Адвокаттардың Конституциялық Соттағы рөлі – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы басты кепілдік. Конституциялық іс жүргізу ерекшелігі – тек жеке дауларды шешу емес, заңдардың Конституция талаптарына сәйкестігін тексеру. Мұндай процесс адвокаттың кәсіби дайындығын, құқықтық талдау жасау қабілетін және дәлелдерді жүйелі жеткізе білуін талап етеді.
Адвокаттың қатысуы сот шешімдерінің әділ әрі негізді болуына ықпал етеді. Олар құқықтық жүйедегі тепе-теңдікті сақтап, сот тәжірибесінің сапасын арттыруға тікелей үлес қосады. Қоғамда Конституция нормаларына сенімділіктің артуы азаматтардың құқықтық мәдениетін күшейтеді.
Байгоджаев Куат Султанович
Алматы облыстық маслихат төрағасы



