Дүйсенбі, 06 Қаңтар 2020 08:54

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1938 жылы Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагеріне (АЛЖИР) әйелдердің алғашқы легі әкелінді. Олардың қолында 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалары да болды. Лагерь қазіргі Астана қаласының оңтүстік-батысында, Төңкеріс (бұрынғы аты - Малиновка) елді мекенінде құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында лагерьде 8 мыңға жуық әйел тұтқында болды. 1950 жылдың басында АЛЖИР таратылып, 1953 жылы толықтай жабылды.

1971 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылды.

2009 жылы «Қазақ медициналық академиясы» АҚ «Астана медициналық университеті» АҚ болып қайта құрылып, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның құрамына кірді.

2010 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарды. Төрт бояулы офсеттік баспа әдісімен орындалған марканың номиналы 230 теңге, таралымы 30 мың дана, суретшісі - Данияр Мұхамеджанов.

2012 жылы Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы «Қайталанбайтын дауыстар» дискілер жинағын шығарды. 28 дисктен құралған бұл жинаққа өңірден шыққан 225 танымал өнер және әдебиет қайраткері, әртістер мен ғалымдардың әндері мен күйлері, сондай-ақ әдеби шығармалары енді. Солардың ішінде Мұстафа Шоқай, Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Асқар Тоқмағамбетов, Әуелбек Қоңыратбаев, Зейнолла Шүкіров, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қалтай Мұхамеджанов секілді танымал тұлғалар бар.

2012 жылы Екібастұзда Қазақстанның глобусы жасалды. Мүсінші Ғамал Сағиденов осы туындысын Бейбітшілік және Келісім монументі деп атады. Қазақстанның географиялық кескіні глобустың өн бойын түгел алып жатыр әрі онда бейбітшіліктің символы саналатын көгершіндер кескінделген.

2014 жылы Еуропа бизнес ассамблеясы «Астанагорархитектура» ЖШС-не архитектура мен құрылыс саласында жеткен жетістіктері мен сапасы үшін «Best Enterprise» («Үздік мекеме») беделді марапатын тапсырды.

2016 жылы дүниежүзіне танымал қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді белгілі америкалық boxing.com сайты 2015 жылдың үздік боксшысы деп жариялады.

2017 жылы Сирия Араб Республикасының Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Тартус портына Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді. Жүкті тапсыру шарасына Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшісі Азамат Бердібай қатысты. 33 контейнерге салынған 500 тонна жүктің ішінде азық-түлік пен дәрі-дәрмек болды.

2019 жылы Алматы облысы Талғар ауданында жыл бойы жұмыс істейтін спорттық-отбасылық типтегі «Ойқарағай Лесная сказка» тау-шаӊғы кешені ашылды. Жаз мезгілінде шаӊғы жолдары велосипед тебуге лайықталады. Тау-шаӊғы кешенініӊ жалпы аумағы 85 га. Теӊіз деӊгейінен 1500-1800 метр биіктікте орналасқан. Алдағы жылдарда сырғанауға арналған 13 километр жолды 40 киломерге жеткізу жоспарланған.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz 

 

Оқылды 3410 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР »

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет