Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 08:58

26 желтоқсан. БЕЙСЕНБІ. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1931 жылы Қазақстанның жоғары әскери-оқу орны – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясы құрылды. Ол Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне, ҰҚК-нің басқа бөлімшелері мен органдарына офицерлер даярлайды.

1960 жылы Тың өлкесі (Целинный край) құрылды, оның құрамына Ақмола, Көкшетау (қазіргі Ақмола облысының және Солтүстік Қазақстан облысының бөлігі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді. Әкімшілік орталығы - Целиноград қаласы (1961 жылға дейін - Ақмола). 1965 жылы 19 қазанда таратылды.

1980 жылы орыс-неміс жазушысы Александр Реймгеннің пьесасы желісі бойынша қазақтар мен немістердің өзара қарым-қатынасы туралы «Тұңғыштар» спектаклімен Республикалық неміс драма театры ашылды. Спектакльдің режиссері және труппаның алғашқы жетекшісі – Е.С. Аракелов.

1991 жылы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

1995 жылы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды.

2009 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жаңа редакциядағы «Корсар» балетінің премьерасы болды, оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады. «Корсар» балетінде К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әртістері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлфайрус Құрманғожаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары Жандос Әубәкіров, Рүстем Сейітбеков, Тайыр Ғатауов, Ғалия Мажағұлова, Елена Семенова, әртістер Жанәділ Бейсембиев пен Жанат Сәрсембаев ойнады.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Санкт-Петербургте «Байқоңыр» кешеніндегі келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылды. Тұжырымдама Қазақстан мен Ресей президенттерінің «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын пысықтау туралы уағдаластықтарына сәйкес әзірленді және 2050 жылға дейін есептелінген. Тұжырымдама жалға алу қатынастарын жалғастыру аясында Тараптардың бірлесіп Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамыту (жетілдіру), инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғын үй салу, туризмді дамыту туралы уағдаластығын бекітеді. Бірақ бастысы - бұл ғарыш айлағының қолданыстағы инфрақұрылымының негізінде жаңа бірлескен ғарыштық жобаларды және ең алдымен «Бәйтерек» жобасын іске асыру.

2017 жылы Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына беларусь баспагері Франциск Скоринаның қолжазба басылымдар жинағы сыйға тартылды. Ағартушының дүние жүзі бойынша жиыны 520-ға жуық басылымы Ұлыбритания, Германия, Дания, Литва, Польша, Словения, Ресей, АҚШ және Украинаның кітапхана, музей мен мұрағаттарында жинақталған.

2018 жылы Қазақсатнның Қарулы Күштернің тарихында тұңғыш рет бітімгерлер қатарына әскери қызметкер әйел, майор Шолпан Тауышова қосылды. Бір жыл бойы 30 елдің әскери қызметкерлерімен бірге майор Шолпан Таушева Батыс Сахарадағы бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушы ретінде қатысады.

2018 жылы Түркияның Болу қаласына түркі жұртына ортақ тұлға Көроғлының ескерткіші орнатылды. Қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұровтың туындысы ескерткіштің атымен аттас халықаралық саябаққа қойылды. салмағы 500 тонна, биіктігі 70 метр болатын алып мүсін Түркияға бөлшектеліп жеткізілді. Жобаның аннотациясын белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменов жазды. «Көроғлы» - XVII ғасырда Орта Азия мен Таяу Шығыста кең таралған түркі халықтарының фольклорлық-эпикалық ескерткіші.


Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Оқылды 3263 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет