Сейсенбі, 21 Шілде 2020 16:49

Қазақстанда А-5 санаты бойынша инвесторларға виза берудің шарттары өзгерді

Қазақстанда А-5 санаты бойынша инвесторларға виза берудің шарттары өзгерді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті инвесторлық виза алуға өтініш беру мерзімін elicense.kz портал арқылы электрондық түрде құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартты. Бұл ретте өтініш берушілер үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы құжаттарды қағаз түрінде беру мүмкіндігі сақталған: қарау мерзімі 11 жұмыс күнге дейін. Бұдан басқа, енді инвесторлық визаны алуға өтінішті жеке тұлға да бере алады.

Инвесторлық визаларын Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері ала алады. Визаның бұл категориясында оның қолданылу мерзімі шеңберінде елде болу мерзімі бойынша шектеулер жоқ. Іскерлік визаның иесі Қазақстанда әрбір кіру кезінде 60 тәуліктен артық болмауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, А-5 санатындағы инвесторлық визаны алу рәсімі 3 мемлекеттік қызметті қамтиды: ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің инвесторлық визаны алуға қолдаухаты, ҚР Ішкі істер министрлігінде шақыруды ресімдеу және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде инвесторлық визаны ұсыну.

«Коронавирустық инфекцияның таралу жағдайында, біз жаһандық экономика мен жалпы бизнеске теріс әсерін көріп, іскерлік белсенділіктің төмендеуін байқап отырмыз. Біз үшін бұл үй жұмысын жасау және процестерді оңтайландыру уақыты. Жақында инвестициялық келісім-шартты жасасу мемлекеттік қызметі онлайн форматына ауыстырылды, визалық-көші-қон қызметтерін жеңілдетіп, автоматтандырдық", - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Карантиндік шектеулер кезеңінде 2020 жылғы 11 мамырдан бастап ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданған ҚР Мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі қолданылады. Оған сәйкес әрбір жеке жағдай үшін Қазақстанға келуіне ведомствоаралық комиссияның шешімімен рұқсат етіледі. Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік шараларды сақтай отырып кіре алады.

 
Оқылды 2583 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет