Жұма, 07 Қараша 2025 15:39

Құрылыс нысандары – басты назарда

Арнайы жұмыс сапармен облыс аумағын аралап жүрген аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев ауданға ат басын тіреді. Өндіріс орындары мен құрылыс нысандарына барып, жауапты мекемелерге тапсырмалар жүктеді.

Марат Елеусізұлы алдымен Қойшыбек ауылындағы «Asia Pets» ЖШС-нің үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауытының жұмысымен танысты. Серіктестік құрылтайшысы Руслан Іргебаев цехты аралатып, өнім түрлерін көрсетіп, келешектегі жоспарларымен бөлісті. Былтыр қыркүйек айында іске қосылған өндіріс орнына 500 млн теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бүгінде 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 1000 шаршы метр болатын өндіріс цехы сағатына 500 кг өнім өндіреді.

Бұдан бөлек облыс басшысы Есік қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мердігер мекеме «SHEBERBUILD» ЖШС салып жатқан тұрғын үйдің жалпы жоба құны 2,9 млрд теңге. Бүгінде 1,8 млрд теңгесі игерілген. Жұмыс сапасын көрген Марат Елеусізұлы биылға жоспарланған межені орындау қажеттігін қатаң тапсырды мердігер мекеме өкіліне.

Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев белгілі себептермен құрылысы сағызша созылған Есік қаласындағы Абылайхан атындағы орта мектептің ғимаратына да арнайы барды. 1938 жылы қолданысқа берілген оқу ғимараты осыдан екі жыл бұрын күрделі жөндеуге жабылған. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталуы тиіс. Нысанды аралап, ауланың абаттандыруымен танысқан аймақ басшысы басқарма басшысы мен мердігер мекеме басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

С.НҰРАДИН.

 

Оқылды 142 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет