Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2020 16:37

Ғалиасқар Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

Ғалиасқар Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды google.kz

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ғалиасқар Төлендіұлы 1963 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы - механик, заңгер.

Еңбек жолын Павлодар зауытында инженер-конструктор болып бастаған.

Әр жылдары Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Гвардия және Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры, Кербұлақ аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы, Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бөлім меңгеруші, «Отан» қоғамдық ұйымының орталық кеңесі төрағасының орынбасары, Алматы облысының қоғамдық келісім және ақпарат басқармасының бөлім бастығы, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болды.

Оқылды 3001 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет