Бейсенбі, 06 Тамыз 2020 10:17

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсету тәртібін бекіту туралы

 

Ағымдағы жылғы 3 тамыздан бастап қатаң шектеу карантиндік шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қызметі шектеулі, тыйым салынған немесе карантиндік шараларды енгізу нәтижесінде тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ШОК) қолдаудың қосымша шараларын бекітті.

ШОК субъектілері үшін банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.ШОК субъектілерінің банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдырумүмкіндігін беру үшін кредиттік ұйым шешімді қарыз алушының өтініші негізінде және қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды беруін талап етпейқабылдайды.

Кредиттік ұйымдардың қарыз алушылардың өтініштерін қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалады және кредиттік ұйымға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа байланыс құралдары арқылы ұсынылады. Кредиттік ұйымда ішкі тәртіппен бекітілген өтініштіңүлгінысаны болуы мүмкін.

Банктік қарыз немесе микрокредит шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, егер қарыз алушының өтінішінде берешекті өтеудің басқа әдісі көрсетілмесе, қарыз алушының бұрын мерзімі кешіктірілген төлемдерін қарыз мерзімі аяқталғанға дейін тепе-тең бөлу түрінде жаңа төлем кестесін жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

Кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі мынадай салаларда қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолданылады:

  • жабық жұмыс (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын нарықтардағы);
  • қалааралық автобустардың (микроавтобустардың), қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электричкалардың) қозғалысы, жалпы вагондарды қалыптастыру;

 3) автобус станциялары (автовокзалдар); 

4) ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының; 

5) мейрамханалардың, барлардың, түнгі және оны клубтарының жұмысы;

6) тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

7) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

8) туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі;

9) ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;

10) сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;

11) мәдениет объектілерінің, мұражайлардың жұмысы, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;

12) мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы (жеке меншік, мемлекеттік тапсырыссыз);

13)  жеке меншік орта білім беру ұйымдарының жұмысы;

14)  көпшілік іс-шаралар (ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және басқа көпшілік іс-шаралар, оның ішінде үйде);

15)  спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың, аквапарктердің жұмысы;

16)  діни объектілердің жұмысы;

17)  косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысы;

18) коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет.

Экономиканың басқа салалары бойынша ШОК субъектісі ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды қоса берумен кредиттік ұйымға өтініш бере алады. ШОК-тің бұл санаты үшін өтініштерді қарау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Кредиттік ұйым жеке тәртіппен бағалауды жүзеге асырады және қаржылық жай-күйі нашарлаған кезде кемінде 90 күннен аспайтын мерзімге кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады.

Агенттіктің 2020 жылғы 3 тамыздағы №311 бұйрығының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы кіре отырып алуға болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына жедел желі телефоны арқылы хабарласыңыз:

+7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін)

e-mail: Info@finreg.kz, TAL@finreg.kz

www.finreg.kz

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Оқылды 2789 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 18, 2025

Алматы облысында балабақшаларға…

Алматы облысында мектепке дейінгі білім беру саласы жаңа қаржыландыру жүйесіне көшіп…
Шіл 18, 2025

2025 жылы мал шаруашылығын…

Ағымдағы жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды…
Шіл 18, 2025

День металлурга в Казахстане — 20…

Сегодня металлургия является одной из ведущих и перспективных отраслей промышленности…
Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет