Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020 10:55

Жаңа зауыт жылына 1200 бірлік автобус пен 400 бірлік арнайы техника шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдағы уақытта Қарағанды облысынан ашылатын жаңа зауыт жайында хабарлама таратты. "Облыстың Саран қаласында Yutong жолаушылар автобусын шығаратын жаңа зауыт ашылады. Бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар зауытының базасында жұмыс істейтін кәсіпорын өз өндірісін ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қоспақ. Зауытпен бірге Саран қаласы үшін аса маңызды тұтас индустриялық аймақ қайта жандануда.

Инвестициялық жобаны іске асыру үшін жоба операторы "Qaztehna" ЖШС, "Сарыарқа "ӘКК" АҚ және Yutong компаниясының қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрылды. Инвестиция көлемі 37,7 млн АҚШ долларын құрады.

Зауыт жылына шамамен 1200 бірлік автобус шығаруды жоспарлап отыр. Бұл бірінші кезеңде тозығы жеткен қоғамдық көлік паркінің жағдайына айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді.

Сарапшылардың мәліметінше, бүгінгі таңда еліміздегі 12 мыңнан астам автобустардың тозығы жеткен, олардың 50 пайыздан астамы тіптен ескірген.

Yutong- әлемдегі ірі жолаушы техникасын жеткізушілердің бірі, ол әлемдік нарық үлесінің 15% - ын және Қытай нарығы үлесінің 37% - ын құрайды. Yutong автобустарының жылдық сатылымы 70 000 бірлікке тең, ал жаңа энергетикалық автобустардың көрсеткіштері жылына 25 000 бірлікке тең.

Бұдан бөлек, Саран қаласындағы зауыт жол-құрылыс және жүк техникасын шығармақ. Өнім бағыттары Қазақстанның өнеркәсіптік және тау-кен өндіруші компаниялары арасында үлкен сұранысқа жауап береді. Ең жоғарғы жүктеме кезінде зауыттың өндірістік қуаты олардың толық қажеттілігін қанағаттандыра алады. Жалпы, жылына 400 бірлік арнайы техника шығару жоспарланған.

Индустриялық аймақ аумағында жобаларды іске қосу отандық мамандар үшін 600 жаңа жұмыс орнын (аралас салаларды ескере отырып) құруға мүмкіндік береді.

Біздің елімізді қамтумен қатар, Қарағанды зауыты Ресейге, Қырғызстанға, Иранға, Пәкістанға және басқа да елдерге өнім экспорттауды көздеп отыр" делінген хабарламада.

Оқылды 2253 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет