«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылғы жоспарға сәйкес дәстүрлі түрде облыстық «Әл-Фарабидің рухани мұрасы» және «Абай шығармашылығындағы діннің рөлі» мақалалар байқауын өткізеді.
- Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1.1. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің мұраларын және біздің елдегі, сонымен бірге шетелдегі әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін зерделеуге қуатты серпін беретінін, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру;
1.2. Әл-Фараби мұрасын зерделеуде жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау;
1.3. Абай хакімнің ислам әлеміндегі көрнекті ойшылдар қатарында тұрған тұлға, қалдырған мұралары мен ілімі барша адамзатқа ортақ екенін көрсету;
1.4. Ұлы ойшылдардың өз дәуірінде ұлттық жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырғанын бүгінгі күннің өзектілігімен байланыстырып, оның ішінде теріс ұғымдардан, деструктивті діни көзқарастардан сақтандыру жолдарын көрсету;
1.5. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде Абай еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану;
1.6. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ санасына ғұламалардың терең ойлары мен тамаша тағылымдарын сіңіру. Бабалар дүниетанымына, ұстанымына сай, қазақы сипаттағы бағытын қалыптастыру, дамыту;
1.7. Ұлт болмысы, діні, ділі, тілі, рухы бүгінгі ұрпаққа қандай көрініс беретіндігін көрсету.
- Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:
2.1. Байқауға өңірдегі облыстық, қалалық, аудандық және өңірлік газеттердің журналистері және әртүрлі сала мамандары (мектеп және жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, аудан-қала имамдары, дінтанушылар) қатыса алады;
2.2.Байқауға қатысушылардың облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кемінде 2 (екі) мақаласы жіберілуі керек;
2.3. Ұлы ойшыл әл-Фарабидің идеялары мен қағидаттарының теориялық негіздерін жаңа заманға сай пайдалану;
2.4. Ұсынылатын материалдарда Абайдың белгілі бір өлеңі немесе бір қара сөзі басты нысана ретінде алынып, дінмен байланысын талдау;
2.5. Байқауға жіберілетін мақалаларға қосымша журналистің аты-жөні мен тегі, мамандығы, жұмыс орны көрсетілуі керек;
2.6.Діни ахуал жайлы анонстық хабарламалар және мақалалар байқауға қатыстырылмайды;
2.7. Байқауға қатысушылар «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ-нің әлеуметтік желідегі (youtube, instagram, facebook, вконтакте) парақшаларына тіркелуі керек.
- Мақалаға қойылатын талаптар:
3.1.Мақаланы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі;
3.2. Әр автордың шығармасы компьютермен Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және мақала 3-5 беттен аспауы керек;
3.3. Мақаладағы тақырыптың толық ашылуы, жазу стилі, немесе жеткізу тілінің мәнерлілігі, материалдың жанрлық ерекшелігі, дәлдігі әрі түсініктілігі, қатысушылардың мақалаларды жазудағы деректерді пайдалану шеберлігі және сауаттылығын көрсету.
- Байқау кезеңдері:
4.1. Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (20 ақпаннан – 20 қыркүйекке дейін);
4.2. Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (20 қыркүйек – 1 қазан аралығы);
4.3.Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау күні алдын ала хабарланатын болады.
- Қазылар алқасы:
Жеңімпаздарды қазылар алқасы сараптай отырып таңдайды.
Іріктеу кезеңінде мақаладағы стилистикалық сауаттылық, интеллектуалдық деңгей, байқау талабынан ауытқымау, эмоциялық әсер ескеріледі.
- Жеңімпаздарды марапаттау
Қазылар алқасы анықтаған байқау жеңімпаздары ІІ категория бойынша дипломдармен және арнайы ақшалай сертификаттармен марапатталады.
Байқау жеңімпаздарына 780 000тг сыйақы қарастырылған:
Екі – бірінші орын,
Екі – екінші орын,
Екі – үшінші орын,
Алты – ынталандыру сыйақылары белгіленген.
Байқауға ұсынылған материалдар мына мекенжайға жолдануы тиіс:
Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 125 үй.
Байланыс телефоны: 8(7282) 40-13-39, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.