Сәрсенбі, 01 Маусым 2022 12:09

Дарынды оқушылар марапатталды

Дарынды оқушылар марапатталды Суретті түсірген Аружан АРТЫҚ

Бүгін Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Дарындылар шеруі – 2022» атты іс-шара өтті.

Шараға аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова қатысып, республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда жүзден жүйрік атанған оқушыларды марапаттады.

– Қазіргі қарыштаған заманда бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасатын жарқын болашақ иесі – сіздер. Еліміздің абыройын асқақтатып, гүлденуіне, дамуына үлес қосатын ел азаматтары болуларыңызға тілектеспін!, – деді Айбек Дүйсембекұлы.

Білім додаларында, спорт жарыстары мен жыр мүшәйраларында топ жарған үздіктер жиналған бұл шеру мерекелік концертке ұласты. Сонымен қатар мәдениет үйінің фойесінде өнерпаз балалардың қолынан шыққан бұйымдары мен салған суреттері қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды.

Анель АЯНҚЫЗЫ.

Оқылды 1036 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет