Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020 08:28

Мансап бала кезден басталады

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) басты идеясы күллі қазақстандықтар үшін білім алуды мейілінше қолжетімді ету. Мемлекет өз тарапынан бізге балаларымыздың болашақта білім алуына алдын ала қаражат жинақтауға керемет жағдай жасады және бүгінде көптеген адам осы мүмкіндікті  пайдалана бастады.

Бүгінде бағдарлама идеяны "AQYL"деп аталатын нақты брендке, тұжырымдамаға, фирмалық стильге айналдырып отыр. Адамның ой-өрісі, жоғары құзыреттілігі, бәсекеге қабілетті білімі, "өмір бойы" үздіксіз білім алуы қоғамның оны қабылдауына ең маңызды шарттар болатын жағдайда өмір сүретін балаларымыз үшін тілейтініміз осы – ақыл - парасат, ақыл-ой, білімділік емес пе? 

"AQYL"-дың басты көздегені де міне осы – болашақта білім алудың әрбір қазақстандыққа қолжетімділігі! Өз сөзінде, ҚР БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ президенті Асқар Ибраимов былай дейді: "Егер ата-аналар оқуға қаражатты мақсатты түрде және алдын ала жинақтайтын болса, болашақта қалаған білімін алатын балалар қатары артатын болады. МБЖЖ өзінің өміршеңдігін толыққанды көрсете білді – ол бойынша депозит ашқан отандастарымыз балаларының болашақта білім алуын инвестициялайды!»  

Осы жүйе бойынша кез келген адам өзінің немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда не шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алу үшін оқу ақысын төлеуге жұмсай алады. Білім беру депозитіне банктен пайыздар, оған қоса жыл сайын 5% немесе әлеуметтік әлсіз санаттағылар үшін  7% Мемлекет сыйлықақысы үстемеленеді. 

Есептеу мысалы (теңгемен):

Ай  сайынғы жарна

(міндетті емес)

10 жылға барлығы

3000

872.000

7000

1.989.000

10.000

2.826.000

Есептеулерге сәйкес, ай сайын осындай білім беру салымдарына 10 мың теңгеден салып отырса, 10 жылдың ішінде 2,8 млн.теңгеден астам қаражат жинақтауға болады.Оның ішінде салынған қаражат үлесі 1.198.000 теңге, ал мемлекеттік сыйлықақысы мен банктің сыйақысы– 1.628.000 теңге.

МБЖЖ-ның артықшылықтары көп, ол барлық қазақстандықтарға басты байлығымыз – балаларымыздың болашағына деген сенімділікті қалыптастыруға көмектесуге бағытталған және олардың алдында лайықты білім алуға жол ашады.  Табыстылықтың берік іргетасы ертең емес, бүгін, қазір қаланады. Әрине, барлығын алдын ала қарастырып қою және жоспарлау мүмкін емес, әйтсе де қолымыздан келгенді істеуге тырысып көру керек!

"AQYL" БІЛІМ БЕРУ ДЕПОЗИТІН АШЫҢЫЗ – БАЛАҢЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАҢЫЗ!

Ішкі саясат басқармасының БАҚ бөлімі

Алматы облысының аумағында 2020 жылдың басынан бері 87 өрт тіркелді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрттердің 47% - ға азайғаны байқалады. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Асқар Тойшыбеков "Jetisý media" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында хабарлады.

"Биылғы жылы өрттен келген материалдық шығын 2019 жылмен салыстырғанда 4% - ға төмендеп, 1 миллион теңгеден асты. Өрт кезінде 2 адам қаза болды, 3 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт кезінде адамдардың жарақат алуы 2 жағдайға төмендеді. ТЖД қызметкерлерінің жүргізген алдын алу жұмыстары, соның ішінде күнделікті аулаларды аралау өрт оқиғасының көрсеткіштерінің төмендеуіне ықпал етті. Дегенмен, халықты қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамын және Азаматтарға ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, смс-хабарлауды бақылауға және жолдың жабық учаскелеріне бармауға кеңес беремін", - деді Асқар Тойшыбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өрттің алдын алу әдістері бұқаралық ақпарат құралдарында қауіспсіздік ережелері туралы айта отырып, халық арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жалпы білім беретін мекемелерде іс-шаралар, тұрғындармен жиындар, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар тарату, еңбек ұжымдарында және адамдар көп жиналатын объектілерде нұсқаулықтар, жергілікті полиция қызметі, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ және волонтерлермен бірлесе отырып рейдтер, өрт қауіпсіздігі сенбіліктері өткізеді.

Айта кету керек, өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, отты абайсыз пайдалану, балалардың отпен ойнауы болып табылады.

Анар САБЫРОВА

Джонс Хопкинс атындағы америакалық университет Қытайдан тарап жатқан короновирус инфекциясының дүниежүзілік онлайн-картасын жасады.

Мұнда инфекция таралған аймақтар, инфекция жұқтырған және одан көз жұмған адамдардың саны туралы соңғы ақпаратты көре аласыз. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қытай денсаулық сақтау комиссиясы және өзге деректер бойынша жаңартып отырады.

 онлайн-карта

31 қаңтардағы деректер бойынша:

коронавирустан қаза болғандардың саны – 200-ден асқан;

жұқтырғандар саны – 9776.

Инфекция таралған елдер – Қытай, Тайланд, Гонконг, Жапония, Сингапур, Аустралия, Тайвань, Малайзия, Макао, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада, Италия, Вьетнам, Камбоджа, Финляндия,  Үндістан, Непал, Филиппин, Шри-Ланка.

интернет мәліметтері бойынша дайындаған

Қ.Мұратқызы

Жұма, 31 Қаңтар 2020 09:17

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық зергерлер күні

Ежелгі Грекия зергерлік өнердің отаны болып саналады. Асыл тастар алғаш өңделіп, ең сәнді әшекей бұйымдар осы жерде жасала бастаған. Ежелгі шеберлердің қолынан шыққан бұл туындылар бүгінгі күнге дейін ең ғажайып туындылар қатарында.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Өскемен педагогикалық институтының атауы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгерді.

1997 жылы Алматы темір жолы басқармасы мен Целинный темір жолы басқармасы және Батыс Қазақстан темір жолы басқармаларының бірігуі арқылы «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Қосылу мақсаты – тасымалдау басқармасы құрылымын тиімді ету және теміржол саласының қаржылық-экономикалық жағдайын жақсарту.

2006 жылы басқаруына ұлттық компаниялар мен республикалық мекемелердің мемлекеттік үлесі берілген «Самұрық» Ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ құрылды.

2007 жылы Алматыда кешенді ғылыми-техникалық «Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы» және «Қазақстан Республикасы» атты монография жарыққа шықты. Аталмыш еңбектердің әрқайсысы 3 томнан тұрады. Атластың 1-ші томы табиғи-ресурстық ахуалға арналған. Атластың әлеуметтік-экономикалық ахуалға арналған 2-ші томында еліміздің халқы, әлеуметтік саласы, туристік орындары, ауыл шаруашылығы, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық саласы, сыртқы экономикалық байланыстар, тарихы және археологиясына қатысты 116 карта берілген. Ұлттық атластың 3-ші томынан еліміздің табиғи-шаруашылық жүйелерінің экологиялық жағдайына арналған 89 картамен танысуға болады.

2008 жылы Алматыда Мұқағали Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды. Ол Мұқағали мұраларын насихаттауға үлес қосқан және ғылыми-зерттеу жұмыстарына атсалысқан шығармашылық өкілдеріне беріледі.

2011 жылы Алматы қаласындағы «Медеу» спорт кешенінің оңтүстік бөлігінде Қар барысы саябағы ашылды. «Мәдени Азиада» бағдарламасының аясында жүзеге асырылған жаңа ойын-сауық нысаны Алматы тұрғындары және қала қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін құрылды.

2012 жылы Алматыда тұңғыш рет Мағжан Жұмабаевтың «Табалдырық. Манифест» кітабының баспа нұсқасы шықты.

2013 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Таллорес» Халықаралық жоғары білім институттары қауымдастығының қатарына қабылданды.

2013 жылы қазақстандық Әли Аманбаев БҰҰ Дамыту бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі жандардың өз құқықтары үшін күресуінде жетістіктің үздік жолын көрсеткені үшін марапат алды. Марапатты Нью-Йоркта 2013 жылғы директорлар кеңесінің сесиясында БҰҰ Дамыту бағдарламасының әкімшісі тапсырды.

2017 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналған ескерткіш күміс монеталарды айналымға шығарады. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1±0,31 г, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 1 мың дана.

2018 жылы Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО – ағылшын тілінде ICAO - International Civil Aviation Organization) авиациялық қауіпсіздік бойынша аудитінен табысты өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкестігінің жоғары деңгейін растады.

ИКАО аудиті - мемлекеттің азаматтық авиация саласының қауіпсіздік жүйесін бағалауда объективті құралдардың бірі.

2018 жылы Алматыда ЖОО мұғалімдерінің бастамасымен қала университеттерінің альянсы құрылды. Альянс құрамына оңтүстік астанадағы барлық 38 университет кірді. Альянстың негізгі мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сарапшыларының әлеуетін тарту.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша Алматы облысында  48 489бірлік  жүк көліктері бар. Бұл ел аумағы бойынша ең үлкені болып есептелінеді. Сондай-ақ облыс бойынша, 30195 бірлік жүк тасымалдау көлігі тіркелген. Осылайша, еліміздегі жүк көліктерінің 17,4%-ыноблыс аумағынан көруге болады.

Алматы облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының құрамы 32адамнан тұрады, 4 бөлім жұмыс істейді.  Заң шеңберінде аталған инспекция  19 мемлекеттік қызмет түрін  көрсетеді.2019 жылдың 12 айында 25610 Мемлекеттік қызмет көрсетіген, оның ішінде 15531 жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған.

- автомобиль көлігі саласында 7 мемлекеттік қызмет түрі кіреді.  Соңғы 12 ай қорытындысы бойынша,  25252 мемлекеттік қызмет көрсетілді, және де 15262жағдайда  мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту тіркелген;

- теміржол көлігі саласында 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 60 мемлекеттік қызмет көрсетіліп,  оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған 15 жағдай есепке алынған;

- су көлігі саласында 9 мемлекеттік қызмет түрі бар. Осы уақытқа дейін  298 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 254 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 859 бұйрығына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден басқа Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерге шетелдік көліктерге рұқсаттар беру кезінде бланкінің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, Автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, қозғалыс бағыты жазылады және рұқсатты берген тұлғаның мөрі мен қолы қойылады .

«2019 жылыкөліктікбақылаубекеттерінде 3 741 автоматтандырылғантелефон станцияларытексеріліп, 1173 заңбұзушылықанықталды, барлықфактілербойыншаәкімшілікісқозғалды, нәтижесінде 77 миллион 031 мыңтеңгеәкімшілікайыппұлсалынды, соныменбіргежиналғанавтоматтандырылған телефонстанциясы 8 млн. 300 мыңтеңге»,-депхабарлады Алматы облысыбойыншакөліктікбақылау инспекция басшысыныңорынбасарыТурдалинСапарбекАнварұлы.

Гүлжанат Нұрасыл

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 17:27

«Zhas Project» бизнестің бастауы

Жастар корпусын дамыту жобасы 2017жылдан бастап ел аумақтарында жүзеге асырылып келе жатыр. Бұл –жастарға арналған бірегей бағдарлама.

Бұл-Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны конкурстық негізде анықталған Үйлестіру агенттігі іске асырады.

Жобаның басты мақсаты- жастарды,әсіресе осал топтарды қоғамның белсенді өміріне тарту. Қоршаған ортаның игілігі үшін пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

Аталған бағдарламамен жұмыс жасаудың  4 негізгі бағыты бар Олар: 

  • Әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін гранттар мен шәкіртақылар;
  • Өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды оқыту;
  • Жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;
  • Үйлестіру, ақпараттық жұмыс және есептілік.

«Zhas Project» жобасына 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға жоба аясында басымдылық беріледі. Яғни олардың грант иегері атанып, шәкіртақы алуға мүмкіндіктері көп деген сөз.

Жобаға қатысудың шарттарына тоқталып өтсек. Бірінші, 3 адамнан 5 адамға дейін топ жинау керек.  Егерде үш адамнан кем  болса жобаны іске асыру мүмкін емес. Екінші, топтың әр қатысушысы тіркеуден өтуі және барлық қажетті тармақтарды толтыруы тиіс.  Осы орайда топтың жетекшісін тағайындау керек болады. Бір ескертетіні 18 жастан кіші қатысушы топ көшбасшысы бола алмайды.

«Жобаның қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқарудың бағдарламасы бойынша үш кезеңдік оқытудан өтеді, бес ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады, сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақылар: ЖОО-ның түлектері - 60 000 теңге, қалған барлық қатысушылар – 40 000 теңге алады. Сонымен қатар 1000 000 теңге қайтарымсыз грант беріледі»,- дейді Үйлестіру агенттігі басшысының орынбасары Алена Баянбекова.

Жобаға қатысушыларды оқыту бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең. 3 күн – шебер жаттықтырушылар менторларды оқытады. 4 күн- менторлар қатысушыларды оқытады.

2-кезең. 5 ай – әрекет арқылы оқыту. Жобаны іске асыру. Менторлардың ай сайынғы кездесуі.

3-кезең.  Алғашқы кезеңдегі оқыту мен үйрету тәсілдері қайталанып, артынша аймақтық форумдар мен жобалардың көрмелері өтеді.

2017 жылы жоба төрт облыста жүзеге асырылды – Алматы, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары. 2018 жылы болса,  Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында іске асырылды. 2019 жылы Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында  өз жалғасын тапты.

Ал, ағымдағы 2020 жылы жоба  Алматы және Қарағанды облыстарына шапағатын шашпақ. Ең алғашқы бастау алған сәттен бастап осы уақытқа дейін Қазақстанның он алты облысынан шамамен 8500 қатысушыны қамтып, 2679 жобаның тұсауы кесілген.  2020 жылы жобаның шеңберінде жуықтап алғанда  900 адам қамтылады.Биылғы жылды қоса есептегенде  бағдарлама Қазақстанның барлық аймағын қамтиды деп күтілуде.

«Жастардың қоғамға пайдалы іспен айналысуына «Zhas Project» бағдарламасы қол ұшын созады. Бұл ең тиімді жобаның бірі. Бүгінде шалғайдағы аудандарда түсіндіру шаралары жүріп жатыр. Біз өз тарапымыздан жобаның іске асуына көмек көрсетеміз»- деді Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Жомарт Мандатұлы.

Өміріңе жаңа тыныс әкелетін, бизнестің үлкен бастауы болатын бірегей бастама 4 жылдың ішінде талай талантты жастың бағын жандырды, бақытын еселеді. Ел аумағында жүге асып жатқан пилоттық жобаның көпке берері мол.

Анар Досанова , журналист 

Открывающий немалые возможности молодежи в реализации полезных для общества инициатив проект «ZhasProject» запущен в Алматинской области. Об этом стало известно в ходе брифинга на площадке КГУ «Jetisymedia».

По словам заместителя руководителя Координационного агентства,АленыБаянбековой, в 2020 году помимо нашего регионапроект будет реализовываться в Карагандинской области. Выбраны данные регионы страны не случайно, самая большая доля сельской молодежи приходится именно на Алматинскую и Карагандинскую области. Условия участия в грантовом конкурсе и программе обучения не сильно отличаются от правил, что были ранее.

         «К участию в конкурсе приглашаются молодые люди от 14 до 29 лет. В конкурсе не могут принимать участие школьники.Потенциальные участники проекта должны не менее трех месяцев постоянно проживать на территории области. Приоритет будет отдаваться молодым людям, которые не учатся, не работают, либо работают, но остаются за чертой бедности. Для вовлечения этой категории в проект планируется провести обширную информационную кампанию, включающую размещение визуальных промоматериалов и адресную работу информационных консультантов. Они будут точечно работать с молодыми людьми, разъясняя преимущества участия в проекте»,- поделилась спикер.

         Кроме того, в рамках проекта казахстанская молодёжь может подать заявку на участие в конкурсе, получив грант до 1 000 000 тенге. А также все участники будут получать ежемесячную стипендию в размере 60 000 тенге (выпускники вузов) и 40 000 тенге (остальные участники). Они пройдут обучение программе жизненно важных навыков и навыкам управлению проектами, а также получат поддержку менторов.

         «ZhasProject» был запущен в 2017 году. За период существования было реализовано 2679социальных проектов, в которых приняли участие более 9 тысяч человек. А в Алматинской области на сегодняшний день насчитывается около 5 тысяч молодежи.

         Стоит отметить, что заявки принимаются уже с 1 февраля. Для того, чтобы стать участником «ZhasProject» вам необходимо заполнить заявку на сайте zhasproject.kz, а также связаться по номеру 8-800-080-15-20.

Анар Досанова, журналист 

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 16:41

Проект «Талант в дело»

Проект «Талант в дело» реализуется для творчески одаренных людей с инвалидностью. Мы ставили перед собой задачу найти для них новые бизнес-ниши. В ходе реализации проекта десятки конкурсантов с ограниченными возможностями смогли показать свои таланты, раскрыли в себе творческий потенциал и, самое главное, поверили в свои возможности открыть собственное дело.

В качестве таланта и способностей, мы рассматриваем все: умение петь, играть на музыкальных инструментах, шить, вязать, мастерить из дерева и металла, заниматься кулинарией, садоводством и т.д.

Автор проекта Алия Ахмедиева

Телефон для связи + 7 701 742 60 93

e-mail& Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 14:49

«Жусан иісі» деректі фильмі

Сириядан оралған қазақ жастары жайлы фильмді оқырмандар назарына ұсынамыз.

Фильмнің авторы - журналист Жұлдыз Төлеу.

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 12:11

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Мектептерде бейбітшілік және күш қолданбау күні

1964 жылы испан ақыны, мұғалім және пацифист Лоренцо Видал бұл күнді бекітуге бастамашылық еткен. Осы күнді атап өтуге түрлі елдердегі білім беру мекемелері, ұстаздар мен оқушылар қатыса алады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1976 жылы Бозашы бөлігінің солтүстік еңісінде орналасқан Қаламқас мұнай-газ кеніші ашылды. 1976 жылы БА-15Н жеңіл өзі жүретін бұрғылау станогы қатты аязда Қаламқас үстіртінің солтүстік қанатына жеткізілді (бұрғылау шебері А.Волочев). 1976 жылғы қаңтардың 30-ында К-1 скважинасынан 587 метрлік тереңдіктен газ шықты. 1979 жылғы тамыздың 23-інде өнеркәсіптік мұнай-газ шығарыла басталды, ал 1980 жылдың қаңтарында Қаламқас мұнайының бірінші танкері Бакуге жіберілді. 2005 жылғы маусымның 6-ында «Қаламқасмұнайгаз» өнеркәсіптік басқармасы кеніштен жүз миллион тонна мұнай шығарды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді. Осы ұйымға 2010 жылы Қазақстан төрағалық етіп, 1-2 желтоқсан күндері Астана Саммитін өткізді.

2004 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында қазақтың ұлы ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Омбыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы көшеге қойылды. Мүсін авторы - Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, доцент Азат Баярлин.

2008 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Еуропалық бизнес ассамблеясының «Еуропалық сапа» халықаралық марапаты берілді.

Бұдан бөлек аталған оқу орнының ректоры, белгілі ғалым-түркітанушы Шәкір Ибраев Еуропадағы интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Біріккен Еуропа» халықаралық марапатына ие болды.

2012 жылы Парижде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Дәненов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының Астанада ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Өтінім-досьесін тапсырды.

2013 жылы Алматыда қазақ халық ертегілері негізінде құрастырылған анимациялық жинақтың таныстырылымы өтті. Жинаққа 85 сериядан тұратын «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары», «Бізді қоршаған әлем» слайд-шоу түріндегі 50 ертегі, 1000 сөзден тұратын орысша-қазақша иллюстрациялық аудио-сөздік енді.

2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Еуропалық университеттер қауымдастығына мүше болды.

2017 жылы Францияның Альбиез қаласында өткен Еуропа кубогының кезеңінде шығысқазақстандық фристайлшы Аяулым Әмренова әйелдер арасында бірнеше жүлделі орынға ие болды.

2018 жылы Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның міндеті – Қазақстандағы цифрландыру мен цифрлық технологиялар енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар беру.

2018 жылы сегіз жасар ақтөбелік Мұса Түркімбаев турникте 42 рет тартылып, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Мұсаның ерекше қабілеттері үш жасынан байқала бастаған. Бір рет турникке тартылып көрген бала, мұны әдетке айналдырған.

Дереккөз: https://www.inform.kz

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет