Бейсенбі, 13 Маусым 2019 14:33

Жақсылықта жарысайық!

Осы ұранмен ау-дандағы еріктілер бі-рігіп, қасиетті Рамазан айының басынан мұқтаж жандарға көмек қолдарын созуда. Жас болса да бас болған топтың жетекшісі Данияр Нүсіпжанұлының айтуынша, осы уақыт аралығында 9 отбасыға түрлі қайырымдылық жасалып, бүлдіршіндер мен аналар қуанышқа бөленген.

Әзірге 80 адамнан құралған еріктілер бір топта бірлесіп, қаламыздағы мешіттермен келісіп, аудандық жастар ресурстық орталығымен ұғысып, жасөспірімдер және туризм орталығымен шығысып игі істерін жүзеге асырып жатыр екен. «Біз ешкімді топқа кір, ақша өткізу керек деп күштемейміз. Қайырымдылық тек ақшалай емес, сондай-ақ, заттай да болуы мүмкін. Мысалы, ойыншықтар, киім-кешек, жұмсақ жиһаз. Әркім өз еркімен, шынайы ниетімен көмектескісі келсе, мархабат. Тек бір талабымыз бар, ол – қайырымдылық сәттерінде топқа қосылған адамдардың мүмкіндігінше бәрі бірге барып, өз көздерімен көріп, жүректеріндегі иманы мен шүкіршілігін, мейірімдерін бекітсе. Мен ақша салдым, заттарды өткіздім деп қана отырмай, ақшасының немесе затының шын мұқтаждың қажетіне жарап, қуанышқа бөлегеніне куә болса. Сол арқылы, тағы да жақсылық жасауға ұмтылса деген мақсат» – дейді топ жетекшісі Данияр.

Көмектесетін отбасын алдын-ала барып көріп, олардың расымен де қайырымдылыққа мұқтаж екендіктеріне көз жеткізген соң топ мүшелері өзара ақылдасып, қай жағынан шы-ғыса алатындарын шешетін көрінеді. «Балаларды қорғау күні мерекесінде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жетім балаларды жинап туризм орталығының басшысы Мұрат Ақаев аға-мыздың қолдауымен көңілді концерт, ойын-сауық шарасын ұйымдастырдық. Еріктілердің арасынан ән айтып, би би-лейтіндері, аспапта ойнайтындары ешқайсысы аянып қалмай, өнер көрсетті. Бір бүлдіршіннің тұсауы сән-салтанатымен кесіліп, анасының ризашылықтан жанарына жас үйірілді. Кішігірім сыйлықтар таратылып, ойындар ойнаттық. Бастысы – жүректеріне жақсылық дәнін егіп, қайырымды адамдардың барына сендірдік. Балаларды тасымалдауды да толығымен өзіміз атқардық» деп игі істерінің шет жағасымен бөлісті Данияр Нүсіпжанұлы. Алдыға қойған мақсаттары да ауқымды аталған топтың. Ендігі кезекте Көктөбе ауылының тұрғыны ДЦП дертімен сырқат 8 жасар қыздың қозғалуы мен жүріп-тұруына қажет қоларбаға қаржы жинастырып жатыр екен. (Көмектесемін деушілер 87477946497 телефон нөмірі арқылы байланысқа шықса болады).

«Жақсылықта жарысайық!» еріктілер тобы барша қолдап, қол ұшын созып жүрген ағалары мен жанашыр азаматтарға баспасөз беттері арқылы алғыс білдіреді. Байлық, ақша, мүлік, мансап жолында емес – жақсылықта жарысайық, ағайын!

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 2840 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жақсылықта жарысайық! Жастар – жарқын болашақ бастауы »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет