Сейсенбі, 24 Наурыз 2020 14:12

«Birgemiz» қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің құрамы белгілі болды

Елордада коронавируспен күрес жағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдау көрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы «Birgemiz» қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап primeminister.kz хабарлайды.

Жиын барысында қордың қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланып, оған белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кірді.

Қор құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша Мемлекет басшысының ұсыныстары ескеріле отырып, Қамқоршылар кеңесінің құрамына: Қамқоршылар кеңесінің төрағасы - «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары – Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, Қамқоршылар кеңесінің хатшысы – журналист, «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай, кеңес мүшелері – Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Ольга Перепечина, Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Волонтерлер лигасы» Қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Ұлттық волонтерлар желісі» Заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы Вера Ким, «Мир через духовность» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Мұқашова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Юрий Пя және «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді.

Қордың жоғары басқару органы – Құрылтайшылардың жалпы жиналысының төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов болды.

Қордың құрылтайшылары – «Ардагерлер ұйымы» (Бақтықожа Ізмұхамбетов басқарады) және «Мир через духовность» қоғамдық бірлестіктері (Сәуле Мұқашова басқарады).

«Birgemiz» Қорының Басқарма төрағасы Руслан Сакеев қорға «Nur Otan» партиясының жан-жақты көмегі қажет екендігін атап көрсетті. Өйткені осынау қоғамдық бірлестіктің әрбір өңірде филиалдары жұмыс істейді, қажетті материалдық-техникалық базаға ие және «Jas Otan» жастар қанатының кең ауқымды волонтерлар желісі бар.

«Бірінші отырысты біз «Nur Otan» партиясының қабырғасында өткізіп отырмыз, өйткені оның мүмкіндіктеріне сүйенгіміз келеді. Елбасының қолдауымен қорға қаражат түсіп жатыр, ал халықтың ауқымды бөлігімен тиімді жұмыс жүргізу үшін бізге инфрақұрылым, зор ұйымдық тәжірибе және адамдар қажет. Бұл аталғандардың басым бөлігі бүгінде тек партияда ғана ба р» - деп атап өтті Руслан Сакеев.

Бүгінде жаңадан құрылған қоғамдық қорға елдің ірі бизнес өкілдері $40 млн-нан астам қаражатты топтастырды. Бұл қаражат Қамқоршылар кеңесінің шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге бағытталатын болады. Қазір көмек түрлері мен оны алушылар санаттарын анықтау бойынша жүмыс басталды.

Өз кезегінде Бауыржан Байбек Қамқоршылар кеңесі атынан Елбасы үндеуіне қолдау көрсеткен бизнесмендерге алғыс айтып, қазақстандықтардың бірлесе отырып, кез келген дағдарысты еңсеретініне сенімділігін білдірді.

«Елбасы, «Nur Otan» Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз өзіміздің барлық ұйымдық және медиа ресурстарымызды қордың тиімді жұмыс істеуі үшін ақысыз негізде ұсынамы з», - деді Бауыржан Байбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясы аясында «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары желісі бойынша халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсету қор құрылғанға дейін басталып кеткенін атап өткен жөн.

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлді. Коронавирус індетінің таралуына қарсы күреске Елбасының шешімімен Тұңғыш Президент Қоры тағы да 200 млн теңге бағыттады.

Бүгінде «Jas Otan» волонтерлары мен партия белсенділері халықтың әлеуметтік осал санаттарын антисептика және гигиена құралдарымен, бірінші кезекте қажетті тауарлармен байланыссыз тарату жолымен қамтамасыз етуде. Тек соңғы төрт күнде бүкіл ел көлемінде 7 мыңға жуық отбасыға 130 млн теңге сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

Оқылды 2940 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет