Жұма, 07 Қараша 2025 15:47

Кәсіби шеберлік – еңбек сапасының кепілі

Қай кезде болсын еңбек адамының қоғамдағы орыны алдыңғы қатарда екені даусыз. Халықтың тұрмыстық саласы ең алдымен кәсіби мамандардың шеберлігімен алға басады. Қазіргі кезде де мемлекетіміздің басты ұстанымы білікті жұмысшы кадрларды даярлау және олардың мәртебесін көтеру. Білім мен тәжірибені ұштастырып, жауапкершілікке баса мән беру – кәсіби шеберлікке тән қасиет.  Заманауи өндіріс пен технологияны игеру, жаңа белестерді бағындыру өз ісін жетік меңгерген маманның ғана қолынан келеді. Сондықтан да «жұмысшы мамандықтар жылы» деген мәртебе еңбек адамына деген құрмет болса керек.

 

Кәсіби білім алу бүгінгі жастар үшін – болашаққа жол ашатын мүмкіндік.  Техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім алып жүрген жастар – ертеңгі күні ел экономикасына елеулі үлес қосатын мамандық иелері. Ал оларға білім беріп, кәсіби шеберлігін шыңдайтын – ұстаздары, яғни оқытушылары. Кәсіптік білім алып жүрген жастардың кәсіби шеберлігін арттыруда, оларға біліммен қоса, шеберліктерін шыңдап жүрген оқытушылар арасында, жақында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Шелек политехникалық колледжінің базасында  WSK стандарттары негізінде «Дәнекерлеу технологиясы» және «Жеңіл автомобильдерді жөндеу» құзіреттіліктері бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің аймақтық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Аталған байқауға облыс көлеміндегі 12 колледжден 24 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты. Бұл кездесуге облыстық білім басқармасының бас мамандары, әлеуметтік серіктестер – «Мансап орталығы» және   БАҚ  өкілдері мен блогерлер қатысты.

«Кәсіби шеберлік – еңбек сапасының кепілі» тақырыбында бас қосқан жиынды Шелек политехникалық колледжінің директоры Қуат Дүйсебаев ашып, конкурстың мақсаты мен міндетін қысқаша түсіндірді. Облыстық білім басқармасының бас маманы Ерболат Жумагелдіұлы сөз алып, бүгінгі күні еңбек адамдарының кәсіби шеберлігін арттыруға баса көңіл бөлініп, бұл мәселе бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айта келе, конкурсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты – педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және еңбек сапасын жетілдіру болса, қатысушылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, заманауи өндіріс талаптарына сай кәсіби машықтарын танытты.

Осындай байқаулар білім сапасын арттыруға, тәжірибе мен шеберлікті ұштастыруға және еңбек нарығына сай білікті мамандар даярлауға мүмкіндік беретіні айқын. Конкурс  қорытындысында «Дәнекерлеу ісі»  құзіреттілігі бойынша Жамбыл атындағы көпсалалы колледжден Ержан Дауренбеков І орынды жеңіп алды. Ал жүлделі ІІ және ІІІ орындарды Шелек политехникалық және Қаракемер кәсіптік колледждерінің қатысушылары  Жақып Бабахан мен Саят Телеу-ов иемденді.

Ал «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша І орын Қонаев көпсалалы колледжінен қатысушы Айдын Искаковқа, ІІ орын Талғар агробизнес және менеджмент колежінің оқытушысы Әділет Әдебиетұлына, ІІІ орын Қаракемер кәсіптік колледжінен Мұхтар Куванчбаевқа бұйырды.

 

Анарбек

БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 210 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет