Дүйсенбі, 20 Сәуір 2020 12:52

Айлардың сұлтаны - Ораза

Құрметті Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары!

Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға шексіз шүкірлер және сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке сансыз салауаттар болсын.

Сіздерді кіріп келген шарапаты мол, қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

«Әрбір ақылдыға иман парыз, әрбір имандыға ғибадат парыз» деп Абай атамыз айтқандай, ораза ұстау күллі мұсылман қауымына Алла Тағала бұйырған бес парыздың бірі. Алла елшісі с.ғ.с. бір хадисінде: «Кім шын иманмен сауабын үміттеніп, Рамазан айының оразасын ұстайтын болса, бұрынғы және кейінгі күнәлары кешіріледі» деген.

ҚМДБ-ның шариғат және пәтуә бөлімінің ұйғаруымен биылғы Рамазан айы 24-сәуірден басталады. Қасиетті Қадір түні 19-мамырдан 20-мамырға қараған түнге сәйкес келеді. Сонымен қатар, биылғы жылдың пітір садақасы 370 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы Рамазан айының басталуымен Ораза айт намазы оқылғанға дейін берілуі қажет. Сондай-ақ, Ораза айт намазы 24-мамыр күні таңғы сағат 6-30 да оқылады.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының хабарлауымен елімізде болып жатқан індетке байланысты Рамазан айында оқылатын тарауих намазы мешіттерімізде оқылмайды. Тарауих намазын үйімізде отбасымызбен оқуға кеңес берілді.

Алла Тағала ұстаған оразамызды қабыл етіп, жер бетінде орын алған аталмыш індеттен баршамызды сақтасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Әмин!

 

Сапархан Айдарханұлы, 

Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы

Оқылды 3729 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет