Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 19:28

Вирус жұқтырғандар саны 109-ға жетті

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус инфекциясымен тіркелген соңғы 20 науқас туралы айтты.

«20 науқастың 14-і — стационарлық емдеуде жатқан науқастар. Олардың бір бөлігі өкпе қабынуы күдігімен ЖРВИ белгілерімен және дене қызуымен ауруханаға түскен. Екінші бір бөлігі – 24-25 наурызда коронавирустық инфекция анықталған адамдармен жақын байланыста болғаны үшін тексеруге алынғандар. Сонымен бірге, науқастар арасында өзге елдерден ұшып келіп, оқшауланған адамдар да бар», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Оның айтуынша, 6 жағдай Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында жүргізілген мониторинг барысында тіркелген.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 61 адамнан коронавирустық инфекция табылып, стационарда жатыр. Төрт науқастың жағдайы – тұрақты ауыр. Олардың өкпе қабынуы расталды және тыныс жетіспеушілігі бар. Коронавирустық инфекция бойынша хаттамаға сәйкес ем-дом алып жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағым жоқ, дене қызуы қалыпты», - деді Сәуле Қисықова.

Ал Алматыда коронавирус жұқтырған 64 жастағы науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бұл туралы онлайн брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев: «Бір науқастың жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 64 жастағы бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті бронхит ауруының болуына байланысты нашарлап отыр .Жасанды желдету аппаратына қосылғалы бері жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясы өкпенің созылмалы ауруы бар пациенттердің жағдайын ушықтыратынын білеміз», - деді Т.Әбілдаев.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті.

«Біздің мекемелер мұндай аппаратпен толық қамтылған. Тіпті қажет болған жағдайда басқа стационарлардан аппарат алдыруға мүмкіндік бар», - деді ол.

Сондай-ақ жақсы жаңалық та жоқ емес. Бүгін Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус жұқтырған әйел адамның емделіп шыққанын да Тілеухан Әбілдаев жария етті. 

«Пациент коронавирусты еуропада жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда өткізді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы жүргізілген екі бақылау талдау шаралары коронавирусқа теріс нәтиже көрсетті»,– деді Тілеухан Әбілдаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 109 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында 61 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 40 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан тіркелген.

Оқылды 2958 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет