Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024 11:38

Жас ақындар мен жазушылар арасында «Ұлы дала» шығармашылық байқауының аймақтық кезең

 

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) жас ақындар мен жазушылар арасында аймақтық шығармашылық байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
2. Осы Ереже байқауды өткізу мақсаты мен міндеттерін және тәртібін айқындайды.
3. Байқаудың мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсете отырып, өңірлердегі талантты жас қаламгерлердің еңбегіне лайықты баға беру.
4. Тақырыптық ұсыныстар:
➢ Өз шығармасына ұлттық бірегейлікті арқау ете отырып, тың тақырыптарды көтеру және жаңа образдарды сомдау;
➢ Адам құқығы мен шынайы құндылықтарды өзек ету;
➢ Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұғымындағы идеялар мен құндылықтарды кеңінен ашу;
➢ Жастарды отаншылдыққа, төл тарихы мен ана тілін қадірлеуге, кітап оқуға шақыру;
➢ Қазіргі бәсекеге қабілетті қазақстандықтың образын насихаттау.

2. Байқауды өткізу тәртібі
5. Байқау негізгі үш – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша өткізіледі.
6. Шығармалар 2024 жылы 19 тамыз күні сағат 9.00-ден 20 қазан күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
7. Байқауға қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінім қатыстырылмайды.
8. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2024 жылы 21-27 қазан аралығында қарайды. Жұмыс қорытындысы бойынша аймақтық байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
9. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында 2024 жылдың 31 қазанына дейін өткізіледі.
10. Номинациялар бойынша жеңімпаз деп танылған шығармалар республикалық кезеңге жолданады.

3. Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі

11. Байқауға 18-ден 45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы.
12. Бір автор/авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады.
13. Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады.
14. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.
15. Байқауға бұрын-соңды жарияланған шығарма қабылданбайды.
16. Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін «Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.
17. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
18. Байқауға қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен емле заңдылығы сақталмаған шығармалар қатыстырылмайды.
19. Автор/авторлар байқауға қатысу үшін өз жұмысын жібере отырып:
– осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді;
– ұйымдастырушының туындыларды (толық немесе ішінара) БАҚ-та, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
– ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
20. Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 30, «Поэзия» номинациясына 10, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына 20 беттен аспайтын жұмыстар қабылданады.
21. Байқау жұмыстары А4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек.
22. Байқауға жіберілетін материалдар:
1) Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі;
2) Шығарма бірінші бетінің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетілуі тиіс. Мысалы: Temirkazyk - Балаларға арналған шығарма;
3) Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (А.Ә.Т, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: Temirkazyk_Ақбаев Жандос деп сақтауы керек.
4) Шығармалар бүркеншік атпен партияның аймақтық филиалының Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайына жолданады.
5) Анықтама телефоны: 87478710382

Оқылды 360 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет