Ғылыми және шығармашылық еркіндік мәселесі де ерекше маңызға ие. Ғылым мен инновация – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі қозғаушы күші. Егер ғалымдар өз зерттеулерін еркін жүргізіп, ғылыми нәтижелерін тәуелсіз жариялай алса, қоғамда сапалы білім мен технологиялық прогресс қалыптасады. Конституциялық деңгейде ғылыми еркіндікті бекіту – ғылымды саяси немесе өзге де ықпалдардан қорғау тетігі. Бұл ғылыми ізденістердің объективтілігі мен сенімділігін арттырады.
Болатканова Жамал Сәбетқызы,
Жастар ісі жөніндегі әдіскер - нұсқаушысы



