Жұма, 21 Маусым 2019 15:43

Жастар – жарқын болашақ бастауы

Жастар – жарқын  болашақ бастауы mezet.kz

Асқар Алатаудың баурайындағы дүниенің бар асылын, сұлулығын өз бойына жинаған Шелек ауылындағы №1 орта мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестатты тапсыру рәсімі «Жастар  – жарқын болашақ бастауы» тақырыбында өтті.

Түлектерді құттықтап, сөз сөйлеген мектеп директоры Ардақ Қырықбай ел тарихының жаңа парағы ашылған күнмен бүгінгі мерекенің қатар келуі, сәрсенбінің сәтінде өтіп жатқан мереке бекер сәйкестік емес екенін айтып, болашақта мемлекеттің тізгінін ұстайтын парасатты ұрпақ ретінде асар асуларының биік, армандарының айқын, қадамдарының нық, өмірлік жолдарының ақ болуын тілеп, салтанатты түрде 31 оқушыға аттестаттарын  табыс етті. 31 бітіруші түлектер өздерінің тиянақты әрі терең білімдерін қорытынды аттестаттауда дәлелдеп шығып, екі оқушы Дәулет Құрманәлі мен Жақсылық Жуасбай «Алтын белгі» иегері, он бір оқушы мектепті беске бітіріп үздік атанса, қалған 18 оқушы да мектепті 4 пен 5-ке бітіріп азаматтықтың куәсі, өмірлік жолдама болатын аттестаттарын қолдарына алды. Биылғы жылдың ерекшелігі мектеп бітіруші түлектер Елордалық мектеп бітірушілердің жіберген үндеуіне қосылып, мектеп бітіру кешінде лимузин жалдап, қымбат көйлек киюден,  қымбат мейрамханадан бас тартып,  кешті қарапайым түрде мектепте өткізді. Сынып жетекшілері Базархан Төлегенова мен Анар Демееваның ұйымдастыруымен өткізген мерекеде оқушылар балалықпен қоштасып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғысын айтып, әнмен, бимен көркемдеді кешті.  Мектебімізді аяқтап отырған екі сыныптағы 31 қайталанбайтын, бір-біріне ұқсамайтын  дара тұлғалар. Олар алтын ұя мектептерін әртүрлі пәндер бойынша өткен олимпиадаларда, аудандық, облыстық түрлі жарыстарда өздерін үнемі биіктерден көрсетіп, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, басқаларға үлгі бола білген түлектер.

 

Базархан Төлегенова,

Шелек ауылындағы

№1 орта мектептің

музыка, тарих пәндерінің мұғалімі.

Оқылды 2643 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет