Жұма, 27 Қыркүйек 2024 13:28

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де шықпайды – Күрішбаев

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты. Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев бастаған депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері  "Aqbobek International School" мектебінде ұстаздармен кездесіп, атом энергетикасының еліміздің экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігіне тигізер ықпалын талқылады.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның көміртекті энергия көздеріне тәуелділікті азайту арқылы қоршаған ортаға тигізетін оң әсерін егжей-тегжейлі түсіндірді. 

энергетикамыздың 70 пайызы көмір стансасының негізінде жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы тозған. Оның үстіне көмір электр стансасының экологияға зияны бар. Мысалы, 1 ГБ энергия шығаратын көмір стансасы 3-7 миллион тонна көмірқышқыл газын, 300 мың тонна күл шығарады. Бұның ішінде зиянды қосындылар да бар. Енді біз қандай жағдайда өмір сүріп жатырғанымызды ойланып көрейік. Енді әрбір мемлекет осындай көмір стансаларын жабады. Ал АЭС-тан көмірқышқыл газы, күл шықпайды. Сондықтан жасыл энергияға жатады,-деді ол. Мектепте физика пәнінің оқытушысы Аманжол Бақтығұлов еліміздегі ғылыми-техникалық прогрес мәселесін атом электр станциясының құрылысымен байланыстырды. Сондай-ақ ол АЭС-тың тиімділігіне тоқталды.

Мен  радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы Эрнест Резерфордтың теорияларын жата-жастана оқыған мамандардың бірімін. Атом саласының маманы болмасам да, физик ретінде елімізде АЭС салудың тиімді тұстарын біліп отырмын. АЭС құрылысы түрлі ғылыми саладағы зерттеулерді жетілдіруге серпін береді. Жастардың жаңа бағытта ізденуіне, тың мамандықты игеруге құлшынысын оянатыны анық,-деді ол. Өзге де ұстаздар тың бастамаға бірауыздан қолдау білдіріп, энергия ел экономикасын қозғаушы күш деген ортақ пікірге келді.

Оқылды 564 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет