Сәрсенбі, 22 Шілде 2020 09:33

Қандас ақын індетпен күресіп жатқан елге арнау айтты

Қытайдан көшіп келген қандас бауырымыз Ерлан Аманқожаұлы ауыр індетпен күресіп жатқан елге арнау айтып, сабырға шақырды.

Әлеуметтік желіде «Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас» дейді дана халқымыз. Дәл қазіргі өлара жағдайда елге де, ел тізгінін ұстаған ерге де ауыр сынақтар түсіп тұр. Жұдырықтай болып жұмыла білген ел ғана бұндай нәубетті аман-есен жеңіп шығары сөзсіз. Бірлігіміз жараспай, өз ішімізден құжырасақ, онда бұл жалған опа бермесі аян. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» тартпай ауыз бірлігімізді сақтап, қиын-қыстау жағдайдан өз елімізбен бірге ғана шыға аламыз. Жат біреу келіп бізді жығылған орынымыздан тұрғызбайды. Елдігіміздің туын ұстап, көшін бастап келе жатқан президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастаған көшіне сенім білдіріп, осы қыспақтан елін аман алып шығатынына қолдау көрсетсек қана халық ойлаған күн тезірек атар. Ел сенімі ақталар. Осы бір күрделі кезеңде шеттен келген қандастардың атынан пана болған отанымызға бір ауыз ризашылығымды жеткізу азаматтық парызым деп білдім. Сын сағаттан сүрінбей өтіп, беті жаман індеттен тезірек айығып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болса екен. Қазағымның ел тізгінін сеніп тапсырған азаматтары сенімінен шығып, үмітін ақтап, ертеңіміз жарқын болсын!» деген жазба жариялап, видео жүктеді.

 

Ерлан Аманқожаұлы – 1988 жылы 5 қарашада Қытай Халық Республикасының Іле қазақ обылсы Мұңғұлкүре ауданында дүниеге келген.

2004 жылдан бастап айтысқа қатысқан. Аймақтық айтыста 4 мәрте бірінші орын, Іле қазақ автономиялы обылысының дәстүрлі айтыстарында 2 мәрте бас жүлде, Шыңжаң өлкелік айтыста 2 мәрте екінші орынды, өзінің туған жері Мұңғұлкүре ауданында 12 мәрте бас жүлде алған.

2017 жылы Атырауда өткен Халықаралық ақындар айтысында үшінші орынды, 2019 жылы Ақсуатта өткен Халықаралық айтыстың бас жүлдесін еншілеген.

Оқылды 3191 рет

Медиа

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет