Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 14:26

Үздіктерге құрмет

Күні кеше аудан әкімі Бинәлі Ысқақ өз ортасынан озық шыққан, әр салада табысты еңбек етіп жүрген үздік жас аруларымызбен кездесіп, мерекелерімен құттықтады. Аудан бойынша 30-дан астам нәзік жанды сұлуларымыздың басын қосқан дөңгелек үстел еркін форматта өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев қатысып отырды.

Алғаш сөз алған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданның өсіп-өркендеуі жолында қыз-келіншектердің ерен еңбегі бар екенін атады:

Құрметті қыр гүліндей құлпырған қарындастарым, Сіздердің аудан дамуына қосып отырған үлестеріңіз орасан. Айталық, аудандағы 86 мектептің 80 пайызын әйелдер басқарып отыр. 7000-нан астам ұстаздар болса, оның 4000-ға жуығы нәзік аруларымыз. Сонымен қатар 87 медициналық орталықтарымыздың 27-сінің тізгінін де әйел азаматтар ұстап отыр. Бұл дегеніміз, республика бойынша ең үлкен салалар санатындағы білім мен денсаулықтың ауыр жүгін өздеріңіз арқалап жүргенді байқатып отыр. Басқа салаларда да Сіздердің табысты еңбектеріңіз бар, – деді.

Ашық әңгіме барысында аруларымыз да алғыстарын жеткізді. Жүйелі жоспар нәтижесінде аудан жастарына көрсетіліп жатқан риясыз қамқорлықты да айтты. Қорытындысында, барша дөңгелек үстелге қатысушылар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, қошеметке бөленді. Дөңгелек үстелді қорытындылаған Бинәлі Әбдіқапасұлы:

Кезінде «Қазақстанның Швейцариясы» деген зор кұрметке ие болған Еңбекшіқазақ ауданы бүгін де сол биігінен түскен емес. Шыбық тіксең, тал болған топырағы құнарлы, табиғаты көркем ауданымызбен мақтануымыз тиіс. Етегінде Алтын адам табылса, төрінде не жатқаны бір Аллаға ғана аян. Сондықтан оның құпиясын ашу, ауданның өркендеуі жолында үздіксіз еңбек ету – Сіздердің құзырларыңызда. Осы жолда Сіз біз боп ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамын! – деді.

Мерекелік шара «Алатау Холл» мейрамханасында ақ жаулықты аналарымызға құрмет көрсетумен жалғасты. Толығырақ 3-бетте.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 7039 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Үздіктерге құрмет Үздіктерге құрмет »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет