Бейсенбі, 28 Мамыр 2020 09:21

Амандық Баталов халықты сақтық талаптарын орындауға шақырды

«Талдықорған көшелерінде жайбарақат жүргендер көп. Маска тақпайды. Қала әкіміне шаруаны мықтап тапсырдым»,- деп айтты Амандық Ғаббасұлы баспасөз-мәслихатында.

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ел алдына шығып коронавирус төңірегіндегі барша сауалға жауап беріп, атқарылған шаралар мен қазіргі аумақтағы ахуалға тоқталды.

Бүгінгі күні облыста коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 305-ке жеткен. Оның 181-і дерттен құлан-таза айыққан. Медицина қызметкерлерінің бақылауында 1415 адам бар. Үй карантинінде 1085 адам жатыр. Қазіргі таңда індеттің 31 аймақта карантин режимі алынған.

Алматы облысында Талдықорған, Кеген, Талғар аудандары кеселдің ошағы болып отыр. Қазіргі кезде коронавирусқа шалдыққандарды анықтау үшін 6 зертхана жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта тағы бір зертхана өз қызметіне кіріседі.

Мемлекет пандемия кезінде халықтың тұрмыстық жағдайында назардан тыс қалдырмады. Мәселен, тек Алматы облысының 545 мың тұрғыны 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізген. Коммуналдық төлемді өтеуге қатысты 15 000 теңгені алуға облыста 24 мың адам өтініш қалдырған.

Қазіргі кезде аталған соманы өтеу жүйелі түрде іске асып жатыр. Халықтың қамы демекші, карнатин уақытына қарамастан жұмыспен қамту жұмысы өз ретімен жүзеге асу үстінде. Осы мақсатта бюджет қаражаты есебінен 109,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Соның аясында 23 жұмыс орны ашылмақ.

Карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету барысында әуе қатынасы қайта жолға қойылды. Бүгінгі күні Айдынды Алакөлге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан күніне 6 мәрте ұшақ қатынайды. Ал Талдықорған қаласынан Үшарал жеріне тәулігіне екі рет әуе кемесі көкке көтеріледі.

Облыс әкімінің айтуынша, 13 маусымнан бастап Алакөлде демалыс маусымы ашылмақ екен. Ал, шомылу маусымына ауа-райы жылынған кезде ғана рұқсат берілмек.

«Қаладағы саябақтар әзірге ашық. Тек, демалыс орындарында, қоғамдық жерде санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Ара қашықтықты да ұмытпау қажет»,- деп атап өтті Амандық Ғаббасұлы.

1 маусым күні тағы да комиссияның отырысы өтеді. Сол уақытта карантин режимі алынады ма, жоқ па? деген сауалға нақты жауап берілмек.

Сөз соңында аймақ басшысы, «алғаш рет облыс орталығында аты жаман аурумен ауырған науқас тіркелгенде ол сырттан келген адамнан тараған еді. Сондықтан да блок-бекеттердегі тәртіпті күшейту керек. Әлі де болса вирус бар. Карантин режимін сақтап, мамандардың ескертуіне құлақ асыңыздар. Елімізде індеттің таралуы өршіп кеткен жағдай да біз облыста қатаң режимге көшуге мәжбүр боламыз.»,- деді.

Облыс әкімі осы сөзімен барша халықты саналы түрде сақтық талаптарын орындауға шақырды.

 

Анар САБЫРОВА

Оқылды 2369 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет