Қаракемер ауылдық округінде қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында 10-11 сы нып оқушылары арасында адам ұрлау, некеге мәжбүрлеу, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сталкинг (қудалау) тақырыптарында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз қауіпсіздігіне бей жай қарамауға және заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған ша рада учаскелік полиция инспекто ры Д.Бейқұтұлы заң талаптары мен құқықтық жауапкершілік жайында кеңінен тоқталды. Ал мешіт имамы дін тұрғысынан адам құқығының аяқасты етілуіне жол берілмейтінін, зорлық пен мәжбүрлеудің ислам қағидаларына қайшы екенін атап өтті. Ауылдық окрігтің әкімдік қызметкері мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуда қоғам мен отбасының бірлескен жауапкершілігінің маңызын жеткізді.
Дәнегүл МЫРЗАБАЙ,
Қаракемер ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.



