Сейсенбі, 21 Шілде 2020 16:53

Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру деңгейіне шықты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елімізде қабылданып жатқан эпидемияға қарсы шаралар және 18 шілдеде өткен кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі  А. Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин баяндама жасады. 

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біршама тұрақталу деңгейіне шықты. Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың өсімі 2,1% құрайды, ең төменгі өсім тәулігіне Шымкентте – 1%, Қызылорда облысында – 0,9%, Түркістан облысында – 0,8%, Ақтөбе облысында – 0,5% тіркеліп отыр.

Жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мың төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Провизорлық төсек-орынның бос болмауы 20%-ға (89%-дан 69%-ға дейін) және реанимациялық төсек-орынның бос болмауы 6%-ға (73%-дан 67%-ға дейін) азайды. COVID-тен сауығып кеткендердің саны 60%-ға өсті, жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға төмендеді. 

Амбулаторлық деңгейде үйде медициналық көмек көрсету үшін 2962 БМСК мобильді бригадасы құрылды. Осы айдың соңына дейін мұндай бригадалар саны 3500 дейін жеткізіледі. Емханалардағы Call-орталықтар саны 16%-ға артты. 

Бүгінгі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1958 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 4183 аппарат сатып алынады, 21 мыңнан астам төсек-орын оттегіге, 6237 орын оттегі концентраторларының есебінен қосылады. Бүгінде ПТР-тестілеудің қуаты тәулігіне 32 мың зерттеуді құрайды. Биылғы жылдың 1 тамызына қарай бұл көрсеткіш тәулігіне 35,6 мыңға дейін, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне қарай тәулігіне 64 мыңға дейін жеткізіледі.

Амбулаторлық көмек көрсету үшін ауылда 1493 мобильді бригада құрылып, жұмыс істейді, бұл қажеттіліктің 94%-ын жабады. Ауылда 641 жедел медициналық жәрдем машинасы тартылған.

Үкімет басшысы әкімдіктерге, денсаулық сақтау және индустрия министрліктеріне өңірлердегі ауруханаларды қажеттіліктеріне сай ӨЖЖ аппараттарымен а.ж. тамыздың соңына дейін қамтамасыз етуді тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шілденің соңына дейін өңірлерде ветеринарлық зертханалар базасында ПТР-тестілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және кадрлармен жасақтауды қамтамасыз ету, әкімдіктерге анализдерді өңірлердің зертханаларына жеткізудің тиімді логистикасын пысықтау тапсырылды.

Индустрия, денсаулық сақтау және қаржы министрліктеріне шұғыл түрде өңірлерді көшпелі диагностикалық кешендермен, аудандық ауруханаларды отандық өндірістің цифрлық рентген аппараттарымен жарақтандыру мәселесін шұғыл шешу, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге екі апта ішінде оттегі концентраторлары мен медициналық газдардың толық көлемін өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

«СҚ Фармация»-ға ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, оларды қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлу, сондай-ақ олардың дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін белгілеу жүктелді.

Премьер-Министр сонымен қатар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақтөбе облысының үлгісі бойынша әр өңірде Тұрақтандыру қорларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорын жасау туралы тапсырма берді. 

 
Оқылды 2845 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет