Бейсенбі, 23 Сәуір 2020 16:55

Фермерлер блокпосттардан өте ала ма?

Фермерлердің блокпосттардан кедергісіз өту мәселесі қаралды. Бұл ретте ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі және облыс әкімдерінің орынбасарларымен селекторлық кеңес өткізді.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ҚР Премьер-Министрінің блокпосттарда фермерлердің жүріп-тұруын жедел шешу туралы берген тапсырмасына қарамастан, көптеген шаруашылық иелері министрлікке рұқсат алу тәртібі бойынша хабарласуда.

«Бұл мәселе бірнеше рет қаралды, ҚР Президенті, Премьер-Министр көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасауда, оның ішінде фермерлер мен сервистік ұйымдардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл мәселе Мемлекеттік комиссияның күн тәртібінде. Ең бастысы - Президенттің тапсырмасы бар. Фермерлерге кедергі жасаудың қажеті жоқ. Кім электронды түрде жұмыс істегісі келсе, солай жасасын. Біріншіден, фермерлердің өтініштері жедел қаралуы керек, яғни 2-3 күнге созбай. Сонымен қатар, рұқсатты қалай алу керектігін нақты түсіндіріп, фермерлерге тиісті жағдай жасау қажет. Егер электронды рұқсат болмаса, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қағаз анықтамалары негізінде жасалсын», - деді Айдарбек Сапаров.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев фермерлерді өткізу пункттерінен өту тәртібі туралы хабарлады. Бақылау-өткізу пункттерінде барлық ақпарат планшет базасына жүктелген. Тіпті фермердің жүк көлігі туралы ақпарат базаға енбеген жағдайда, ауылшаруашылық өнімін өндіруші деген құжаты болса жеткілікті екенін айтты.

«Әрбір қызметкерге көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы мен көктемгі егіс жұмыстарына кедергі келтірген жағдайда қандай салдары болатыны айтылды. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынды. Егер шараларға қатысты ақпарат полицейдің планшетінде жоқ болса, бірақ фермердің қолында анықтамасы болса, бұл жеткілікті, ешқандай сұрақтардың қажеті жоқ», - деп атап өтті М.Баймұқашев.

Сондай-ақ, ІІМ-нің өкілі облыс әкімдіктеріне саяжай тұрғындарынан шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Саяжайлар бойынша сұрақтар көп келіп түсуде. Осы санаттағы адамдарды анықтап, қабылданған шараларды полицияға жеткізуге болады. Егер мүмкіндік болса, саяжайлар бойынша шектеу, тым болмаса уақытша болсын алып тасталса. Бұған назар аударуларыңызды сұраймын», - деді ол облыс әкімдерінің орынбасарларына қарата айтқан сөзінде.

Кеңес қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Мемлекеттік органдардың өкілдеріне фермерлердің жүріп-тұруына кедергілер келтірмеу жөнінде өтініш білдірді.

«Көктемгі егіс науқанына маусымдық жұмысшылар көп тартылады. Олардың барлығын базаға енгізгенше, уақыт кетеді. Қазір ең бастысы – әр күнді тиімді пайдаланып, егісті егу. Бүкіл республика көлемінде егіс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еліміз үшін ең маңызды науқанға кедергі келтірмеңіздер, туындаған барлық мәселелерді жедел шешуді сұраймын», - деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.

Естеріңізге салсақ, коронавирус пандемиясы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жүріп-тұруы бойынша бірыңғай алгоритм әзірленді. Ол 2020 жылғы 17 сәуірдегі Мемлекеттік комиссия отырысында мақұлданды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде фермерлер мен көктемгі егіс науқанына қатысты басқа да адамдардың және олардың жеке көліктеріне кедергісіз жүріп-тұру құқығы берілген болатын.

Оқылды 3290 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет