Жаңғырудың негізі – тұрақтылық пен келісімде. Демек, ынтымақ – ырысымыз, татулық – табан тірер тұғырымыз. Бүгінгі аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» ҚҚ және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түсірілген бейне-ролик маңыздылығы да осында: ырысымыз – ыдырамасын, бірлігіміз – бүлінбесін деген ниет.