Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 08:50

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік әлеуметтік жұмыс күні

Әлеуметтік әділеттілік, адам құқықтары және әлеуметтік даму үшін күресетін Халықаралық әлеуметтік жұмысшылар федерациясының бастамасымен жыл сайын наурыздың үшінші сейсенбісінде аталып өтеді.

Әлеуметтік жұмыстың негізгі міндеті - көмекке және қолдауға мұқтаж әлеуметтік топ өкілдерінің (балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, аз қамтылған адамдар, әйелдер және т.б.) лайықты өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету. Ал әлеуметтік жұмыстың маңызды нәтижесі – тек жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас отбасы мен жалпы қоғамның әл- ауқатын жақсарту.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1990 жылы Алматыда Қазақстан кәрістерінің құрылтайы өтті. Онда республикалық кәріс мәдениеті орталықтарының қауымдастығы құрылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бұрынғы Югославия Республикасы Македонияның тәуелсіздігін мойындау туралы нота жіберді.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы құрылды.

1995 жылы журналистика саласының «Алтын жұлдыз» Жалпыұлттық сыйлығы тағайындалды. 2001 жылдан бастап «Алтын Жұлдыз» Қазақстан Журналистика академиясының ресми сыйлығы. Сыйлық - шығармашылық табыстарды және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге түсе алатындығын кәсіби және қоғамдық танудың жоғары белгісі. Қазіргі таңда Қазақстан журналистикасының дамуына өз үлестерін қосқан 100-ден астам тұлға осы сыйлықпен марапатталған.

2000 жылы экономикалық, саяси және мәдени салаларда Аустрия мен Қазақстанның арасындағы достық байланыстарын нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Аустрия Республикасының алдындағы зор еңбегі үшін Үлкен Құрмет жұлдызы» орденімен марапатталды.

Аталмыш құрмет белгісі — Аустрияның 1952 жылғы 2 сәуірде бекітілген мемлекеттік наградасы. Оны Ұлттық жиналыс қабылдаған заңдарға негізделе Аустрия Федералды Президенті табыстайды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қазғарыш» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды.

2012 жылы «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымына кіретін Қазақстанның үш қаласына (Қарағанды, Өскемен және Семей) республиканың тағы тоғыз қаласы қосылды, оның ішінде Шығыс Қазақстанның сегіз қаласы бар.

«Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының «Болашақ-2020» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Люк Деане қазақстандық Павлодар, Курчатов, Риддер, Зырян, Шемонаиха, Зайсан, Шар, Аягөз, Серебрянск қалаларының әкімдеріне «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымы мүшелерінің сертификаттарын табыс етті. Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктері мен «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық хатшылығы бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

2013 жылы Семей қаласының шеберлері Түркістанда Ахмет Ясауидің кесенесінде орнатылған қола Тайқазанның көшірмесін жасады. Оның диаметрі - 2,45 м, салмағы - 2 тонна.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 17 наурызда номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы «Бразилиядағы FIFA 2014 футболдан әлем чемпионаты» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды.

2017 жылы Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық алғашқы сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар – «Қазмедиа» орталығы және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Мақсаты - ең сапалы және өзекті телевизиялық өнімді анықтап, талантты кәсіпқойларды қолдау, сондай-ақ сапалы қазақстандық телевизияны дамыту.

2018 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы кеңесі Қазақстанның Болат комитетіне кіру туралы өтінішін мақұлдады.

2019 жылы Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Айка» картинасындағы басты рөлі үшін «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды.

2018 жылдың мамыр айында Самал Еслямова қазақстандық кинематография тарихында тұңғыш рет 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса деп танылған болатын.

Дереккөз: inform.kz

Оқылды 3534 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет