Тұрғын үйге берілетін конституциялық кепілдік әлеуметтік мемлекеттің айқын көрінісі болып табылады. Әрбір азаматтың лайықты өмір сүруге құқығы бар, ал тұрғын үй – сол құқықтың негізгі құрамдас бөлігі. Конституциялық деңгейде бекітілген кепілдік мемлекетке әлеуметтік саясатты жүйелі түрде жүргізуге міндет жүктейді. Бұл әлеуметтік теңсіздікті азайтып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтады.
Әбілдә Нұрлан Сәрсенбайұлы,
Блогер



