Сәрсенбі, 22 Сәуір 2020 11:15

Мәжіліс жастарды саясатқа белсенді тартуға негізделген заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы мақұлданды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасымен партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квотаны қарастыру ұсынылады. Осы мақсатта, Сайлау туралы Конституциялық заңда әйелдер мен жастарға арналған квоталарды партиялық тізімге енгізу туралы талап қойылатын болады», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда әлемдегі мемлекеттердің басым бөлігі әйелдер мен жастардың сайлау процесіне тең қолжетімділігіне кепілдік беру үшін қажетті шаралар қабылдауда. Партиялық гендерлік квоталар Еуропа елдерінде қолданылады және осындай ережелер Германия, Норвегия, Франция және Бельгияда кеңінен таралып, олар сайлау туралы заң деңгейінде бекітілген.

«Осыған орай, халықаралық тәжірибе аясында ұсынылып отырған жаңа нормалар әйелдерді елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, біз жастардың Парламентке және жергілікті өкілетті органдарына келуіне ықпал етуге тиіспіз. Осы бөліктегі заңнамалық түзетулер, қоғамдық-әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қабілетті жастарды да саясатқа белсенді тартуға мүмкіндік беретін болады», - деді министр.

Оқылды 2769 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 02, 2024

Мәжіліс депутаты Алматы облысындағы…

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының…
Шіл 02, 2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев…

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп…
Шіл 02, 2024

Алматы облысында бұқаралық спорт…

Іле ауданы Алматы облысы әкімінің кубогы үшін футболдан бірінші облыстық турнирдің…
Маус 14, 2024

Преодоление. Пять лет созидания

Касым-Жомарт Токаев, подлинный интеллектуал, искусный дипломат и эффективный…
Маус 13, 2024

Реформаның үштағаны: жасампаздық пен…

Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың…
Маус 13, 2024

145 юных гениев: Алматинская область…

Инвестиции в будущее: 145 школьников получили награды за достижения на международных и…
Маус 13, 2024

Құрбандық шалу – ежелгі салт

Күллі мұсылман қауымы зор құлшылықпен Һәм құрметпен атап өтетін діни мерекелердің бірі –…
Маус 13, 2024

Тынымбике ТӨЛЕУБАЕВА: Салаға реформа…

Дәрігерлік – мәңгілік мамандық болып есептеледі. Қызығы көп қызметтің қаншалықты…
Маус 13, 2024

ПМСП – основа здравоохранения

Одной из главных целей Национального проекта модернизации здравоохранения РК –…

Күнтiзбе

« Шілде 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет