Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2019 10:23

2019 жылғы 24 желтоқсан. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

 1944 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында алғаш рет «Абай» операсы қойылды. Либреттосы - М.Әуезовтікі, музыкасы - А.Жұбанов пен Л.Хамидидікі, режиссері - Қ.Жандарбеков. Либреттоға ақын өміріндегі драмалық оқиға арқау болған. Музыкалық шешімінің әуезділігі, халықтың ән мұрасымен ете байланыс, кәсіби опера өнерінің жетістіктерін ұлттық операда тиімді пайдалану шығарманың табысы болып саналады. Операға Абай әндері сәтті енгізілген. Ақын бейнесін ашуға философиялық мазмұны терең «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қай талқы» секілді әндер алынған.

2004 жылы Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы ресми түрде ашылды. Ашылу салтанатына елорданың барлық ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері мен құрметті ақсақалдар қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Резиденцияның ашылу салтанатында жаңа ғимаратты «Ақ Орда» деп атады. Резиденция 2001 жылы қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 шаршы метр. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Күмбездегі сүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 метр.

2007 жылы Алматыда бірінші рет «Құлагер» атты ұлттық кинематография сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. Ұйымдастырушысы - Қазақстан кинематографистер одағы. Оның негізгі мақсаты - Қазақстандағы кинематография саласын дамыту және осы салада жүрген азаматтарға қолдау көрсету.

2009 жылы Ақтауда Иран Ислам Республикасының консулдығы ашылды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және Иран сыртқы істер министрі Фарахи Хоссейн қатысты. Бұл консулдықтың ашылуы екі ел арасындағы достық, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға септігін тигізіп, сонымен қатар құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетеді.

2012 жылы еліміздің басты ұлттық телеарнасы QAZAQSTAN «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады. Медиа орталығының барлық технологиялық алаңдары «Sony», «Omneon», «Dalet», «Pharos», «Everts», «Apple», «Avid» секілді әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілерінің қондырғыларымен жабдықталған.

2012 жылы Мәскеу метросының жаңа «Алматы» стансасы ресми ашылды. Станса Братеево ауданында орналасқан және Замоскворецк желісіне дейінгі аралықты қамтиды.

2015 жылы Атырауда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының авторы, көрнекі ақын Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш орнатылды. Ақынның төрт метрлік мүсіні дәл осындай биіктіктегі гранит тұғырға орнатылды: ескерткіштің жалпы биіктігі – 8 метрден астам.

2015 жылы ТМД елдері арасында алғаш рет Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында онкоауруға шалдыққан адамдар үшін сенсорлы кабинет ашылды. Мұнда арнайы мамандандырылған көмек көрсету бойынша тұтастай жалпылама жоспар дайындалған.

2016 жылы Америкадағы El Paso Times басылымы pound-for-pound үздік боксшыларының рейтингін жариялады. Жыл қорытындысы бойынша аталмыш рейтингте, орта салмақтағы үздіктердің көшін WBA/IBF/WBC/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Генадий Головкин бастады.

2018 жылы Румынияда Қазақстан ұлттық мәдени орталығы ашылды. Қазақстан орталығы Еуропадағы ежелгі кітапханалардың бірінде орналасқан. Оның қорында 13 млн кітап бар. Орталық шетелдік оқырмандарға қазақ халқының дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, әдебиеті мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді.


Дереккөз: https://www.inform.kz/

Оқылды 3441 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет