Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 12:02

Ата-дініміз – діңгегіміз

Егемен еліміздің ертеңі жарқын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры мығым болу үшін тер төгу – әрбірімізге міндет. Әсіресе, бүк-шігі беймәлім жаһанданған бүгінгі қоғамда. Бұл тұрғыда Елбасымыз: «Тәуелсіздікті алудан оны ұстап тұру ауырға соғады» деген еді. Расында, ес жиып, етек жиған тұсымызда құнсыздану кеңірдекке жабыс-ты. Ол аз десеңіз, сыртқы идеологияның  күйін күйттеген шолақ балақтылар ата дінімізден жастарымызды адастырып әлек. Осы тұрғыдан ой өрсек, жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залында кеңейтілген кездесу өтті. «Жаңа діни ұйымдардың мәні және ерекшеліктері» деп айдар таққан жиынға ұйытқы болған «Елім-ай» қоғамдық қоры, қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі. Жастармен кездесуде аталмыш колледж директоры Гүлнар Жошыбаева, Республикалық, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, заңгер Тимур Нүсіпханұлы, Қызылжар ауылдық «Қалыбек батыр» мешітінің имамы Сұлтанбек Карибаев, «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедов сөз сөйлеп, төрден орын алды. Келелі жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы жүргізіп отырды.

 

Алғаш мінберге көтерілген Сұлтанбек Карибаев ата-бабаларымыздан бүгінге дейінгі ұстанып отырған Ханафи мәзхабының ерекшеліктерімен таныс-тырды жастарды:

– Біздің Әбу-Ханифа мәзхабын ұстануымыздың мән-маңызы неде? Себебі, бұл салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызға  жауап бере алатындай кең мәзхаб болды. Осы жолда көптеген еңбектер жазылды ата-бабаларымыз тарапынан. Айталық, Абайдың қара сөздері, Қожа-Ахмет Яссауи, Әбу-Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни секілді даналарымыз Әбу-Ханифа мәзхабын негізге ала отырып, бірнеше еңбектер жазды. Ал осы ұйып отырған елімізді өз мемлекетіне қарсы қою, сөйтіп Тәуелсіздігімізді балталау – теріс ағымдағылардың арам пиғылы. Мысалы, Сирияға аттанған он адам болса, олар сол жаққа барған соң екі топқа бөлініп, бір-бірімен соғысады. Бұл жеке адамның мүддесі үшін болып жатқан жайттар екенін осыдан аңғаруға болады. Мұнда ешқандай жиһад деген жоқ. Бұны бірнеше сол елге адасып барған ағайындардан естіп, білдік, – деді. Сөйтіп, қазіргі уақытта заңмен тиым салынбаған сәләфиттердің алты түрлі айшықтарын сипаттап  өтті. Олар:

– Бірінші, әр елдің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жоққа шығарады. Екінші, ата-дінімізге жат қауқардай сақал өсіру. Үшінші, шалбарларын тобықтан жоғары кию. Төртінші, өлілерге құран бағыштауға болмайды деген пікір. Мәселен, сіз ас беріп жатсаңыз, «өлілерге құран бағыштауға болмайды, Құран тірілерге түсті» деген пікір айтады. Бесінші, намаз оқымаған адамды кәпірге санау. Сол секілді олардың мал-мүлкін тонап, күштеп алу – халал деп түсінеді. Алтыншы, олар әскерге барып, Отан алдындағы борышты өтеуді құп көрмейді.

Ал Тимур Нүсіпханұлы сәләфиттердің ұстанған жолын жастарға қарапайым тілмен түсіндіріп өтті:

– Сәләфиттер дегеніміз адасқан топтар. Қалай дейсіздер ғой. Мәселен, олардың бағыты сіз физиканы, болмаса математиканы мұғалімнің көмегінсіз немесе кітап оқымай түсінемін дегенмен тең. Ал сабаққа келмесең, мұғалім саған есеп-қисапты шешу жолдарын түсіндірмесе, әрқайсыңыз бір есепті бірнеше үлгіде шешесіздер ғой. Біріңіздің жауабыңыз – 6, енді біріңіздікі – 7 дегендей. Сол секілді сәләфилік сенім дегеніміз, қасиетті Құранды белгілі бір ұстаздардың баяндап бергенімен емес, өздерінің оқығанымен түсінгендер.

Осы бағытта өрелі ой өрбіткен Тимур Нүсіпханұлының сөзінен кейін колледж басшысы Гүлнар Жошыбаева, «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедов кездесудің мән-маңызын айқындады. Жиын соңында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, дінтанушылар оңды жауабын берді.

 Қайнар ЖҰМАҒОЖА. 

Оқылды 4427 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет