Сәрсенбі, 11 Ақпан 2026 16:46

Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдады

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығы туралы айтып, құжаттың өңірлерде кеңінен қолдау тапқанын жеткізді.

Депутат құжатта «Әділетті Қазақстан» қағидатының айқындалғанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы алғаш рет Преамбула мен жалпы ережелер деңгейінде мемлекеттік дамудың іргелі бағдары ретінде «Әділетті Қазақстан» құндылығын белгіледі. Әділетті Қазақстан қағидаты Қазақстан Халық партиясы толық қолдайтын әлеуметтік әділеттілікті білдіреді. Әділетті Қазақстан – «Заң мен Тәртіп» қағидатын сөзсіз ұстанатын ел; тең мүмкіндіктер елі, кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтар елі», – деді депутат.

Сондай-ақ, ол тарихи сабақтастық пен ұлттық құндылықтарға назар аударды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның Преамбуласында қоғамдық бейбітшілік пен орнықты дамудың жалғыз қолайлы негізі ретінде этносаралық және конфессияаралық келісімге айтарлықтай көңіл бөлінген. Оның сөзінше, еңбек етуге құқығы туралы норма ерекше қолдау тапты.

Институционалдық өзгерістер туралы айта келе, Магеррамов мемлекеттік биліктің жаңа құрылымы жайында сөз қозғады. Бірпалаталы Парламентті, «Халық кеңесі» жоғары консультативтік органын құру, сондай-ақ Конституция жобасының түбегейлі жаңалықтары жаңа бағдар береді. Депутаттың айтуынша, қазір мемлекет тек процестерді басқаруға ғана емес, азаматтарға қызмет етуге негізделген.

Магеррамов жобаның кеңінен қолдау тапқанына тоқталып, оны референдумға шығаруды ұсынды.

«Мен қазақстандықтардың басым көпшілігінің жаңа Конституция жобасын толық қолдайтынын сеніммен айта аламын. Мұны тек Комиссияның ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлеріндегі жаңа Конституция жобасын әртүрлі қоғамдық, әлеуметтік топтармен, қоғамдық ұйымдармен және еңбек ұжымдарымен талқылау аясында кездесулерді өткізген Халық партиясы филиалдарының жұмысына байланысты айтып отырмын»,– деді ол.

Мәжіліс депутаты Қазақстан Халық партиясының фракциясы тарапынан Парламент Мәжілісінде барлық филиалдарының, сарапшылардың, ғылыми және заң қоғамдастығы өкілдерінің, кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілгенін атап өтті. Отырысқа 100-ге жуық адам қатысып, азаматтар жаңа Конституция жобасына бірауыздан қолдау білдірді.

«Жаңа Конституцияның жобасы – өткен кезең мен бүгінгі басымдықтарды түсіне отырып, Қазақстанның болашақтағы жаңа бағдары туралы шешім қабылдаған халықтың бірлігі мен біртұтастығының белгісі деп айтуға болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз жаңа Конституцияның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынамыз», – деп қорытындылады сөзін Магеррам Магеррамов.

Оқылды 23 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет