасында отырып, достық рәуішті дипломатия арқылы мәмілегерлік жолды ұстанды. «Ел ұстама, ел ұстасаң, кек ұстама» деген бабалар сөзімен берік байлам жасады. Әлбетте, дүниенің екі бөлігі – Еуропа мен Азияның арасынан, екі өркениет – батыс пен шығыс мәдениетінің ортасынан, екі жүйе – тоталитаризм мен демократияның аралығынан жол тауып шыға білу – сұңғылалықпен, көрегендікпен сипатталатын саяси зор қабілет. Елбасы осы бір алшақ дүниетанымдардың арасынан қоғамға ортақ қасиеттер – азиялық дәстүр мен батыс жаңашылдығын жымдастыра отырып, жаңа тұрпатты мемлекеттің ұстынын қалыптастырды. Бүгінде барша әлем Қазақстанды қарқынды интеграцияның қатысушысы және бейбіт ел ретінде біледі. Бұл – Елбасының ерен еңбегі мен ерекше көрегенділігінің нәтижесі. Осы жолда ол АҚШ, Ресей, Қытай сияқты алпауыт елдердің, Еуропа, Азия елдері басшыларының бірнеше буынымен ресми-бейресми байланыс орнатып, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орнын айқындауға айрықша еңбек сіңірді.
Нұрсұлтан Назарбаев барлық реформаның қозғаушы күші де, кепілі де өзі болды. Сондықтан да қолға алған іс-қимылының дені сәтімен жүзеге асырылды. Оның бастамасымен еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті. Барлық мемлекеттік құрылымдарда түбегейлі реформалар жүргізілді. Демократия дәстүрлері орнықпаған, құқықтық тәртіп беки қоймаған елде қатаң орталықтандырылған жүйеден еркін нарыққа көшу үздік-создық, ауыр әрі күрделі болды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы тарапынан жасалған тәуекелі зор, үлкен қадам еді.
НАТО-ның Бас хатшысы Дж. Робертсон бұл туралы кейін: «Президент Назарбаевқа өткенді бұзу және ел ішінде шынайы реформаларды жалғастыру, тез өзгеретін халықаралық жағдайға бейімделудің қаншалықты қиынға түскенін жақсы түсінеміз» деп еске алады. Міне, осындай өтпелі кезеңде Елбасына бір мезгілде бір-біріне қайшы келетін мәселелерді шешуге тура келді. Ол бір жағынан халықтың күнделікті өмір сүруіне қажетті нәрселермен – қалалар мен елді мекендердегі жылу, жарық мәселелерін шешумен, екінші жағынан мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспарларын айқындаумен айналысты. Бірінші кезеңде қатаң билік жүйесімен астасқан экономиканы либералдандыру міндеті тұрды. Өйткені мейлінше аз шығын мен күш жұмсай отырып, жоспарланған өзгерістерді жасау үшін қуатты атқарушы билік және халық алдындағы, тарих алдындағы жеке жауапкершілік керек екенін жақсы түсінді. Ең қиын реформалар осы уақытта жүргізілді. Жекешелендірудің бірнеше кезеңі өткізілді. Нәтижесінде өндіріске жан бітті, қаржылық және макроэкономикалық тұрақтандыру іске асырылды, бюджет пен салық жүйесі құрылды, инфляция жүгенделді, халықтың өмір сүру сапасының ең төменгі жеткілікті деңгейі қамтамасыз етілді.
Президенттің бас болып атқарған үлкен бір қызметі – ұлттық валютаның қолданысқа енуі. Өзіндік қаржылық-экономикалық жүйе құрылды, биліктің атқарушы органдарының бірыңғай вертикалы бекітілді, Қарулы күштер және басқа да күштік құрылымдар жасақталды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі нығая түсті. Сонымен қатар көппартиялы жүйе жасалып, азаматтық қоғамның негізі қаланды, баспасөздің еркіндігіне жол ашылды. Қазақстан өзінің өркениетті даму жолын таңдады.
Қол жеткізілген жетістіктер мемлекеттік дамуды жоспарлаудың келесі кезеңіне өтуге, стратегиялық сипаттағы міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Осылайша Президенттің бастамасымен Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды. Бұл құжат елімізді жаһандық дамудың күрделі өткелдерінен, сындарлы сәттері мен дағдарыстарынан аман алып өтуге жол сілтеді деп нық сеніммен айта аламыз. 2012 жылы еліміздің жаңа «Қазақстан-2050» стратегиясы қабылданды. Осы арқылы ХХІ ғасырдағы жаһандық он сын-қатерге дайын болу жөніндегі негізгі бағыттар белгіленіп, еліміздің алдына әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу міндеті қойылды.
Негізгі жетістіктерге сыртқы байланыс саласында көптеп қол жеткізгенімізді айтуға болады. Жетекші елдердің арасындағы теңгерімді саясатқа негізделген дипломатия арқылы еліміз ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Елбасы әлемде жан-жақты байланысты жүргізе отырып, көпвекторлы саясаттың негізін қалады, оның авторы атанды. Ол бұрынғы КСРО мен ТМД кеңістігіндегі әріптестерінің арасынан жаһандық деңгейде мойындалған әлемдік көшбасшылардың санатына енді. Бұл жөнінде «Президент Назарбаев – кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. Қазақстан лидері – белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам. Одақтың басқа республикаларының өзі мойындаған жылы шырайлы, талантты және табанды басшы. Назарбаев елді басқарып тұрғанда, Қазақстанның табыстарға жету мүмкіндігі анағұрлым мол болады» деген Сингапурдың бірінші Премьер-министрі, көрнекті саяси тұлға Ли Куан Юдың бағасы әділ болғанын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі мінезге ие адамдармен жарасым таба алады. Әрине оның харизматикалық болмысы туралы аз айтылмайды. Мұндай сирек қасиет әркімге беріле бермейді, бұл – расында да ең әуелі табиғат сыйы, содан кейін адамның өзін өзі үнемі дамытуына тікелей байланысты қасиет. Ұзақ жылдар бойы Елбасының еңбегіне шәкірті ретінде де, серіктесі ретінде де, үзеңгілесі ретінде де көңіл аудара жүріп, әр кез қабілетіне таңғалатынымды жасырмаймын. Ол көп оқиды, ұлттық әдебиетке ғана емес, шетел әдебиетіне де көңіл бөледі, барлық оқиғадан хабардар болып отырады, елдің тарихы мен мәдениетін жетік біледі, әсіресе экономикалық ақпаратқа жіті ден қояды.
Сыртқы саясатта қызмет еткен адам ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік басшылармен кездесуге өте тыңғылықты әзірленетінін білемін. Ол Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволар дайындаған ақпараттық материалдармен мұқият танысқан, содан соң жеке қойын дәптеріне өзінің тезистерін жазған еді. Оны барлық нәрсе қызықтырған деуге болады: сол елдің экономикалық жағдайы, кездесетін тұлғаның мінезіндегі ерекшеліктер, іскерлік қасиеттері және басқалар. Осының бәрін мықтап көңілге түйетін Тұңғыш Президент барлық әріптестері, тіпті БАҚ өкілдері үшін де тартымды, қызғылықты әңгімелесушіге айналады. Ең ерекше қасиетінің бірі – әзіл сөзді орынды қолданады. Елбасының тауып айтатын әзіл-қалжыңы әр кездесу соңынан әлемдік саясат өкілдері арасына бірден тарап кетеді. Оның тапқырлығын шетел саясаткерлері үнемі жоғары бағалайды.
Бұл қасиеттері оны ұдайы жетістікке жеткізіп келеді. Дегенмен, саяси тұлғасының жөні бөлек. Ол әлемдік оқиғалар туралы, оны өз еліне өлшеп-пішу арқылы заманауи қарым-қатынастағы құрылымға үйлестіру туралы үнемі ойланады. Иә, Елбасы Қазақстанның әлемдік саясаттан шеткері қалмауы үшін де шетелдерге көбірек шыққан, резиденциясында шетелдік қонақтарды жиі қабылдаған.
Нұрсұлтан Әбішұлы Уинстон Черчилльдің «Қиын уақытта елді мықты басшы басқаруы керек» деген сөзін басшылыққа алады. Қазақстанға қатысты қарасақ, саясат алыбының бұл тұжырымы өте өзекті, өйткені мұндай басшылықсыз ел оң өзгерістер жасай алмас еді. Елбасы өзі атап өткендей, реформалардың нәтижесінде ең басты мақсатқа – адамдардың психологиясын өзгертуге қол жетті. Сондықтан Францияның экс-президенті, көрнекті саясаткер Жак Ширак: «Франция 1991 жылдан бергі өзгерістерді өте маңызды әрі шешуші өзгерістер санайды. Белгісіздік және күрделілік жағдайында Сіздің еліңіз мемлекеттік құрылыстың кері айналмайтын жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтары мен ұзақ тарихына адалдық танытып, адамзаттың ортақ демократиялық қағидаттары мен құқықтық мемлекетке бейілділігін көрсетті» деп зор бағасын бере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін шақыру, дін мен мәдениеттер арасындағы диалогтарды дамыту іспетті бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Елбасының арқасында Қазақстан интеграциялық үдерістерге ашық ел ретінде танылды. Мәселен, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Түркі кеңесі және т.б. халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі әрі бастамашысы ретінде еліміз аймақаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарды тиімді дамытудың жақтаушысы болып келеді.
Елбасының ел астанасын Арқа төсіне көшіру туралы идеясы Қазақстанның дамуындағы маңызы зор тарихи бетбұрыс болды. Оның елорданы Есілдің жағасынан салу жөніндегі бастамасы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де, әлемдік қауымдастық алдындағы беделіне де айтарлықтай серпіліс әкелді. Бұл еліміздің геосаяси бағытын нығайтуға үлкен үлес қосты. Қазақстанның біртұтас ел ретіндегі дамуын айқындай түсті. Астананы көшіру идеясы елді біріктіруші факторға айналды. Бүгінде елордамыз – халқымыздың мақтанышы һәм сүйікті шаһары. Былтыр мен астана авторының елорданы салып, дамытуға қосқан орасан зор үлесін әділ бағалай отырып, қалаға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешім қабылдадым. Бұл дұрыс шешім болғанына еш күмән жоқ. Бұл қадам Қазақстанның жаңа тарихы мен Елбасы есімінің біртұтас ұғымға айналғанын білдіреді.
Жаңа астанамыз әлемде бейбітсүйгіш қала ретінде ЮНЕСКО-ның арнайы бағасына ие болды. Нұр-Сұлтан қаласы қазір Қазақ елінің ғана емес, әлемдік ойталқылардың орталығы, халықаралық басқосулардың айтулы алаңы ретінде қалыптасты. Астанамызда 2010 жылы ЕҚЫҰ саммиті өтіп, әлем елдерінің басшылары бас қосты. Елорда 2011 жылы Қысқы Азия ойындарын Алматы қаласымен бірлесіп ұйымдастырды. 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі көз алдымызда зор табыспен өтті. Қазақ елі аталған көрмеде әлемдегі өзгермелі жағдайды ескере отырып, баламалы қуат көздерін дамыту туралы бастама көтергені мәлім. Бүгінде бұл бағытта жаңа технологиялар қолданысқа кеңінен енгізілуде. Осылайша жас мемлекетіміз Жер шарының табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны барынша қорғауға өзіндік үлесін қосты. Әлемдегі дәстүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшыларының съезі тұрақты түрде өтіп келеді. Жаһандық деңгейдегі саясаткерлер Қазақстанның этносаралық татулық үлгісін «Назарбаев моделі» деп атайды. Олар Қазақстанның бұл тараптағы тәжірибесін жіті зерделеп, басқа елдерге таратуға да ықыласты болып отыр. Елордамыз Сирия дағдарысы бойынша Астана процесі атауымен бітімгершілік миссиясына қызмет етті. Осының бәрі шаһардың шынайы келбетін қалыптастырып, шын мәніндегі бейбітшілік қаласы екенін жаһан жұртына дәлелдей түсті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ел экономикасы қарыштап алға басты, индустрияландыру бағдарламалары бойынша жемісті жұмыс жүргізілді. Көптеген кәсіпорын құрылып, бәсекелестікке төтеп бергендері ел игілігіне қызмет етуде. Табиғи ресурстарды игеруге әлемнің маңдайалды корпорациялары жұмылып, Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция құйды. Олар бүгінде бюджетке айтарлықтай салық түсімін қамтамасыз етіп отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан да ел инфрақұрылымына қажетті нысандар көптеп салынды. Мұның бәрі ең әуелі халыққа жұмыс тауып беруге жол ашты.
Негізі, бизнес нағыз бәсекелестік ортада дамитыны белгілі. Ол үшін қолайлы орта құрылып, қажетті заңнамалық-құқықтық қолдаулар жасалуға тиіс. Яғни салынған инвестицияның қорғалатынына, әділ бәсекелестік ортада жұмыс жүргізілетініне сенім болуы қажет. Мемлекет кепілдігі осы арада керек. Бұл міндеттемені мемлекеттік институт жоғары деңгейде орындады. Қазір Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі шетелдік инвесторларға қажетті жағдайдың бәрі бар. Жыл сайын елге тартылған инвестиция көлемі артып келеді. Бұл үрдіс халықтың әл-ауқатының артуына, тұрақтылығының нығаюына септігін тигізуде.
Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда кез келген өзгеріске даяр болу, үнемі ізденісте жүру, өзін өзі жетілдіру өте маңызды. Бұл ретте Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстан қоғамының ой-санасын прагматизмге үндеуге зор үлес қосты. Ел руханиятының айнасы іспеттес осы бағдарлама арқылы мәдениетіміз бен өнеріміздің жоғы түгенделіп, бары бағасын алды. «Рухани жаңғыруда» мемлекетіміздің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретін қажетті қадамдар нақты белгіленді.
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді халқымыз. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің билігін қолға алған 30 жылдың ішінде жаңа мемлекет құрудың барлық қиындығын бастан өткерді. Еңселі мұраттарды еңсеріп, толағай табысқа қол жеткізді. Қазақ жұртын төрткүл дүниеге танытып, барша әлемге мойындата білді.
Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім, өмірлік өнеге алдым. «Төрелі жерге ел тоқтайды, төбелі жерге мал тоқтайды». Былтыр еліміздің тарихында үлкен бетбұрыс болды. Тұңғыш Президент биліктің ауысуы барысында маған өлшеусіз сенім артты. Бұл тағы да Елбасы ел мүддесі жолында кез келген шешімге бара алатын ерекше батылдығын байқатты. Ең бастысы, біз биліктің ауысуын тұрақтылық жағдайында өткізе білдік. Бұл – Елбасының парасаты мен көрегенділігін көрсеткен тарихи оқиға. Былтырғы Президент сайлауында халық Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді. Сондықтан бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі!
Менің «Игілік – баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламам Елбасының бастамасымен қол жеткізген жетістіктерді еселеуге, Тұңғыш Президенттің бағытын жалғастыруға негізделген. Осылайша елімізде сабақтастық салтанат құрды. Бұл бағытта «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудамыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ел ішіндегі күрделі мәселелерді билік тармағына жеткізуші алаңға айналды.
Биылғы алғашқы жартыжылдық барлық әлем елдері секілді Қазақстанға да оңай тимеді. Жаһанды әбігерге салған пандемия бізді де айналып өтпеді. Бұл сын-қатерлер халқымызды біріктіре түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікті сәт сайын қорғауымыз керек!» деген қанатты сөзі бар. Жер шарының тұрғындарына қауіп төндірген қатерлі дерттен азаматтарымызды қорғау – тәуелсіздігімізді де қорғау деп білемін.
Індетпен күрес шаралары әлі жалғасады. Елбасы осы сындарлы кезеңде де елімен етене екенін білдіріп, өзі жетекшілік ететін Nur Otan партиясының жалпыхалықтық «Біз біргеміз!» акциясын жариялады. Үндеу тастап, үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырды. Күллі ел Елбасының ізгілікке шақыруын қабыл алып, күрделі кезеңде береке-бірліктің үлгісін көрсетуде. Бұл игі бастама Нұрсұлтан Әбішұлының халықты мемлекеттік мүддеге жұмылдырушы тұлға екенін тағы да айқын танытты.
Елдегі әлеуметтік ахуалды оңалту – біздің негізгі міндетіміз. Әлеуметтік қолдаумен бірге халықты еңбекке тартудың маңызы зор. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құруға күш салатын боламыз. Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуға ден қоямыз. Бұл – ел экономикасы мен келешегі жолындағы нақты қадам. Болашақта қазақстандықтардың адами әлеуеті жоғары болуы қажет.
Елбасы – еліміздің негізін қалаушы, елдігіміздің символы, тәуелсіз Қазақстанның төл тарихының бастауында тұрған тұғырлы тұлға! Қазақ елі қарымды қайраткерге үнемі құрмет көрсетіп келеді. Сексеннің сеңгіріне сергек жеткен саясаткердің ел мен жер алдындағы ұшан-теңіз еңбегі – ұрпаққа үлгі, баршаға өнеге! Тәуелсіздіктің бастауындағы ұйқысыз түндер мен тынымсыз күндердегі атқарылған істерді кейінгі буын келешекте әлі талай рет зерделейді, әділ бағасын береді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бар ғұмыры тәуелсіздіктің елең-алаңынан бастап бүгінге дейін Қазақ мемлекетін нығайту ісімен біте қайнасып келеді. Шетелдіктер оны заманауи Қазақстанның негізін қалаушы және көшбасшысы ретінде жақсы біледі, сыйлайды. Тұңғыш Президентіміздің мемлекет қайраткері ретіндегі қарым-қабілеті талассыз мойындалған. Мен Елбасымыз бен шетелдіктер арасындағы көптеген халықаралық кездесулер мен келіссөздердің куәсі болғандықтан, осыны зор жауапкершілікпен айтуға хақым бар деп ойлаймын. Ол – шын мәнінде жаһан жұртына кең танымал, халықаралық қауымдастықта айрықша беделді, әлемдік деңгейдегі саясат сардары. Елбасы бұл биікке қажырлы еңбегімен, парасат-пайымымен, маңдай терімен жетті.
Ендеше, біз өскелең ұрпақты барша жұрт мақтан тұтатын тарихи тұлғаның тағылымы арқылы тәрбиелеуіміз керек.
Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, 70 жастан асқан қарттар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады. Ол үшін олардың өздері немесе қамқоршылары 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыруы керек. Бұдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары оларға хабарласып, үйлеріне барып мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақытын белгілейді.
Биылғы жылдың 5 айында Азаматтарға арналған үкіметтің филиалдары тұрғындардың үйіне барып, 800 астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Ермек Бекжунусовтың айтуынша, үй-үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету – корпорация құрылған сәттен бастап пайда болған қызмет және осы күнге дейін ол өзектілігін жоғалтқан емес. «Азаматтардың үйлеріне барып көрсетілетін ең танымал қызметтер – паспорттар мен жеке куәліктерді беру, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарын рәсімдеу», – деді Бекжунусов.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясын ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маскалармен және антисептиктермен жабдықталған. Қызмет алушылармен байланысты азайту үшін ХҚО мамандары дәлізден ары өтпей, әлеуметтік қашықтықты сақтайды.
Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп көңіл бөледі. Азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, ХҚО мамандары есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар 68 азамат Алматы облысы бойынша филиалында түрлі лауазымдарда жұмыс істейді.
Услуги на дому могут получить инвалиды 1 и 2 групп, пожилые люди старше 70 лет, участники ВОВ и дети с ограниченными возможностями. Для этого, им или их опекунам необходимо позвонить на короткий номер 1414 и оставить заявку. После чего с ними свяжутся специалисты госкорпорации «Правительство для граждан» и назначат дату и время оказания госуслуг на дому.
Всего за 5 месяцев текущего года филиал по Алматинской области оказал больше 8 сот госуслуг с выездом на дом.
По словам директора филиала Ермека Бекжунусова оказание госуслуг на дому действует с момента создания корпорации и не теряет своей актуальности. «Самыми востребованными услугами на дому остаются выдача паспортов и удостоверений личности, обеспечение инвалидов сурдо-тифлотехническими и обязательными гигиеническими средствами, оформление документов на инвалидов для предоставления им протезно-ортопедической помощи и т.д.», - отметил Бекжунусов .
В условиях пандемии коронавируса сотрудники госкорпорации оказывают услуги с соблюдением всех мер безопасности. Все специалисты снабжены масками и антисептиками. Для минимизации контакта с услугополучателями специалисты ЦОН не проходят дальше холла и соблюдают социальную дистанцию.
Стоит отметить, что госкорпорация «Правительство для граждан» уделяет большое внимание оказанию госуслуг лицам с ограниченными возможностями. Помимо оказания госуслуг на дому, специалисты ЦОНов обучены языку жестовой речи для оказания госуслуг людям с нарушениями слуха и речи.
Также на различных позициях в филиале работают 68 лиц с ограниченными возможностями.
Зоя МАГОМАДОВА, заместитель председателя чечено-ингушского этнокультурного центра:
В интервью газете «Ана тiлi» Глава государства назвал четыре шага по повышению статуса государственного языка в Казахстане: во-первых, казахский язык должен стать престижным, востребованным в нашем обществе, предпочтение надо отдавать тем, кто наряду с профессиональными качествами хорошо владеет казахским языком; во-вторых, следует поддерживать и поощрять представителей других этносов, хорошо владеющих казахским языком; в-третьих, проявлять толерантность и понимание к тем нашим соотечественникам, которые допускают фонетические и орфографические ошибки при использовании казахского языка; в-четвертых, работать над улучшением содержания телевизионных и радиопередач.
В данном интервью Президент РК Касым-Жомарт Токаев логически продолжил тему своего Послания, в котором говорит, что «необходимо проанализировать политические процессы и принять конкретные меры для укрепления нашего единства», подчеркивает государствообразующую роль казахского народа, а главным инструментом объединения называет государственный язык, отводя ему значение средства межнационального общения.
«Наша позиция: «Единство нации – в ее многообразии»!», – сказал в Послании Президент. Но верно и другое – многообразие должно иметь единую основу, в качестве которой и выступает казахский язык. Знание казахского будет и необходимым «социальным лифтом» для перспективной, одаренной молодежи всех национальностей, желающей поступить на госслужбу, принимать активное участие в общественной жизни и культуре страны.
Как преподаватель, я считаю, что год 175-летия со дня рождения великого Абая Кунанбайулы дает возможность и учащимся, и учителям уделить основное внимание казахской культуре, основанной на государственном языке, и следовательно, принять меры к его усиленному изучению. Пропаганда и повсеместное использование казахского языка – это и условие развития языков и культуры всех этносов. Вокруг данного принципа должна строиться национальная идея развития Казахстана, укрепление межэтнического согласия и межрелигиозного взаимопонимания.
****
Ангелина ВОЦКЕ, Бәйтерек орта мектебінің педагог-психологі:
Мемлекеттік тілді білу – міндет
«...Біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі» – деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ана тілі» газетінде жарияланған «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатында. Рас, мемлекеттік тіл саясат жүзеге асыруда тілді жақсы меңгерген өзге ұлт өкілдері басқаларға шабыт сыйлауы әбден мүмкін.
Мемлекеттік тілді білу – сол елде тұратын барша азаматтардың міндеті. Мейлі ол қазақ, орыс, кәріс немесе басқа ұлт өкілі болсын. Біз Қазақ елінде тұрып, осы жердің суын ішіп, осында еңбек етіп, өмір сүріп жатқан соң, заңмен айшықталған мемлекеттік тілді де білуіміз керек. Айталық, Францияда тұратын ұлттардың барлығы француз, Жапониядағылар жапон, Қытайдағылар қытай тілінде сөйлеп, сол тілде қарым-қатынас жасайды (халықаралық қатынас тілі саналатын ағылшын тілін қоспағанда). Біз де осындай дамыған мемлекеттерден үлгі алып, солай қарай ұмтылуымыз керек. Ол үшін Мемлекет басшысы айтпақшы, бос ұран мен қу шөппен ауыз сүртудің қажеті шамалы. Нақты еңбек етіп, іске кірісу керек. Бұл межеге орыс тілінің тынысын тарылтпай-ақ жетуге мүмкіндік зор. Қазақ тілін білмейтін қазақтандықтарға өзге ұлт өкілдері үлгі болуы тиіс. Мұндай азаматтар бүгінде ел алдында жүр. Енді ғана 30-дан асқан Геннадий Шиповских бүгінде Парламент Мәжілісінде депутат болып отыр. Ұлты орыс болса да, қазақ тілін жетік меңгерген мәжілісмен депутаттық сауалдардың барлығын мемлекеттік тілде қояды. Оксана Петерс, Ирина Тен, Майя Веронская, Ламбриан Топузидис сынды қазақ тілді тележурналистер көпке үлгі болған еді. Бүгінде Мемлекет басшысы осыған баса назар аударып, мемлекеттік тілге деген қызығушылықты өзге ұлт өкілдері арқылы оятуды қолға алуда.
Расында, тілді білген сайын сол ұлттың өзін де біліп, терең бойлай бастайсың. Мен де осы күнге дейін мемлекеттік тілді меңгеріп, қазақ тілінен өткен бірнеше байқауларға қатыстым. Күні кеше ғана қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай оқулары» облыстық байқауында жүлделі ІІІ орынды иелендім.
Дәрия ЖАЗЫЛБЕК, волонтер:
Ұлттық болмысқа сай бағдарламалар керек
Мемлекеттік тіл – жекелеген ұлттың ғана емес, елімізде тұратын әрбір қазақстандықтың мақтанышы. Сондықтан, оны құрметтеу, білу, біліп қана қоймай, күнделікті өмірде қолданып, дамуына үлес қосу баршамыздың азаматтық парызымыз.
Бұл турасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында айтып өткен еді. Президент өз сөзінде өткен ғасырдың бас кезіндегі аз ғана халықтан Орта Азиядағы ең үлкен ұлтқа айналған өзбек халқын мысалға келтіріп өтті. Олар да қазақ халқы секілді Кеңес үкіметінің құрамында болып, 90 жылдары тәуелсіздікке қол жеткізген. Осы уақытқа дейін бос ұрандамай, тіл мәселесін шешіп алған. Олар өзбек тіліне басымдық беру арқылы, орыс тілін қолдана отырып-ақ, ана тілінің дәрежесін көтере білген. Біз де өзбек ағайындардың тәжірибесінен үлгі алуымыз керек.
Осы тұста бүгінгі тәрбие құралына айналған телевизиялық бағдарламалардың сапасына, ұлттық менталитетке сай келуіне аса мән беріп, отандық бағдарламалар жасау керектігін өте ұтымды көтерді Мемлекет басшысы. Қазіргі уақытта еңбектеген баладан еңкейген қарттарға дейін үйдегі «көк сандықты» ашады. Қарап отырсаң барлығы шетелдік, әсіресе, көрші Ресейдің бағдарламаларын айна-қатесіз көшіріп алған. Бұл біздің болмысымызға сай емес. Арзан ойын-күлкіні мақсат еткен жобалардан гөрі, ұлттық идеяға қызмет ететін дүниелерді шығарған жөн. Бұл да мемлекеттік тіл мәртебесінің артуына септігін тигізері анық.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін болуы керек. Әсіресе, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазым иелеріне бұл тұрғыда қатаң талап қойылуы керек деген сөздері көңілге қонымды.
Сондықтан еліміздің бүгінгі басшысы айтқандай көп сөзбұйдаға, саясаттандыруға салмай нақты іске көшу керек. Ал нақты іс жайында айтар болсақ, бүкіл ел болып мемлекеттік қазақ тіліне күнделікті өмірде мән бере жүруіміз қажет. «Өз ағам» деген өзбек көршіміз ұрандатпай-ақ тіл мәселесін толық шешіп алғаны да мысалға келтірілген сұхбатта. Ал өз басымнан өткен мынадай оқиғаны айтпай кете алмадым. Ташкенттің орталық базарының алдында тағам саудалап тұрған өзбек азаматынан орысша оқыған туысқаным орысшалап кәуәп сұрап еді, мойнын да бұрмады-ау акамыз. Мәселенің мәнін түсініп кәуәпшіге қазақша сәлемдесіп, өтінішімізді де өз тілімде жеткізіп едім, өзбек өз ағам «жайылып жастық, иіліп төсек» дегендей жік-жапар болып қызметін көрсетті. Міне өз тілін төмендетіп, анасының тілін меңгере алмай жүрген қандастарымызға қандай сабақ беріп еді сонда.
Ал биік лауазымды мемлекеттік қызметкер қағазға қазақша жазып берген мәтінді акцентпен, яғни шетелдік азаматша сөйлеп міңгірлеп тұрғанда намысымыз келетіні де шындық.
Сондықтан сөзді қойып, іске көшейік – ел болып бай да көркем ана тілімізді игеріп, елдігіміздің іргесін нығайтаық.
Хайролла АХМЕТЖАНОВ,
бас редкатор,
Қазақстанның құрметті журналисі
На совещание по мерам противодействия распространению коронавирусной инфекции Президент Касым-Жомарт Токаев сказал:
Бейне байланыс режимі арқылы өткізілген жиынға Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде дер кезінде жарияланған қатаң карантин шаралары уақыттан ұтып, эпидемияның қатты өршіп кетпеуіне мүмкіндік бергенін атап өтті. Өкінішке қарай, Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін барлық карантин шаралары босаңсып кетті.
– Биылғы 11 мамырда шектеулер алынғаннан кейін вирустың таралуы 7 есе өсті. Бұл көп жағдайда бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты болып отыр. Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық және жергілікті органдары Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейінгі кезеңде тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын атап өту қажет. Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек. Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіре алмады, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар дер кезінде атқарылмай, тиімділігі аз шаралардың қабылдануы салдарынан еңбек ұжымдарында, ірі өндіріс орындарында жаппай вирус жұқтыру ошақтары пайда болды. Атырау облысындағы Теңіз кен орны індет жұқтырудың орталығына айналды. Онда дертке шалдыққан 1222 адам тіркелді. Алматы қаласында тұрғындардың ғана емес, медицина қызметкерлерінің арасында да науқастанғандар өте көп. Елордадағы көптеген мекемелер карантин жағдайының өзінде санитарлық талаптарды сақтамаған. Өңірлердегі ауруханаларда науқастар жататын орынға, медицина кадрларына, дәрі-дәрмекке, медициналық құрал-жабдықтарға тапшылық қатты байқалады.
– Жұмысына салғырт қарағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа ескерту жасаймын. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялаймын. Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертемін. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты. Тиімді ақпараттық жұмыстың өз деңгейінде жүргізілмеуі де жағдайды ушықтыра түсуде. Біздің халықпен арадағы диалогымыз өз деңгейінде нәтиже бермеді. Ақпараттар легі теріс пікірлердің ықпалында кетіп, дәрігерлердің ерлікке пара-пар еңбектері көрінбей қалды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке цифрландыру саласындағы жұмыстарға салғырт қарағаны үшін ескерту берілді.
Мемлекет басшысы Ведомствоаралық комиссияның шұғыл әрі қатаң үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етуге, оның орындалуына мониторинг жүргізуге және бақылауға қауқарсыз болып отырғанын айтты.
– Пандемиямен күрес жөніндегі барлық шешімдерді, оның әлеуметтік және экономикалық теріс әсерлерін жоюды Премьер-Министр басшылық ететін тиісті Мемлекеттік комиссия аясында пысықтауды тапсырамын. Мемлекеттік комиссия ең маңызды деген ресурстардың таралуын бір орталықтан бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдау мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күннің ішінде биылғы наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша маған ұсыныс әзірлеп, енгізуді тапсырамын, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев лабораториялық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, реагенттер мен жұмсалатын материалдардың үздіксіз жеткізілуін шешуді, ПТР-лабораториялардың саны мен қуаттылығын арттыруды тапсырды.
– Тұрғындардың лабораториялар маңындағы кезектің көптігіне, санитарлық нормалардың сақталмауына қатысты шағымдануы әділетті. Мұның бәрі тікелей ауру жұқтыру қаупін күшейтеді. Сондықтан вирус жұқтырудың алдын алу және бір орталықтан таратуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, есепке қою мақсатында ПТР сынамаларын тапсыруды онлайн жазылу немесе Call орталық арқылы жүргізу қажет. Індет ошақтарындағы жұмыстар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде мобильді лабораторияларды ұйымдастыру және мобильді қызметті одан әрі дамыту үшін қаржы бөлу аса маңызды, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, емдеудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте проблемаларды шешу үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне барлық қаржылық және инфрақұрылымдық ресурстарды жұмылдыру тапсырылды.
– Пандемияның екінші толқынын ескере отырып, шілденің соңына дейін жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған төсек орындарын 50 пайызға арттыруды тапсырамын. Бұл үшін өңірлер барлық резервті, соның ішінде, жеке және ведомстволық медицина орталықтарын пайдалануы керек. Үкіметке дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін бес күннің ішінде шешуді тапсырамын, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жүргізіп жатқан ақпараттық жұмыстарының маңыздылығын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, бұл жұмыс бастапқы кезеңде жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жібергендей әсер қалдырады.
– Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда. Өкілетті қызмет орындарынан дұрыс жауап ала алмаған тұрғындардан шағымдар көп түсіп жатыр. www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту қажет екенін айтты. Жауапты тұлғалар өткізетін тұрақты брифингтерді жолға қойып, індет жұқтырған кездегі іс-әрекеттердің алгоритмі жөнінде халықты нақты әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.
– Телеарналарда тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беретін бағдарламалар ұйымдастыруға не кедергі? Азаматтарға емделудің протоколы мен алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер мен оны пайдалану жөнінде түсіндіру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әкімдер мен министрлерге бюджетті қайта қарау және конференция, дөңгелек үстел, салтанатты шаралар, консалтингтік және PR-қызмет секілді қажетсіз шығындардан бас тарту жөнінде тапсырма берілді. Бұл қаржының барлығы эпидемиямен нақты күреске бағытталуы керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бағаны тұрақтандыруға, азаматтарды қажетті азық-түлікпен, жұмыспен қамтамасыз етуге, экономикалық белсенділікті арттыруға және цифрлық технологияны дамытуға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар жүйелі әрі толыққанды орындалуы тиіс. Бұл мәселе әрбір әкімнің ерекше бақылауында болуы қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті шұғыл шаралар қабылдаумен қатар, коронавирус пандемиясының ұзаққа созылуына дайын болуға шақырды. Осыған байланысты орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық жоспарын әзірлеуді тапсырды.
– Иә, бұл – қауіпті ауру. Оны емдейтін вакцина әлі жасалған жоқ. Бірақ оны қауіпті екен деп байбалам салып, үрейге бой алдырмау керек. Сондай-ақ жөнсіз әрекетке барып, дәрігерлерге тіл тигізіп, санитарлық режимді бұзуға жол берілмейді. Ал науқастанып қалғандар сарыуайымға, пессимизмге салынбағаны жөн. Ем алумен қатар, ағзаның күші, адамның көңіл-күйі оның құлантаза айығып кетуіне ықпал етеді. Денсаулық сақтау министрлігі және санитарлық дәрігерлердің ұсынымдары мен талаптарын естен шығармауды сұраймын. Мұның бәрі мемлекеттің ең басты игілігі – сіздердің, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған, – деді Мемлекет басшысы.
Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сөз сөйледі.
Дереккөз: akorda.kz
Əлемдік пандемия COVID-19 қоғамның барлық саласына өз əсерін тигізді. Карантин кезеңі азаматтардың жүріс-тұрыстарын шектегенімен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Елімізде індеттің таралу қауіпі əлі де сақталып отырғандығына байланысты қоғамдық жəне жеке ұйымдар жұмыс тəсілдерін өзгертті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тəртібі де жаңа форматқа көшті. Енді азаматтар фронт-офистерде тек қағаз жүзінде көрсетілетін 100-ге жуық қызметтер мен egov.kz арқылы рəсімделген өтініштердің нəтижесін ала алады.
Бүгінгі таңда электронды үкімет порталында барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын қазақстандықтар өз үйінен немесе жұмыс орнында отырып-ақ алуына болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болса болғаны. Қазіргі уақытта ЭЦҚ-ны да egov.kz порталында алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ кейбір қызметтер мен сервистерді ЭЦҚ-сыз, бір реттік құпиясөздің көмегімен алуға болады. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Электронды түрде қолжетімді қызметтерді азаматтар өздігінен egov.kz порталында, eGov mobile, EgovKzBot2.0 мобильді қосымшаларының, Facebook жəне Вконтакте əлеуметтік желілері чат-боттар арқылы да ала алады.
Осы жерде айта кеткен жөн, жоғарыда айтылған жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде қалаға қарағанда келушілер санының айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз, бұрынғыдай жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, үш санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар жəне мүгедектігі бар азаматтар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Ол үшін əр фронт-офисте жеңілдік терезелері ұйымдастырылған.
Əлемдік сарапшылардың айтуынша, пандемиядан кейін əлем бұрынғыдай болмайды, жаңа ережелердің пайда болуы заңды құбылыс. Төтенше жағдай енгізілген соң «Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметін тоқтатпай, қашықтан жұмыс істеді. Қазірдің өзінде республика бойынша 2000-ға жуық маман қоңырау арқылы азаматтарға консультациялық көмек көрсетіп, қызметтерді онлайн рəсімдеу бойынша ақпараттық сүйемелдеу жасауда. Алматы облысындағы 1414 call-орталықта арнайы оқудан өткен 100-ге жуық қызметкер телефон арқылы кеңес беруде. Бұдан бөлек, филиалдың 50 қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасына тіркейді, тағы 20 қызметкер бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейнеидентификациялау үшін тартылған.
Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.
Сондай-ақ, енді «Азаматтарға арналған үкімет» операторлары қазақстандықтарға egov. kz порталындағы бейне қоңырау арқылы тікелей кеңес бере алады. Ол үшін парақшаның оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» батырмасын басу қажет. Карантин жағдайында филиал қызметкерлері бірыңғай байланыс арқылы қоңырау шалған аймақ тұрғындарына 62 мыңға жуық кеңес берді. Үйден жұмыс жасаған қызметкерлеріміз ұялы телефон арқылы 72 мыңнан аса кеңес берді жəне 120 мыңға жуық бейнеқоңырауға жауап берді.
Айта кетейік, соңғы екі айда 12 мынға жуық дайын құжаттар берілді жəне мандандырылған ХҚО арқылы онлайн режимінде азаматтарға 300 жуық жүргізуші куəлігі берілді жəне автокөлікті қайта тіркеу бойынша 150 астам қызмет көрсетілді Сондай-ақ, карантин уақытында egov.kz электронды үкімет порталы, Telegram боттағы eGovKzBot2.0, eGovMobile мобильдік қосымшалары арқылы қызмет алуға өтініш берушілер саны артқанын байқадық.
Сондай-ақ, бүгінде аймақтағы ХҚО бөлімдері барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сəйкес жұмыс жасап жатыр. Атап айтқанда, орталықтардың ғимараттарында бетперде киіп жүру режимі сақталған. Ғимараттарда санитарлық тазартқыштар орналастырылып, антисептиктермен қамтамасыз етілген. Вирус жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кезекте тұрған азаматтар үшін ғимараттардың ішінде де, сыртында да 1,5-2 метр қашықтықта таңбалар қойылған. Бүгінде кең таралған мемлекеттік қызметтер электронды түрге өтті. Осы орайда қызмет алушыларға қажетті құжаттарын онлайн рəсімдеуге кеңес беремін. Өздеріңізге жəне жақындарыңызға қамқор болыңыздар. Амандықта болайық!
Ермек БЕКЖҮНІСОВ,
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының
Алматы облысы бойынша директоры
2020 жылдың көктемі бәріміз үшін оңай болған жоқ. Көптеген адамдар үшін нағыз сынақ болды, әсіресе, шағын кәсіпорындарға әсер етті. Бірақ «толқынға ілесіп», ағымдағы жағдайға тез бейімделе алатын адам ғана аман қалатынын уақыт көрсетті.
«Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты бағыты - жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру. Бірлестік базасында тоқыма қайта өңдеу бойынша тігін цехы жұмыс істейді. 2019 жылы қоғамдық бірлестік әлеуметтік кәсіпкерлік жолымен жүруді шешті, «Ескі заттардың жаңа өмірі» жобасын әзірледі және «Әрекет» жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан грант ұтып алды.
Грант қаражатына өнеркәсіптік тігін жабдығы сатып алынды, ол жұмыс орындарының санын кеңейтуге мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 12 әйел жұмысқа орналастырылды. Кәсіпорын төсек-орын және үй тоқымасын шығаруды, сондай-ақ балалар киімін тігуді жолға қойды. Алайда пандемия өз әсерін тигізбей қоймады. «Жігер» командасы бірден жауап берді: өндіріс тоқтаған жоқ, бірақ қайта жанданды. Енді көп реттік қорғаныш маскаларын шығару керек деп шешілді.
«Қатаң карантиндік шаралар қабылданғанға дейін біз цехта жұмыс істедік. Сапалы материалдарды пайдаланып, маскалар тігілді. Біз бірден өнімнің бір бөлігін қайырымдылыққа – көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге табыстаймыз деп шештік», - дейді «Жігер» ҚБ жетекшісі Ажар Қыдыралина.
Карантин кезінде 10 000 маска тігіліп, 4 000 маска қайырымдылыққа берілді, қалғандары сатылды. Табыс материал сатып алуға және цех қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалды.
«Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан соң біз қызметкерлерді үйден жұмыс істеуге жіберіп, оларға тігін машинкаларын таратып бердік. Біз үшін карантин лайықты түрде жеңіп шыққан сынақ болды. Біздің қызметкерлеріміздің ешқайсысы жұмыстан айырылып, жұмыссыз қалған жоқ», - дейді Ажар Қыдыралина.
Қазір маскалар шығару тоқтатылды, ал тігін цехының қызметкерлері декор элементтерін дайындаумен айналысуда: олар өз қолдарымен бойлық және үстелдік шамдар, себеттер жасайды, сондай-ақ ескі заттарды қайта өңдейді және қалпына келтіреді. Өндірілетін өнім жергілікті тұрғындар арасында сатылады, өнімнің құны 8 000-нан 20 000 теңгеге дейін, олардың барлығы - эксклюзивті.
«Әсіресе өңірлерде жұмыссыздық мәселесі өзекті болып қалуда және бұл мәселені елемеу дұрыс емес болар еді. «Ескі заттардың жаңа өмірі» жобасы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған және мұнда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан әйелдерге ерекше көңіл бөлінеді. Жалақы оларға сатылатын өнім есебінен беріледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік осылай жұмыс істейді», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
«Жігер» ҚБ-нің жоспары - Талдықорған қаласының жұмыссыз азаматтарына жұмыс орындарын ұсынып, өз өндірісін кеңейте отырып, әрі қарай өсе беру.
«ӘREKET» жобасы туралы анықтама
«ӘREKET» Гранттар байқауы 2019 жылдың маусымында басталды. Жобаның бастамашысы – «Samruk-Kazyna Тrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Бірінші кезең өтінім беруден тұрды. Байқауға барлығы 290 өтініш келіп түсті, оның ішінде бірінші кезеңде, байқау комиссиясының мұқият бақылауынан кейін 67 өтініш іріктелді.
Екінші кезеңнің шарты іріктелген коммерциялық емес ұйымдардың толық өтінімдер беруі болды. 1 тамызда Комиссия 51 финалисті анықтады, олар Нұр-Сұлтанға оқуға келді (101 адам, әр КЕҰ-дан 2 өкілден).
Олардың барлығы қаржы, әлеуметтік кәсіпкерлік, PR және маркетинг саласының жетекші халықаралық сарапшыларынан үш күндік оқудан өтті. 2019 жылдың 13-15 тамызы аралығында КЕҰ өкілдері әлеуметтік кәсіпкерліктің заңдық және салықтық аспектілерін, бизнес-модельдерді құруды, маркетинг-жоспар құруды және т.б. зерттеді.
Оқудан кейін барлық КЕҰ өз жобаларын қазылар алқасының қарауына ұсынды. Нәтижесінде 25 қазақстандық КЕҰ 3 млн теңгеге дейінгі грантқа ие болды, оның ішінде Алматы облысынан 5 КЕҰ және Алматы қаласынан 3 КЕҰ. Жеңімпаздардың арасында «Жігер» ҚБ гранттың арқасында «Ескі заттардың жаңа өмірі» жобасын жүзеге асыра алды.
Қазір барлық жеңген жобалар іске асырылуда. Тоғыз ай ішінде қатысушылар өз өңірлерінде жобаларды дамытады. Осы уақыт ішінде Қордың менеджерлері грант алушыларға түрлі мәселелер бойынша кеңестер берді, онлайн оқыту вебинарлары арқылы қолдау көрсетіп, жобаның тиімділігіне және қаражатты тиімді бөлуге мониторинг жүргізуде.
Айта кету керек, Гранттар байқауында жеңіске жеткен жобалар – «Samruk-Kazyna Тrust» Қорымен шарт жасалғаннан кейін де өз жұмысын жалғастырады. Гранттар байқауы олар үшін әлеуметтік кәсіпкерлік әлеміндегі «трамплин» алаңына айналды. Жобаның негізгі міндеті қоғамға нақты пайда әкелетін және КЕҰ-ға әлеуметтік кәсіпкерлік жүргізуге үйрететін аса маңызды жобаларды анықтау болды.
Жобаның басты мақсаты - Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, оларды бизнесті жүргізу дағдыларына үйрету және кәсіпкерлік тәсіл арқылы әлеуметтік проблемаларды шешу.
«ӘREKET» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.
Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы атақты археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов жайлы төмендегідей шағын естелігімен бөліскен екен.
Көре отырыңыз, оқырман.
"Бекзат болмыс, бала мінез Бекен атамызды "археология абызы" десек, артық айтқанымыз бола қоймас. Бар ғұмырын археологияға арнаған ақсақал ақтық демі таусылғанша өз ісіне адал болып өтті. Назарларыңызға абыз атамыздың сәулелі ғұмырынан бір үзік сыр ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!"
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған індет, өкінішке қарай, біздің елімізге де оңай тиген жоқ. Пандемия алғаш басталғаннан-ақ, Өзіңіздің басшылығыңызбен мемлекет көптеген әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды қолға алды. Одан жалпы жұрт хабардар. Елімізде жарияланған төтенше жағдай екі айға жуық мерзімге созылды. Карантин шаралары әлі де жалғасып келеді.
Жалпы соңғы кезде карантин шараларына қарамастан елімізде індет тез таралуда. Қазірдің өзінде дерт жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Жүзден аса адам осы науқастан қайтыс болды. Жұрт кәдімгідей үрей құшағында қалды. Бұл індет түрлі деңгейдегі билік өкілдерін де айналып өткен жоқ. Ел арасында «Үкімет індеттің таралуын бақылаудан шығарып алды, сондықтан ауруханаларда орын жетіспейді» деген секілді әңгімелер де аз емес. Дүрліккен жұртқа қандай басу айтасыз? Расында да, осы індеттің таралуына қарсы күресте жеңіліп жатқан жоқпыз ба?
– Шынында да, бұл індет біздің ғана емес, жалпы әлемдегі адамзаттың бет-бейнесін, тұрмыс-тіршілігін өзгертті. Ауыр дерттің алдында дамыған мемлекеттердің өздері дәрменсіз болып отыр. Оған бәріміз куәміз. Озық деп жүрген Еуропа елдері, азуын айға білеген АҚШ, Азия алыптары – Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тағы басқа да елдер тығырыққа тірелгендей.
Ал қазір, «біз осы індетпен күресте жеңіліп жатырмыз немесе Үкімет ахуалды бақылаудан шығарып алды» деуге болмайды. Өздеріңізге мәлім, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұқпалы ауруларға арналған үш аурухана жедел салынды. Басқа өңірлердегі ауруханалар керек-жарақпен жабдықталды. Науқастарды емдеуге дәрігерлеріміздің біліктілігі жетеді. Қазір, ақ халатты абзал жандар күндіз-түні осы індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Мемлекет тарапынан қажетті қаражат бөлінді.
Бір нәрсені айта кетейін, биліктегілер де – өздеріңіз секілді ет пен сүйектен жаралған адамдар. Лауазымды қызметкерлер жұмыс бабына байланысты бірқатар азаматтармен кездесуі керек, сондықтан ел ішіндегі іссапарларға шығады. Сондай жағдайда кеселді жұқтырып алуы мүмкін. Иә, олар да ауырады, науқасынан емделеді. Билікте жүргендердің арасынан 15 шақты адам осы дертке шалдықты. Ал қазіргі статистика бойынша, вирус жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Яғни олардың көпшілігі – қарапайым халық. Бұл жердегі мәселе кімнің қалай жұқтырып алғанында емес. Сол азаматтарымыздың ауруын асқындырып алмай, тезірек жазылып шығуына жағдай жасау қажет. Ауруға шалдыққандарды шенеунік немесе қарапайым жұрт деп бөліп қарауға болмайды. Қазақ «Кемедегінің жаны бір» дейді. Біз бір елде тұрып, бір ауаны жұтып, бір қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін ешкім де бұл аурудан өзін толықтай қорғай алмайды. Бір планетаны мекен еткен соң өзге елдегі дерт бізге келмейді деп бейқам отыра алмаймыз. Пандемия шекараға қарамайды. Сақтансақ қана өзімізді, жақындарымызды аурудан аулақтата аламыз. Сондықтан ел азаматтарын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақырамын. Бұл – өтпелі қиындық, уақытша сынақ. Біз осы індеттен және экономикалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән бергеніміз жөн.
– Иә, қоғам орнында тұрмайды, дамуы керек. Орайы келгенде қордаланып қалған, келешекте қалай болады деп халық жауабын күтіп жүрген бірқатар қадау-қадау мәселелер жайлы сөз қозғасақ. Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауыңызда қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту мәселесіне ерекше тоқталған едіңіз. Өзіңіз білесіз, биыл жарық көргеніне 30 жыл толған «Ана тілі» ұлт басылымы да тұңғыш санынан бастап туған тілдің бары мен жоғын түгендеп келеді. Мемлекеттік тіліміз ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін қандай қадамдар жасалуы керек деп есептейсіз?
– «Ана тілі» газеті – қазақ тілінің қоғамдағы мән-маңызын арттыру, оның көкжиегін кеңейту мәселесін ұдайы қозғап жүр. Бұл басылым әрдайым ұлттық мүддеге берік болып, тілімізге жанашырлық танытып келеді. Осындай елеулі еңбектеріңіз үшін басылымда жұмыс істейтін журналистерге, үнемі ой-талқыға атсалысып жүрген жазушылар мен ғалымдарға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Осы отыз жыл ішінде қазақ тілін дамытуға қатысты ештеңе істелген жоқ деуге болмайды. Туған тіліміздің қолдану аясын кеңейту үшін көп жұмыс атқарылды. Оған дау жоқ. Мұны сырт көз сыншылар да айтып жүр. Бірақ олардың кейбірі мұндай үрдіске аса қуана қоймайды. Өйткені енді қазақ тілінің дамуын тежеп, ел ішінде кең өріс алуын тоқтату мүмкін емес екенін сезеді.
Қазақ тілінің жағдайы туралы айтқанда, мемлекетіміздің негізін қалаған, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айырықша еңбегін атап өтуге тиіспіз. Ол елімізде мемлекет құраушы ұлттың саны едәуір аз болғанына қарамастан Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялады. Сондай аумалы-төкпелі кезеңнің өзінде Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей ықпал етуімен Парламент қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.
Шындығында, тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей-жай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін. Бұған Украинаны мысалға келтірсек те жеткілікті деп ойлаймын. Мемлекеттік тілді дамыту ісінде қызбалыққа салынып, оның қолдану аясын күшпен кеңейтуге ұмтылудың кері әсері болары анық. Өйткені оның соңы ұлтаралық араздыққа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бұл тұрғыда геосаяси жағдайды да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Әсіресе Ресеймен арадағы шекарамыздың әлемдегі ең ұзын шекара екенін де әсте естен шығармаған жөн. География – геосаясаттың маңызды факторының бірі.
Бірақ бұл мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарды тоқтатып қою керек дегенді білдірмейді. Қайта оны ың-шыңсыз, айғайламай, қызбалыққа салынбай, бірақ табанды түрде жалғастыра беру қажет. Бұл орайда Өзбекстанның тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Олар өздеріне тән жайлы мінезіне салып, ұрандатып-шулатпай-ақ, қажет кезінде орыс тіліне де жүгіне отырып, тіл мәселесін толық шешіп алды. Менің таңғалатыным, Өзбекстанның мемлекеттік органдарында әлі күнге дейін орыс тілі қолданылады. Тіпті олардың тұтас тарихында да осылай болған. Өзбектер қоғамдық қатынастарды саясиландырмай, еңбек пен саудаға басымдық беріп, ХХ ғасырдың бас кезіндегі аз ғана халықтан қазір Орталық Азиядағы ең үлкен ұлтқа айналды. Сондықтан ұлы Абайдың өзбек халқына қатысты айтқан парасатты ой-пікірі қазіргі технология ғасырында да өзінің өзектілігін жоғалтпағанын байқаймыз. Өзбектер саясатқа құмар емес, олар еңбек еткенді құптайды. Бұл ел көшеде ұрандатып шеруге шығып жүрген жоқ. Қайта жасампаздыққа жетелейтін еңбекпен айналысып жатыр.
Тарихтан сабақ ала отырып, біз технология мен роботтар басты рөл атқаратын жаңа дәуірдегі қазақ халқының игілікті өмірі жайында ойлануымыз керек. Әлем түпкілікті өзгерістердің алдында тұр. Сол себепті есте жоқ ескі заманды аңсамай, лингвистикалық мәдениеттің айналасын шиырлай бермей, тарихымызды да дәріптеп, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, алға ұмтылуымыз қажет. Біздің мемлекеттік тілдің жағдайын қайта-қайта көтеріп, оның мүшкіл халі туралы айта бергенімізге өзге елдер, әсіресе Орталық Азиядағы мемлекеттер түсінбей, таңданыспен қарайды. Қазір – нағыз аз сөйлеп, көп іс тындыратын шақ. Олай болмаған жағдайда біз өзімізді халықаралық қоғамдастықтың алдында кемшін ұлт ретінде көрсетеміз. Ал енді не істеу керек?
Біріншіден, қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында – анахронизмге айналуға тиіс.
Екіншіден, біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі.
Үшіншіден, қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастарымыздың арасында да аз емес. Олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдай түскеніміз жөн.
Төртіншіден, телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл ақпарат өнімдері Ресей бағдарламаларының көшірмесіне емес, қайта қоғамдық ойдың қайнар көзіне айналуға тиіс. Арзан ойын-күлкіден гөрі, ұлттық идеяға қызмет ететін топырағымыздан тамыр алған төл бағдарламаларды молайту қажет.
Меніңше, Орталық Азиядағы көршілеріміздің тәжірибесі бізге пайдалы әрі үлгі боларлықтай. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру жолында кинематографияның да алар орны ерекше. Бізге тарихи оқиғаларды дәріптейтін, қазіргі қоғамды да бейнелейтін сапалы дүниелер керек. Қырғыз киногерлері «Құрманжан датқа» деген мәнді, мағыналы, көз қуантып, көңіл толатын фильм түсірді. Соған бар-жоғы 1,5 миллион доллар жұмсаған. Ал біздің кинематографистер бұдан әлдеқайда көп сұрайды. Ал түсірген дүниелерінің сапасы әрдайым көңілден шыға бермейді. Өкінішке қарай, бүгінде біздің киногерлер де ауызбіршілік таныта алмай отыр. Бұл – шығармашылықты тұралататын жағдай.
Әрине, ауызды қу шөппен сүрте беруге болмайды. Мені еліміздегі блогосфераның қазақ тіліне қарай ыңғайланып келе жатқаны қуантады. Дей тұрғанмен, біз әсіреұлтшылдық пен радикализмге бой алдырмауыз қажет. Сондай-ақ қазақ тілін дамытамыз деп орыс тілінің мәртебесін шектемеуіміз керек. Жоғарыда айтқанымдай, тіл мәселесінің астарында үлкен саясат бар. Сондықтан бұл тұрғыда асығыстық пен жалаң ұрандату мемлекеттігімізге кесірін тигізуі мүмкін. Жалпы алғанда, жоғары оқу орындарында нақты ғылымдарды орыс тілінде оқыта берген жөн. Осы ретте бізге Малайзияның тәжірибесі үлгі бола алады. Бұл ел алғашқыда ағылшын тілінен бас тартып, кейіннен ойлана келе, оны жоғары оқу орындарында және дипломатиялық қарым-қатынастың құралы ретінде қалдырды. Біздің өскелең ұрпақ қазақ тілімен қатар, орыс тілін де еркін меңгеруі керек.
Бұл – уақыт талабы. Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс. Орыс тілін де оқыту керек. Ал ағылшын тілін 5-6 сыныптардан бастап мектеп бағдарламасына енгізген абзал.
Қазір демографиялық ахуалдың өзі қазақ тілінің ұпайын түгендеу бағытына қарай дамып келеді. Яғни біз алға қойған мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мұндай астары қалың, ел тағдырын шешетін іргелі істе асығыстыққа жол бермеу керек. Қайта әрбір әрекетімізді ақылға салып, мойнымыздағы тарихи жауапкершілікті барынша сезіне отырып жұмыс істегеніміз дұрыс. Осындай өркениетті қадамдардың нәтижесінде ғана қазақ тілі ғылым тіліне айналады.
Бәрімізді, әсіресе жастарды «Ары қарай қалай өмір сүреміз?» деген сауал мазалайды. Осындай сәтте біздің көзқарасымыз, болмысымыз, осы біз өмір сүріп жатқан жаңа заманның талабына сай болуы керек. Яғни тарихи тұрғыдан жаңартылған құндылықтарға бет бұруға тиіспіз. Бізге қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп беретін ақыл-ой тұжырымы қажет. Жоғары заманауи технология, роботтар, жасанды интеллект дәуірінде ақыл-кеңес түсінігі ерекше маңызды болмақ.
Жаңа заманда ар, намыс, ұят сияқты адами қасиеттерге қажеттілік бола ма? Менің ойымша, бұл – зиялы қауым өкілдері талқылайтын ауқымды философиялық мәселе. Үлгі-өнеге, ұлттық құндылықтар болмаса, машиналар мен роботтар әлемінде жұтылып кететініміз сөзсіз. Біздің ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармалары да маңызын жоғалтады.
Әрине, мұндай жағдайдың мүлде болмағаны жақсы. Сондықтан зиялы қауым өкілдері болашақ өмір туралы мәселені қазірден ой таразысына сала беруге тиіс.
– «Еңбекпен тапқан нан тәтті» дейтін ата-бабамыздан келе жатқан тәмсіл бар. Күні кешегі үлкендердің әңгімесінен де еңбекке, еңбек адамына деген ерекше құрметті байқайтынбыз. Қазір елдің еңбекке етене араласуы үшін Сіздің тапсырмаңызбен Үкімет бірқатар бағдарламаларды қолға алып, лайықты деңгейде жүзеге асырып отыр. Ел мен жерді еңбекпен көркейту үшін қандай жаңа қадамдар мен жобалар жасалуы керек?
– Әлем жұртшылығы қазақ халқын көңілі дарқан, ғаламдық құбылыстарды өзінің қалыптасқан философиялық көзқарасы арқылы қабылдай алатын ұлт ретінде танып, біледі. Шыдамдылық пен жанашырлық – қанымызда бар қасиет. Осынау Ұлы далаға ең алғаш табаны тиген саяхатшылар алдымен біздің осы ерекшеліктерімізді баса айтқан. Сонымен қатар біз Абайдың өшпес туындысы – «Қара сөздерде» айтылған өз кемшіліктерімізді де жақсы білеміз. Айтпақшы, осы арада Мұрат Әуезовтің «Қара сөздерге» «Ғақлият» деген екінші атау берейік деген ұсынысын қолдайтынымды айта кетейін.
Өкінішке қарай, кейбір жағдайда біздің еңбекке байланысты қарым-қатынасымызға сыни көзқараспен қарайтындар аз емес. Бұл жағдай менің көңіліме қаяу салады. Біз қоғамның еңбеккерлерге деген көзқарасын түпкілікті өзгертуіміз керек. Әрбір еңбек құрметке лайық болуы қажет. Сондықтан мен «Халық алғысы» деген мемлекеттік награда тағайындадым. Ал еңбектегі табысы үшін берілетін «Еңбек Даңқы» орденінің мәртебесін көтеру жөнінде шешім қабылдадым.
Былтыр Ақордаға мекемелер мен ауылдардағы қарапайым жұмысшыларды арнайы шақырып, марапаттадық.
Біз осындай еңбек адамдарына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасауымыз қажет. Сол арқылы өскелең ұрпақ қоғамның құрметіне бөлену үшін жоғары мемлекеттік лауазымдарды иеленбей-ақ, өз ісін тыңғылықты, мұқият атқарса жеткілікті екенін түсінуге тиіс. Үкімет менің тапсырмам бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірледі. Оны іске асыру үшін шамамен 1 триллион теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Жақында мен Үкіметтің уақытша жұмыс орындарын ашуға ғана әуес болып, тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашуды назардан шығарып алғанын сынға алдым. Бүгінде біздің елде 2 миллионға жуық адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Жұмыссыздар саны да көп.
Бұл – өте күрделі әлеуметтік мәселе. Оны шұғыл шешпесе болмайды. Еңбекке баулу идеологиясы атақты ақын-жазушыларымыздың шығармашылығында барынша көрініс тауып, алдыңғы қатарда насихатталуы керек деп санаймын. Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!
Шын мәнінде, озық ойлы зиялы қауымның пікірі әлеуметтік шиеленіс кезінде маңызды рөл атқарады. Адамдар ақыл-парасаты арқылы ішкі түйсігіне құлақ асып, өзіне қажетті қорытынды жасап, өткен істен сабақ алады. Әсіресе бұл ежелден келе жатқан дәстүрі бар біздің қоғам үшін өте өзекті. Пандемия кезінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін барша зиялы қауым өкілдеріне, оның ішінде академик Төрегелді Шармановқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ біздің белгілі ақын-жазушыларымыз соңғы кездегі оқиғаларға белсендірек араласып, жастарға өмірлік тәжірибесін үйретіп, темірқазық секілді жол көрсете алады деп ойлаймын.
– Қазір әлем өзгерген. Қалай болғанда да жаһанданудың көшінен қалып, есік-тереземізді қымтап жауып тастап отыра алмаймыз. Есік-тереземізді тас бүркеп, шекарамызды шегендеп, қақпамызға сом темір іліп қоятын тас дәуірі емес. Бармасақ, келмесек – ел жарылады, алмасақ, бермесек – дем тарылады.
Мемлекетаралық жағдайды жақсы білетін маман ретінде әлемдік ұлттар мозаикасына өз реңімізбен, қазақы болмыс-табиғатымызбен қосылу үшін қандай қадамдар жасау керектігін нақтылап түсіндіріп берсеңіз…
– Шынында да, әлем өзгерді. Мызғымастай көрінген жаһандану үрдісі пандемияның әсерінен кідірістеп қалды. Мемлекеттер өзін-өзі оқшаулауға, «әркім өз күнін өзі көрсін» қағидатына баса мән бере бастады. Халықаралық қатынастарда ұлтшылдыққа бет бұру үрдісі артып келе жатқаны байқалады. Мен мұны 2008 жылы ертерек болжап айттым. Бірақ ол кезде менің тұжырымымды саясаткерлер мен ғалымдар қолдамады. Тіпті коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу ісі де халықаралық ынтымақтастықтан тыс, «әркім өзі үшін» қағидаты бойынша жүзеге асырылуда.
Әлемде өзге баламасы жоқ Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің атына заты сай бірегей халықаралық ұйым ретінде пандемия кезінде аса белсенділік таныта қоймады. Ірі державалар арасында текетірес күшейіп келеді. Аймақтардағы қақтығыстар шиеленісе түсті. Бұл – өңірлік мемлекет ретіндегі Қазақстан үшін қолайсыз үрдіс.
Біздің экономикамыз санкциялық соғыстар мен саяси текетірестерден шығынға ұшырауда. Еліміз өзінің бейбітсүйгіштігі мен өңірлік қауіпсіздікке сындарлы үлес қосуға әзірлігін тұрақты түрде көрсетіп келеді. Елбасымыз ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы әрі жаппай қарусыздану саясатының нағыз жақтаушысы ретінде бүкіл әлемге танылды.
Тәуелсіздік жылдары бұл бағытты нығайту үшін көп жұмыс атқарылды. Ең бастысы – мемлекеттік шекарамыздың беріктігі! Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы шекарасының заңды түрде рәсімделіп, белгіленуінің, шын мәнінде, тарихи да, саяси да мәні зор. Шекара мәселесінде құжатты түрде екіжақты келісімнің болмауы қандай ауыр әрі ауқымды зардаптар мен қайшылықтарға әкелетінін көзіміз көріп отыр. Алыстан да, жақыннан да мысалдар аз емес.
Қазақстанның халықаралық дипломатияда бейбіт әлем туралы әрдайым өзіндік түсінігі, өзіне тән ерекшелігі болды. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев көпвекторлы, теңгерімді сыртқы саясатта Ресеймен стратегиялық серіктестікті, ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік интеграцияға баса мән берді. Бұл – дұрыс таңдау болды. Дегенмен, әлемдегі ахуал бір орнында тұрмайды, алпауыт мемлекеттердің геосаяси мақсаты өзгеруде. Осындай жағдайда Қазақстан бірінші кезекте өзінің ұлттық мүддесін қорғауға міндетті. Сондықтан мен Еуразиялық экономикалық одақтың биылғы 19 мамырда өткен саммитінде интеграцияны Қазақстанның егемендігіне нұқсан келмейтін жағдайда ғана қолдайтынымызды ашық айттым.
Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!
– Қоғамдық тәртіп мәселесі туралы сауалды да айналып өте алмаймыз. «Жұдырық бетке тигенге дейін» демократия сақталатыны белгілі. Бейбіт шерулерге шығатын азаматтардың жеке бас қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауы қалай реттеледі?
– Бейбіт жиындар мен митингтерге қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы. Ата заңымыздың кепілі ретінде азаматтардың құқығын толық қамтамасыз ету – менің міндетім. Бұл жөнінде былтырғы Жолдауымда айттым.
Парламент «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заң қабылдады. Қоғамдық сараптамадан өткен аталған заң – менің ойымша, еліміздегі демократияны ілгерілету үшін жасалған маңызды қадам. Енді бейбіт жиындарды өткізу үшін рұқсат сұрамай-ақ, бес күн бұрын жергілікті билікке ескертсе жеткілікті. Осындай жиындарды өткізу үшін бірқатар арнайы орындар бөлінді. Митинг ұйымдастырушылардан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау талап етіледі. Сондай-ақ олар Конституцияға қайшы келетін үндеулермен шықпауы, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық туғызбауы қажет. Бұл – қалыпты жағдай. Әсіресе АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде болған соңғы оқиғаларды ескеру керек.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан грант алатын кейбір азаматтарымыз қабылданған заңды негізсіз сынайды. Олардың пікірінше, Қазақстанда «Митингке қашан шығамын? Кіммен шығамын және қай жерде өткіземін? Яғни өзім білем» деген жүгенсіздік қағидаты болуы керек екен. Әсіресе солардың митингіге шетел азаматтары мен кәмелетке толмаған балалардың қатысуын талап етуін шектен шыққандық деп санаймын. Олардың ойы белгілі. Ондай адамдарға тыныштық пен тұрақтылық қажет емес. Ал біз қарқынды дамыған, татулығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанды сақтауымыз керек. Халық ең алдымен ел іргесінің беріктігін терең жауапкершілікпен сезінуі керек. Сонымен қатар мемлекет өз азаматтарының заңды талаптарына құлақ асуға, қаржылық және құқықтық мүмкіндіктер аясында оларға жәрдем беруге міндетті.
Жастар үшін әлеуметтік лифт орнықтыру керек. Мемлекеттік басқару ісіндегі және идеология саласындағы қателіктерді дер кезінде түзеткен жөн. Егер жұмыс осылай жүретін болса, сөзсіз әділдік орнайды. Мен мұны сайлау алдындағы бағдарламамда айтқан болатынмын. Сонда митингтің де қажеті болмай қалады.
Соңғы кездері елімізде «митингшілдік» белең алуда. Көбінесе азаматтарымыз сырттағы біреулердің арандатушылық ұрандарына еріп жүр. Бұл – аймақтық бәсекелестік күшейіп келе жатқан халықаралық аренада Қазақстанды ыңғайсыз жағдайға қалдырып отыр.
Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы ең ірі мемлекеттер. Екі ел арасында кең ауқымды ынтымақтастық артып келеді. Бұл жерде экономикалық бәсекелестіктің де болатынын жоққа шығармаймыз. Осы жағдайларды әрқашан есте ұстау керек. Қазақстан өзінің көшбасшылық позициясын сақтап қалуға міндетті. Ол үшін елімізде тұрақтылық болуға тиіс. Егер ішкі мәдениетімізге салсақ, ол тұрақтылықты күштік құрылымдар емес, бірінші кезекте халықтың өзі қамтамасыз етуі қажет.
Бірақ бұл мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарды тоқтатып қою керек дегенді білдірмейді. Қайта оны ың-шыңсыз, айғайламай, қызбалыққа салынбай, бірақ табанды түрде жалғастыра беру қажет. Бұл орайда Өзбекстанның тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Олар өздеріне тән жайлы мінезіне салып, ұрандатып-шулатпай-ақ, қажет кезінде орыс тіліне де жүгіне отырып, тіл мәселесін толық шешіп алды. Менің таңғалатыным, Өзбекстанның мемлекеттік органдарында әлі күнге дейін орыс тілі қолданылады. Тіпті олардың тұтас тарихында да осылай болған. Өзбектер қоғамдық қатынастарды саясиландырмай, еңбек пен саудаға басымдық беріп, ХХ ғасырдың бас кезіндегі аз ғана халықтан қазір Орталық Азиядағы ең үлкен ұлтқа айналды. Сондықтан ұлы Абайдың өзбек халқына қатысты айтқан парасатты ой-пікірі қазіргі технология ғасырында да өзінің өзектілігін жоғалтпағанын байқаймыз. Өзбектер саясатқа құмар емес, олар еңбек еткенді құптайды. Бұл ел көшеде ұрандатып шеруге шығып жүрген жоқ. Қайта жасампаздыққа жетелейтін еңбекпен айналысып жатыр.
– Пандемия болсын, басқа да жағдайлар болсын, ел ең алдымен зиялының сөзіне құлақ асып, ойын білгісі келеді. Жалпы ұлт қиын-қыстау күндерде ғана емес, өзінің бүкіл жүріп өтетін жолында пассионар тұлғалардың соңынан ереді. Бұл орайда зиялы қауым қазір өз рөлін дұрыс атқарып отыр деп есептейсіз бе? Бүгінгі таңда олардың қоғамдағы міндетін қалай елеп, екшейміз?
– Шын мәнінде, озық ойлы зиялы қауымның пікірі әлеуметтік шиеленіс кезінде маңызды рөл атқарады. Адамдар ақыл-парасаты арқылы ішкі түйсігіне құлақ асып, өзіне қажетті қорытынды жасап, өткен істен сабақ алады. Әсіресе бұл ежелден келе жатқан дәстүрі бар біздің қоғам үшін өте өзекті. Пандемия кезінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін барша зиялы қауым өкілдеріне, оның ішінде академик Төрегелді Шармановқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ біздің белгілі ақын-жазушыларымыз соңғы кездегі оқиғаларға белсендірек араласып, жастарға өмірлік тәжірибесін үйретіп, темірқазық секілді жол көрсете алады деп ойлаймын.
Қазір бүкіл дүниежүзі пандемия салдарымен күресіп жатыр. Әлемдік экономика көз алдымызда құлдырап, жұрттың өмір сүру салты өзгерді және осы үрдістер күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге айналды. Міне, осындай кезде жас ұрпаққа беделді ақыл-ой иелерінің парасатты пікірі ауадай қажет.
Бәрімізді, әсіресе жастарды «Ары қарай қалай өмір сүреміз?» деген сауал мазалайды. Осындай сәтте біздің көзқарасымыз, болмысымыз, осы біз өмір сүріп жатқан жаңа заманның талабына сай болуы керек. Яғни тарихи тұрғыдан жаңартылған құндылықтарға бет бұруға тиіспіз. Бізге қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп беретін ақыл-ой тұжырымы қажет. Жоғары заманауи технология, роботтар, жасанды интеллект дәуірінде ақыл-кеңес түсінігі ерекше маңызды болмақ.
Жаңа заманда ар, намыс, ұят сияқты адами қасиеттерге қажеттілік бола ма? Менің ойымша, бұл – зиялы қауым өкілдері талқылайтын ауқымды философиялық мәселе. Үлгі-өнеге, ұлттық құндылықтар болмаса, машиналар мен роботтар әлемінде жұтылып кететініміз сөзсіз. Біздің ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармалары да маңызын жоғалтады.
Әрине, мұндай жағдайдың мүлде болмағаны жақсы. Сондықтан зиялы қауым өкілдері болашақ өмір туралы мәселені қазірден ой таразысына сала беруге тиіс.
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Ел басқару аса зор жауапкершілік жүктейді. Бір жыл – көп уақыт емес. Десек те, осы кезеңге саяси сараптама жасаған белгілі саясаттанушы Нұрлан Сейдін мырза Сіз басқарған мерзім жөнінде «Сенім мен сынаққа толы жыл болды» деп тұжырымдапты. Осы орайда көш бастаған тұлға ретінде елдің болашаққа деген сенім-жігеріне қандай баға берер едіңіз?
– Баршаңызға мәлім, Қазақстан Президенті қызметін атқарған бір жыл оңай болған жоқ. Аталған мерзімді аса күрделі сынақтарды еңсерген жыл деп айтуға болады. Дегенмен, мен халықтың қолдауын әрдайым сезіндім. Бұл маған күш-жігер беріп, мемлекет басқару ісін табысты жүргізуіме ықпал етті. Жыл бойы саяси және экономикалық салалар бойынша көптеген реформалар жүзеге асырылды. Бұл саясат алдағы кезеңдерде де жалғаса береді. Елімізді одан әрі жаңғыртуға, дамытуға қатысты идеяларым бар, ол идеяларды халық іс жүзінде сезінгенін қалаймын.
Біз мемлекет ретінде де, ұлт ретінде де бір орында тоқтап қалмауымыз керек. Ондай жағдайда ел тоқырауға ұшырайды. Оның зардабы мемлекеттігімізге тиеді. Ауыр тиеді. Ащы да болса айтайын, біз – қазақтар, осынау алмағайып күрделі әлемде, түптеп келгенде, ешкімге соншалықты қажет емеспіз. Өз мемлекетімізге ғана қажетпіз. Осы бір қарапайым қағиданы ешқашан естен шығармауымыз қажет. Әлемдегі Қазақстанның жетістігін көре алмайтын, «мысықтілеу» саясаткерлер, тіпті мемлекеттер де бізден алыстап кеткен жоқ, маңайымыздан ұзамай, әр қадамымызды бағып отыр. Сондықтан елімізді өркендету, көркейту – тек қана өз қолымызда. Біздің осындай сындарлы сәтте қателесуге еш қақымыз да, құқымыз да жоқ. Және мемлекет құрушы ұлт ретінде бұл мәселені бірінші кезекте өзіміз терең сезінуіміз қажет. Өйткені қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр…
– Құрметті Президент мырза! Қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани маңызы бар мәселелерге байланысты арнайы уақытыңызды бөліп, Ұлт басылымына сұхбат бергеніңіз үшін айрықша алғыс сезімімізді білдіреміз. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік геосаяси кеңістіктегі көші көлікті болғай! Еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болсын!
Сұхбаттасқан
Жанарбек ӘШІМЖАН