Дүйсенбі, 10 Тамыз 2020 10:33

Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 10 тамыз күні «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды. 

Атап айтқанда, номиналы 500 теңгелік монета - күмістен, номиналы 100 теңгелік шақа - мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік монета нейзильбер қоспасынан жасалған.

Монеталар ақын және ағартушы Абайдың 175 жылдығына орай шығарылды.

Ұлттық банктен мәлім еткендей, Қазақстан аумағында карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату мерзімі кейінірек хабарланатын болады.

«Сату күні туралы ақпарат ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында қосымша орналастырылады», - деді банктен.

«ABAI. 175 JYL» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» жазулары орналасқан. Айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Төменгі бөлігінде «TEŃGE» жазбасы және күміс монетада оның номиналын білдіретін «500» саны және мельхиор мен нейзильбер монеталарында «100» саны бейнеленген.







Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Абай Құнанбаевтың мүсіндік портрет бейнесі, күміс және мельхиор монеталарда интерференциялық түрлі-түсті бейнелеу технологиясын қолдана отырып орындалған сия құтысының және қаламұштың стильдендірілген суреті орналасқан. Портреттің оң жағында – қазақтың киіз үйі (басқұр) декоры түріндегі ою-өрнек таспасы, оның астында Абайдың туған жылын, 175 жылдығын мерекелейтін күнді және соғылған жылын білдіретін «1845-2020» деген жазба орналастырылған. Оң жағында - металдың массасын білдіретін «31,1 g» деген жазба бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде «175» және «JYL» деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі, күміс монетада монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде латын графикасында «ABAI» деген жазба бар.

Техникалық өлшемдері:

«Рroof» сапалы монеталар 925/1000 сынамды күмістен, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, номиналы 500 теңгелік, таралымы 1 500 данада дайындалды.

«Вrilliant uncirculated» сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 8 000 данада дайындалды

«Вrilliant uncirculated» сапасылы монеталар МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 75 000 данада дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.










 

Оқылды 2576 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет