Қазақстан Республикасының 35 жылдығына орай Шелек ауылдық округінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Бұл – еліміздің басты мерекесі құрметіне арналған шараға округ ауамғында орналасқан барлық мекемелердің қызметкерлері, оқу орындары жастары мен ауыл тұрғындары қатысты. Мерейлі мерекені қуана қарсы алған шелектіктердің жүздерінде шаттықтың нұры төгіліп тұрды.
Еліміздің басты құндылығы – тәуелсіздікті, достық пен бірлікті жүректерімен шынайы қабылдап, елге деген махаббатпен ел Туы көтерілгенде Гимнді рухтана шырқады. Бұл шара – келешек жастар үшін патриоттық тәрбие, азаматтық жауапкершілікті сезінудің бірден-бір айғағы болды.
Ел Туы көтерілген соң округ әкімі Айдарбек Аянбекұлы, басқа да ардагер азаматтар сөз сөйлеп, шелектіктерді мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, рухты көтеретін ән әуендері көпке дейін шарықтап тұрды.
Өз тілшіміз.



