Дүйсенбі, 16 Наурыз 2020 14:21

Каникул аяқталған соң оқушылар онлайн оқуға көшуі мүмкін

Каникул аяқталған соң оқушылар онлайн оқуға көшуі мүмкін google.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында коронавирусқа байланысты білім саласының алдында тұрған бірқатар мәселеге назар аудартты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттегенін білесіздер. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс атқарылуда. Білім беру ұйымдарына, министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына, педагогтер мен оқушылардың өзара іс-қимылына, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы жіберілді», - деп жазды министр.

Сонымен қатар министр бірқатар мәселеге назар аудартты.

1. Мектепке дейінгі білім мекемелері штаттық режімде жұмыс істеуде. Балабақшаға балаларды апару немесе апармау мәселесі ата-аналарының қалауына байланысты. Келмегені үшін балабақшадан шығарылмайды. Яғни, балаңызды балабақшаға апармасаңыз, орны сақталады. Сондықтан, ата-аналарға мүмкіндігінше бүлдіршіндерді үйде қалдыруға кеңес беріледі.

2. 16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беретін ұйымдардың қызметі тоқтатылды. Оған оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, музыка, көркемсурет, өнер мектептері және т.б. жатады. ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті қазіргі жағдайды ескере отырып, ата-аналарға балаларын жекеменшік дамыту орталықтарына да апармауға кеңес береді.

3. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін балалар көктемгі демалыста болады. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері қашықтан жұмыс істейді. Әріптестеріміз әдістемелік және сабаққа дайындық жұмыстарын үйде отырып орындай аады. Ал мектеп директорлары педагогтердің қашықтан жұмыс істеуі және каникул кезінде атқарылатын жұмыс көлеміне сай айлықты толық төлеу туралы актілерді қабылдайды.

Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтан оқыту үшін дайындық жұмысы жүргізілуде. Бұл тұрғыда арнайы топ ақпараттық жүйені контентпен қамтамасыз ету, педагогтерді үйрету, сервистерді тестілеу және басқа бағыттар бойынша жұмыс атқаруда. Ұйымдастыру жұмыстарын 5 сәуірге дейін аяқтауымыз қажет. Бізде бірнеше электронды платформа бар, қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

4. 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО студенттері қашықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуде. Оқыту процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сай жүргізіледі.

5. Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалады. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Бізде «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «DDaryn.online» сынды жақсы жүйелер бар. Сондай-ақ «Coursera» өз курстарын тегін ұсынды және «ZOOM» оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады.

«Айта кетейін, жоғары оқу орындары үшін қашықтан оқыту жүйесі жаңашылдық емес. ҚР БҒМ бұйрыққа қол қойған сәттен бастап, арнайы технологияларды пайдаланып жүрген кейбір ЖОО онлайн-форматта оқытуды бастап кетті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан оқытудың шамалы күрделі жақтары бар. Дегенмен де колледждердің басым бөлігі тиісті жүйе бойынша жұмыс істеп көрген. Қалғандары қатарға қосылуда. Қазіргі уақытта арнайы жүйелерге контент жүктеу, ОӘК енгізу, СБР бойынша үлкен жұмыс атқарылуда», - дейді министр.

Колледждер мен жоғары оқу орындары педагогтерінің де қашықтан жұмыс істеуіне жағдай жасалауы керек. ЖОО мен колледж басшыларына осыған қатысты тиісті тапсырма берілген.

6. Жатақханаларға қатысты сауалдар жеткілікті. Билет немесе қаржы тапшылығы сынды әртүрлі жағдайларға байланысты қаладан кете алмайтын студенттер жатақханаларда тұра береді. Бірақ олар тек өз бөлмесінде болуы тиіс.

7. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары онлайн-форматта өткізіледі. Кейбір курстардың өткізу мерзімі биылғы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.

8. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы мен ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының IV кезеңін және басқа да конкурстарды өткізу мерзімі кейінге шегерілді.

9. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс- шараларға қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ бұқаралық іс- шаралар өткізуге болмайды.

10. Білім ұйымдарына білім берудің барлық деңгейлері бойынша оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі ҚР БҒМ әдістемелік ұсыныстары берілді. Қажет болған жағдайда олар жаңартылып отырады.

«Пандемия кезеңінде кем дегенде 15 мемлекет мектептерді уақытша жабу туралы шешім қабылдаған. Тағы 14 елдің белгілі бір өңірлерінде орта білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылды. Осылайша, мектептерді уақытша жабу мәселесі Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және АҚШ сияқты мемлекеттерді айналып өтпеді. Осыған байланысты балалар мен студенттерге білім беру және оқу процесінің үздіксіз жалғасуын қадағалау басты назарға алынып отыр. Бұл - біздің елдегі білім беру жүйесі үшін үлкен сын әрі маңызды міндет. Алға қойған тапсырмаларды біздің педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттеріміздің белсенді атсалысуы арқылы бірге орындаймыз деп сенемін», - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Оқылды 3429 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында…

2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде…
Мам 06, 2025

Казахстан значительно улучшил…

Международный рейтинг открытости официальной статистики Open Data Inventory (ODIN)…
Мам 06, 2025

76,4% населения страны доверяют…

Согласно результатам опроса, проведенного по заказу Казахстанского института…
Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет