Сейсенбі, 22 Шілде 2025 15:33

Жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасы бюджет есебінен төленеді

МӘМС жүйесінегі заңнамалық өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Аталған Заңға Мемлекет басшысының өзі қол қойды.
Өзгешелікке сәйкес, тегін медициналық көмек пен МӘМС арасындағы айырмашылық алынып тасталынады. Бұл дегеніміз вакцинация, онкоскринингтер , жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, жедел және паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім сақтандыру мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
Реформаның негізінде халықты МӘМС жүйесімен қамтуды кем дегенде 95%-ға жеткізу көзделген.
Ең бір қуантарлығы , ендігіде азаматтар 5 жыл тұрақты жарна төлеген болса, табысы тоқтаған жағдайда да 6 айға дейін сақтандырылған болып қала береді.
«Әлеуметтік осал азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту үшін жергілікті атқарушы органдар жауапты болады. Алматы облысы әкімдігі 3 826 млн теңге қаржы бөліп, 56,6 мың сақтандырылмаған азаматты медициналық қызметпен қамтуды қамтамасыз ететінін растайды»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов .
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыруға аударымдар жергілікті бюджет есебінен төленуі тиіс», деген еді.

Мемлекет басшысының пәрменінен кейін, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейтін болады. Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен төленетін болады.

«МӘМС жүйесінде қосымша міндеттемелердің қосылуына байланысты жүйенің қаржылық жүктемесі күрт өсіп отыр. Осыған байланысты мемлекет тарапынан жарна мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру ұсынылуда. 2027 жылы – 2,2%, 2037 жылға дейін – 4,7%-ға дейін біртіндеп өсіру жоспарланған.Бұл ретте жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін жарна мөлшерлемелері өзгеріссіз қалады»,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.
.

Еске саламыз, Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 1 630 198 адам тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар саны - 1 327 179, яғни, 81,5% болса, «Сақтандырылмаған» халықтың саны – 303 019 болып тұр

Оқылды 368 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет