Конституциялық іс жүргізу жалпы сот өндірісінен ерекшеленетіндіктен, мұнда кәсіби құқықтық талдау мен дәлелдің сапасы айрықша маңызға ие. Адвокаттардың белсенді қатысуы заң нормаларының Ата Заңға сәйкестігін терең зерделеуге мүмкіндік беріп, әділ әрі негізді шешім қабылдануына ықпал етеді.
Қазіргі кезеңде құқықтық, әлеуметтік және демократиялық мемлекетті қалыптастыру үдерісі Конституция нормаларын жетілдірумен және оны нақты іске асыру тетіктерін күшейтумен тығыз байланысты. Осы тұрғыда адвокаттардың Конституциялық Сот алдындағы мәртебесін айқындау, ғылыми және шығармашылық еркіндікті бекіту, меншік құқығы мен тұрғын үйге берілетін кепілдіктерді конституциялық деңгейде нақтылау – мемлекеттің құқықтық жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық маңызы бар бағыттар болып табылады.
БЕКОВ
Ринат Бахытжанович
Аудандық маслихат депутаты



