Жұма, 07 Қараша 2025 15:44

Ермұрат Бапи: Газеттерге банкрот қаупі төніп тұр

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида БАЛАЕВАҒА,

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат ОМАРОВҚА,

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бекежан ЖӘКЕЕВКЕ!

– Соңғы 2-3 күннен бері Қазақстанның біраз аймағынан менің атыма шұғыл және уақыт күттірмейтін мәселе көтерген бірнеше өтініш келіп түсті. Алматы, Семей, Түркістан, Шымкент және басқа да өңірлердің журналистік ұжымдары дабыл қаққан бұл мәселенің мән-жайы мынадай (қаз-қалпында):

«Соңғы уақытта «Қазпошта» АҚ тарапынан көрсетілетін қағаз газеттерге қатысты қызмет ақыларының бірнеше есе өсірілуі республикалық тәуелсіз басылымдармен қатар, аймақтық, облыстық және аудандық газет редакцияларының алаңдаушылығын туғызып, оларға банкрот болу қатерін төндіруде. Атап айтқанда, биылғы жылдың шілде айында пошта арқылы мерзімді басылымдарды тарату қызметінің ақысы 1000 пайызға дейін артқан болатын. Бұл өзгеріс баспасөз ұжымдары үшін қатты соққы болып, өңірлік және аудандық газеттердің қаржылық жағдайына ауыр тиді. Ал жуырда баспасөзге жазылу қызметі үшін бұрынғы 17 пайыздық мөлшерлеме бірден 41,76 пайызға дейін көтерілгені жөнінде хабарлама алдық. Бұл шешім редакциялар мен журналистер қауымы үшін күтпеген және ауыр соққы болып отыр.

Салыстырмалы түрде айтайын. Мысалы, апталық газеттің орта есеппен 8 мың теңгелік жазылу ақысының 3 мың 200 теңгесі «Қазпоштаның» тарату шығынына жұмсалады; 3 мың теңгеге жуығы қағаз бен баспахана шығынына кетеді; 1 мың теңгеге жуығы кеңсе жалдауға, көлік және байланыс (интернет) қажеттілігін өтейді. Сонда қалған 1 мың теңге ғана редакция қызметкерлерінің жалақысына жұмсалады. Бұл жағдайда қағаз үлгісінде шығатын газеттерді сақтап қалу мүмкін емес!

Осыған байланысты төмендегі сұрақтарымызды жолдаймыз:

  1. Ақпарат құралдарымен жасалатын келісімшарттар неге тек бір тараптың – «Қазпоштаның» мүддесін қорғайды? Бұл «Қазпоштаның» мүддесін көздеген көпе-көрнеу монополиялық жағдай емес пе?
  2. Қызмет ақысының көтерілуі туралы шешім неге алдын ала ескертілмейді және БАҚ өкілдерімен талқыланбайды?

 

  1. Көптеген өңірде мерзімді басылымдар оқырманның қолына уақытылы жетпей жатады. Бұл үшін министрлік тарапынан «Қазпошта» компаниясының жауапкершілігін арттыру мақсатында неге талаптар қойылмайды?
  2. Салалық министрліктің есіне салайық: редакциялар жазылудан түскен қаражатты бірден алу мүмкіндігінен айырылған. Ақша тоқсан сайын бөліп беріледі. Осы қаражат «Қазпоштаның» есепшотында жатқан кезеңде кімнің мүддесіне қызмет етеді?

Бұл сауалдар – бір ғана басылымның емес, бүкіл республикалық және өңірлік қағаз үлгісіндегі газеттер шығаратын бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ мәселесі».

Бұл мәселені мен Аида Балаеваның өзіне жеке жолығып, журналистер қауымының арыз-арманы ретінде тікелей өзіне айтуыма болар еді. Бірақ жағдайдың күрделілігі сол – бұл проблеманы бір министрлік шеңберінде шешу мүмкін емес. Сондықтан «Қазпоштаның» баса-көктеген монополиялық қызметіне қатысты мәселе ел Премьер-Министрі Олжас Бектенов мырзаның, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы басшылығының да құлағына жетсін деп, бұл депутаттық сауалды жария түрде жолдап отырмын.

Бәріміздің есімізде болуы керек және бірлесіп шешіуіміз тиіс бір маңызды мәселе бар: Мәдениет және ақпарат министрлігі мен әр деңгейдегі әкімдіктер мемлекеттік ақпарат тапсырысына (госинформзаказ) жалпы жиыны миллиардтаған теңге қаржы жұмсайды. Бірақ осы миллиардтардың тең жартысына жуығын «Қазпошта» ұлттық компаниясы сыпырып алатын болса, бұл мемлекеттік саясаттың логикалық қисыны қандай болмақ? Тек «Қазпоштаны» қаржыландыру үшін ғана ма? Ал ел Президенті мен мемлекеттің саясатын насихаттау мәселесі қайда қалмақ? Біз неге бір компанияның қаржылық жағдайы үшін ұлттық саясатты құрбан етуіміз керек?!

Сондықтан көтерілген мәселелерге түсініктеме беріп, БАҚ редакцияларына жария түрде және ақылға сыйымды жауап берулеріңізді сұраймын. Әйтпесе әртүрлі деңгейде газеттер шығаратын редакциялар басшылығы Түркістан қаласына жиналып, ел Президенті атына Ашық хат жолдауға дайындалып жатқанын сіздердің естеріңізге саламын.

Оқылды 190 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет