Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020 09:57

Порталда тіркелмеген кәсіпкер жұмысын бастай алмайды

Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты ҚР Үкіметі карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жоспарын бекітті. Сол жоспарға сай 17 тамыздан бастап бірқатар бизнес нысандарынан карантинге байланысты қойылған шектеулер алынады. Дегенмен олар жұмысын бірден бастап кете ала ма?

Жағдай тұрақталғанымен, инфекциядан толықтай арыла алмағанымыз рас. Сондықтан карантин шаралары жеңілдетілгенімен, санитарлық талаптар, әлеуметтік ара қашықтық пен бетперде режимі әлі де жалғасады. Ал бизнес нысандар жұмысын жалғастыру үшін www.infokazakhstan.kz. электрондық порталында тіркеуден өтуі қажет. Мұнда барлық кәсіпкерлік субъектісі ҚР Бас санитарлық дәрігердің биылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысына сәйкес, талапқа сәйкестік туралы актіні алуы міндетті. 

Санитарлық талаптарға сәйкестік актісін (жұмысты бастауға әзірлік туралы акті) алу 3 қадамнан тұрады: сайтқа кіру, бас санитариялық дәрігердің қаулысын жүктеу, онымен танысқандығы жөнінде электрондық цифрлық қолтаңбамен растау, әзірлік туралы актіні алу. Сондай-ақ бұл тәртіпке объектінің әзірлігін тексеру де кіреді. Кәсіпкер сәйкестік актісін басып шығарып, көрінетін жерге немесе кіреберіске іліп қоюы (мониторингілік топ келген жағдайы үшін) қажет.

«Бизнестің санитарлық қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Өйткені бұл талаптар Кәсіпкерлер палатасы базасында кеңінен талқылаудан өтіп, қабылданды. Айта кету керек, бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, біз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 90 пайызына дейін хабарлама жасауға келістік. Мұндай жағдайда бизнес санитарлық талаптарды қатаң сақтауға кепілдік береді. Тікелей тексеруші келмегенімен, қоғамдық қадағалау, кез-келген келуші құқық бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органдарға жібере алады. Мамыр айында карантин аяқталғаннан кейін болған жағдай бизнестің санитарлық талаптарды сақтауы өте маңызды екенін көрсетті, өйткені мұндай нысандарда халық көп жиналады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Кәсіпкерлер арасындағы талап бұзушылықтың алдын алу және анықтау үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ www.infokazakhstan.kz. сайтындағы санитарлық талаптардың бұзылуы туралы ақпаратты СЭС қызметіне жіберу қарастырылған.

«Кәсіпкерлік қызметті www.infokazakhstan.kz порталында тіркемей қайта бастау - бұл заң бұзу екенін ескерткім келеді. Кәсіпкерлерді осы порталдың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын, ол қосымша құжат толтырудан босатады, 10 минут ішінде өтінім жіберуге мүмкіндік береді. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, біз бірге аурушаңдықты төмендету бойынша оң трендті сақтауға үлес қосамыз», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

www.infokazakhstan.kz. электрондық платформа биыл 14 тамыздан бастап жұмыс істейді. Алғашқы тәулікте 5,8 мың кәсіпкерлік субъектіден өтінім қабылданды. 

Оқылды 6029 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет