Дүйсенбі, 04 Мамыр 2020 14:46

Дәурен Абаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды

«Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Ақорда сайтында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында ҚР Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - ҚР Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында - ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - ҚРПрезиденті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2013 жылдың шілдесінен 2016 жылға дейін ҚР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың мамырында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Оқылды 3471 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 18, 2025

Алматы облысында балабақшаларға…

Алматы облысында мектепке дейінгі білім беру саласы жаңа қаржыландыру жүйесіне көшіп…
Шіл 18, 2025

2025 жылы мал шаруашылығын…

Ағымдағы жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды…
Шіл 18, 2025

День металлурга в Казахстане — 20…

Сегодня металлургия является одной из ведущих и перспективных отраслей промышленности…
Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет