Дүйсенбі, 16 Ақпан 2026 20:33

Астанада сарапшылар «Отбасылық құндылықтардың құқықтық негізі және әлеуметтік қорғау» - атты тақырыбы аясында жаңа Конституция жобасын талқылады.

Бүгін Заңнама және құқықтық ақпарат институты Қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын кеңейтілген сараптамалық талқылаудан өткізді. Елдің жетекші құқықтанушылары, саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары Ата Заңның негізгі жаңалықтарын қарастырып, отбасы мен неке институтын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу пәнаралық диалог форматында өтті. Ғалымдар мен сарапшылар ана мен әкені, баланы қорғауға, сондай-ақ некенің конституциялық мәртебесіне қатысты ұсынылған баптардың тұжырымдарын жан-жақты талдады.

Талқылауды аша отырып, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Аубакирова конституциялық реформаларды ғылыми тұрғыдан пысықтаудың стратегиялық маңызын атап өтті:

«Жаңа Конституция жобасы — бұл жаңартылған нормалардың жай ғана жиынтығы емес, мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңінің көрінісі. Бүгін құқықтанушылар мен әлеуметтанушылардың күшін біріктіре отырып, біз конституциялық жаңалықтардың құқықтық тұрғыдан мінсіз әрі өміршең болуына жұмыс істеп жатырмыз. Отбасылық құндылықтарды қорғайтын нормаларға ерекше мән береміз, өйткені отбасы — қоғамның табиғи әрі іргелі ұясы. Біздің міндет — мұндай институттарға қазіргі заманның сын-қатерлері мен халқымыздың дәстүрлеріне сай сенімді конституциялық кепілдік беру».

Өз кезегінде Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрайымы, философия докторы (PhD) Жұлдызай Искакова реформалардың әлеуметтік өлшемінің маңызын атап өтті:

«Конституция азаматтардың күтулеріне үн қатуы тиіс. Заңнама институтымен бірлескен жұмыс құқықтық тұжырымдарды қоғамның нақты сұраныстарымен үйлестіруге мүмкіндік береді, жеке адамның құқықтарын қорғау мен ұлттың мәдени кодын сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді».

Отырыс барысында жаһандану жағдайында дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселелері төңірегінде қызу пікірталас өрбіді. Қатысушылар қазіргі заманның өткір әлеуметтік сын-қатерлерін де назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, жұмыссыздықпен күрес мәселелері, сондай-ақ буллинг (қорлау) және сталкинг (қудалау) сияқты теріс құбылыстарға қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктері нақты қаралды. Сарапшылар тұлғаны қауіп-қатердің жаңа түрлерінен қорғау үшін сенімді құқықтық тосқауылдар құру қажеттігін талқылады.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар аталған нормаларды конституциялық деңгейде бекітудің уақтылы екенін бірауыздан атап өтіп, олардың қоғамда жоғары сұранысқа ие екенін айтты.

Сонымен бірге, сарапшылар бұл конституциялық кепілдіктерді практикалық іске асыру заңдар мен заңға тәуелді актілер деңгейінде одан әрі мұқият пысықтауды және нақтылауды талап ететінін ерекше атап

Оқылды 31 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет